Баға, сұраныс пен ұсыныс


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Баға, сұраныс пен ұсыныс

Тауардың бәсекелік рыногында сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі қалац жұмыс естейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде рыноктық баға қалай орнайтынын байқайық.

Рыноктық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оның сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және, керісінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.

Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрынсатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарларды тек бай адмдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, рынокқа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек, осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адмдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғайа береді. Егер рыноктық жағдайды сатушылар немесе ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс алады. Барлық сатушылар рынокта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сндықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде жаңа тауар сатып алға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.

Басқаша айтқанда, әрбір сатушының сұраныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады.

Жоғары бағалы өндірістің ұлаю тенденциясының болуы, бір жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы туралы ғана екенін есте ұстау керек. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда өдірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін. Бұл бір жағынан, табыстың жоғарғы деңгейі белгілі дәрежеде қарқындыжұмысты жалғастыруға деген ынтаны төмендетуге. Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенеді, өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Баға төмендегенде сұраныс өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді. Егер, әрбір бағада (жоғары, төмен) сатып алушылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы, жаздың ыстық күндерінде сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбейеді.

Ұсынысқа әсер ететін басты фактор - өндіріс шығындары. Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі рынокта тепе-теңдік орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы туардың шектелген саны оны тұтынуы мүмкін деген тштынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы жекелеген тепе-теңдік. Рыноктардың бағалардың тауарларға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа таарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және бір уақытта жинақтап қарағанда тепе-теңдікте болуы мүмкін, бағаныңбүтін бір жуйесі болады. Бұл жағдай рыноктың жалпы тепе-теңдігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе-теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе-теңдік жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе-теңдік жағдайында шаруашылық жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып алушы - өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе-теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды.

Ол қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология, өндірушілер мен тұтынушылардың күткендері мен таңдағандары өзгеруі керек. Әрине, сраныс пен ұсынытың теңдігі теориялық абстракция, өйткені нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай сәйкестікөте сирек кездеседі. Алайда нақ осы абстракция рыноктық механизмінің қызмет істеуінің аса маңызды заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және тепе-теңдік бағасының құрылу механизмінің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің қарапайым қызмет етуі жалпы жалғау арқылы ғана алынатын пайданың көлемін дәл анықтауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсыныс қисық сызығының пішіні
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Ұсыныс және оның факторлары
Ұсыныс және сұраныс заңы
Сұраным қисығының қисығы
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
Сұраныс және ұсыныс заңдары
Сұраныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар, сұраныс және ұсыныс заңы, өзара байланысы
Сұраныс пен ұсыныс
Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz