ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРБАЛАС


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРБАЛАС

Қаржылық дағдарыспен жаппай күрес әлемдiк экономиканы рецессиядан аман алып қалуға бағытталған. 15 қарашадағы Вашингтондағы Еуроодақ пен АҚШ көсемдерiнiң кездесуiнде дүниежүзiлiк экономиканың күн тәртiбiнде тұрған мәселелерiне арналмақ.

Жер шарының алпауыт елдерi әлемдiк қаржылық дағдарыспен текетiреске түскен экономикаға көмек қолын созуда. АҚШ-тың Федералдық қор жүйесi мен Еуропалық орталық банктер пайыздық көрсеткiштердi қолдан төмендетiп, банкрот қаупi төнген дүниежүзiлiк деңгейдегi қаржылық құрылымдарды сатып алуға көштi. Рецессияның алдын алу, бәсең тартқан экономикалық өсу қарқынын қалпына келтiру, қаржылық тұрақтылықты орнату, белең алып бара жатқан жұмыссыздық деңгейiн төмендету, инфляцияны ауыздықтау т. б. мәселелердi күн тәртiбiне шығарған АҚШ пен Батыс қолдағы мүмкiндiктердi сарқа пайдалануға мүдделi.
Дүйсенбi күнi ғаламдық қаржылық дағдарыспен тiзе қоса отырып күресетiндiктерiн мәлiмдеген ағылшын премьерi Гордон Браун мен француздардың президентi Николя Саркози Еуропалық Одақ қорынан бөлiнетiн қаржылық көмек көлемiн 15 млрд. доллардан 25 млрд. долларға дейiн өсiруге ұсыныс айтты. Ағылшын премьерi Қытай мен Парсы шығанағындағы мұнай өндiрушi елдердi Халықаралық қаржы қорына құятын жарғыны ұлғайтуға шақырды. Қаржылық дағдарыспен арпалысқан бiрқатар мемлекеттерге, әсiресе, дамушы елдерге көрсетiлетiн қаражаттық қолдау мардымсыз. Бүгiнде азиялық аймақпен қатар кәрi құрлықтағы жағдай да аса мәз емес. Осыдан бiраз уақыт бұрын БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун дамушы елдердi дағдарыс дауылына ұшыратпаудың нақты шараларын қабылдау керектiгiн айтқан едi. Экономикасы әлсiз, әлеуметтiк ахуалы төмен мемлекеттердегi адамдардың тұрмыс-тiршiлiгiне қажеттi деген тұтынушылық қажеттiлiгiн өтеу үшiн арнайы несиелер бөлуге шақырған Пан Ги Мун керiсiнше болған жағдайда, миллиондаған адамның аштықтың құрбанына айналатындығын айтқан. Қаражат көлемiн өсiрудi еуропалық шенеунiктер қозғады. Жуырда Пекинде өткен 43 мемлекеттiң өкiлдерi бас қосқан кездесуде Еуропа мен Азияның өкiлдерi “Халықаралық қаржы қоры әлемдiк қаржылық тұрақтылықты орнатуда маңызды рөл атқаруы тиiс” деген қорытындыға келген. Қазiргi таңда атқарылып жатқан шаралар мен атқарылуы тиiс жоспарлар екi құрлықты құтқаруға бағытталмақ.
Саяси мәлiмдемелерге тiкелей тәуелдi халықаралық қор нарығы сан құбылуға әуес. Дүйсенбi күнi өткен аптада басталған әлемдiк нарықтағы тұрақсыздық жалғасын тапқан едi. Мысалы, жапондардың көрсеткiшi соңғы 26 жылда алғаш рет тым құлдырап, қаржы алаңындағы 1982 жылғы жағдай қайталанды - 6, 4%. Гонконгтағы Hang Send биржалық көрсеткiшi 12, 7 пайызға бiр-ақ төмендесе, Шанхай мен Лондондағы көрсеткiш те аса мәз емес: 5, 6%. Тәулiк соңына қарай қор нарығындағы акция бағамдары бiртiндеп өсе бастағанмен, жоғалтқан шығынның орнын жабу мүмкiн болмады. Осының кесiрiнен биржалар өз жұмысын жағымсыз көрсеткiштермен аяқтаған. Керiсiнше, бiраз уақыттан берi төмендеумен болған доллар бағамы беки түсiптi. Нәтижесiнде, 1 фунт стерлинг - 1, 54 доллар, 1 еуро - 1, 24 доллар. Сондай-ақ, мұнай бағасы да күрт төмендедi. Осыдан 17 ай бұрын 147 долларға бiр-ақ шығандаған бiр баррель “қара алтын” дүйсенбi күнгi саудада 60, 38 долларға теңгерiлген.
Қор нарығындағы қарбаласты сәл де болса саябырсытуға тырысқан еуропалық шенеунiктер бiрауыздан ресми мәлiмдеме жасай отырып, инвесторларды сабырға шақырды. Мемлекеттiк бюджеттен қаржылық тұрақтандыруға байланысты 700 млрд. доллар бөлуге бел буған АҚШ аталған соманың 125 млрд. долларын америкалық банктердiң ендiгi ала алатынын жеткiздi. Осының нәтижесiнде, сейсенбi күнi құнды қағаздардың халықаралық нарығында iлгерi жылжушылық, яғни, өсу қарқыны байқалды. Соңғы күндерi үздiксiз төмендеген биржалық индекстерге қарамастан, Лондондағы FTSE 100 - 1, 8 пайызға, Франкфурттағы Dax - 5, 1 пайызға, Париждегi Сас 40 - 2, 9 пайызға, Гонконгтағы биржа бағамы - 6, 1 пайызға, Токиодағы Nikkei - 6, 4 пайызға, Оңтүстiк Кореядағы акциялардың жалпы бағамы - 5 пайызға өскен. Жағымды жаңалықтан Америка да шет қалмады. 1 және 1, 5 пайызға жоғары көтерiлген Nasdaq пен Dow Jones негiзiнен INTL Group, General Motors пен Boeing компанияларына тиесiлi құнды қағаздардың қымбаттауының нәтижесiнде көтерiлiптi.

ҚОР НАРЫҒЫ: ҚОР НАРЫҒЫ
ҚОР НАРЫҒЫ:

Қор биржасымен әріптестік

Қазақстан мен Лондон қор биржасы арасында ұзақ мерзімді әріптестік орнады. Өткен жылдың қарашасында Алматы аймақтық қаржы орталығының қазметін реттеу агенттігі аталған қор биржасымен әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын. Бейсенбі күні бұл байланыстың негізі ресми түрде қаланды. Бұдан былай Лондон қор биржасында саудаға түскен бағалы қағаздар біздің елімізде де сатылатын болады.

((ЗА КАДРОМ) ) Қазақстан мен Лондон қор биржасы арасында ұзақ мерзімді әріптестік орнады. Өткен жылдың қарашасында Алматы аймақтық қаржы орталығының қазметін реттеу агенттігі аталған қор биржасымен әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын. Бейсенбі күні бұл байланыстың негізі -ресми түрде қаланды. Бұдан былай Лондон қор биржасында саудаға түскен бағалы қағаздар елімізде құрылып жатқан сауда алаңында да сатылатын болады.
ТИТР: Аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары
Сонда бағалы қағаздар екі жерде де сатылады. Яғни біздің компаниялар Лондонға барып қажет емес. бұл 2007 жылы іске аса бастайды. ) )

((ЗА КАДРОМ) ) Сарапшылар Лондон қор биржасымен арадағы келісім елімізді әлемдік капитал нарағына еркін аяқ бастырады дейді. Сонымен қатар елде кенже қалап отырған қор нарығын дамытпақ. Бүгінде өкінішке орай, бұл нарықтың ойыншылары елдегі тек ірі компаниялар ғана болып отыр. Ал ұсақ бизнес құралымдарының қазірше бұл нарыққа тісі батпауда. Мұның себебі елде ұлттық рейтингтік агенттік жоқ. Ал халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұсынып отырған бағасы тым жоғары. Сондықтан отандық орта және шағын кәсіпкерлік қаржы қажет болған жағдайда тек банктер ұсынып отырған несиеге ғана иек арта алады.

((СИНХРОН ХР 00:35:30
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Он же
Акциялар мен облигацияларды сату несиеге қарағанда әлде қайда тиімді Сондықтан орташа бизнесті тару үшін ұлттық рейтниктік агенттік құқрсақ деген ұсыныс жасап жатырмыз) )

((ЗА КАДРОМ) ) Алайда сарапшылар, шетелдіктер бүгіннің өзінде отандық бағалы қағаздар нарығына аса қызығушылық танытып отырғанын айтады. Демек олардың жасаған болжамына сенетін болсақ, бұл саладағы инвесторлар санының артуы қаржы орталығына құйылатын инвестиция көлемін 2007 жылы 1 миллирд долларға жеткізбек. Алайда сенімдерінің бұлайша беки түсуіне елдегі ұжымдық басқару жүйесінің дамуы да себеп болып отыр.


((СИНХРОН ХР 00:00:00
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Хуршид Холов
ТИТР: "ANSHER INVEST" компаниясының басқарма төрағасы
аударма Соңғы бес жылда Қазақстанға деген шетелдік инвесторлардың сенімі айтарлықтай артты. Өндіріс саласындағы байланыстың өркендеуі қазақстанның табиғи ресурсының мол қорымен байланасты. Ал қаржы саласына деген сенім мұндағы ұжымдық басқару жүйесінің дамуында деуге болады. Бүгінде кез келген шетелдік инвестор қазақстанға инвестиция салуға аса мүдделі. ) )

((ЗА КАДРОМ) ) Лондон қор биржасы мен Алматы аймақтық қаржы орталығы арасындағы келісім шарттан кейін отандық 30 компания халықаралық қор нарығына жақын уақыта өз бағалы қағаздарын салатын болады. Лондон қор биржасының байланыс жөніндегі директоры Трейси Пирс мырза, бұл қадам табысты болады деген сенімде. Ол осылайша, өткен жылы аталған биржада акцияларын саудалаған 26 компания 8 миллиард долардай пайда тапқанын да бір сөзбен айтып кетті.

Қазірде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметін Нью-Йорк, Лондон, Токио, Шанхай қор биржалары, Швейцария биржасы, Мәскеу банкаралық валюта биржасы, Ресей тауарлық жүйесі секілді қор биржасындағы азулы сауда орталықтары мойындап отыр.

Бүгінде агенттік аясында арнайы сауда алаңы, рейтинг агенттігі, агенттік академиясы жұмыс істейді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» акционерлік қоғамы ресейлік «РТС қор биржасы» ААҚ-пен бірігіп Алматы қаласында «Еуразиялық сауда жүйесі» АҚ құрды. Бұл жаңа қордың 60 пайызы - «РТС қор биржасы» ААҚ-қа, ал 40 пайызы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына тиесілі. Агенттік төрағасы Әркен Арыстановтың пайымдауынша, қазіргі дағдарысқа қарамай, Қазақстан экономикасына инвестиция салғылары келетіндердің саны жетерлік. Бұл ретте Әркен мырза «тек қана Батыс бағытында ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Азия, Араб елдерінен де инвестиция құюға даяр инвесторлар бар» дейді. Салалық агенттіктің құрылуына байланысты, Қазақстанда тұңғыш рет 2011 жылға дейін жоспарланған қор биржасын дамыту жөніндегі стратегиялық бағдарлама қабылданды. Агенттіктің құрылуы, сонымен қатар Алматы қаласында үлкен халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдіктерін ашуға мүмкіндік берді.

Дегенмен еліміздегі қор нарығының жетіспейтін тұстары да бар, ол - қор нарығы инфрақұрылымының даму деңгейінің төмендігі, еліміздің қор нарығының басқа елдердің қор нарығымен салыстырғанда бәсекелестік деңгейінің, орталық депозитарийдің капитализациясымен автоматтандырылуының төмендігі, телекоммуникациялық ұсыныстардың қымбаттылығы, отандық компаниялармен кәсіпкерлерге ұтымды баға берудің жүйеленбеуі, корпоративті басқарудың төмендігі, компаниялардың өз қызметі жөніндегі ақпаратты толық ашпауы, инвесторлардың нашар қорғалуы, көрсетілетін қаржы ұсыныстарының бірізді болуы. Қазіргі кезде отандық қор нарығында тек қана акциялар мен облигациялар ғана қолданылуда. Тағы бір айта кететін жетіспеушілік, бұл - халық тарапынан қор биржасына деген сенімсіздіктің орын алуы және инвестиция, қор туралы ақпараттың жетіспеуі, жалпы, бұл саладағы мәдениеттің болмауы…

Соңғы уақытта Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те агенттіктің жұмысына көңілі толмайтынын айтып жүр. Оның пікірінше, агенттік мемлекеттің тарапынан жасалған қолдауды сенімді ақтай алмай отыр. Алматы қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдыру жоспары бойынша, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі 2015 жылға дейін Азиядағы алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының ондығына кіруі тиіс. Қазіргі кезде дағдарыс салдарына қарамай бұл салада бәсекелестік артып келе жатыр. Әлемдік қаржы орталықтары индексінің (Global Financial Centres Index) бағамы бойынша, жетекші қаржы орталықтарына Гонконг, Сингапур, Токио, Дубай, Шанхай, Бахрейн, Пекин, Катар, Мумбай қалалары кіреді екен. Алдыңғы қатардағы орталық тізіміне Сеул, Осака, Куала-Лумпур, Манила, Бангкок, Ыстамбұл және Теһран қалалары да кіруге талпыныс жасауда.

Соңғы жылдары көршілес Ресей Мәскеу қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің айтуынша, Ресей қазіргі қалыптасқан жағдайға қарамай, Мәскеу қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдыру бастамасынан бас тартпайды, керісінше бұл бастаманы жүзеге асырудың маңыздылығы арта түсті дейді. Алматы қаласын қаржы орталығына айналдыру үшін ТМД көлемінде болашақта басты бәсекелестік Мәскеу тарапынан туындауы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табысты инвестор құпиясы
Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры туралы
Тәтіқара ақынның шығармашылығы
Көкшетау автобус паркі
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптерінің даму проблемалары
Қарағанды облысы бойынша көлік оқиғалар жағдайы
Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі
Қазақстан Республикасында екінші денгейлі банктердің табыстары мен шығыстарын талдау ( Цесна-Банк АҚ мысалында)
Автобустың рейс уақыты
Минералды заттардың организмде жетіспеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz