ТАРАУ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І-ШІ ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИПТЕРІ.
1.1. Экономикалық жүйе: ұғымы және міндеттері.
5
1.2. Экономикалық жүйе типтерінің жүктелімі.
9
1.3. Экономикалық жүйелер тиімділігінің салыстырмалы талдауы.
14
ІІ-ШІ ТАРАУ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ
АТҚАРАТЫН РОЛІ.
2.1. Мемлекет және рынок. Рынок механизмінің кемшіліктері және 16-23
экономикалық саясаттың қажеттілігі.
2.2. Рыноктық экономикалық жүйенің үлгілері (модельдері)
23-28
ҚОРЫТЫНДЫ
ГЛОССАРИЙ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕЛЕР
КІРІСПЕ.
Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда
белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық жүйе – бұл
экономикалық процестер жиынтығы. Мен бұл тақырыпты таңдағаным, қазіргі
кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика
болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі
түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы
экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін
атқарады. Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір – біріне
тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе – бұл
материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар
арасындағы байланыстың ерекше реттелген жүйесі. Қазіргі таңда рынокты тек
айырбас қатынастарымен байланыстыру – қателік. Өйткені эволюциялық даму
барысында рыноктың мәні мен қоғамдағы ролі елеулі өзгерді. Қазіргі дамыған
қоғамда рынок бүкіл экономиканың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырудың
ерекше түріне айналды. Рынок қазіргі таңда өзіндік қасиеттері мен ерекше
белгілері бар егеменді қоғамдық шаруашылық формасына айналды. Сондықтан
қазіргі экономикалық жүйе рыноктық экономика деп аталады. Батыс
оқымыстыларының қазіргі қоғамды сипаттауларында изм деген сөздердің
болмауы да осыған байланысты. Жалпы айтқанда рынокқа мынадай анықтама
беруге болады: Рынок дегеніміз шаруашылық нәтижелерімен эквивалентті
айырбас негізінде экономиканы рационалды жүргізу және шектеулі ресурстарды
тиімді пайдалану туралы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай
экономикалық жүйеде шаруашылық субъектілерінің арақатынасын рыноктық
байланыстар анықтайтындықтан, ол рыноктық экономика деп аталады. Осындай
экономикада рыноктық байланыстар шаруашылық өмірін түгелдей қамтиды: бәрі
сатылады-сатып алынады. Эквиваленттік айырбас қатынастарының көп түрленгені
соншалық, сауданы арнайы бір жерге бармай-ақ, мысалы үйде отырып-ақ жүргізе
беруге болады. Яғни, қазір сатушы мен сатып алушының тікелей кездесуі
шартты емес. Офистен, үйден интернет, телефакс, телефон және басқа байланыс
құралдары арқылы келісім-сауда жүргізіле береді. Рыноктық қатынастар мен
рыноктық шаруашылық тұтқалары мен механизмдерін адамзат ұзақ жылдар бойы
жетілдіріп келеді. Көптеген елдер рыноктық экономиканы құру барысында алға
озып кетті. Біздің ҚР-сы рыноктық экономиканы құруды жақында ғана қолға
алды. Қарқын жақсы. Бұл істе көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Дегенмен
Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 атты Жолдауында рыноктық экономиканы
құру істерін жеделдету керек, бірақ оның әрбір элементін өз ретімен ендіріп
отыру керек деп атап айтты. Рынокқа өту қиын және ұзақ уақытты алатын
процесс екендігін өмір көрсетті. Бұл істі бізден бұрын бастаған елдерде әлі
күнге дейін толыққанды рынок орнаған жоқ деп ескертеді кейбір ғалымдар.
Рынок туралы қазіргі таңдағы даусыз нәрсе – ол рынок адамзат
цивилизациясының нәтижесі. Рынок 6-7 мың жыл бұрын өмірге келіп, содан бері
үздіксіз даму үстінде келеді. Рыноктың бүкіл тарихи дамуында тек бір нәрсе
айқын білінеді – ол экспанциялауға тенденция. Яғни рынокқа территориялық
кеңею мен ықпал жасау сфераларын ұлғайту тән. Бұл тенденция тауарларды
өндіру, еңбек бөлісуінің тереңдеуі, халықтың ақуаттылығының көтерілуі мен
сауда, көлік пен байланыстың жетілдірілуінің заңды нәтижесі болып табылады.
Рыноктық құрылым алуан түрлi болады. Соған байланысты бәсекенiң де бiрнеше
түрi қалыптасады. Дегенмен, әдетте, бәсекенiң төрт типi (рыноктық үлгiлерi)
ажыратылады: еркiн бәсеке (жетiлген бәсеке), монополистiк бәсеке
(жетiлмеген бәсеке), олигополия және таза монополия. Олардың әрқайсысы
рыноктағы бәсекелестiктiң дәрежесiмен сипатталады, (яғни фирманың рынокқа,
әсiресе бағаға әсер ете алу қабiлетiмен). Мұндай әсер ете алу неғұрлым
төмен болған сайын, рынок соғұрлым бәсекелестiк деп есептеледi.Жетiлген
(еркiн) бәсеке мен таза монополия рыногы теориялық абстракция десек те
болады, өйткенi ол өте сирек кездесетiн құбылыс. Сатушының абсолюттi
еркiндiгi немесе экономикада бiр монополисттiң үстемдiгi орнауы мүмкiн емес
нәрсе. Ал, салыстырмалы түрдегi еркiн бәсеке, монополиялық бәсеке мен
олигополия тәжiрибедегi жиi кездесетiн құбылыстар.Еркiн бәсеке жетiлген
бәсеке деп аталатын себебi рынок сатушылардың көп санынан тұрады, олар
ешнәрсемен шектелмеген өзара бәсекелестiк жасайды, тұтынушыларға бiр типтес
стандартталған өнiм ұсынады. Фирма қандай көлемде өнiм өндiрсе де, ол
рыноктық бағаны өзгерте алмайды, себебi фирманың үлесi жалпы өндiрiстен
анағұрлым аз.
І-ШІ ТАРАУ. ЭОНМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИПТЕРІ
1. Экономикалық жүйе: ұғымы және міндеттері
Экономикалық жүйе экономиканың өзара біріккен, белгілі бір үлгіде
реттелген элементтердің жиынтығы болып табылады. Осының барлығы бірігіп,
қоғамның экономикалық құрылмын құрады. Экономиканың жүйелік қасиетінсіз
экономикалық институттар мен қатынастар жаңғыртылмайтын, ал экономикалық
заңдылықтар, экономикалық құбылстар мен процесстердің теориялық
түсініктемесі, мағынасы немесе арнайы бағытталған, әрі тиімді экономикалық
жүйе болмайтын еді. Экономикалық жүйенің жұмыс атқаруының дұрыс, әрі ғылыми
дәлелденген заңдылықтарды анықтау әрқашан да өте маңызды рөлге ие болды.
Экономика ғылымының дамуының қазіргі кезеңінде экономика туралы жүйелік
түрде түсінік беруге аса үлкен назар аударылып отыр. Батыс әдебиеттерінде
жүйені анализдеуді Постиндустриялды қоғамның келу атты еңбегінде Белл,
Жаңа индустриялды қоғам және Экономикалық теория және қоғамдық
мақсаттар атты еңбектеріңде Гэлбрейт, сонымен қатар Арон, Дракер, Ростоу,
Тофлер жүргізген. Олар экономикалық жүйені экономикалық зерттеулердің аса
маңызды обьектісі ретінде қарастырды. Берілген курстық жұмыстың қазіргі
таңдағы өзектілігі айқын болып келеді. Еліміз әкімшіл-әміршіл жүйеден жаңа
нарықтық экономикаға ауысуына байланысты өтпелі экономиканың мәселелерін
шешуде көптеген зерттеулер қажет. Мемлекетіміздің өзіндік экономикалық
ерекшеліктеріне сай нарықтық экономиканы бейімдеу қажет.

қоғамның экономикалық құрылмын құрады.. Шын мәнінде өз қызметін атқаратын
экономикалық жүйелер тек ғылыми экономикалық жүйелерде ғана кедеседі.
Кеңестің экономикалық әдебиеттерінде экономикалық жүйені зерттеушілердің
арасында аса танымал К. Маркс, Герасимов Н.В., Черняк В.К., Я. Корнаи
болған. Экономика ғылымының дамуының қазіргі кезеңінде экономика туралы
жүйелік түрде түсінік беруге аса үлкен назар аударылып отыр. Адамдардың
шаруашылық қызметі орта деп аталатын белгілі бір кеңістікте орын алып
отырады. Экономикалық ғылым ондай ортаны табиғи жаратылыстық және
әлеуметтік орталар деп ажыратады. Табиғи ортаға табиғи-климаттық, жердің
жағдайы мен сапасы (топырақтың құнарлылығы), табиғи ресурстардың саны мен
сапасы, тұрғын халықтың саны мен сапасы, су ресурстарының бар-жоғы, күн
сәулесінің молшылығы және тағы басқа факторлар жатады. Аталған факторлар
шаруашылық жүргізуге неғұрлым ыңғайлы болса, соғұрлым адамдардың шаруашылық
әрекеттері нәтижелі болады. Адамзаттың күш-қуаты керемет өскеніне
қарамастан адам әлі табиғаттан толық бөлініп шыққан жоқ. Адам әлі де болса
табиғаттың ажырамас және тәуелді бөлігі. Сондықтан адамзат өзі өмір сүріп
отырған табиғи ортаны күйретпей, ұқыпты пайдалануы тиісті. Әйтпесе оның
өміріне үлкен қауіп төнеді.
Әлеуметтік-экономикалық ортаның да адамдардың шаруашылық қызметіне
әсері өте үлкен. Қалыптасқан, немесе арнайы орнатылған әлеуметтік орта
прогрессивті болған жағдайда адамдардың шаруашылық қызметінің тиімділігі
артып, экономика қарқынды дамиды. Керісінше болған жағдайда тоқырау мен
күйзелістер орын алып, олар экономикалық сипаттан әлеуметтік және саяси
сипатқа өтеді. Мұндайда әлеуметтік-экономикалық ортаны жетілдіру керек,
немесе оның басқа бір түрін қалыптастыру керек. Әлеуметтік орта, әдетте,
қоғамның экономикалық ұйымдастырылуы немесе экономикалық жүйе деп
аталынады. Экономикалық жүйе дегеніміз нені білдіретін ұғым? Ол қандай
міндеттерді атқарады? Адамдардың шаруашылық қызметі жеке шаруашылықтардың
көлемінде ғана емес, бүкіл ұлттық экономика деңгейінде белгілі бір түрде
ұйымдастырылады және сол деңгейде шаруашылық жүргізудің механизмдері мен
тұтқалары орнатылады. Күрделі шаруашылық механизмін басқару мақсатында
басқарушы инфрақұрылым орнатылады (билік жүргізу мен басқарудың әртүрлі
институттары мен органдары). Кейінгілері шаруашылық жүргізудің белгілі бір
ойын ережелерін бекітіп, солардың орындалуын қадағалап, бүкіл экономиканы
басқарады. Экономикалық теорияда осылардың бәрінің жиынтығы экономикалық
жүйе деп аталынып жүр. Экономикалық жүйе ұғымы туралы әртүрлі көзқарастарды
кездестіруге болады, соған байланысты әртүрлі оның анықтамалары бар.
Экономистердің бір тобы экономикалық жүйені шаруашылық механизмдерінің
жиынтығы деп түсіндіреді де, сол жүйені зерттеу үшін технологиялық, яғни
ұйымдастыру- экономикалық қатынастар зерттелуі тиісті деп үйретеді.
Қазақстандық Жалпы экономикалық теория деген оқулықтың авторлары
экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, - деген
түсініксіз анықтама ұсынған. Сол анықтамасын түсіндіру мақсатында әрі
қарай: Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде
қоғамда жүзеге асады, - деп жазып, мүлдем түсініксіз етіп жіберген.
Ұйымдық түрлер дегенді қалай түсінуге болады? Мүліктік қатынастар меншік
құқығы сферасы. Сонда экономикалық жүйе дегеніміз заңдар мен құқықтық
нормаларды белгілейтін, олардың орындалуын қадағалап отыратын құқық қорғау
институттарының ғана жиынтығы болғаны ма? Әрине, ондай емес. Жоғарыдағы
анықтамада методологиялық дөрекі қателік айқын көрініп тұр. Америкалық
Экономикс, П.Самуэльсонның Экономика оқулықтарында және Россия
оқымыстылары жарыққа шығарған біраз оқу құралдарында экономикалық жүйе
ұғымына теориялық анықтама берілмеген. Себебі түсінікті, экономикалық
жүйеге анықтама беру, оны қоғамдық өндірістің формаларын ажырату оңай емес.
Біздің ойымызша, экономикалық жүйе дегеніміз шаруашылық субъектілерінің
қатынастары, оларды реттеп отыратын институттардың байланыстары белгілі бір
әлеуметтік- экономикалық түрде реттелген жүйе. Экономикалық жүйені өндіргіш
күштер, шаруашылық механизмдері мен институттарының белгілі бір әлеуметтік-
экономикалық жиынтығы түріндегі бүтін организм деп түсіну керек. Бүтін жүйе
ретінде оның құрылымы өте күрделі және элементтерінің өзара бағынышты
(субардинацияланған) байланыстары бар. Сонымен қатар әрбір элементі өзіндік
құрылымы бар жеке жүйе болып табылады (подсистема). Нобель сыйлығының
лауреаты Василий Леонтьев дұрыс айтқан: әрбір елдің экономикасы көптеген
қызметтерді қамтитын үлкен жүйе, және оның әрбір буыны, құрамдас бөлігі
өзара байланыста және өзара тәуелділікте болу арқылы ғана өмір сүре алады.
Қандай түрде болмасын, кез-келген экономикалық жүйенің алдында тұрған ортақ
міндеттер бар. Экономикалық жүйенің міндеттерін америкалық профессор
П.Самуэльсон өте дәл және ұтымды тұжырымдап берген болатын, сондықтан біз
оларды осы жұмыста өзгерпеген күйде ұсынуды жөн санадық. П.Самуэльсон
экономикалық жүйелердің міндеттерін былай деп тұжырымдаған: Кез келген
қоғам, ол толық ұжымдастырылған (коллективтендірілген) коммунистік мемлекет
пе, оңтүстік теңіздердегі аралдарды мекендегендердің тайпасы ма,
капиталистік индустрияландырылған нация ма, робинзондардың үй-іші ме,
немесе тек қана Робинзон Крузодан ғана тұрады ма, - тіпті ол жай ғана
аралардың үйірі ме, - бәрібір, әйтеуір ол белгілі бір жолмен үш өзара
байланысқан негізгі экономикалық мәселелерді шешуі тиісті:
1. Не нәрсе өндірілуі тиісті, яғни бірін-бірі ығыстыратын тауарлар
мен қызметтердің қайсылары және қандай көлемде өндірілуі тиісті?
2. Тауарлар қалай өндіріледі, яғни оларды кім және қандай ресурстар
мен технологиялар арқылы өндіруі тиісті?
3. Тауарлар кім үшін өндірілуі тиісті, яғни өндірілген тауарлар мен
қызметтер кімнің қолында болуы тиісті және олардан кім пайдалылық алуы
тиісті? Немесе, басқаша айтқанда, әртүрлі индивидтер мен отбасылар арасында
жалпы ұлттық өнім қалай үлестірілуі тиісті? Демек, П.Самуэльсонның
айтқандарын қысқаша тұжырымдасақ, кез-келген экономикалық жүйенің
міндеттері үш өзара байланысқан негізгі мәселені шешуі тиісті екен: Нені,
Қалай, Кім үшін өндіру керек? Осы жалпыға бірдей ортақ міндеттердің шешілу
жолдары мен тәсілдері бәрінде бірдей емес. Экономикалық жүйелердің сипатына
қарай олар әртүрлі жолдар мен тәсілдер арқылы шешіледі. Мәселені анық
түсіну үшін экономикалық жүйелердің типтерін қарастыру керек.
1.2. Экономикалық жүйе типтерінің жіктелімі.
Негізінде түрлі критерийлер жататын экономикалық жүйелердің үш
жүктелімі бар. 1-жіктелімі- ашықтық дәрежесі бойынша. Ол бойынша былай
болып көрсетеді: а) жабық экономикалық жүйе б) ашық экономикалық жүйе.
Жабық экономикалық жүйе- бұл барлық іскерлік операциялар мен
мәмілелер бір ел ішінде жүретін жүйе және онымен есеп айырысу осы елдік
ұлттық валютамен жүргізіледі.
Ашық экономикалық жүйе - бұл ел ішіндегі іскерлік операциялармен қатар
халықаралық байланыстар енетін жүйе. Ал онымен есеп айырысу шетелдік
валюталарды пайдалануды талап етеді. 2-жіктелуі.Оның негізінде меншік
қатынастары мен экономикалық байланыстар нысандары сияқты критерийлер
бойынша 4 экономикалық жүйе бөліп көрсетіледі: а) дәстүрлі; ә) басқарушылық-
әкімшілік; б) рыноктық; в) аралас ;
Дәстүрлі жүйеге қатынастар ғасырлар бойынша қалыптасқан мен дәстүрлер
мен әдет-ғұрыптар негізінде құрылатын жүйелер жатады. Экономикасы нашар
дамыған елдерде артта қалған технологияға қол еңбегінің кең таралуына
негізделген және көп салалы экономиканың айқын көрінісі болып табылатын
дәстүрлі экономикалық жүйе орын алады. Экономиканың көп салалылығы осы
экономикалық жүйеде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандарының болатының
білдіреді. Бірқатар елдерде шаруашылық жүргізудің табиғи қауымдық нысаны
сақталып қалады,ол шаруашылық жүргізудегі қауымдық ұжымға және жасалған
өнімді бөлудің табиғи нысандарда негізделген. Ұсақ тауар өндірісінің
айтарлықтай маңызы бар. Ол өндірістік ресурстарға жеке меншікке және
иесінің жеке еңбегіне негізделген. Шаруашылық жүргізудің дәстүрлі жүйесі
орын алған елдерде ұсақ тауар өндірісін экономикадағы басымдылыққа ие
көптеген қолөнер және шаруа қожалықтары іске асырады. Ұлттық кәсіпкерліктің
салыстырмалы нашар дамуы жағдайында қаралып отырған елдер экономикасында
шетел капиталы үлкен рөлге ие болады. Ғасырлар бойы дәріптелген дәстүрлер
мен әдет-ғұрыптар , діни және мәдени құндылықтар, касталық және топтық
бөлінестер әлеуметтік- экономикалық прогересті тежеп, қоғам өмірінде
артықшылық алады. Басты экономикалық міндеттерді шешудің түрлі салалар
шеңберінде айырықша ерекшеліктері болады. Дәстүрлі жүйеге мемлекеттің
белсенді рөлі сияқты ерекшелік тән. Бюджет арқылы ұлттық табыстың қомақты
бөлігін қайта бөле отырып, мемлекет қаражатты инфрақұрылымды дамытуға және
халықтың кедей тобына әлеуметтік көмек беруге бағыттайды.
Әкімшіл-әміршіл жүйе - бұл жүйе бұрын КСРО-да, Шығыс Еуропа
елдерінде және бірқатар Азия мемлекеттерінде үстемдік етті. Соңғы жылдары
көптеген отандық және шетелдік экономистер өз еңбектерінде осыған жалпы
сипаттама беруге тырысты. Әкімшіл-әміршіл жүйеге тән белгілер: іс жүзінде
барлық экономикалық ресурстарға қоғамдық меншік, ерекше нысандарда
экономиканы монополиялау және бюрократияландыру, шаруашылық тетігінің
негізі ретінде орталықтандырылған экономикалық жоспарлау. Әкімшіл-әміршіл
жүйенің шаруашылық тетігінің бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол
барлық кәсіпорындарды бір орталықтан- мемлекеттік биліктің жоғарғы
сатысынан тікелей басқаруды ұйғарады, бұл шаруашылық субъектілерінің
өзіндік іс-әрекетін жоққа шығарады. Екіншіден, мемлекет өндіріс пен өнімнің
бөлінуін толығымен бақылауға алады, нәтижесінде жекелеген кәсіпорындар
арасындағы еркін нарықтық қатынастар жоғалады. Үшіншіден, мемлекеттік
аппарат шаруашылық қызметті айырықша әкімшіл-бұйрықты әдістер көмегімен
басқарады, бұл еңбек нәтижесіндегі материалдық мүддегі зиян келтіреді.
Атқарушы билікті шектен тыс орталықтандыру кезінде шаруашылық тетігін және
экономикалық қатынастарды бюрократиялауды күшейтті. Бюрократиялық
орталықтандыру өз табиғатында шаруашылық қызмет тиімділігінің өсімін
қамтамасыз етуге қабілетсіз. Бұл жерде ең алдымен , шаруашылықты
толығымен мемлекеттендіру оның көлемі бойынша көрінбейтін өндірісті және
өнімді өткізуді монополиялауды туғызады. Министрліктер және
ведомстволармен бекітілген алпауыт монополиялар бәсеке жоқ болған соң,
техника мен технология жаңалықтарын енгізуді қолға алмайды. Әкімшіл-әміршіл
жүйе орныққан елдерде жалпы экономикалық міндеттерді шешу өзіндік айырықша
ерекшеліктерге ие болады.
Аралас экономика. Аралас экономика дегеніміз не? Американдық
экономист Пол Самуэльсон ''Аралас экономика - нақты айтқанда экономикалық
өмірдің ең жаман ауыртпалықтарынан жалпы сақтандырудың алып жүйесі болып
табылады'' және одан әрі :'' аралас эконмика-бұл нарық, әмір және дәстүр
секілді элементтері бар экономика'' деп жазады. Аралас нарықтық экономика
теориясының прототипті болып конгрееция теориясы (авторы - Гарвард
университетінің профессор-экономиксі Джон Кеннет Гэлбрейт) теориясы
табылады. Дж. Гэлбрейт ''жаңа индустриялы қоғамды '' нарықтық механиз, -
деп жазады. П. Самуэльсон,- деп көптеген салалардағы бағалар мен
өндірісті анықтайды, ал мемлекет нарықты салық салу, шығыстар , реттеу
жолымен жүйеге келтіреді''. Аралас әлеуметтік нарықтық экономика
теориясының негізін салушы Батыс герман экономиксі, Фрайбург
университетінің прфессоры Вальтер Ойкен (1891-1952) болып табылады. Бұл
тұжырымдаманың негізі құрамдас бөліктерінің бірі – нарықтық эконмиканың
жетістіктері негізінде барынша толық әлеуметтік қорғау жүйесін құру.
Аталмыш концепциясының ұраны: ''адамды экономикалық концепцияға емес,
экономикалық саясатты адамға бейімдеу''. Аралас әлеуметтік бағдарлы
нарықтық экономиканың мысалы швед моделі болып табылады. Мұнда мемлекет
қолында негізгі қордың небары 4℅ болады, ал барлық мемлекеттік шығыстың
жартысы әлеуметтік мақсаттарға бағытталады. Қазақстан Республикасының
қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты жалпы экономикалық және
әлеуметтік қатынастар жүйесінде әрқайсысы өз қызметін атқаратын меншіктің
негізгі нысандарының үйлесімділігі мен әрекеттестігімен бәсекелік
бастамаларға негізделген аралас әлеуметтік бағдарлы нарықтық экономиканы
қалыптастыру болып табылады.
Нарықтық экономикалық жүйе-басқалармен салыстырмалы түрде барынша
икемді болып шықты:құрылуға , өзгеріп отыратын ішкі және сыртқы жағдайларға
бейімделуге қабілетті. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми- техникалық
революция құлашын кеңге жайып , өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
айырықша жылдам дамыған кезде мемлекет ұлттық экономиканың дамуына
бұрынғыдан да белсенді ықпал ете бастады. Осыған байланаысты шаруашылық
тетігі, шаруашылық қызметті ұйымдастыру нысандары және шаруашылық
жүргізуші субъектілер арасындағы экономикалық қатынастар өзгереді.
Дамыған нарықтық экономикада шаруашылық тетігі елеулі өзгерестерге
ұшырайды. Шаруашылық жүргізудің жоспарлы әдістері одан арғы дамуын
маркетингтік басқару жүйесі түріндегі жекелеген фирмалар шеңберінде
жалғастырады.Оның үстіне макродеңгейдегі жоспарлы әдістердің дамуы
экономиканы мемлекеттік реттеуімен байланысты. Нарықтық экономикадағы
дамыған елдерде қазіргі таңда әлеуметтік қамсыздандыруға, көптеген
''кедейлікпен күрес'' бағдарламаларын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен
бөлінетін барлық қаржының 40-50℅-ы бағытталады. 3-жіктелім өнеркәсіптік
төңкеріс және қазіргі ҒТР сияқты сипаттарға негізделген. Бұл жіктеу бойынша
3 экономикалық жүйе ажыратылып жүр; а) индустриялық; ә) индустрияға
дейінгі; б) индустриядан кейінгі;
Индустриялық экономикалық жүйе- ірі машиналық өндіріске
негізделген, дамыған ақша – тауар қатынастары бар жүйе.
Индустрияға дейінгі жүйе - ауыл шаруашылығы шаруашылық
жүргіудің табиғи нысаны және қол еңбегінің басымдылығымен сипатталатын
жүйе.
Индустриядан кейінгі (постиндустриалды) экономикалық жүйеде басты
ресурс-ақпарат, экономиканың жетекші саласы – өндірістік емес сала, ал
экономикалық дамудың мақсаты- адам және оның өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге
асыруына жағдай жасау болып табылады. Кез келген экономикалық жүйе
экономиканың негізгі үш мәселесін шешеді: Не, қалай және не үшін?
Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері пайдалынатын
ресурстардың сиректігімен шектеледі. Ресурстар шектеуші болғандықтан,
қоғам таңдау жасау керек. Кез келген қабылданатын шешім әр қашан да
таңдаудың балама екеңдігімен байланысты. Балама таңдау дегеніміз- шешімдер
мен қызметтерді белгілі бір, мысалы, балама құны бойынша таңдау, яғни тауар
немесе қызметті таңдау әрекеті осы тауар немесе қызметті алу үшін құрбан
ету керек болатын басқа тауарлар мен қызметтердің санымен анықталады.

Әрбір экономикалық жүйеде экономиканың басты үш мәселесі шаруашылық
жүргізу процесінде түрліше шешіледі. Шаруашылық жүргізу шығындар мен
нәтижелер мөлшерінің сәйкес болуын көздейді. Экономикалық өмірдегі шығындар
мен нәтижелер әр түрлі. Тиімділіктің мынадай түрлері ажыратылып жүр: а)
ресурстық тиімділік, бұнда нәтиже өндіріс факторларының бірімен: еңбек,
капитал, материалдармен (еңбектің өнімділігі, қор қайтымы, материал
қайтымы) қатынасады. ә) жалпы тиімділік, бұнда нәтиже жалпы ағымдағы
шығындармен қатынасады. Сонымен қатар, экономикалық жүйені жұмыс істеудің
шығыны да ажыратылып жүр. Кез келген экономикалық процесс мәмілелер сериясы
болып табылады, олардың жүзеге асырылуы трансакциялық шығынмен
байланысты.Трансакциялық шығындар-айырбас саласындағы, спецификациямен және
меншік құқығының қорғалуымен байланысты шығындар. Экономикалық жүйе
неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, трансакциялық шығындар көлемі соғұрлым кіші
болады.
Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық ықпал етуі институттар
көмегімен жүзеге асырылады.
Институттар-экономикалық жүйелер аясындағы адамдар арасындағы өзара
әрекеттесуді реттеп отыратын формаланған ережелер мен формаланбаған
нормалар. Институттарды таңдаудағы басты мақсат – трансакциялық шығындарды
минимумға жеткізу болып табылады.
Институттар жасалуында мемлекеттің ролі зор. Нарықтық экономикадағы
мемлекеттің басты міндеті – бизнес жүргізу және бәсекелестік үшін жағымды
шаруашылық жағдайлар тудыру.
Экономикалық жүйенің қызмеет етуіндегі мемлекеттің қатысуы мына негізгі
міндеттерді орындауымен байланысты.
1. экономиканы қажетті ақша мөлшерімен қамтамасыз ету;
2. сыртқы жағымсыз әсерлерді реттеу;
3. қоғамдық (ұжымдық) иггіліктерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Бұл үш функция- мемлекеттің еркін нарық жағдайларына істей алатынының ең
үлкен мөлшері максимумы және реалды нарықтық экономикада істеп жүргенің ең
кіші мөлшері.
ІІ-ШІ ТАРАУ. РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
2.1 Мемлекет және рынок. Рынок механизмінің кемшіліктері және экономикалық
саясаттың қажеттілігі
Рыноктық экономиканың шектеулі ресурстары тиімді пайдаланып,
экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ететінін тарих көрсетіп
отыр. Рыноктің өзін - өзі реттеуші механизмін А.Смит көрінбейтін қол деп
атағаны белгілі. Оның негізгі элементтері сұраныс пен ұсыныстың өзара
әрекеттесуі арқылы бағаның еркін қалыптасуы және бәсекелестік қатынастар.
Рынок тек экономикалық еркіндік, яғни экономикалық субъектілердің
шешім таңдау дербестігі болғанда ғана тиімді қызмет атқара алады. Ал
экономикалық еркіндік саяси еркіндіктің, демократияның негізін қалайды.
Рынок механизмі шаруашылық процесстердің ақшаның қатысуымен жүруіне
негізделген. Экономикалық қатынастардың ақшалай өлшемі баға түрінде
көрініс табады. Баға деңгейі еркін қалыптасқанда ғана, ол қоғамдағы
экономикалық ахуал туралы дәл ақпарат бере алады.
Дамыған рыноктік экономикада ақша үнемі айналыста болып, қосымша
табыс әкелуі керек, яғни ол капиталға айналады. Өндіріске капитал салып
пайда табу қатынастары бәсекелестік сипатта болады. Бәсеке өз кезегінде
монополияларды тудырып, бұл процесстерді мемлекеттің реттеуін қажет
етеді.
Қазақстан экономикасының нарыққа көшуі экономикалық және әлеуметтік
салаларда дағдарысқа ұшырау жағдайында жүргізілуде, мұның өзі көптеген
сыртқы және ішкі себептерге байланысты болып отыр.
Біріншіден, Қазақстанда бұрынғы КСРО-ға кірген республикалармен және
оның аймақтарымен шаруашылық байланыстардың бұзылуына өндірістің құлдырауы;
Екіншіден, өнімдерді сату тығырыққа тірелді, мемлекетте де, мекемелерде
де, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz