ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.
Ғылыми жетекші: Омарова А.К.
Қаржы кафедрасының оқытушысы.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Соңғы жылдары Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде нарықтық
қатынастарды дамытуға қатысты түбегейлі өзгерістер жүргізілуде. Ауыл
шаруашылығы ұйымдарының ұйымдастырушылық-құқықтық формалары өзгеріп, ауыл
шаруашылығы өндірушілерінің жаңа түрлері пайда болды. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында
түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, соның ішінде
агроөнеркәсіп кешеніндегі салаларды дамытуға арқа сүйеу керектігі айтылған
болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық ауыл тауар
өндірушілерінің бәсеке қабілеттілігіне айрықша талаптар қояды. Аграрлық
өндірісті индустрияландыруға қадам басу жоғары білікті және кәсіпқой
мамандарға сұранысты тудырады. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды ауыл
шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау
– бүгінгі күннің талабы.
Осындай жағдайда ауыл шаруашылығында еңбек нарығын реттеудің тиімді
әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық, заңнамалық-
құқықтық тетіктерін жетілдіру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік
қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау мен қайта
даярлау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Еңбек нарығын реттеу тек жұмыспен қамту аясын ғана емес, сонымен
бірге, қоғамның экономикалық жүйесінің барлық элементтерін қамтитын
шаралардың күрделі жүйесін білдіреді. Еңбек нарығындағы басты мәселелердің
бірі болып саналатын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту жөнінде түрлі
көзқарастардың болуы бірқатар бағыттар мен мектептердің шығуына әкелді.
Нарыққа өтудің бастапқы кезеңдерінде барлық посткеңестік мемлекеттерде
таза капитализмді орнату тұжырымдамасы үстемдік етсе, қазіргі кезеңде
мемлекеттің араласуы, атап айтқанда, жұмыссыздық пен жұмыспен қамту
мәселелеріне мемлекеттік реттеудің қажеттілігін мойындайтын тұжырымдар
орнығуда.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеуде жұмыссыздар санын
анықтаудың дұрыстығы айрықша мәселе. Жұмыссыз деп кімді айту керек деген
сұрақ туындайды. Бүгінде барлық елге жуық (оның ішінде Қазақстан да)
жұмыссыздар санын анықтауда Халықаралық еңбек ұйымдарының (ХЕҰ) стандарт
әдістемесін қолдануда. Жұмыссыздар - өздеріне байланысты емес себептер
бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген
және еңбек етуге әзір еңбекке жарамды жастағы адамдар.
Еңбек нарығын реттеу еңбекке орналастыру жүйесі арқылы іске асады. Бұл
жүйеге жұмыспен қамту қызмет ұйымдарының кең торабы, жұмыс орны туралы
мәліметтер банкісі, кәсіби білім алу мен еңбекке орналасуға жәрдемдесетін
мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпорындардың өз мамандарын кәсіби қайта
даярлауды қарастыратын мақсатты бағдарламалары т.б. кіреді.
Тұрғындарды тиімді жұмыспен қамту мемлекеттің қайта бөлу, оқыту,
әлеуметтік қолдау мен қорғауы бойынша мақсатты бағытталған іс-әрекетінсіз
қамтамасыз етілуі мүмкін емес. Дегенмен, бұл әрекет нарықтық қатынастағы
субъектілердің еркін іс-қимылына қайшы келмей, еңбек нарығындағы талаптарға
сай болуын қадағалайды.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу шаралар жүйесінде төмендегідей
элементтерді атап көрсетуге болады:
- еңбекке деген сұранысты реттеу бойынша шаралар: қоғамдық
жұмыстар бағдарламасы, жұмыспен қамтуды субсидиялау, еңбек
нарығында қаржылай-несиелей ықпал ету, өзіндік жұмыспен
қамтуды қолдау, босаған жұмыс күшін тарта отырып, шағын және
орта кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасау;
- еңбек ұсынысын реттеу шаралары: еңбек нарығындағы талаптарға
сай жұмыс күшін даярлау мен қайта даярлау, біліктілікті
көтеру, жұмыскерлердің аумақтық шоғырлануын ұйымдастыруда
көмек көрсету, әсіресе, аймақтық еңбек нарығындағы жұмыс
күшінің сұранысы мен ұсынысы арасындағы теңсіздікті жою;
- жұмыспен қамтудың әлеуметтік кепілдіктерін беру бойынша
шаралар: жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы төлеу, әлеуметтік
материалдық көмек көрсету.
Еңбек нарығын реттеудің негізгі тетіктері: экономикалық, әлеуметтік,
ұйымдастырушылық – институтционалдық (инфрақұрылымдық), құқықтық, қаржылық,
мотивациялық. Еңбек нарығын реттеудің тетіктері үздіксіз өзара байланыста
болады.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеу, басқа салалардағы сияқты,
ұлттық деңгейдегі еңбек нарығын реттеумен ұқсас. Аймақтық немесе салалық
еңбек нарығында да, Ұлттық еңбек нарығында да реттеудің құралдары мен
тетіктері бірдей - құқықтық, қаржылық, экономикалық, әлеуметтік және т.с.с.
сипатта болады.
Салалық немесе аймақтық еңбек нарығын реттеу тетіктерінің айырмашылығы
осы деңгейдегі тұрған міндеттер мен мақсаттар ерекшелігінде. Республиканың
батыс аймағындағы еңбек нарығында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz