Қоршаған ортаға әсерді бағалау және оның әдістері, міндеттілігі мен кезеңдері


Мазмұны
- Кіріспе
- Қоршаған ортаға әсерді бағалау және оның әдістері, міндеттілігі мен кезеңдері.
- Атмосфералық ауаны бағалау
- Су ресурстарын бағалау
- Топырақты бағалау
- Қоршаған ортаны және табиғат пайдалануды реттеу
- Негізгі тұжырымдар
- Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша жер үсті сулар сапасының жағдайы
- Қорытынды
Кіріспе
Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, топырақ сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.
2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын төмендету;
cу үнемдеу;
шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;
байырғы ластануларды жою;
өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;
әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек.
Байырғы ластануларды жою жөнiндегi, сондай-ақ өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi арнайы бағдарламалар әзірленбеген.
Ал әзірленеді деп жоспарланған қалған бағдарламалар жекелеген мәселелер түрінде «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көрініс тапты.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру саларалық өзара іс-қимылдарда көптеген мәселелерді шешу үшін көзделген, соның ішінде: қызған газдардың шығарындылары, атомосфералық ауаның ластануы, экологиялық апат аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп және тұтыну қалдықтары, су ресурстары, жасылдандыру және басқалар.
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар) табиғи ортаның ластану деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды және ұйымдастыру іс-шараларын оның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру, экологиялық орнықты даму тетіктерін құру, қоршаған ортаны ластайтын ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін ең үздік қол жетімді технологиялар негізіндегі нормаландыруға көшу жөнінде басшылыққа алатын құжат пен жоспар әзірлеу және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану, ормандарды қорғау және өсімін молықтыру жолымен жүргізу көзделген.
Екінші кезеңде (2013 - 2014 жылдар) табиғи ортаны басқару сапасын жақсарту, орнықты даму тетіктерін іске асыру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, қолда бар үздік технологияларды енгізу, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қолайлы деңгейге қол жеткізу көзделген.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады.
2. Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағаламай әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады. Әсерді бағалау нәтижелерін жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады.
3. Жобаланып жатқан және жұмыс істеп тұрған объектілердің перспективалық қызметі осы Кодекстің талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.
4. Жобалардың тапсырыс берушісі (бастамашысы) мен әзірлеушісі қоршаған ортаға әсер етуге жүргізілген бағалау нәтижелерін ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың кезеңдерi
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысының және құрылысты жобалаудың кезеңдері ескеріле отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1-кезең. Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйін шолу), объектіні орналастыруға арналған учаскені оңтайлы таңдауды негіздеу үшін орындалады;
2-кезең. Инвестициялардың негіздемесіне (жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне) ілесе жасалатын қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау;
3-кезең. Әсерді бағалау, ол жобаны іске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметті одан әрі жүзеге асырудың ықтимал әсерлерін толық және кешенді талдау, баламалы нұсқаларды негіздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзірлеу мақсатында орындалады;
4-кезең. Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлерді болдырмау жөніндегі техникалық шешімдерді қамтиды;
5-кезең. Жобалаудан кейінгі талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін бір жыл өткен соң объектінің қоршаған ортаға қауіпсіздігін растау және табиғат қорғау іс-шараларына түзету енгізу үшін жүзеге асырылады.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың 3-кезеңінде сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері әзірленеді.
Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу тәртібi
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қамтамасыз етеді.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау әзірленімін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуден алынған нәтижелердің дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.
4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін орындау кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде есепке алынуға тиіс әсерлердің түрлерi
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:
1) тікелей әсер - объектіні орналастыру ауданында жоспарланып отырған негізгі және ілеспе қызмет түрлерінің тікелей тигізетін әсері;
2) жанама әсер - жобаны іске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейінгі) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;
3) кумулятивтік әсер - жобаны іске асыруға ілесе жасалатын, өткен, қазіргі немесе негізделіп алдын ала болжанатын іс-әрекеттерден туындайтын, үнемі ұлғаю үстіндегі өзгерістер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиіс.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:
1) атмосфералық ауаға;
2) жер үсті және жер асты суларына;
3) сутоғандары түбінің беткі жағына;
4) ландшафттарға;
5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;
6) өсімдіктер дүниесіне;
7) жануарлар дүниесіне;
Атмосфералық ауаны бағалау
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан - тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера - бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т. б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т. б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді.
Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе -* теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді.
Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен газдар, т. б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп « Ақпараттық экологиялық бюллетень» журналы арқылы көпшілікті хабардар етеді.
Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі өзгеріп отырады.
Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т. б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдары Ленингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдықтар көп. Алматы мен Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз.
Республика жағдайында атмофераның ластануына өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Оларт негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар.
Атмосфера тұрақты көздерден шығатылатын зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763, 0 мың т. ), Қарағанда (601, 6 мың т. ), Жезқазған (487, 0 мың т. ), Шығыс Қазақстан қаларында (170, 0 мың т. ), Қостанай (170, 0 мың т. ), Ақмола (120, 0 мың т. ), Атырау (90, 0 мың т. ) облыстары болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы,
металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған. Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаға келеңсіз әсер етудің жетекші факторларының бірі болып қалуда. Атмосфералық ауаға жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндіру және тау-кен өндісі, қара және түсті металлургия неғұрлым теріс әсер етеді. USAID-тің бағалауынша, Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздық қатеріне аса бейім аймақтарға жатады. Республикада атмосфераға таралған шығарындылар 2005 жылдан бері бір деңгейде қалып отыр (2, 9 млн. тонн), әлемдік дағдарыс орын алып, жекелеген өнім түрлеріне деген сұраныс азайған тұста, яғни 2008 жылдан бастап өндіріс көлемі қысқарды, бұл шығарындылардың төмендеуіне себеп болды. 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2, 2 млн. тоннаны құрады, сонымен 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың деңгейі 4%-ға . Ластағыш заттардың негізгі көлемі Қарағанды (661, 2 мың тонна), Павлодар (572, 5 мың тонна), Шығыс Қазақстан (146, 9 мың тонна), Ақтөбе (125, 3 мың тонна), Қостанай (114, 4 мың тонна) және Атырау (114, 4 мың тонна) облыстарының аумақтарында қалыптасқан. Атмосфералық ауаға таралған ластағыш заттардың жалпы көлемінің (2226, 6 мың т. ) 71, 3%-ын газ тектес және сұйық заттар және 28, 7%-ын қатты заттар құрайды. Ауаның ластану жай-күйін бағалау кезінде елді мекендердегі ауаға таралған ластағыш заттардың шекті мөлшерінің көрсеткіштері (ШМК) негізгі сапа өлшемдері болып табылады (1-қосымша) . Атмосфераның ластану деңгейі атмосфера ластануының кешенді индексінің (ИЗА
5
) шамасы бойынша бағаланады, ол қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ШМК-ның ең көп нормаланған көрсеткіштері бар бес зат бойынша, сондай-ақ ШМК-ның асып кетуі бойынша есептеледі. Егер ИЗА
5
көрсеткіші 5-тен аз немесе оған тең болса, онда атмосфераның ластану деңгейі - «төмен», диапазоны 5-тен көп және 7-ге тең болған жағдайда - «көтеріңкі», ал 7-ден көп және 14-тен аз болғанда - «жоғары», 14-тен көп болған жағдайда «аса жоғары» деп саналады. Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың мөлшері жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, республиканың ластанған қалаларына (ИЗА
5
≥ 5) - 12 қала, соның ішінде жоғары деңгейде ластанған қалаларға (ИЗА5 ≥ 13) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) жатқызылған . Атмосфералық ауаның ластану деңгейі іс жүзінде төмендемеген (1-кестеге қараңыз) . Өнеркәсіп пен көлік саласы дамыған, ИЗА
5
жоғары болып келетін қалалардағы атмосфераның жай-күйі айтарлықтай алаңдаушылық туғызады. Зиянды заттардың көп мөлшерде таралуына ластау көздерінің ауаны тазартатын құрылғылармен жеткілікті дәрежеде жарақталмағаны себеп болып отыр, сонымен бірге статистикалық деректер соңғы үш жылдың ішінде осындай құрылғылармен жарақталған көздердің үлес салмағының төмендегенің көрсетеді. Мысалы, 2008 жылы олардың үлес салмағы - 7, 5% болса, ал 2010 жылы 6, 4% құрады. Атмосфера құрамында шекті мөлшерден асатын ластағыш заттардың аса жоғары деңгейі - 17 қалада, орташа деңгейі 7 қалада тіркелген.
1-кесте
ҚР ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейінің өзгеру динамикасы
Ақпарат дереккөзі: «Қазгидромет» РМК
Автокөлікпен ауаны ластаудың көлемі аса үлкен қатер төндіруде, бұған республика аумағында автокөлік құралдары санының шапшаң өсіп келе жатқаны себеп болуда. 2011 жылғы 1 маусым бойынша тіркелген жеңіл автокөліктер саны 2010 жылмен салыстырғанда 21, 5%-ға өсіп, 3 264, 4 мың бірлікті құрады. Экологиялық ахуалға қазіргі ескі (10 жыл бұрын шығарылған) жеңіл автомашиналар паркінің техникалық жай-күйі де келеңсіз әсер етуде, олардың саны 2 637 мың бірлікті немесе тіркелген жеңіл автокөліктер санының 80, 8%-ын құрап отыр. Бұл ретте барлық тіркелген жеңіл автокөліктердің 99%-ы «бензин» отының пайдалануда. Мұндай проблема республикамыздың ірі қалаларына тән болып келеді, ондағы автокөлік құралдарының ауаны ластауға қосатын «үлесі» жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2 226, 6 мың тонна болған болса, ал жылжымалы көздерден таралған ластағыш заттардың мөлшері 1728, 5 мың тоннаны құрады немесе 77, 6% болды. Жылжымалы көздердің негізгі шығарындылары Қарағанды қаласында (230, 0 мың тонна), Қостанай қаласында (196, 7 мың тонна), Алматы қаласында (190, 0 мың тонна) және Алматы облысында (192, 0 мың тонна) байқалады. Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне біртіндеп көшу арқылы автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет кезең-кезеңімен, атап айтқанда:
2 - экологиялық кезең 2009 жылғы 15 шілдеден;
3 - экологиялық кезең 2012 жылғы 1 қаңтардан;
4 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап шығарындылардың үлесі бойынша Евро стандарттарды енгізуді қарастырған.
Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын техникалық талаптар мынадай мерзімдерде:
2 - экологиялық кезең 2010 жылғы 1 қаңтардан;
3 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан;
4 - экологиялық кезең 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте 10 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда жүрген автомашиналарға жаңа экологиялық талаптар қолданылмайды және олар толық ескіріп тозғанға дейін жұмыс істей алады, яғни атмосфераны ластауды одан ары қарай да жалғастыратын болады.
Су ресурстарының бағалау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz