Қазақ рухындағы даналық
Қазақ рухындағы даналық
Философия - бүкіл адамзатты танудың басты жолы, ал қазақ философиясы
қазақ халқын танудың бірден-бір жолы деп білеміз. Қазақ бітім болмысын
адамгершілік негізін анықтаған көшпелі мәдениеттің тарихи типі.
Қазақ халқын тану үшін оның ұлтының бойына сіңген ұлы данышпан даналардың
қалыптастырған ғасырдан-ғасырға ұласқан, ғасырлар бойы қазақ халқының
қойнауын бойлаған даналық рухын тануға міндетті. Қазақтың даналық рухы
даналық дүниетанымы басқа елдерде қайталанбайтын төл тума өнерінде мақал-
мәтелінде, аңыз әңгімелерінде шешендік өнерінде, рухани құндылығында жатыр.
Қазақтың кең байтақ даласы тау-тасы, топырақ жануары оның дүниетанымдық
көзқарастарында ерекше орын алған. Қазақ халқының даналық дүниетанымы,
қазақ өмірінің болымысымен, шаруашылық тұрмыс жағдайымен, саяси қызмет
ахуалымен, халықтың бойына біткен тәлім-тәрбиесімен, халқымыздың керемет
бай, әрі терең ойлы асыл қазына тілімен ұлы даналардың мұраларымен тығыз
байланысты. Қазақ философиясы адамның этикалық, эстетикалық қабілетін
арттыратын, қоғамда белгілі бір көзқарас қалыптастыратын, адамның санасында
шөгіп жатқан құндылықтарға сәуле түсіретін қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптасқан даналардың асыл мұрасы. Ана сүті жас баланың буыны бекіп,
бұғанасы қатаюға қандай әсері зор болса, сол секілді қазақ даналығын оқу
арқылы әрбір қазақ баласының азаматтық рухы көтеріледі. Қазақ даналығын оқи
отырып, оның ұлтының бойына сіңген дүниетанымды тани аламыз. Бүгінгі күні
өзіміз өмір -тіршілігімізде қолданылатын таным түсінігіміздің түп тамыры
тереңде екенін сезінген сайын тарихымызға, ұлттық пәлесәпамызға деген
құмарлығымыз арта түседі. Көңіліміздің ақтығы, жүрегіміздің пәктігі,
жанымыздың жомарттығы-табиғат ананың сыйы деп білеміз. Қазақ
философиясындағы ұлттық дүниетанымындағы алғашқы көзқарастар табиғат
тылсымымен тығыз байланысты болды.
Қазақтың ұлттық даналығы оның тілінде. Сөз өнері қазақ халқы үшін өнердің
ең жоғарғы формасы. Алғашқы дүниетанымдық көзқарастарды аңыз, жұмбақ,
мақал-мәтелдерге жасырған. Қазақ философиясының философия тарихында алатын
орыны зор.
Қазақ халқының дәстүрлі ілімі сонау ерте дәуірден келе жатқан, ұрпақтан-
ұрпаққа аманат болған мәдениетінде жатыр. Қазақ халқы басқа халықтардан
өзгешеленетін оның қайталанбас төл тума тілінде, дінінде, мәңгі өшпес ұлы
бабаларымыздың артына қалдырған дәстүрлі ілімінде жатыр. Артқы ұрпағына
өлмес із қалдырған бабаларымыздың мұрасы мәңгі халық санасында жаңғырмақ.
Адамзат өмірінде осы ілімнің қай қазақ баласының санасында ерекше орын
алғаны бүгінгі күн дәлел болмақ. Адамзат ең бірінші өзін тану үшін ұлтын,
оның бойына сіңген ғасырдан-ғасырға ұласқан дәстүрлі ілімін тану қажет.
Жалпы біз өзіміздің қазақ ілімін мәңгі қастерлеп жадымызда сақтау үшін,
оның дәстүрлі дүниетанымын ұмытпау қажет. Әрбір адамзат ұлттық мүддені
қорғай отырып, соған сай қадам басқан жөн секілді.
Әрбір ұлттық тілі, діні, мәдениеті, салт-дәстүрі кез-келген ұлттағы
өзекті мәселе болып табылмақ.
"Ел болам десең, бесігіңді түзе"-деген халық даналығы тегінен-тегін
айтылмаса керек. Ұлттық өзін-өзі сақтау мәселесі де тереңдей зерттеуді
талап етеді. Қоғамымыздың саяси-экономикалық даму үрдістері де осы ертеден
келе жатқан ата-бабаларымыздың дүниетанымына байланысты. Кез-келген
қоғамдағы басты мәселе адамға байланысты туындайды. Қазақтың дәстүрлі
ілімндегі кез-келген мәселе адамға байланысты туындаған. Біз осы халық
даналығын, оның дәстүрлі дүниетанымын, мәдениетін атадан балаға таза
жеткізу қажет.
Қазақ қоғамында ежелден жеке адамдардың даралық қасиетін жоғары
бағалаған. Кез-келген халық даналығын да, батырлар жырларында немесе
халықтың мақал-мәтелдерін қарастырсақ бәрін де негізгі рөл тұлғаға беріліп,
жігіттің батырлығы, дарқандығы, адамгершілігі, кісілігі, жомарттығы, т.б.
асыл қасиеттер насихатталады. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты түзеу,
бірлікті сақтау, адамдарды бірлікке, адамгершілікке баулу қазақ
дүниетанымындағы басты мәселе. Осыны тану үшін бізде терең таным, ерекше
бір даналық болуы шарт. Ең бірінші кез-келген ұлттық бойындағы асыл
құндылықтар оның дәстүрлі дүниетанымында жатыр. Сондықтан біз асыл
қазынамызды жоғалтпау үшін адамзатқа ортақ мүддеде өмір сүре отырып, халық
даналығын терең данышпандықпен толғай отырып талдауымыз шарт.
Мақалдар, ертегілер, салт-дәстүр жырлары толғамы тереңде жатқан халық
даналығы. Біз осындай даналықпен сусындай отырып бүгінгі күнге аяқ басамыз.
Даналардың дүниетанымын оқи отырып, бүгінді ертеңмен өлшей алмақпыз.
Дәстүрлі ілмнің адамзат болашағына тигізер әсерін жоғарыда айтып өттік. Тек
оны терең сауаттылық көзі арқылы сусындауымыз шарт. Қазақтың дәстүрлі
дүниетанымы ұрпақтан-ұрпаққа тарап болашақ ұрпаққа үлкен септігін тигізер
тамыры тереңде жатқан даналық. Біз оны зерттеген сайын әртүрлі қырлары
арқылы көреміз.
Ұлттық дүниетанымдағы алғашқы көзқарастар миф, аңыз, ертегі, мақал-
мәтелдерінде ерекше орын алған. Алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамның
күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болған. Күнделікті өмір
тәржибесі адамзат дүниетанымының қалыптасуындағы басты фактор болып
табылған. Адамдар өз тіршілігіне байланысты түсініктер қалыптастырған.
Тағдырды-тағдыр ететін адам демекші адамға байланысты көптеген көзқарастар
қалыптастырған. Жалпы ұлттық дүниетаным сол ұлттың бойына сіңген даналық
рухында және ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлы бабаларымыздың дүниетанымында.
Ұлттық дүниетаным арқылы біз сол ұлттың мәдениетін, сол ұлтқа тән
құндылықтарды біле аламыз. Қазақ халқы басқа халықтарға қарағанда
ерекшеленетін ұлттық өзгешеліктеріміз өте көп.
Оны аңғару үшін біз ең бірінші ұлттық бойына тән қасиетті тануымыз шарт.
Адамзат өмірінде бұл мәселелердің алған орыны өзгеше. Қазақ даналығын ең
алғаш мифтік дүниетанымнан бастаймыз. Адамзат өмірінде де бұл мәселе-лердің
күнделікті тіршілікпен біте қайнасқан ерекше дүниетанымдық маңызы бар.
Себебі мифтік дүниетаным адамдардың күнделікті ойлау дәрежесіне, күнделікті
білім деңгейіне айнала білді. Кез-келген мифтік дүниетаным күнделікті өмір
тіршілігіне байланысты туындаған.
Алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамдардың күнделікті өмір тіршілігімен
тығыз байланысты болды. Кез-келген дүниетанымдық ілімдер адамдардың таным
түсінігімен, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасты. Алғашқы
дүниетанымдық көзқарастары халық даналығында көбіне біз ерте замандағы
жырлардан байқаймыз. Олар табиғат тылсымын толық түсінбеген. Сондықтан
алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамның табиғат тылсымының сырын ашуға
бағытталған десекте қателеспейміз.
Халық даналығының жалпы қай уақытта болсын мәнін жоймайтын, артқы
ұрпағына мәңгі жанына рухани азық болатын өлмес құндылық.
Бүгінгі күнге аяқ басуымыз, рухани құндылықтардың арқасы. Сондықтан әрбір
адам өзінің ұлтының бойына сіңген ұлттық даналығын тереңнен толғап, оның
негізінде жатқан басты міселелердің мәнін аша білу шарт.
Қазақ философиясында көшпенділер дүниетанымының да алған орны зор болды.
Жалпы көшпенділер оның ішінде пайда болған қазақ деген этнонимнің өзі көп
жайтты аңғартады. Көшпенділер өзі табиғаты жағынан әскери жаугершілік
тұрмыспен ұқсас болып келді. Көшпелілік емін-еркін өмір сүру үлгісі.
Көшпенділер үшін ар-ұят бірінші орында тұрды. Сондықтан әділдікті,
адамгершілікті бірінші орынға қойды. Егер зұлымдыққа зұлымдықпен жауап
берсек, нағыз зұлымдық тумай ма? Ал көшпенділер үшін бірінші орынға
этикалық категорияларды қояды. Үйткені кез-келген қоғам өз дамуында
жамандықты емес, жақсылықты мысалға алады. Номадтық дәстүрлі мәдениет
болымыстың тылсымдық ырғақтарына мән берді. Адам дүниесін өтпелі өткінші
кезең деп қарастырды. Көшпенділер дүниетанымы өзіндік ерекшелігімен
айқындалмақ. Көшпенді тұрмыс адамзат дүниетанымында ерекше орын алған
Көшпенділер басқа кезеңмен салыстырғанда олардың дүниетанымында дүниеге
деген көзқарасы өзгеше болды. Жалпы қазақ халқының даму тарихында бұл
кезеңнің орыны өзіндік көптеген өзгешелігімен айқындалмақ. Халықтың дүниеге
деген көзқарасы көшпелі өмірде мүлдем басқа кезеңмен салыстыруға келмейтін
өзгешеліктермен дамыды. Көшпелі өмірде адамның дүниетанымына ерекше әсер
еткен ол табиғи орта болып табылды. Адам тарихи дамуында айғақ болар кезең
деп те атауға болады. Халық санасында мүлдем басқа көзқарастар қалыптасты.
Жалпы, адамзат өркениеттегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдайы көшпелілер
мекені мен жапсар өңірлерінде дүниеге келіп отырғаны кездейсоқтық емес.
Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау
болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған
ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді.
Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына
айналды. Қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі
уақытты 5-ке бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Қазақтар әрбір
маусымды өз ішінде 3-ке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе
қыстың басы. Осынау өмір салтының өзегінен бір жылды 12-айға бөлетін таным-
түсінінікті бастау тегі аңғарылды. Көшпелілер мәдениеті өзінің 3-мың жылдық
ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр шығыс елдеріне қарағанда шығармышылық
эволюцияны бастан өткерді [1, 24-29].
Көшпелілік өмір салты адамзат өмірінде көптеген жайтты аңғартты. Адамзат
өмірінде бұл ілімнің алған орыны зор болды. Көбіне бұл табиғат тылсымымен
тығыз байланысты. Номадтық мәдениет дүниетанымында философиялық
категориялардың да алған ролі зор болды.
Кеңістік, уақыт, қозғалыс, біртұтастық, синкретизм, тақуалық секілді
категориялар ерекше орын алады.
Көшпелі өмір қазақ даласының дарқан, кең екенін аңғартты. Көшпелі өмір
салты арқылы қазақ халқы өз даласынан ерекше әсер алды. Қазақ
дүниетанымында кеңістік категориясы ерекше орын алған. Ұмай-жер ана. Түркі
тұрмыс тіршілігі дүниеге деген көзқарасы мысал болмақ. Күнделікті ойлауы,
өзара қатынастары, қоғамдасу формаларының қалыптасуы, кеңістік ұғымы зор
болды, сол арқылы қабылдады, сипаттады түйсінді. Кеңістік ұғымы сандық
өлшемге ие болды. Көшпенділер кеңістік ұғымын көш басында аңғарды. Осыдан
өлшем ұғымы қалыптасты. Мысалы байлықтың өлшемі жылқының өлшемімен
анықталды. Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш
жолдарының белгілі бір күн мен айға басылып өтілуін белгілеумен кеңістік
ұғымы басталды. Күндік көш, апталық көш, қозы көш, бір көш т.б қашықтықтың
өлшемдерін белгіледі.
Қазақ дүниетанымында уақыт категоиясының да алған орыны зор болды.
Уақыттың шеңберінде қазақ болмысы жақсы дамыды. Уақыт болмыстың
формаларымен қатар өсті. Мысалы: ерте заманна осы кезеңге дейін бір- біріне
ұқсамайды, соған сәйкес кеңістік басқаша ұйымдастырылып, уақытта басқаша
өтті.
Ең бірінші ру, тайпа, адам, халық қалыптасты. Бұл кезде адамдар әр түрлі
толысқан деңгейге жетті. Сондықтан әрбір қоғамның өзіндік даму уақыты бар
деп айтуға болады. Уақыттың кереметтілігі оның қайтіп келмейтіндігінде және
оның өткіншілігінде. Уақыт тоқтаса адам өміріде тоқырайды сондықтан қазақта
уақытты жоғары бағалаған. Өткен өмірі арқылы бүгінгі күнін анықтаған.
Көшпенділер басқа халықтарға қарағанда уақытты ерекше таныған. Алыс көш
жолдары, бай жайлау мәселелері, жыл мезгілдеріне байланысты ауа-райының
өзгерістері, уақытты түсінуге мәжбүр етті.Уақыт ең бірінші бағдар ауа-райы
болды. Көктемгі күн мен түннің теңелуі, осының бәрі уақыттық өзгерістерді
көрсетті. Аптаған ыстық, жайылымдардың күйіп кетуі, өткел бермес сең,
көктемгі алғашқы балауса шөп, қардың түсуі, күнгейге көшу уақытқа тәуелді
болды. Күн сәулесінің шаңырақ бойы жылжуы және уықтар ерекше бір уақыт
өлшегіш сағат ретінде қызмет атқарды.
Қазақ халқының дүниені игеріп, бүгінгі күнге қол жеткізуі қозғалыс
категориясын көрсетпек. Қозғалыс адамның дүниеде болу формасы, негізгі өмір
сүру жолы, жалпы дүниенің негізгі болу формасын шындығы қозғалыс категоясын
анықтады.
Қазақ тұрмыс-тіршілігінде табиғаттағы, қоғамдағы осы күнге дейінгі барлық
өгерістер қозғалыс категориясын түгел қамтыды. Номадтық мәдениеттің
сенкретизмі мұнда дүниетаным біртұтас жүйеленбеген күйде болды, ғылым да,
дінде өзіндік өзгешеленбеген біртұтас жүйеде болды. Көшпелі өмір салты
арқылы табиғат сырын меңгерді, алғашқы танымдық түсініктер бүгінгі күнге
жетті. Бүгінгі күні өзіміз өмір -тіршілігімізде қолданатын таным
түсінігіміз түп төркінінің таным түсінігі тереңде екенін сезінген сайын
тарихымызға, ұлттық ой толғауымызға, ұлттық пәлсапамызға деген
құмарлығымыз арта түседі. Адамзат өмірінде бұл мәселелердің алатын орыны
зор. Жалпы қазақ халқының күнделікті өмірімен біте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz