Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы тиімділігі
Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы
тиімділігі.
Мазмұны.
Кіріспе
І-ші тарау. Экономикалық жүйе және оның типтері.
1.1 Экономикалық жүйе: ұғымы және міндеттері.
1.2 Экономикалық жүйе типтерінің жүктелімі.
1.3 Экономикалық жүйелер тиімділігінің салыстырмалы талдауы.
1.4 Рыноктық экономикалық жүйенің үлгілері (модельдері).
ІІ-ші тарау. Рыноктық экономикаға көшу кезінде мемлекеттің атқаратын ролі.
2.1 Мемлекет және рынок. Рынок механизмінің кемшіліктері және экономикалық саясаттың қажеттілігі.
2.2 Экономикалық саясат мақсаттарының жиынтығы.
2.3 Мемлекеттің экономикалық қызметтері. Рыноктық
экономикадағы мемлекеттің іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары мен құралдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ГЛОССАРИЙ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕЛЕР
Кіріспе.
Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы.
Мен бұл тақырыпты таңдағаным, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір - біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың ерекше реттелген жүйесі.
Қазіргі таңда рынокты тек айырбас қатынастарымен байланыстыру - қателік. Өйткені эволюциялық даму барысында рыноктың мәні мен қоғамдағы ролі елеулі өзгерді. Қазіргі дамыған қоғамда рынок бүкіл экономиканың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекше түріне айналды. Рынок қазіргі таңда өзіндік қасиеттері мен ерекше белгілері бар егеменді қоғамдық шаруашылық формасына айналды. Сондықтан қазіргі экономикалық жүйе рыноктық экономика деп аталады. Батыс оқымыстыларының қазіргі қоғамды сипаттауларында изм деген сөздердің болмауы да осыған байланысты. Жалпы айтқанда рынокқа мынадай анықтама беруге болады: Рынок дегеніміз шаруашылық нәтижелерімен эквивалентті айырбас негізінде экономиканы рационалды жүргізу және шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану туралы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай экономикалық жүйеде шаруашылық субъектілерінің арақатынасын рыноктық байланыстар анықтайтындықтан, ол рыноктық экономика деп аталады. Осындай экономикада рыноктық байланыстар шаруашылық өмірін түгелдей қамтиды: бәрі сатылады-сатып алынады. Эквиваленттік айырбас қатынастарының көп түрленгені соншалық, сауданы арнайы бір жерге бармай-ақ, мысалы үйде отырып-ақ жүргізе беруге болады. Яғни, қазір сатушы мен сатып алушының тікелей кездесуі шартты емес. Офистен, үйден интернет, телефакс, телефон және басқа байланыс құралдары арқылы келісім-сауда жүргізіле береді. Рыноктық қатынастар мен рыноктық шаруашылық тұтқалары мен механизмдерін адамзат ұзақ жылдар бойы жетілдіріп келеді. Көптеген елдер рыноктық экономиканы құру барысында алға озып кетті. Біздің ҚР-сы рыноктық экономиканы құруды жақында ғана қолға алды. Қарқын жақсы. Бұл істе көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Дегенмен Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 атты Жолдауында рыноктық экономиканы құру істерін жеделдету керек, бірақ оның әрбір элементін өз ретімен ендіріп отыру керек деп атап айтты. Рынокқа өту қиын және ұзақ уақытты алатын процесс екендігін өмір көрсетті. Бұл істі бізден бұрын бастаған елдерде әлі күнге дейін толыққанды рынок орнаған жоқ деп ескертеді кейбір ғалымдар. Рынок туралы қазіргі таңдағы даусыз нәрсе - ол рынок адамзат цивилизациясының нәтижесі. Рынок 6-7 мың жыл бұрын өмірге келіп, содан бері үздіксіз даму үстінде келеді. Рыноктың бүкіл тарихи дамуында тек бір нәрсе айқын білінеді - ол экспанциялауға тенденция. Яғни рынокқа территориялық кеңею мен ықпал жасау сфераларын ұлғайту тән. Бұл тенденция тауарларды өндіру, еңбек бөлісуінің тереңдеуі, халықтың ақуаттылығының көтерілуі мен сауда, көлік пен байланыстың жетілдірілуінің заңды нәтижесі болып табылады. Рыноктық құрылым алуан түрлi болады. Соған байланысты бәсекенiң де бiрнеше түрi қалыптасады. Дегенмен, әдетте, бәсекенiң төрт типi (рыноктық үлгiлерi) ажыратылады: еркiн бәсеке (жетiлген бәсеке), монополистiк бәсеке (жетiлмеген бәсеке), олигополия және таза монополия. Олардың әрқайсысы рыноктағы бәсекелестiктiң дәрежесiмен сипатталады, (яғни фирманың рынокқа, әсiресе бағаға әсер ете алу қабiлетiмен). Мұндай әсер ете алу неғұрлым төмен болған сайын, рынок соғұрлым бәсекелестiк деп есептеледi.Жетiлген (еркiн) бәсеке мен таза монополия рыногы теориялық абстракция десек те болады, өйткенi ол өте сирек кездесетiн құбылыс. Сатушының абсолюттi еркiндiгi немесе экономикада бiр монополисттiң үстемдiгi орнауы мүмкiн емес нәрсе. Ал, салыстырмалы түрдегi еркiн бәсеке, монополиялық бәсеке мен олигополия тәжiрибедегi жиi кездесетiн құбылыстар.Еркiн бәсеке жетiлген бәсеке деп аталатын себебi рынок сатушылардың көп санынан тұрады, олар ешнәрсемен шектелмеген өзара бәсекелестiк жасайды, тұтынушыларға бiр типтес стандартталған өнiм ұсынады. Фирма қандай көлемде өнiм өндiрсе де, ол рыноктық бағаны өзгерте алмайды, себебi фирманың үлесi жалпы өндiрiстен анағұрлым аз.

Экономикалық жүйе экономиканың өзара біріккен, белгілі бір үлгіде реттелген элементтердің жиынтығы болып табылады. Осының барлығы бірігіп, қоғамның экономикалық құрылмын құрады. Экономиканың жүйелік қасиетінсіз экономикалық институттар мен қатынастар жаңғыртылмайтын, ал экономикалық заңдылықтар, экономикалық құбылстар мен процесстердің теориялық түсініктемесі, мағынасы немесе арнайы бағытталған, әрі тиімді экономикалық жүйе болмайтын еді. Экономикалық жүйенің жұмыс атқаруының дұрыс, әрі ғылыми дәлелденген заңдылықтарды анықтау әрқашан да өте маңызды рөлге ие болды. Экономика ғылымының дамуының қазіргі кезеңінде экономика туралы жүйелік түрде түсінік беруге аса үлкен назар аударылып отыр. Батыс әдебиеттерінде жүйені анализдеуді Постиндустриялды қоғамның келу атты еңбегінде Белл, Жаңа индустриялды қоғам және Экономикалық теория және қоғамдық мақсаттар атты еңбектеріңде Гэлбрейт, сонымен қатар Арон, Дракер, Ростоу, Тофлер жүргізген. Олар экономикалық жүйені экономикалық зерттеулердің аса маңызды обьектісі ретінде қарастырды.
Берілген курстық жұмыстың қазіргі таңдағы өзектілігі айқын болып келеді. Еліміз әкімшіл-әміршіл жүйеден жаңа нарықтық экономикаға ауысуына байланысты өтпелі экономиканың мәселелерін шешуде көптеген зерттеулер қажет. Мемлекетіміздің өзіндік экономикалық ерекшеліктеріне сай нарықтық экономиканы бейімдеу қажет. Экономикалық жүйе экономиканың өзара біріккен, белгілі бір үлгіде реттелген элементтердің жиынтығы болып табылады. Осының барлығы бірігіп, қоғамның экономикалық құрылмын құрады.. Шын мәнінде өз қызметін атқаратын экономикалық жүйелер тек ғылыми экономикалық жүйелерде ғана кедеседі. Кеңестің экономикалық әдебиеттерінде экономикалық жүйені зерттеушілердің арасында аса танымал К. Маркс, Герасимов Н.В., Черняк В.К., Я. Корнаи болған. Экономика ғылымының дамуының қазіргі кезеңінде экономика туралы жүйелік түрде түсінік беруге аса үлкен назар аударылып отыр. Адамдардың шаруашылық қызметі орта деп аталатын белгілі бір кеңістікте орын алып отырады. Экономикалық ғылым ондай ортаны табиғи жаратылыстық және әлеуметтік орталар деп ажыратады. Табиғи ортаға табиғи-климаттық, жердің жағдайы мен сапасы (топырақтың құнарлылығы), табиғи ресурстардың саны мен сапасы, тұрғын халықтың саны мен сапасы, су ресурстарының бар-жоғы, күн сәулесінің молшылығы және тағы басқа факторлар жатады. Аталған факторлар шаруашылық жүргізуге неғұрлым ыңғайлы болса, соғұрлым адамдардың шаруашылық әрекеттері нәтижелі болады. Адамзаттың күш-қуаты керемет өскеніне қарамастан адам әлі табиғаттан толық бөлініп шыққан жоқ. Адам әлі де болса табиғаттың ажырамас және тәуелді бөлігі. Сондықтан адамзат өзі өмір сүріп отырған табиғи ортаны күйретпей, ұқыпты пайдалануы тиісті. Әйтпесе оның өміріне үлкен қауіп төнеді. Әлеуметтік-экономикалық ортаның да адамдардың шаруашылық қызметіне әсері өте үлкен. Қалыптасқан, немесе арнайы орнатылған әлеуметтік орта прогрессивті болған жағдайда адамдардың шаруашылық қызметінің тиімділігі артып, экономика қарқынды дамиды. Керісінше болған жағдайда тоқырау мен күйзелістер орын алып, олар экономикалық сипаттан әлеуметтік және саяси сипатқа өтеді. Мұндайда әлеуметтік-экономикалық ортаны жетілдіру керек, немесе оның басқа бір түрін қалыптастыру керек. Әлеуметтік орта, әдетте, қоғамның экономикалық ұйымдастырылуы немесе экономикалық жүйе деп аталынады. Экономикалық жүйе дегеніміз нені білдіретін ұғым? Ол қандай міндеттерді атқарады? Адамдардың шаруашылық қызметі жеке шаруашылықтардың көлемінде ғана емес, бүкіл ұлттық экономика деңгейінде белгілі бір түрде ұйымдастырылады және сол деңгейде шаруашылық жүргізудің механизмдері мен тұтқалары орнатылады. Күрделі шаруашылық механизмін басқару мақсатында басқарушы инфрақұрылым орнатылады (билік жүргізу мен басқарудың әртүрлі институттары мен органдары). Кейінгілері шаруашылық жүргізудің белгілі бір ойын ережелерін бекітіп, солардың орындалуын қадағалап, бүкіл экономиканы басқарады. Экономикалық теорияда осылардың бәрінің жиынтығы экономикалық жүйе деп аталынып жүр. Экономикалық жүйе ұғымы туралы әртүрлі көзқарастарды кездестіруге болады, соған байланысты әртүрлі оның анықтамалары бар. Экономистердің бір тобы экономикалық жүйені шаруашылық механизмдерінің жиынтығы деп түсіндіреді де, сол жүйені зерттеу үшін технологиялық, яғни ұйымдастыру- экономикалық қатынастар зерттелуі тиісті деп үйретеді. Қазақстандық Жалпы экономикалық теория деген оқулықтың авторлары экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы, - деген түсініксіз анықтама ұсынған. Сол анықтамасын түсіндіру мақсатында әрі қарай: Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады, - деп жазып, мүлдем түсініксіз етіп жіберген. Ұйымдық түрлер дегенді қалай түсінуге болады? Мүліктік қатынастар меншік құқығы сферасы. Сонда экономикалық жүйе дегеніміз заңдар мен құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың орындалуын қадағалап отыратын құқық қорғау институттарының ғана жиынтығы болғаны ма? Әрине, ондай емес. Жоғарыдағы анықтамада методологиялық дөрекі қателік айқын көрініп тұр. Америкалық Экономикс, П.Самуэльсонның Экономика оқулықтарында және Россия оқымыстылары жарыққа шығарған біраз оқу құралдарында экономикалық жүйе ұғымына теориялық анықтама берілмеген. Себебі түсінікті, экономикалық жүйеге анықтама беру, оны қоғамдық өндірістің формаларын ажырату оңай емес. Біздің ойымызша, экономикалық жүйе дегеніміз шаруашылық субъектілерінің қатынастары, оларды реттеп отыратын институттардың байланыстары белгілі бір әлеуметтік- экономикалық түрде реттелген жүйе. Экономикалық жүйені өндіргіш күштер, шаруашылық механизмдері мен институттарының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жиынтығы түріндегі бүтін организм деп түсіну керек. Бүтін жүйе ретінде оның құрылымы өте күрделі және элементтерінің өзара бағынышты (субардинацияланған) байланыстары бар. Сонымен қатар әрбір элементі өзіндік құрылымы бар жеке жүйе болып табылады (подсистема). Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьев дұрыс айтқан: әрбір елдің экономикасы көптеген қызметтерді қамтитын үлкен жүйе, және оның әрбір буыны, құрамдас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz