ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
Жоспар.

1. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны.

2. Болжамдау мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.

3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау.

Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын алға жылжытуға рыноктың мүмкіндігі жоқ, сондықтан көптеген дамыған елдерде экономикалық саясаттың басымдылығын және стратегииялық өсуді жоспарлауды мемлекет өзіне алады. Мұндайда ол әдетте ғалымдар мен сарапшылардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, Германияда Орталық сарапшылар кеңесі әр жылы парламент пен үкіметке экономиканың жағдайы, оның дамуының келешегі, басымдылығы туралы болжамды баға болатын баяндама ұсынады. Жопонияда және бірқатар басқа да жаңа өндірісті елдерде электрондау мен технологины ақпараттандыру аясында мемлекетпен ұсынылған басымдылықтар таяу арадағы он жылдықта экономиканың дамуын белгіледі.
Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау - елдің әлеументтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.
Бағдарламалау - жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.
Жоспарлау, болжау және бағдарламалау - бүл ЭМР-дің құралдары.
Бағдарлама - директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.
Бағдарламада анықталатындар:
· реттеу мақсаты;
· мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясатың нұсқалары;
· жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;
· экономикалық саясттың оңтайлы нұсқасын таңдау кригерийі.
Бағдарламаға ұлттық экономика дамуының ішкі және сыртқы шарттарының төтенше өзгерістері жағдайында реттеудің резервтік нұсқасын жиі қосады.
Бағдарламалар бір және көп мақсатты, аймақтық, құрлымдық, ұлттық және интернационалдық сипатта болуы мүмкін.
Экономиканы жоспарлау мен болжпуда жүйелі-кешенді және бағдарламалы-мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.
Жүелі-кешенді тәсіл (ЖКТ) ғылыми негізделу және тиімді басқару қағидасы бойынша құрылады.
ЖКТ-нің мәні жалпы теориялар жүйесінің талаптарымен қортындыланады: әр объекті кейбір күрделі жүйе және одан да күрделі жүйелер элементтері ретінде қарастырылады (4-сурет).
Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеме (БМТ) мақсатты бағыттың, белгіленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен-жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгіленгенін, ресурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.
Сөйтіп, БМТ кезінде мыналар анықталуы тиісті:
1. Мақсат.
2. Кешенді тәсіл.
3. Мекен-жайы.
4. Орындалу міндеттілігі.
5. Шараларды жүзеге асыру мерзімі.
6. ресурстардың негіздері.
Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеменің ерешеліктері:
· бағдарламалық тәсілдеме жүйелі-кешендімен тығыз байланысты, оны көбінесе жеке мәселелерді шешуде кешендіге қосымша ретінде қарастырады;
· бағдарламалау үдерісінде өткізіледі;
· мақсатты кешенді бағдарламаны құрастыру үшін пайдаланылады.
Бағдарламалық әдіскке талаптар:
· проблемаларды нақты анықтау;
· мақсатты бір жақты қалыптастыру;
· қойылған мақсатқа жету үшін қажетті, ресурстар мен мерзімнің жан-жақты кешенді байланысын қамтамасыз ету.
Тәсілді өткізу үдерісі:
· мақсатты ғылыми анықтау;
· мақсатқа жету нұсқасын әзірлеу;
· қойылған мақсатта өткізу үшін талап етілетін құрлымның ресурстары мен көлемін анықтау;
· жүйенің қызмет ету моделін әзірлеу;
· бірнеше баламалар арасынан базистік шешімді таңдап алу үшін критерийді табу.
Біз атап өткендей, экономиканы реттеуде қоғамның экономикалық өмірінде мемлекеттің қатысуы маңызды нысан болып табылады.
Реттеу - мемлекеттің экономикаға оның қызмет тәртібін қолдауға бағытталған ықпалы.
Қазіргі заманғы нарық шаруашылығы экономикалық (жанама) және әкімшілік (тікелей) әдістермен реттеледі.
Экономикалық реттеушілердің басымдық мәні болады. Олар нарықтың қызмет ету тетіктеріне айтарлықтай оралымды кірігеді және мемлекетке экономикалық үдеріске елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.
Әңгіме мемлекеттік реттеу туралы болғандықтан, деңгейлі анықталған экономикалық және әкімшілік әдістерді шектеу шартты сипатта болады: кез келген экономикалық реттеуші әкімшілік ету элементтеріне ие, өйткені ол әкімшілік шешімі арқылы жүзеге асады және соған сәйкесті мемлекеттік органның бақылауында болады. Екінші жағынан, әкімшілік реттеушіде, оның іс-әрекеті экономикалық қатнастарға қатысушылардың тәртібіне жанама әсер еткендіктен, экономикалық реттеудің бір сәті бар. Мысалы, егер мемлекет ресурстар бағасына бақылау жасауға тырысса, ол өдірушінің қызмет тәртібін өзгертеді және өндірістік бағдарламасын қайта құруға, инвестицияны қаржыландыруға жаңа көздерін пайдалануға мәжбүрлейді және т.б.
Алайда, кейбір ұқсастыққа қарамастан, экономикалық және әкімшілік әдістер, дегенмен өзінің әсері бойынша қарама-қайшы болып табылады. Әкімшілік реттеуші таңдау еркіндігін елеулі шектейді. Экономикалық керсінше, экономикалық қатнастарға қатысушылар үшін қосымша ынталандыру жасап, оны кеңейтуі мүмкін.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері екі негізгі нысанда көрінеді: кредиттік және бюжеттік-салықтық. Бұл нысандардың өз бетінше мәні бар, оның әрқайсысы өзіндік құралдар иеленеді.
Кредиттік-қаржылық саясаттың басты құралдары міндетті резервтердің мөлшері, банкаралық кредит мөлшері, бағалы қағаздар рыногында Орталық банктің мемлекеттік облигацияларымен операциялар болып табылады.
Бюжет-салық саясатының жан-жақты және қолданбалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кешенді тәсіл
Әлеуметтік - экономикалық жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде
ЭМР - дің мақсаттары
Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау
Экономиканы мемлекеттік реттеу реферат
Экономика пәнінен дәрістер
Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту
Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ САТЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
Пәндер