Банкроттық туралы істерді сот тәртібімен қарау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Банкроттық туралы істерді сот тәртібімен қарау

Банкроттық туралы iс бойынша сотта борышкердiң, кредиторлардың
(кредиторлардың) өтiнiшi негізінде осы Заңнын 4-бабында көрсетілген
жағдайларда, және осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда прокурордың
өтiнiшi негiзiнде iс қозғалады.
Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру
құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты
салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ жеке және заңды
тұлғалар - азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөнiндегi
кредиторлар ие болады.
Банкроттық туралы iс бойынша сот борышкердi банкрот ден тану туралы
өтiнiштi iске қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап iс қозғалды
деп есептеледi.
Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы берген өтiнiшi соттың тиiстi
шешiмiнсiз қайтарылып алынбайды.
Кредиторлар (кредитор), прокурор өз өтiнiшiн борышкердi банкрот деп
тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 16-бап
өзгертіБанкроттық туралы iске қатысушы адамдар мыналар бола алады:
1) борышкер;
2) кредиторлар;
3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;
4) прокурор;
5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;
6) уәкiлеттi орган;
Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы:
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;
2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның
шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.
Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның
құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған,
ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға
жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа
жүгiнуге мiндеттi.
Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң -
заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы
адам қол қояды.
Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар болуға тиiс:
1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы;
2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың
тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген
тізбесі;
3) моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда,
өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн борышкердiң өзi жауап беретiн
азаматтардың талап етуi бойынша берешегiнiң сомасы;
4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен
өтемақылар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына
әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар
бойынша төлеуге есептелген сыйлықақы сомасы;
5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша
берешек сомасы;
6) кредиторлардың талабын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiне негiздеме;

7) борышкерге талап-арыздарды соттардың iске қабылдап алғаны туралы,
сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы
мәлiметтер;
8) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде жалдаудағы және лизингтегi
кепiлге берiлген мүлiк туралы, банктiк шоттарда жатқан ақша туралы
мәлiметтер; шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері,
дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген
тізбесі туралы мәлiметтер;
9) борышкердiң өтiнiштi берген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалуы
керек болатын мiндеттемелерi туралы мәлiметтер;
10) банкроттық туралы iске қатысу үшiн еңбек ұжымының өкiлi
(қызметкерлердiң өкiлi) туралы мәлiметтер;
10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы
немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие
болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат;
11) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi.
Егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, борышкердiң
өтiнiшiнде өзге де мәлiметтердiң, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтiнiштер
көрсетiлуi мүмкiн.
Борышкер уәкілетті органға өтініштің және оған қоса берілетін
құжаттардың көшірмесін жіберуге міндетті.
Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) белгiленген мөлшер мен тәртiп бойынша мемлекеттiк бажды
төлегендiгiн;
3) берешек болуын, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын борышкердiң
қанағаттандыра алмайтындығын;
4) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге жағдайларды растайтын
құжаттар қоса тiркеледi.
Борышкердiң өтiнiшiне сондай-ақ:
1) борышкердiң оны банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш жасауына
негiз болып табылатын меншiк иесiнiң немесе құрылтайшыларының
(қатысушыларының), заңды тұлға органдарының шешiмi;
2) дебиторлық және кредиторлық берешектердiң, топтар бойынша негiзгi
және айналым құралдары құрамының толық ашып көрсетiлетiн соңғы есептi кезең
iшiндегi қаржы есептемесi;
3) банкроттық туралы iске қатысу үшiн жасырын дауыспен олардың өкiлi
сайланған, борышкердiң еңбек ұжымы (қызметкерлерi) жиналысының
(конференциясының) хаттамасы;
4) борышкердiң құрылтай құжаттары;
5) егер борышкер табиғи монополия субъектісі болып табылған жағдайда,
өзін банкрот деп тану туралы борышкердің сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша
хабарламасын алған кезден бастап, табиғи монополиялар саласындағы қызметті
бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның оларға он күн
ішінде беретін қорытындысы;
6) егер борышкер тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға
ие нарық субъектісі болып табылған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы
борышкердің сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша хабарламасын алған кезден
бастап монополияға қарсы органның оларға он күн ішінде беретін қорытындысы;
7) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі жүргізілсе, сырттай
байқау әкімшісінің қорытындысы қоса тіркеледі.
Борышкер өтiнiшiнiң қаралмай қайтарылуы
Борышкердiң банкрот деп тану туралы осы Заңның 18 және 19-баптарында
көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштi
қарамай қайтаруға негiз болып табылады.
Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы
Заңға сәйкес мiндеттi болып табылған және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса
тiркелмеген жағдайларда мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал
жеткiлiксiз құжаттарды сот қарауына iстi дайындау тәртiбiмен сот сұратып
алады.
Азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитор
(кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.

Кредитордың өтініші сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген жалпы ережелер бойынша беріледі.
Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;
2) борышкердің – дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда), тұрғылықты жері немесе борышкердің – заңды тұлғаның атауы,
орналасқан жері;
3) кредитордың – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда), тұрғылықты жері немесе кредитордың – заңды тұлғаның атауы,
орналасқан жері;
4) борышкердiң кредитор алдындағы оның талабынан туындаған
мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;
5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;
6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы
(айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға
есептелген сыйақы (мүдде);
7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі,
бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор
талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);
8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;
9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;
10) борышкерге талаптар қою айғағы;
11) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де
мәлiметтер.
4. Кредитор борышкерге  және уәкілетті органға өтiнiштiң және оған
қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.
5. кредитордың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға
сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн
сот қарамай қайтарады.
11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен ; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен
(бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану
туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;
2) кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың
борышкерге және уәкілетті органға жiберiлгенiн;
3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы
мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;
4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың
шешiмi немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);
5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын
құжаттар қоса тiркеледi.
Кредитордың әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойған бiрнеше
талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқығы бар.
Кредиторлардың борышкерге қойған өз талаптарын бiрiктiруге және сотқа
бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар. Мұндай өтiнiшке өз талаптарын
бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.
Прокурордың мәлiмдемесi
Прокурор:
1) өзi әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;
2) кредитор Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың
мүдделерiн көздеп;
3) жоқ борышкердiң кредиторлардың мүдделерiн көздеп борышкердi банкрот
деп тану туралы мәлiмдеме жасауға құқылы.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше
көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен туындамаса, прокурордың
мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген
талаптарды сақтай отырып берiледi.01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01
ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)  27-
бап өзгертілді
Борышкердi банкрот деп тану туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот
өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым
шығарады.
Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі сот ұйғарымының көшірмесін
борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты
жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді.
Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап:
1) борышкер мүлкінің меншік иесі (оған уәкілеттік берілген орган),
құрылтайшылар (қатысушылар), заңды тұлғаның барлық органдары борышкердің
мүлкіне билік ету құқығынан айырылады. Егер осы Заңның 2-бабының 4-
тармағында көрсетілген ұйым борышкер болып табылған жағдайда, уәкілетті
органның өтініші бойынша сот іс жүргізу циклын, оның ішінде үздіксіз іс
жүргізуді қолдауға және мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қажетті ең
төменгі ағымдағы төлемдерді жүргізуге уәкілетті тұлғаларды анықтауға
құқылы;
2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе
денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтарға
төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың , салық органдарының,
сондай-ақ борышкердің мүлкіне қатысты оның меншік иелерінің
(құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе органдардың бұрын қабылдаған
шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі
Банкроттық рәсімдерді қолдану негіздері
Несие берушілердің талаптары
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы істерді сотта қарау ерекшеліктері
Кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығын құқықтық реттеу
Банкроттық туралы істер бойынша төрелік соттың актілері
Азаматтық сот ісін жүргізу құқығының ұғымы және жалпылама сипаттамасы
Жеке кәсіпкер
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Республиканың Жоғарғы сотына
Пәндер