Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ..3
2. Көшпелілер және отырықшылар өркениеті...4
3.Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі ... ...7
4.Түркі дала өркениетінің пайда болу факторлары мен оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі ... ...11
5.Қорытынды ... ... ... .13
6.Пайдаланылған әдебиеттер ... ...14

Кіріспе
Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі - қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі.
Сонымен түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ол оған не қосты, қандай өрнек салды? Тағылық-варварлық-өркениет (дикость, варварство, цивилизация) сияқты сатылардан өте алды ма? Әлде А.Тойнби айтқандай, тұрпайы (примитивтік) қалпында қалды ма?
Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпенділер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.
Менің бүгінгі мақсатым ─ осы көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айта отырып, дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін жеткізу.

Көшпелілер және отырықшылар өркениеті
Б.з.д. VI ғ. дейінгі тайпалардан қазақ мемлекетінің белгілері
Б.з бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдаланып үйрену, одан әр түрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.
Адамдардың негізгі тұрмыс тіршілігі мен әл-ауқаты мал өнімдеріне байланысты болғандықтан жаңа өндірістік қатынастар қажет болды. Бұл жағдайдан шығудың сол кезде екі түрлі жолы бар еді. Біріншісі, егіс көлемін бірнеше есе көбейту және мал басын одан әрі көбейте отырып, малдың қыстық шөбін көбірек дайындау. Бірінші жолды таңдауға Қазақстан жерінің табиғаты мен климаты сәйкес келмеді, яғни суармалы егіншілікті дамытуға суландыру жүйелері жеткіліксіз болды және оны дамыту мүмкін болмады. Екіншісі, малды қысы-жазы далада жаятын интенсивті көшпелі мал шаруашылығы еді.
Қазақстанның кең-байтақ аумағы жері мен табиғат ерекшеліктері де көшпелі мал шаруашылығын өркендетуге ыңғайлы болатын. Еуразия далаларын мекендеген тұрғындардың тарихи тәжірибесі көрсеткендей, бұл ұлы далада тек көшпелі өмірмен ғана тіршілік етуге болатындығы дәлелденген еді.
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде басталған көшпелі мал шаруашылығына ауысу ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа кезеңімен байланыстырылды. Осылайша шаруашылықтың үрдісі дамуы нәтижесінде б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың басында Қазақстан аумағында алғашқы көшпелі тайпалар пайда болды. Көшпелі мал шаруашылығына көшу далалар мен шөлді аймақтарды мекендеген тайпалар өмірінде сол кездегі жағдаймен салыстырғанда ірі экономикалық алға басушылық еді. Б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың алғашқы ғасырларында Қазақстанның кең байтақ далалары мен шөлейт жерлерінде жартылай көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың басым және негізгі түрі болып орнықты.
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтардың ежелгі тарихын зерттеуде жазба деректердің елеулі рөлі бар. Осы мәліметтерге қарағанда, Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпалы одақтар құрған. Темірді игеру өндіргіш күштер дамуындағы ірі төңкерістердің бірі болып табылады.
Андрон мәдениетінің Нұра кезеңінен бастау алған мал шаруашылығы Алакөл-Атасу кезеңінде малды көшіп жаюға ауыса бастады. Яғни, Қазақстан жеріндегі көшпелі мал шаруашылығын б.з.д.1 мыңжылдықтың басында қалыптаса бастады деп айтуға толық негіз бар. Бұл кезде қолға үйретіліп өсірілген малдардың ішінде жылқы, түйе және қой түлігі көбейіп, жыл маусымына немесе жайылымға қарай жиі көшу дағдыға айналды. Жоғарыда аталған үш түліктің көшпелі шаруашылыққа төзімді екені белгілі. Ал сиыр малы ұзақ көшке ілесе алмайды және қыста тебіндеп жайыла алмайды. Сиыр малы отырықшы халықтарда ғана көптеп өсірілді. Аталған үш түліктің көшпенділер қоғамында, одан бертін келе көшпелі қазақ қоғамында, олардың тіршілігінде орасан зор маңызға ие болғандығы халық ауыз әдебитеінде, тұрмыс салт жырларында және т.б. көрініс тапқан. Қазақтар өз балаларын жақсы көріп еркелеткенде ботақаным, құлыным, қошақаным деп те атайды. Ал, бұзауым, лағым деп айту дөрекілеу естіледі.
Еуразияның ұлы даласын мекендеп қана қоймай, осы даланың ұлан-байтақ кеңістігін еркін билеген, оның табиғи байлығын, географиялық орналасуын көшпелі шаруашылыққа икемді пайдалана білген тайпалар көшпенділердің ұлы өркениетін де жасай білді. Әсіресе жылқы малын көлікке де, тағамға да, тұрмысқа да тиімді пайдаланған көшпелі тайпалар осы түлікке қатысты ұлы жаңалықтар да ашты. Мысалы, ат әбзелдері мен жылқы малынан алынатын тағамдар кейіннен басқа өркениеттерге де таралды.
Көшпелілер өркениетінде жерге жеке меншік болған емес. Жер бүкіл тайпаның, қауымның меншігі болып саналды. Көшіп-қону мен жайылымдарды тайпа басшылары реттеп отырды. Байлық пен бедел мал санының, әсіресе жылқы санының көптігімен өлшенді.
Көшпелілер өркениетіне баға беруде көпке дейін моноцентристік, еуроцентристік және шовинистік көзқарастар басым болып келді. Бұл көзқарастар бойынша Еуразияның далаларын мекендеген көшпелілерге жабайы, тағылық тұрмыста өмір кешті және мәдениет пен білімнен, өркениеттен мақұрым қалғандар ретінде баға берілді. Тіпті көшпелілер өркениеті деген термин қолданылмады да. Бұл көзқарастар көшпелілер мәдениетін шала білгендіктен және азиялық өркениетті менсінбеушіліктен туған еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана жоғарыда аталған көзқарастарға батыл соққы берілуде. Көшпенділер мәдениетінің әлемдік өркениеттің құрамды бір бөлігі болғандығы көптеген тарихи, археологиялық ескерткіштермен, еліміздің танымал тарихшылары мен мәдениеттанушыларының еңбектерімен дәлелденуде.
Қолдарына көп мал жинаған бай-шонжарлар өз тайпаларымен бірге жайылым жерлерді үнемі ауыстырып отырған, олар қоғамдағы ықпалды күшке айнала отырып, далалық және шөлейт жерлерді интенсивті түрде игере бастаған. Осы заманда мал және жайылым жерлер үшін тайпалар арасында жиі-жиі соғыстар болды. Бұл соғыстардан әскер және тайпа басшылары байыды. Әскер басшыларының беделі артып, олар бейбіт уақытта да халықты билеп отырды. Маңызды мәселелерді шешу үшін ақсақалдар кеңесі құрылды. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі және шаруашылықтың дамуы бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Осылайша экономикалық және саяси себептерге байланысты тайпалық одақтар құрылды.
Б.з.д. VIII-V ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы көшпелілер өркениеті көршілес тайпалармен және мемлекеттермен экономикалық және саяси қарым қатынаста болды. Бұның өзі көшпелі шаруашылықтың экономикалық мүмкіндіктерін одан әрі тиімді пайдалануға, егіншіліктің, қолөнердің және сауда байланыстарының одан әрі дамуына алып келеді. Бұндай өзгерістер б.э.д. IV-III ғасырларда Қазақстанның жекелеген аудандары мен көршілес аумақтарда біршама тұрақты және ірі саяси бірлестіктердің құрылуына алып келді. Бұл бірлестіктер - сол кездегі Грек-Бактрия, Парфия, Қытай және Кушандар империяларын да мойындатқан Үйсін және Қаңлылар саяси бірлестігі болатын. Соңғы деректер мен мәліметтер бұл саяси бірлестіктің мемлекеттік деңгейге дейінгі жеткендігін дәлелдейді. Яғни, б.э.д. ІІІ ғасырдан бастап қазіргі Қазақстан аумағында Үйсіндер және Қаңлылар мемлекеті өмір сүрген деп айтуға біршама негіз де бар.
Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі
Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі - қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі.
Сонымен түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ол оған не қосты, қандай өрнек салды? Тағылық-варварлық-өркениет (дикость, варварство, цивилизация) сияқты сатылардан өте алды ма? Әлде А.Тойнби айтқандай, тұрпайы (примитивтік) қалпында қалды ма? Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.
Древняя тюркская Сибирь -- деп жазады академик Л.П.Окладников, -- оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее. У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет их путь на Дон и на Дунай
Л.Н.Гумилев Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпенділер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.
Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлеміне тәнті болды. Ол әлемнің Еуропа мен Шығыстың өмір салтымен бәсеке болуға мүмкіндігі бар-ды. Барша мемлекетті Ел деп атаған, баспалдақты-бағынышты жүйе жасаған, шен-шекпенді билеуші топқа орынды кигізген, әскери тәртіппен, дипломатия арқылы Түрік Еліне баршаны игізген, өмірге деген көзқарас арқылы өмір салтын әлемге білгізген Ұлы империя Гумилевтің пассионарлық теориясына негіз бола алды. Бұл көзқарасты А.Сейдімбек те қолдайды 3,45 бет.
Көшпенділер өркениеті деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. Көшпенділер қоғамы деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға қосты. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды- деген пікір көбірек айтылуда 4,95 бет.
А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Егер біз Еуразия сахарасындағы өркениетті осы тұрғыдан қарасақ, ол баяғы Ұлы Қыпшақ даласы - Дала өркениеті, И как бы не называли эту культуру - половецкая, печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что степи на одном языке - на тюркском. Жили под одним культурным традициям - по тюркским. Исповедовали одни духовные ценности - тюркские 5,84 бет -- деп әділ көрсетеді Мұрад Аджи.
Жалпы, Дала деген ұғымды тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Онон мен Керулен, Ертіс, Тобыл, екінші шеті Жайық, Кәрі Каспий, Арал, Еділ Ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Бүгінгі қазақ елінде 45000 өзен, 85000 көл атының болуы ойландырса екен. Ал Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары жер бедерін безендіріп тұрған жоқ па? Ендеше Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет емес пе? Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?
Бірінші, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді.
Екінші, біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет - Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы -- жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі.
Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.
Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам - пенделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті...
Бесінші, қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. Дала перзенті еш бір шектеу дегенді білмеді. Оған творчестволық эволюция тән еді.
Алтыншы, Дала арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шегінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды... Ендеше Еуразиялық сахарадағы көшпенділі дала мен қаланың синтезі еді.
Жетінші, аң стильді өнер дамыды.
Сегізінші, сайын даладағы көшіп-қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық процесті жолға қою, сал-серілік дәстүр сияқты Дала этикасын, менталитетін орнатты.
Сонымен бірге Еуразия сахарасында мемлекеттік жүйенің небір түрлері шыңдалды. Ол түркі әлемі.
Түркі әлемінің алтын бесігі - Түркі елі (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатқан. Мұндай шексіз сахарада империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы.
Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.
Дала өркениеті әлемдік дамуға қандай үлес қоса алды?
Бірінші, Тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш (Зороастр дінін таратты;
Екінші, металл қорытудың көне ордасы болды;
Үшінші, төл жазуын тапты;
Төртінші, жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;
Бесінші, әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;
Алтыншы, сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.
Жетінші, дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті.
Сегізінші, мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады.
Тоғызыншы, шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.
Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мемлекет типін қалыптастырды. Егер, бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстем етсе, екінші түркі қағанатында руналық жазу тарады. VII-VIII ғғ. Моңғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда Көне түрік алфавитімен жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер қалды. Ал біздің ғасыр санауымыздан бұрын V ғасырда өмір сүрген Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і көне түркі руникалық алфавит екенін айтсақ (7,47-49, 195, 38-беттер), түркілердің жазу өнері тым ерте екендігін танытады. Д.Клеменецтің көне түркілерде тамаша халық деуі осыдан.
VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты - деп есептейді.
Қорыта айтсақ, Үйсін мемлекеті пайда болып, өркендеп, шығанға шыға бастаған кезде көне түркі өркениеті - Дала өркениеті бой көтерді. Түркі қағанаты - империя құрып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған сәтте өркениет өзін әлемге ттанытты. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет - 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет. Ендеше қазақ тарихы әлемдік тарихытың құрамды бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі, ол - адамзат баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы біз тәуелсіз елдің перзенті Отан тарихын мақтан ете аламыз, ұлттық санамызға одан нәр ала аламыз. Сондықтан, оны оқытуға үйрету біздің міндетті борышымыз.
Түркі дала өркениетінің пайда болу факторлары мен оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі
Жалпы, Дала деген ұғымды тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Онон мен Керулен, Ертіс, Тобыл, екінші шеті Жайық, Кәрі Каспий, Арал, Еділ Ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Бүгінгі қазақ елінде 45000 өзен, 85000 көл атының болуы ойландырса екен. Ал Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары жер бедерін безендіріп тұрған жоқ па? Ендеше Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет емес пе? Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?
Бірінші, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді.
Екінші, біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет - Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы -- жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі.
Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.
Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам - пенделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті...
Бесінші, қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. Дала перзенті еш бір шектеу дегенді білмеді. Оған творчестволық эволюция тән еді.
Алтыншы, Дала арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шегінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды... Ендеше Еуразиялық сахарадағы көшпенділі дала мен қаланың синтезі еді.
Жетінші, аң стильді өнер дамыды.
Сегізінші, сайын даладағы көшіп-қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық процесті жолға қою, сал-серілік дәстүр сияқты Дала этикасын, менталитетін орнатты.
Сонымен бірге Еуразия сахарасында мемлекеттік жүйенің небір түрлері шыңдалды. Ол түркі әлемі.
Түркі әлемінің алтын бесігі - Түркі елі (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатқан. Мұндай шексіз сахарада империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы.
Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.
Дала өркениеті әлемдік дамуға қандай үлес қоса алды?
Бірінші, Тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш (Зороастр дінін таратты;
Екінші, металл қорытудың көне ордасы болды;
Үшінші, төл жазуын тапты;
Төртінші, жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;
Бесінші, әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;
Алтыншы, сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.
Жетінші, дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті.
Сегізінші, мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады.
Тоғызыншы, шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.
Қорытынды
Түркі қағанаты империя құрып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған сәтте өркениет өзін әлемге танытты. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет - 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.
Отырықшы және көшпелілер өркениетінің әлемдік өркениетке маңызы зор болды:
1)тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш(Зороастр) дінін таратты;
2)металл қорытудың көне ордасы болды;
3)төл жазуын тапты;
4)жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;
5)әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;
6)сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.;
7)дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті;
8)мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады;
9)шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.
Артына терең тарихи мұра мен айтулы оқиғалар қаддырған, өзіндік мәдениеті қалыптасқан көшпелілер өркениеті түрік тілдес тайпалар мен халықгардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты.
Ендеше қазақ тарихы әлемдік өркениеттің құрамды бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі, ол - адамзат баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы біз тәуелсіз елдің перзенті Отан өркениетін мақтан ете аламыз, ұлттық санамызға одан нәр ала аламыз. Сондықтан, оны оқытуға үйрету біздің міндетті борышымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Отан тарихы, 1999, №1, 19-бет.
2. Л.НГумилев Этногенез и биосфера земли. 3-х томник. Л., 1979, том 2, стр 112.
3. А.Сейдімбеков Қазақ әлем - эномәдени пайымдау. Алматы, 1997, 45-бет.
4. Қараңыз: Взаимодействие кочевых оседлых культур на Великом Шелковом пути. Алматы, 1991, 95-бет.
5. Мұрад Аджи Полынь половецкого поля. Москва, 1994, стр 84.
6. А.Сейдімбеков Қазақ әлем - эномәдени пай
ымдау. Алматы, 1997, 62-бет.
7. Ана тілі, 1993, 47-49, 195, 38-беттер.
Дандай Ысқақұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

Еуразияның қақ ортасында, Алтайдан Анадолыға дейінгі ұланғайыр иен далада ат ойнатып, салтанатты өмір сүрген түркі халықтары адамзат баласының қоғамдық дамуына да айтарлықтай үлес қосты. Негізгі мақсаты Батысқа бас июшілікті ғылыми тұрғыда қамтамасыз етіп отыратын еуропацентризм түркі халықтарының әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлестерін күні бүгінге дейін мойындамай келеді. Десек те, осыдан 120 жыл бұрын Орхон-Енисей жазбаларының оқылуы әлемдік ғылымда айтулы оқиғаға айналды. Швед ғалымы Томсеннің Орхон өзені бойындағы тас ескерткіштерге жазылған жазбалардың құпиясын ашуы бүкіл түркі халықтарының өткен тарихына, мәдениетіне басқаша қарау дәуірінің басы болды.
Ежелгі түркілер тек қана шаруа - шылы - ғымен ғана айналысып, көшіп-қонып жүре бермеген, елінің еркін өмірін қорғаймын деп, қайқы қылы - шымен дұшпандарының жүрегін ұшырып, қатыгездігімен, жауынгер - лігімен ғана аты шықпаған, сонымен бірге кең далада мәдениет пен ғылым - ның орталығы болған үлкен-үлкен қалалар салып, әлемдік өркениеттің дамуына өзіндік мол үлесін қосқан екен. Бұрындары түркі халықтары көшпелі өмір сүріп, дамымай қалған жабайы халық делінсе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, арасынан әл-Фарабидей ұлылар шыққан, есте жоқ ерте кездерден-ақ білімі, ғылымы, мәдениеті дамыған, бір кездерде қо - ғам - дық дамудың көшін бастап, адамзат қоғамының жетіле түсуіне айтар - лық - тай үлес қосқандығы жайлы мойындала бастады. Ал адам бала - сы - ның рухани жағынан дамуында шешуші рөл атқаратын әдебиет болса, түркі халық - тарының ерте кездерде жасаған мәдени мұрасының аса бай болғандығына бүгінгі күні көзіміз жетіп отыр. Әсіресе, түр - кі халықтарының тұрмыс-тіршілі - гіне орай жасалынған көшпенділер мәдениеті бұл күндері өзіне теңдесі жоқ қоғамдық-мәдени құбылыс ре - тінде бағалануда.
Түркі халықтарында ауыз әдебиеті - мен бірге жазба әдебиеті де есте жоқ ескі замандардан бастау алады. Біз күні кешеге дейін әдебиетіміздің тарихын Орхон-Енисей жазбаларынан (VI ғ.) бастап келсек, соңғы зерттеулер одан да арыда жатқандығына көзімізді жеткізіп отыр. Қазір тіпті, ең алғашқы жазу үлгісі ретінде еврейлердікі саналып келген шумер жазуларының өзіне ежелгі түркілердің қатысы барлығын түрік ғалымдары дәлелдеп отыр. Ал әлемдік әдебиет тарихының бастауында тұрған парсыныкі делініп келген Авестаның өзі түркі топырағында туғандығы дәлелденді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Осындай рухани кешігудің басты себептері: біздің өткендегі мәдени мұраларымыз-ға жеткілікті түрде мән бермегеніміз, түрлі себептерден мүмкіндіктеріміздің болмауынан, ғылымда үстемдік құрған еуроцентризмнің адамзаттың қоғам - дық дамуындағы Батыстың көш - бас - шылық рөлі жайлы жалған теория - сының үстемдік құруы, т.б.
ХХ ғасырдың соңына қарай түркі әлемі тарих сахнасына қайта шығып, әлемдік өркениеттегі өзіне тиесілі еңселі орнын иелене бастады. Бұрын Ресей империясының отарында болған қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, әзер - бай - жан сияқты халықтардың өз тәуел - сіздіктерін қолына алып, азаттықтың даңғыл жолына түсуі түркі әлеміне жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан жаңа дәуірдің басталғандығын паш етті. Жаңа кезең түркі халықтарының өткен тарихына, мәдениетіне, әдебиетіне жаңаша көзқараспен қарап, жаңа пайымдаулар жасау қажеттігін ұсынды. Соның ең бастысы бұрындары түркі халықтарының әр қайсысы өздерінің азаматтық, мәдени, әдеби тарихын жеке-жеке, өздеріне бейімдей жазып келсе, ендігі жағдайда тарихымызды түркілік тұтастықта қарастыру міндеті алға қойылып отыр.
Осы уақытқа дейін қазақтың тарихы, өзбектің тарихы жеке-жеке зерт - телі - ніп келсе, енді жалпы түркі халық - тарының тарихын тұтастай жасау, соны әрбір саналы түркінің білуі негізгі мақсат болуы керек. Әр халықтың тарихы жалпы түркілік тарихтың құрам - дас бөліктерін құрайды. Ал әдебиетке келсек, мұнда да осы принцип бас - шылық - қа алынуы тиіс десек, салада да ойласып шешер мәселелер баршылық.
Түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын жасаудағы ең маңызды мәселе - олардың ертедегі әдеби мұраларының ортақтығы. Шамамен XIV-XV ғасыр - лар - ға дейін бұл дәуірдің әдебиет тарихы түркі халықтарының барлығына да қатысты болды. Олар ортақ болғанымен де кейбір халықтардың әдеби мұрала - рының тарихи даму, тұрмыс-тір - шілік - те - ріне байланысты өзгешеліктері тууы да заңды құбылыс. Сондықтан да оларды бірлесе, салыстыра отырып зерттеп, барлық түркі халықтарының ортақ мұрасына айналдырудың маңызы зор.
Ал, XV ғасырдан соңыңдағы түркі халықтарының әдебиеті әдебиет та - рихы - ның жеке-жеке тауарларын құрай - тын болады. Сонда көпұлтты түркі халықтарының әдебиетінің тарихы бір - тұ - тас түркі әдебиетінің тарихын жасайды.
Қазір бұл салада жасалынып жатқан азын-аулақ жұмыстар да бар. Түркияда, Қазақстанда түркі халықтары әдебие - ті - нің тарихын жасауда алғашқы қадам - дар жасалды. Қазақ, түрік тілдерінде өткендегі әдебиет тарихынан оқу құрал - дары, хрестоматиялар шыға бас - тады. Орта мектептерде түркі халық - тары әдебиеті жеке пән ретінде оқыла - ды. Қазір Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында қазақ филологиясы мамандары бойынша түркі халық - тары - ның әдебиеті арнайы пән ретінде оқылатын болды. Қазақ және түркі халықтарының ортақ мұралары, әдеби байланыстар жайлы ғылыми жұмыс - тар жазылып, диссертациялар қор - ғалуда. Десек те, мұның барлығы да аз. Түркі халықтары - ның барлығына да ортақ, бірдей, ғылыми жағынан негіз - делген, бүгінгі күннің рухани талаптарына жауап бере алатын түркі әде - биетінің тарихын жасау - бүгінгі түр - кілік әде - биеттанушы ғалымдар-дың алдында тұр - ған аса абыройлы мін - деттердің бірі.
Осы бір жауапты да күрделі жұмыс - ты жүзеге асыруды қолға алатын түр - кіа - ра - лық ұйым керек. Біздіңше, мұны түркі халықтарының ғылымын дамыту, өзара байланыстарын нығайту мақсатымен түркі мемлекеттері бас - шы - ларының 2009 жылдың күзінде Баку қаласында өткен кездесуінде келісіліп, 2010 жылдан бастап ашылып, жұмыс істей бастаған түркі халықтарының ғылыми академия - сының әдебиеттану саласындағы негізгі бағыттарының бірі болғаны лазым. Сондай-ақ түркі халықтарының жоғарғы оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында осы бағытта жүріп жатқан ізденістеріне соны серпін беріп, жандандыра түсу керек. Бұл ретте түркі халықтары арасындағы дос - тық қарым-қатынастарды нығайта түсіп, осы бір игілікті істі жалғастырып жүр - ген ғалымдардың бірлесіп жұмыс істеуі - не жағдайлар жасалынса, нұр үстіне нұр болар еді. Туыстас түркі халықтары рухани жағынан бір-біріне бұрынғыдан да жақындай түсер еді.
Біздіңше, түркі халықтарының өт - кен - дегі әдеби мұраларын игеру бірнеше бағытта жүруі тиіс. Ең алдымен, осы салада жүріп жатқан ғылыми ізденіс - терді анықтап, оларды үйлестіріп отыру, ғалымдардың күш-жігерін неғұр - лым ортақ, барлық түркі халықтары үшін маңызы бар ғылыми мәселелерді шешуге жұмылдыру қажет. Бұл жұмыс - тарды үйлестіріп отыру жұмыстарын осы мақсатта құрылған әр елдің білікті ғалымдарынан құралған ғылыми кеңес атқара алады.
Түркі ғалымдарының ғылыми ізде - ніс - терінің барысын саралап, жетіс - тіктерін бағалап, аса маңызды мәсе - леле - рін бірге талқылай, бірлесе ше - - - ше - тін ғылыми конференциялар, симпозиумдар жыл сайын бір елде өткізіліп, көкейкесті зәру тақырып - тарды талқылап отыру да - бүгінгі күн - нің қажеттілігі. Ғалымдардың түркі халықтарының әдебиетін зерттеу нә - ти - желерін жариялап, ғылыми көп - шіліктің назарына ұсынып отыратын, ортақ әдеби құндылықтарды насихаттаумен айналысатын ғылыми-көпші - лік журнал шығару да ой - ла - нар - лық мә - селе. Ол журналда жарияланатын ма - қалалар түркі халықта - рының барлық тілдерінде жазылып, түрік, ағылшын, орыс тілін - дегі түйін сөздер беріліп тұрса.
Аса маңызды мәселенің бірі, бар - лық түркі халықтарына ортақ әдебиет тарихын мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқытуды қолға алу керек. Ол үшін түркі халықтары әдебиеті бойынша мектептерге, универ - си - теттердің филология факуль - тет - теріне арналған оқулық, оқу құралдарын шығаруды мықтап қолға алған жөн. Бұл істе ал - - - ғаш - қы тәжірибелер де жоқ емес. Десек те, басталған істі ары қарай жалғастыру керек. Ол үшін орта мек - тепті бітіріп шыққан әрбір түлек түркі халықтары - ның бай әдеби мұрасынан хабардар бо - лып шығуын көздеу керек. Бұл дегеніміз, біз Манасты, Ш.Айтматовты, Ә.Науаиды, Мақтымқұлын, Ғ.То - қайды, т.б. қалай білсек, басқалар да біз - дің Абайды, Мағжанды, Мұх - тарды солай білуі керек деген сөз. Мұ - ның өзі түбі бір халықтардың мүддесі де, рухани құндылықтары да бір екен - дігін бойы - мызға, ойымызға сіңіріп, туыс - ты - ғымызды арттыра түседі.
Ал жоғарғы оқу орындарында бола - шақ филологтар үшін түркі халықта - рының ортақ әдеби тарихы міндетті түрде оқылуы тиіс. Әзірше мұны таңдау дәрістерінің қатарына, біртіндеп, кейін міндетті түрде оқылатын пәндердің тізіміне кіргізіп, кем дегенде бір жылдай оқытылатындай жасаған жөн. Түркі халықтарына ортақ әдебиет тарихынан оқулық жазуға әр елдің білікті ғалым ұстаздары қатысқаны абзал. Ал бұл пәнді жоғарғы оқу орындарында қазір оқытуға мүмкіндіктер, яғни сағат жоқ, лекция оқитын мамандар жетіс - пейді дейтін болсақ, бұл іс осы уақытқа дейін қолға алынбағанындай, ескерусіз қала береді. Бұл ретте бұрындары өткізіліп келген КСРО халықтарының, шетел әдебиетінің тарихын оқытудың мүмкіндіктерін, тәжірибелерін, тіпті сағаттарын толық осы мақсатта пайда - лануға болады. Маман жетіспеушілігін алғашқы кездерде сырттан лекция оқуға белгілі ғалымдарды тарту арқылы да шешуге болады.
Осы бір игілікті істерге мықтап кіріс - сек, алғашқы кездерде туындайтын мәселелерді шешудің мың сан жол - дары бар екенін есте ұстаған жөн. Басты мәселе түркі халықтарына ортақ рухани мұрасын бүгінгі күннің қаже - тіне жарату жолындағы осы бір игілікті істерді жүзеге асыруда ниеттің түзулі - гінде болса керек

ЕРТЕОРТА ҒАСЫРДАҒЫ БАЙЫРҒЫ ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНДЕГІ ҮЛЕСІ
Қ. Сартқожаұлы, филология
ғылымдарының докторы,
профессор
Әлем мәдениеті мен өркениетінің тарихына сұғына кірісіп ой қаузаған еуропалық О. Шпенглер (1880-1936) адамзат тарихын түрлі мәдениеттердің алмасуы деп тұжырым жасай отырып, әлем мәдениетін тарихи тұрғыдан 8 топқа бөліп қарастырған. Онда: египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, антикалық, исламдық, батыс еуропалық, Америка континентіндегі Мая мәдениеті, деп қарастырған.
Белгілі тарихшы, мәдениеттанушы А.Дж. Тойнби әлем мәдениетін 13 топқа бөліп қарастырған. Бұл ойшылдың санасына түркі этносының мәдениеті ілінбеген. Ресейлік Н.Я. Даниловский түркілер мәдениеті қақында жақ ашпайды. Олай болса, әлем мәдениетіне, өркениетіне түркі этносы үлес қоспаған ба деген сұрақ туындайды.
Мәдениет мақсаты өзін басқаға таныту, мойындату. Өзін-өзі таныту (трансляция) мәселесі өркениеттер мен мәдениет тарихында алғы шепте тұрады. Өйтсе батыс пен шығысты өзара жақындастырып, халықтар арасында мәдениеттер алмасуына мәңгілік көпір, мықты дәнекер болып, өркениеттер қорын молайтуға өлшеусіз еңбек сіңірген түркілер, әлем өркениетінен тыс қалмайтыны түсінікті.
Батыстық мәдениеттанушылар, тарихшылар көшпелілер әлемін, олардың батысқа ұқсамайтын қоғамдық ерекшелігін, шаруашылық басқару ұстанымын, мәдени-рухани құндылығын түсінбеген, әрі түсінгісі келмейді.
Бір ғана мысал алайық. Лондон қаласында басылып бүкіл әлемге таратылған Антропологиялық сөздік атты энциклопедияда. Номад дегеніміз шаруашылықтың бірде-бір саласымен айналыспайтын, тұрақты мекенжайы жоқ адамдар деп анықтама берген. Бұндай түсінік кезбелер деген мағына береді. Еуропалықтардың сол анықтамасын біздің зиялы қауым тотыдайын қағып алып біз номадтар деумен ХХІ ғасырдың табалдырығын аттап отырмыз. Өкінішті - ақ.
Адам баласы мынау пәни дүниеде жер басып жүргенде екі-ақ түрлі өнім өндіреді. Бірі рухани, екіншісі материялдық өнім.
Ежелгі және байырғы түріктер рухани салада әлем өркениетіне қосқан бір ғана үлесін көлденең тарталық.
Ежелгі дәуірде (біздің жыл санауымыздан бұрынғы заманда) түркі этносының айналасында өмір сүрген шығысында қытайлар, оңтүстігіндегі үнділер, таяу шығысындағы хамит, семит тобының араб-парсылар, батысындағы еуропалықтардың әрбір селосында, әрбір отырықты тобында бір-біріне ұқсамайтын ондаған, жүздеген құдайлар, наным-сенімдер мен діни ұстанымдар болды.
Сол дәуірде олардың көршілері түркі әлемәнде бір ғана құдай, бір ғана бөгү (тәңірлік) діні болды. Жоғардағы аталмыш көршілер түркі халықтарына таңқалды. Көшпелі түркілер бір ғана құдайлы, бір ғана діни ұстанымы бар. Оның жыл санаудан бұрын, алды 40000 жыл, арты 12000 жыл бұрын. Азиядан Америка континентіне қоныс аударған түркілердің алыс туысы үндістер (қызыл терілер) бір ғана тәңірлік дінін ұстанады. Ол аз десеңіз Күлтегін (КТ. ІV. 1), Білге қаған (БК. І.1; ІV.1) ұстындарында "teŋir teg" деген тіркес бар. Мұндағы "teŋir" сөзін бұған дейінгі зерттеушілер аспан (неба) деп аударып келді. Бұл қате аударма екенін, атау құдай деген мағына беретінін дәлелдедік (1. с 173,178; 2. с.67). Teg сөзін бұған дейін В.Радлов (1894, 1897), В.Томсен (1896), А.Н.Мелиоранский (1897), С.Е.Малов (1951), Т.Текин (1969) еңбектерінде подобно, славно, как будто деп аударып келді Тeg сөзі жеке тұрғанда әрине бір неше мағына береді.
1. teg (tek) - бір ғана немесе бір (МК. І. 334, 53; QBK. 545)
2. teg - ноль (БАМРС.Т. ІІІ.281).
3. teg - -дейін, -шейін (МК. ІІІ. 237; QBN. 420)
4. teg - жету, келу, бару, апару (Тұй. 46; Uig. I15; MK7 II.19; II. 91; QBK.221; TT.I.89; Man. I7 20)
Жоғарыда сөз еткен КТ.І,1; КТ. ІV.1; БК. І.1, БК. ІV.1 мәтіндерде ноль (0) деген мағына береді. Ноль деген сан затқа айналғанда бар, бірақта көзге көрінбейді. Немесе бос кеңістік деген ауыспалы мағына береді. Өйтсе, "Тeŋir teg" тіркес Тәңір бар, бірақта көзге көрінбейді, баламасы жоқ деген ұғымды білдіріп тұр. Бүгінгі қазақ тілінде және орта ғасыр сөздіктерінде бір ғана, тек қана деген мағынаға ауысқан. Ал, көне және бүгінгі моңғол тілінде teg сөзі ноль дейтін мағынасын сақтап қалған. Біз Күлтегін, Білге қаған мәтіндерін аударғанда "teŋir teg" тіркесін бүгінгі қазақ тілінің нормасы бойынша Тәңір бір деп аудардық. Ал, байырғы түріктердің қоршаған ортаны түйсіну, сезіну менталдық қабылдауы бойынша Тәңір бар, бірақ көзге көрінбейді, ұстап тануға мүмкін емес болғандықтан ол белгісіз тұлғаны заттандырғанда, оның мәнін руханиландырған. Тәңірдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Түркілердің ежелгі сенімдері
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолы
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Түркілердің сенім негіздері
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Түріктердің наным-сенімдері, діни ұғымдары
Түркілердің Иран мәдениетіне ықпалы
Пәндер