КӘСІПОРЫН ТАУАР ӨНДІРУШІ РЕТІНДЕ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
  • жоғары білім;
  • нарықтың тиімділігі;
  • технология;
  • бизнес.

Жалпы елдер, дүние жүзінің экономикалық дамуына қарай бірінші, екінші, үшінші елдер деп бөлінеді. Бірінші елдердің санына келетін болсақ, ең алдыңғы қатарлы сегіз ел бар. Бұл АҚШ, Германия, Жапония елдері бар тізім. Бұл елдердің экономикасы өте жоғары дамыған және жалпы ұлттық өнім жан басына шаққанда ең көп дәрежеде. Екіншінің қатарындағылар орта дәрежедегі елдер. Ал үшінші қатардағы елдерге - ең артта қалған, әсіресе, отаршылдық езгіде болған Африка, Оңтүстік Азия, Шығыс Азия елдерін айтуға болады.

Дамыған мемлекеттерге қойылатын басты белгі - бәсекелестікке қабілетті болу. Ал бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші, әрине, еңбек өнімділігі деп аталады. Алайда, біз осы жерде мына бір мәселені кейде ұмытып кете береміз, жалпы талап бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім, ал біз жалпы ішкі өнімнің есебін айтып отырмыз. Жалпы ішкі өнімге осы аумақта, біздің елімізде өндірілген өнімнің барлығы кіреді. Ал еліміздегі өнімнің барлығын біз өндіріп жатқан жоқпыз ғой, көбін шет ел компаниялары өндіріп отыр. Сондықтан бізге ұлттық кәсіпорындардың ұлттық кәсіпкерлердің, ұлттық ұжымдардың елімізде немесе басқа елдерде өндірген өнім қажет.

Мемлекеттің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын рөлі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.

Өндірістік кәсіпорындар өндірістік-техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік бірлігімен сипатталады.

Экономикалық бірлік кәсіпорын алдында қойылған негізгі мақсатқа жету барысында барлық құрылымдық бөліктерінің бір нәтижеге атап айтқанда, сатылған өнім көлемінің сапасының, бәсекелестік қабілетінің өсуіне, жоғары табыстылық деңгейіне т. с. с. жетуін көздейді.

Ал енді менің жазған жұмысыма келетін болсақ. Менің жұмысым үш тараудан тұрады. I тарау «Кәсіпорын - оның мәні, негізгі белгісі» деп аталып, кәсіпорынның шығу тарихы және кәсіпорынның түрлері, кәсіпорын өндірісіндегі базистік түсініктер, нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның кадрлық саясатының ерекшеліктері деген бөлімдерден тұрады. 2 тарау «Кәсіпорын - тауар өндіруші ретінде» деп аталып, мұнай компаниясы, көмір өндіретін кәсіпорын және кәсіпорынды басқару деген бөлімдерден тұрады. 3 тарау «Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық түрлері» деп аталып, кәсіпорынның әлеуметтік аясы, кәсіпорын ашуға керекті құжаттар, статистикалық мәліметтер деген бөлімдерден тұрады.

I-ТАРАУ. КӘСІПОРЫН - ОНЫҢ МӘНІ, НЕГІЗГІ БЕЛГІСІ.

  1. Кәсіпорынның түрлері.

Кооператив - бұл пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық. Алайда, біздіге кооперативтер ең алдымен өндірістік қызмет көрсету және сауда-делдалдық салада дамып отыр. Көпшілік жағдайда кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау ағымы байқалады. Мұндай жағдай өндірістің тиімділігін арттыруға тиісінше ықпал жасамайды, инновацияляқ процесті тежейді, құрылымдық қайта құру жұмыстарын қиындатады.

Бюджеттік кәсіпорындар . Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді. Олар мемлекеттік-әкімшілік жүйе шеңберінде тікелей немесе құрылымдық тұрғыда министірліктерге, ведомстволарға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бұлардың кірісі мен шығысы мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, пайдадан салық төлеуге детиісті емес. Олар сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды. Кәсіпорындар басшыларын мемлекеттік басшы органдар тағайындайды, мұндағы жұмыс істейтіндерді мемлекеттік қызметкерлер деп атайды.

Мемлекеттік корпорациялар - кәсіптік немесе ортақ мүдделер принципінде біріккен қоғам, адамдар тобы; капиталистер кеңінен қолданатын акционерлік қоғам нысаны, қазіргі жағдайда мұндай корпорациялар монополиялық бірлестіктердің негізгі түрі.

Ассоциациялар - шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.

Ассоциацияға кіретін кәсіпорындар шаруашылық дербестігін, заңды тұлға құқығын сақтайды, меншік нысанын өзгертпейді, өз қызметін кәсіпорындар (бірлестіктер) туралы заңының ережелеріне сәкес жүргізеді. Ассоциация құрамына мемлекеттік, жалгерлік, бірлескен, акционерлік қоғам, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындарыөз құрылтайшыларымен келіспей-ақ кіре берулеріне құқылы. Ассоциациялар өндірістік шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметін ел аумағында, тіпті шет елдерде де халық шаруашылығының кез келген салаларында жүзеге асыруларына болады. Түрлі өндірістік, шаруашылық, басқару жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыру мақсатында бұл міндеттер ассоциацияға қатысушының біреуіне немесе бірнешеуіне жүктеледі. Ассоциацияға қатысушылар бірлескен қызметтен түскен пайдадан (кірістен) өз үлестерін алуға құқылы.

Ассоциациялардың негізгі түрлері мыналар:

  • концерн;
  • салааралық;
  • мемлекеттік бірлестік;
  • шаруашылық ассоциациясы;
  • консорциум.

1. Концерн - қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік-лицензиялық келісімдер, қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі. Біріккен кәсіпорындарда акционерлік қоғам немесе басқадай сауда серіктестіктері түрінде заңды ұйымдар құқығы сақталады.

2. Консорциум - капиталистік монополиялар нысандарының бірі, қарыздарды бірлестіре орналастыру, үлкен көлемде қаржы немесе күрделі коммерциялық операциялар жүргізу, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіруді мейлінше ұлғайту мақсатында бірнеше банк немесе өнеркәсіп субъектілері арасында жасалып, қабылданатын уақытша келісім.

Холдинг - басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания.

Картель - біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоциация. Картельге мүше болу ерікті.

Мына белгілер бойынша жіктеледі:

  • сату шарттарын қадағалау жөніндегі ассоциация;
  • баға белгілеу жөніндегі ассоциация;
  • өз мүшелері арасында өндірістік қызметті, өнімдерді сату аумағы мен тұтынушылар бойынша бөлу мақсатында құрылған ассоциация;
  • бизнестің белгілі бір саласында нақты үлесті айқындауды көздейтін ассоциация.

Синдикат ―өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық пайда алу мақсатымен монополиялық бірігу нысаны. Синдикатқа қатысушылар коммерциялық дербестігін сақтамаса да, өндірістік дербестігін жоғалтпайды.

Трест - кәсіпкерлік бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік, коммерциялық және заңдық дербестігін жойып, біріңғай басқару жүйесіне бағынумен ерекшеленеді.

Кәсіпорындар қызметтерінің негізгі мақсаттарына қарай:

  • коммерциялық;
  • коммерциялық емес болып бөлінеді (1. 2-схема)

-схема. Коммерциялық кәсіпорынның жіктелу

Коммерциялық емес кәсіпорындардың коммерциялық кәсіпорыннан айырмашылығы - пайдалары негізгі емес нысандардан алынады және ол пайдалар коммерцияға қатысушылар арасында бөлінеді.

Мысалы, мұндай кәсіпорындарға:

  • әр түрлі кооперативтері;
  • қоғамдық немесе діни ұйымдар жатады.

1. 3-схема. Кәсіпорынды анықтайтын негізгі белгілер

Көрсеткіштер
Нарықты экономика жағдайында
Жоспарлы экономика жағдайында
Көрсеткіштер: Өндірістік факторларды пайдалану
Нарықты экономика жағдайында: Автономиялық
Жоспарлы экономика жағдайында: Орталық органға бағыныштылығы
Көрсеткіштер: Үнемділік
Нарықты экономика жағдайында: Нақты нәтижелер бойынша пайдалылық
Жоспарлы экономика жағдайында: Кез келген бағада жоспардың орындалуы
Көрсеткіштер: Жеке меншік
Нарықты экономика жағдайында: Қоғамдық меншік
Көрсеткіштер: Қаржылық тепе-теңдігі
Нарықты экономика жағдайында: Нарықтық баға
Жоспарлы экономика жағдайында: Мемлекеттік баға
Көрсеткіштер: Жұмыс күшінің артылуы
Нарықты экономика жағдайында: Жұмыс күшінің жетіспеушілігі

Кәсіпорын мына түрде жіктеледі (1. 4-схема)

  • меншікке байланысты;
  • қарай;
  • шаруашылық қызметінің сипаты мен түрі бойынша;
  • құқықтық ережелер бойынша.

1. 4-схема. Кәсіпорынның жіктелуі

1. 2 Кәсіпорынның өндірісіндегі базистік түсініктер.

Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) - бұл кәсіпорынның тұтынушылар тапсырмасын және өзінің мұқтажын қамтамасыз етудегі өндірілетін өнімі.

Мысалы: өнім (жұмыс, қызмет көрсету) . Тұтынушылар талабын орындауда, тұрмысқа қажетті өнім өндіру немесе қызмет көрсету жұмыстарын айтуға болады.

Өнім номенклатурасы - топтар тізімі, топша және табиғи айтылуындағы өнім ұстанымы. Мысалы: автокөлікті жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу немесе өнімнің бірнеше түрін өндіру және халыққа қызмет көрсету.

Өнім ассортименті - өнімнің түрі бойынша құрамы, үлгісі, сорты, мөлшері, маркасы, артикулы және т. б.

Тауарлы өнім (ТӨ) - бұл өнім, сыртқа сату үшін өндірілген өнім.

Ішкі өндіріс айналымы (ІӨА) - бұл өнім, кәсіпорынның ішкі қажеттілігіне арналған өнім. Мысалы, егер кәсіпорын екі бірдей бұйымды өндіріп, оның біреуін сыртқа сатуға арнап, ал екіншісін - кәсіпорынның ішкі қажетіне арнаса, онда бірінші жағдайда бұйымды тауарлы өнімге, ал екінші жағдайда ішкі өндіріс айналымы құрамына жатқызады.

Кәсіпорында шығарылатын өнімнің дайындығын анықтау мүмкіндігінде қолданатын мезгілдер:

Аяқталмаған өндіріс (АӨ) - өнім барлық стадиядан өтпеген (фазадан, қайта жасаудан) өңделмеген, технологиялық үрдісі орындалмаған, сол сияқты бұйым жабдықталмаған, техникалық қабылданбаған және қабылдау сынағынан өтпеген бұйымдар мен өнімдер жатады.

Дайын өнім (ДӨ) - дайындалып біткен және сапа жағынан талапқа сай келген өнімді дайын өнімге жатқызамыз. Белгіленген түрде кәсіпорынның бухгалтериялық құжатын өзінің уақытысында және тиісті есепті мезгілде толтырылған өнімнің дайындығын анықтайтын құжаттар: дайын өнім жөніндегі актісі, тауар көлік тіркеме қағазы, ішкі тасымалдау тіркеме қағазы т. б.

Жалпы өнім (ЖӨ) - өнімнің дайындық дәрежесіне байланыссыз жалпы өндіріс көлемі.

Дайын өнім бухгалтерлік есепте сатылған (СӨ) бұл өнім тұтынушының қарамағына толық иелікке құқығы белгіленгеннен кейінгі үрдісті білдіреді. Ал сатылмай қалған дайын өнімді- бухгалтерлік есепте-сатылмай қалған қалдық өнім болып саналады.

Баға (Б) - өнім бірлік санының белгіленген бірліктегі валютадағы өнімнің ақшалай құнының көрсетілуі. Мысалы: Баға. Сыртқа сатуға арналып жасалынған жихаз бағасы 17000 теңге. Кәсіпорынның мұқтажына керекті дәл осындай жихаз бағасы едәуір арзан, өнімнің мекемесі үшін жасалынған жихаздан пайда түспейді.

Ағымдағы баға (Аб) - бұл шын мәніндегі баға. Мысалы: қазіргі жағдайдағы баға.

1 кг қанттың бөлшектеп сату бағасы 75 теңге. Бұл бөлшектеп сатудағы 1 кг қанттың бағасы.

Салыстырмалы баға (Сб) - бұл баға белгілі бір мезгілде есептелінген, тауарлы өнімнің бағасымен салыстыру.

Мысалы: салыстырмалы баға. Тауарлы өнімді алуға болады. Салыстырмалы мезгіл 01. 01. 06, осы мезгілде 1 кг өнімнің бөлшек бағасы 20 теңге болса, бүгін осы өнімнің 5 кг өнім салыстырылатын бағасы 01. 01. 06 бөлшек бағасы қанша болмақ?

Шешімі: 20*5=100 теңге.

Ағымдағы өндірілген өнім көлемі (ӨК) - бұл туынды санының ішіндегі өнім сомасының (Сі) оған сәйкес шын мәніндегі бағаға сәйкестігі (Шбі) :

Аб=Σ Сі *Шбі - шын мәнісіндегі бағада.

Салыстырмалы бағада өндірілген өнім көлемі (Өс) - бұл туынды санының ішіндегі өнім сомасының (Сі) оған сәйкес салыстырмалы бағаға сәйкес (Бсі) :

Өс =Σ Кі * БСі - салыстырмалы бағада.

Мысалы: Өндірілген өнім көлемінің қазіргі уақыттағы және салыстырмалы бағаға. №1 кестеде келтірілген бастапқы негізде (1, 2, 3 және 4 бағаналардағы) кәсіпорында шығарылған өнімнің қазіргі және салыстырмалы бағаларының көлемін есептеу (5 және 6 бағаналар) .

Қаралатын мысалда

Аб = Σ Сі * Шбі = 17000 теңге, ал

Өс = Σ Кі * БСі = 1390 теңге, мұнда

і - тапсырма саны (мысалда 3 тапсырма, яғни, і-гі қабылданған мәні 1-ден 3-ке дейін ) ;

К1 - бірінші тапсырма бойынша бұйым саны (6 дана) ;

К2 - екінші тапсырма бойынша бұйым саны (3 дана) ;

К3 - үшінші тапсырма бойынша бұйым саны (2 дана) ;

Шб1 - бірінші тапсырма бойынша ағымдағы баға (1000 теңге) ;

Шб2 - екінші тапсырма бойынша ағымдағы баға (3000 теңге) ;

Шб3 - үшінші тапсырма бойынша ағымдағы баға (1000 теңге) ;

Бс1 - бірінші тапсырма бойынша салыстырмалы баға (120 теңге) ;

Бс2 - екінші тапсырма бойынша салыстырмалы баға (150 теңге) ;

Бс3 - үшінші тапсырма бойынша салыстырмалы баға (110 теңге) ;

Есепті шығаруға арналған негізгі мәліметтер

1 - кесте

Тапсырма №
Негізгі мәліметтер
Есептің көрсеткіштері
і - гі өнім саны (Кі), теңге
Ағымда і - гі өнім саны (Шбі), теңге
Салыстырмалы і - гі өнім саны (Шбі), теңге
Ағымдағы өндірілген өнім көлемінің бағасы (Аб), теңге (2 бағана*3 бағана)
Салыстырмалы бағадағы өндірілген өнім көлемі (Өс), теңге (2 бағана*4 бағана)
Тапсырма №: 1
Негізгі мәліметтер: 6
Есептің көрсеткіштері: 1000
120
6000
720
Тапсырма №: 2
Негізгі мәліметтер: 3
Есептің көрсеткіштері: 3000
150
9000
450
Тапсырма №: 3
Негізгі мәліметтер: 2
Есептің көрсеткіштері: 1000
110
2000
220
Тапсырма №: Жиынтығы
Негізгі мәліметтер: 17000
Есептің көрсеткіштері: 1390

Өнімнің өзіндік құны (Өқ) - бұл өндіріс үрдісінде пайдаланатын табиғи өнім ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия қуаты, негізгі қорлар, еңбек ресурстар, сонымен бірге өнімді өндіруге және сатуға жұмсаған тағы басқадай шығындардың құнымен бағалануы. Былайша айтқанда, өнімнің өзіндік құны - бұл кәсіпорында өнімді өндіруге және сатуға жұмсалған ағымдағы шығындарды ақшадай түрде айтылуын айтамыз.

Өнімнің і - гі өзіндік құнын (Өі) арқылы белгілеп, ал өнімнің і - гі санын (Сі) сомаларының көбейтіндісі арқылы анықтауға болады, яғни:

ӨӨ = Σ Өі * Сі

Жоғарыда келтірілген №1 кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, ағымдағы (ӨӨа), сонымен бірге және салыстырмалы (ӨӨс) бағадағы және жағдайдағы өнімнің өзіндік құнын есептеп шығаруға болады.

Өнімнің өзіндік құнына көптеген факторлардың әсері мол. Кәсіпорында пай даның өсуіне септігін тигізетін жағдай, өнімнің көлемін өсіре отырып, шығын көлемін барынша сол деңгейде ұстап тұру (оны біз шартты - тұрақты деп атаймыз) . Бұл құбылыс әдебиеттерде «өндіріс тиімділігінің рычагі» деп аталып, ондағы өзіндік құнға барлық гамма әсерлерін қорытындылай келе бір фактордың әсеріне тіреуге болмайды, әлбетте қабылданған атауларды толығымен қамти алмайды.

Осы жағдайға қарамастан, қаралып отырған сұрақта кейбір қызықты тәуелділік туындайды, әсіресе кәсіпкерлік - жоспарда кен қолдану тауып, атап айтқанда - зиянсыз нүктені іздестіру. Мұнда өндірілген өнімнің саны, оны өндіруге кеткен шығыны сатудан түскен табысқа тең болуы. Табыстың шығынға теңдік мүмкіндігін формуланы пайдалануға болады:

Өш + ШТШ = Ст

мұндағы, Өш - барлық өнімнің өзгермелі шығыны, теңге;

ШТШ - барлық өнімнің шартты - тұрақты шығыны, теңге;

Ст - өнімді сатудан түскен табыс, теңге;

Осы өрнектелгенді басқаша жазамыз:

ӨШБ * ӨК + ШТШ = ББ * ӨС

мұнда, ӨШБ - бірлікке кеткен өзгермелі шығын, теңге;

ББ - өнім бірлігінің бағасы, теңге;

Өс - шығарылған өнімнің саны;

Осы формуланы «зиянсыз нүктені» есептеуге мүмкіндік беретін түріне өзгертеміз:

ББ * ӨС - ӨШБ * ӨС = ШТШ, немесе

ӨС * ( ББ- ӨШБ ) = ШТШ, осыдан

ӨС = ШТШ : ( ББ- ӨШБ )

Жалпы қабылданған зиянсыз нүктені есептеуде төмендегі формуланы пайдалану ұсынылады:

ӨС = ( ӨШ - ШТШ ) : ББ

Мысалы: зиянсыз нүктені есептеу.

Смета бойынша белгілі өнім түрін өндірудегі өзгермелі шығыны 300 мың теңге, ал тұрақты - 200 мың теңге құрды. Егер өнімнің баға бірлігі 125 теңге болса, зиянсыз нүктені есептеу керек.

Шешімі: ӨС = ( ӨШ + ШТШ ) : ББ

ӨС = (3 + 2) : 125 = 4000 дана

Баға мен өзгермелі шығын айырмасын - маржа немесе жалпы пайда немесе маржиналды пайда (МП) деп атаймыз:

МП = ББ - ӨШБ

Демек, ӨШБ + МП = ББ

Егер осы өрнектелген формуланы жеке өнім бірлігінің бағасына (ББ) бөлшектесек, онда :

( ӨШБ : ББ ) + ( МП : ББ ) = 1

КӨШ + КМП = 1,

мұнда, КӨШ - өзгермелі шығын коэффициенті,

КМП - маржиналды пайданың коэффициенті.

Соңғы ара қатынастықтан көруге болады, пайдалылық жағдайы өзгеруіне қарай өзгермелі шығын мен маржиналды пайданың ара қатынастарының коэффициенттерінің соммасы өзгермей және тең қалпында 1. 0 тең болып қалады.

Мысалы : өзгермелі шығын мен маржиналды пайданың коэффициенттері есептеу тәсілдер төмендегідей :

Өнім бірлігінің бағасы - 125 теңге.

Өзгермелі шығынның бірлігі - 75 теңге.

Осы мәліметті қолданып (КӨШ) және (КМП) есептеу керек.

Шешімі : КӨШ = 75 : 125 = 0, 6 ;

КМП = ( 125 - 75 ) : 125 = 50 : 125 = 0, 4 ;

Тексеру : 0, 6 + 0, 4 = 1, 0

«Өндірістің тиімділік рычагі» түсінігіне өтудің алдында, сатудан түскен (С) табысты үш қосынды сомасы түрінде ұсынылады - өзгермелі шығын (ӨШ), тұрақты шығыс (ТШ) және пайда (П) :

ӨШ + ТШ + П = СТ ;

онда, ӨТР = ( СТ - ӨШ ) : П ; мұнда, ӨТР - өндіріс тиімділігінің рычагінің бірлік үлесі.

Бұл жағдайда, ӨТР ұйғаруға негізделген немесе өнімді сату көлемінің көбеюінен айнымалы шығынның өсуі пайда болып, ал тұрақты шығынның үлесі өзгермейтінін байқаймыз.

Ағымдағы бағада және жағдайдағы тауарлы өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған шығын (ТӨШа) - бұл тауарлы өнімнің өзіндік құнының тиынмен айтылуындағы қазіргі кездегі бағада және жағдайдағы (ТӨӨа), тауарлы өндірілген өнімнің көлеміне, сол сияқты ағымдағы бағаға және жағдайға есептелген (ТӨа) қатынасына есептеуді айтамыз.

ТӨШа = ТӨӨқ / ТӨа * 100

Мысалы : Ағымдағы бағада және жағдайдағы тауарлы өнімнің бір теңгесіне кеткен шығын.

Кәсіпорында тауарлы өнімді өндіру көлемі және оның ағымдағы бағасы мен жағдайы, ТӨа = 8000 теңге, ал оның осы бағадағы есептелген өзіндік құны, ТӨӨа = 6300 теңге. Кәсіпорын бойынша тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығынды ағымдағы бағада есептеу керек.

Шешімі :

ТӨШа = ТӨӨа / ТӨа * 100 = 6300 / 8000 * 100 = 78, 7 тиын.

Алынған қорытынды мынаны түсіндіреді :

Осы кәсіпорында әрбір теңгеге шығарылған өнімге 78, 7 тиын келетін көрінеді. Бұл тауарлы өнімді шығаруға байланысты ағымдағы шығындар, оған кіретіні шикізат, материалдар, еңбек ақы т. б сатып алу үшін жұмсалған шығын.

Салыстырмалы бағада және жағдайдағы тауарлы өнімнің бір теңгесіне кеткен шығын (ТӨШс) - тауарлы өндірілген өнімнің көлеміне, сол сияқты салыстырмалы бағаға және жағдайға есептелген (ТӨс) қатынасына есептеуді айтамыз.

ТӨШс = ТӨӨс / ТӨс * 100

Мысалы : Салыстырмалы бағада және жағдайдағы тауарлы өнімнің бір теңгесіне кеткен шығын.

Кәсіпорында тауарлы өнімді өндіру көлемі және оның салыстырмалы бағасы және жағдайы, ТӨс = 985 теңге, ал оның осы бағадағы есептелген өзіндік құны ТӨӨс = 757 теңге. Кәсіпорын бойынша тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығынды салыстырмалы бағада есептеу керек.

Шешімі:

ТӨШс = ТӨӨс / ТӨс * 100 = 757 / 985 * 100 = 76, 85 тиын.

Өнім бірлігінің 1 теңгесіне кеткен шығын (Ші) - бұл өнім бірлігінің өзіндік құнының (ӨҚі) оның бағасына (Бі) қатынасына тиынмен айтылуын айтамыз:

Ші = ӨҚі / Бі * 100, мұнда

і - өнім бірлігінің ерекшелік белгісі ( ереже бойынша, тапсырыс реті, сол бойынша сол өнім шығарылады ) .

Мысалы: Өнім бірлігінің 1 теңгесіне кеткен шығыны.

№10 тапсырыс бойынша цех 600 ғана бұйымды шығарды. Бұл бұйымды 7000 теңгеге сатты. Бұйымға кеткен шығын 5800 теңгені құрды. Тапсырма бойынша өндірілген өнімге кеткен шығынның 1 теңгесіне жұмсалған шығынды анықтау керек.

Шешімі : Бұл мысалда і =10; ӨКі=ӨК10 =5800 теңге ; ал Бі=Б10=7000 теңге;

демек:

Ш10 = ӨК10 / Б10 * 100 = 5800 / 7000 * 100 = 82, 85 тиын.

Пайда (П) - тауарды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден) түскен табыстың өндіру шығындарынан артылу айырмашылығынан көрінеді. Немесе оны былай дәлелдеуге болады: сатылған тауарлы өнімнен (жұмысты орындаудан, қызметтерді көрсетуден) түскен қаржы мен сол өнімнің толық өзіндік құн теңгелері аралығындағы айырмашылықтан көрінеді. Егер көрсетілген айырма керісінше болса, онда шығын деп түсінуге болады.

Мысалы: Қазіргі әрекеттегі жағдайдағы және салыстырмалы бағадағы (ТӨӨс) тауарлы өнімді өндіруден (ТӨӨә) түскен пайда.

Қазіргі әрекеттегі және жағдайдағы (ТӨә) тауарлы өнімді шығаруі көлемі - 9000 теңге, ал салыстырмалы бағадағы және жағдайдағы (ТӨс) - 995 теңгені құрды. Егер өнімнің өзіндік құны қазіргі әрекеттегі жағдайда (ӨТӨә) - 7200 теңге, ал салыстырмалы бағадағы және жағдайда (ӨТӨс) - 776 теңге болса, тауарлы өнімнен қазіргі әрекеттегі және салыстырмалы бағадағы пайданы анықтау керек.

Шешімі: Анықтау бойынша:

ТӨӨә = ТӨә - ӨТӨә;

ТӨӨс = ТӨс - ӨТӨс;

Олай болса, тауарлы өнімді өндіріп, қазіргі әрекеттегі бағада пайда 1800 теңге (9000 - 7200), ал салыстырмалы бағада және жағдайда пайда - 219 теңге (995 - 776) құрды.

Өнімді сатудан (жұмыс, қызмет) алынған пайда (шығын) - таза табыс яғни, экспорттық төлем, ҚҚС және акциздер төлемсіз сатудан түскен табыс және өнімнің өзіндік құнына кіретін өндірілген және сату шығындардың айырмасымен анықталады.

Мысалы: Өнімді сатудан түскен пайда.

Егер тауарлы өнімді сатудан алынған табыс (СТ) - 8000 теңге, ал сатылған өнімнің өзіндік құны (СӨҚ) - 6250 теңге, онда сатудан түскен пайда (СТП) :

СТП = СТ - СӨҚ

немесе 1750 теңге (8000 - 6250) құрайды.

Мысалы : Өнім бірлігін өндіруден (сатудан) пайда.

Тұтынушының тапсырмасы бойынша, кәсіпорын өнімді 7000 теңгеге сатты (Бі = Б тапсырыс бойынша) өзіндік құны 6000 теңге (Өі = Ө тапсырыс) . Қарлған мысалда пайда (Пі)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірушілер көтерме саудасы
Фирма тауардың бәсеке қабілеттілігін арттыру
Фирманың басқару жүйесіндегі маркетинг
Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырудың теориялық мәселері
Нарықтағы өндірістік және басқару жүйелері
Бәсекелестік
Кәсіпорындaғы мaркетингтік қызметті бaсқaру
Тауарларды өткізу нарығын қалыптастыру
Кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz