Еңбек нарығында еліміздің жұмысшыларымыздың болашығы


Жоспар
Кіріспе
- Еліміздегі еңбек нарығының болашағы
- Еңбек нарығында еліміздің жұмысшыларымыздың болашығы
- 3. Еңбек нарығын дамытудағы инфрақұрылымдық жоспар
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Еңбек нарығында еліміздің жұмысшылары болашағы бар салаларды меңгеруі тиіс
Еңбек нарығында еліміздің жұмысшылары болашағы бар салаларды меңгеруі тиіс. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен еліміздің мұнай-газ саласының 110 жылдығына арналған «Қазақстандағы энергетика апталығы» іс-шарасы барысындағы брифингте «Атамекен» одағы» палатасының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Екі жыл бұрын, яғни қаржы дағдарысына дейін Қазақстанға жыл сайын 600 мың жұмысшы қажет болатыны айтылған болатын. Бүгінде жиырма сегіз мың квота тек мұнай-газ секторында белгіленіп отыр. Бұл металлургия, тоқыма, азық түлік салаларын есептемегенде. Атап айтқанда, біз дағдарыс жағдайында да өзімізге шетелдік мамандарды шақыруды жалғастырып отырмыз. «Маңғыстау облысына тоқталатын болсақ, еліміз бойынша жалақы мөлшері мұнда жоғары саналады. Сонымен қатар, мұнда еліміз бойынша жұмыссыздық та жоғары. Бұл дегеніміз, онда біздің кадрлар жұмысқа тартылмағандықты білдіреді. Бұл жалақыны біздің кадрлар алып отырған жоқ», -деді ол. Шетелдік кадрлардың бағалануы ондаған есе жоғары екеніне тоқталған ол, «бұл біріншіден, вахталық әдіске, түрлі қосымша төлемдермен байланысты. Қазақстанда ауқымды экономикалық ресурстар бар және біз бұдан әрі кеңейе береміз. Сондай-ақ дағдарыс аяқталғаннан кейін біз жұмысшыларды шақыратын боламыз. Осы орайда, біздің жұмысшылар жоғарғы сегментте орын алуы үшін тиісті шараларды қабылдауымыз қажет», - деді. БҰҰ сарапшыларының қорытындысы бойынша 2050 жылы алпыс жастан асқан әлем халқының саны миллиардқа жететін көрінеді. Демек, қарттар саны қазіргімен салыстырғанда екі есеге артады. Әлем хал¬қының бұлайша тез қартаюының әлеуметтік-экономикалық салдары жақсы емес. Сондықтан да осыдан туындайтын әлемдік деңгейдегі мәселелерге байланыс¬ты алдан алу шараларын ұсынады. Оның ең бастысы еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, еңбек нарығына әйелдер мен зейнет жасындағы адамдарды мүмкіндігінше көп тартуға тура келетіндігі айтылады. Мысалы:
Мемлекет Ерлер Әйелдер
Ресей 60 55
Украина 60 55
Беларусь 60 55
Қазақстан 63 58
Қырғызстан 60 55
Өзбекстан 60 55
Молдова 65 60
Әзірбайжан 62 57
Армения 65 61, 5
Гүржістан 65 60
Ал қазіргі кезде дүниежүзі бойынша зейнеткерлердің саны Жапонияда - 21, Италияда - 20 пайыз. Бұл халық санына шаққанда ең жоғары көрсеткіш. Қазақстандағы бұл көрсеткіш 11 пайыз және зейнеткерлікке шығу жасы да дос¬тастық мемлекттерімен салыстырғанда өте жоғары да, өте төмен де емес екен.
Енді жиырма бес жылдан кейін дүниежүзінде халқының жасының қарт¬тығы бойынша бірінші орынға Германия шығуы мүмкін және бұл көрсеткіш ел халқының өмірінің ұзақтығымен емес, табиғи өсімінің ең төмендігіне байла¬ныс¬ты болып отыр. Ал қазіргі кезде халқының өмірінің ұзақтығы бойынша бірінші орында Жапония тұр. Германия федералдық статистика ведомствосының деректеріне қарағанда балалы болуға мүмкіндігі бар отбасылардың үштен бірінің өмірге ұрпақ әкелуге құлқы жоқ. Неміс әйелдерінің көпшілігі балалы болу оның қызмет бабында өсуіне, мансапты қызметкер болуына кедергі болады деп санайды екен. Неміс әйелдері ғана емес, кәрі құрлықтағы әйелдердің көпшілігі де осындай көзқараста көрінеді.
Ал, зейнетақы мөлшері бойынша қазақстандық зейнеткерлердің жағдайы салыстыра қарағанда біршама жақсы.
Мысалы, Украинадағы ең аз мөлшердегі зейнетақы 460 гривен (92 доллар) . 2008 жылдан бастап жасы келіп зейнеткерлікке шыққандардың ең жоғары зейнетақы мөлшері белгіленген, ол шамамен 5640 гривенді құрайды. Тұңғыш балалы болғандардың жөргекпұлы - 12240 гривен болса, екінші балалы болғанда бұл сома - 25000 мың гривен, ал үшінші балалы болғандар - 50 000 гривен ала алады. Балалы болғандар бұл соманы бірден ала алмайды, бөліп-бөліп алады. Алғашқыда 5000 гривенді балалы бола салысымен алады, ал қалғанын бір жыл ішінде екі-үшке бөліп ала алады. Сәйкесінше, екінші, үшінші балалы болғандар да тиесілі қаражаттарын екі-үш жылдың ішінде бөліп-бөліп ала алады. Бала үш жасқа толғанша ай сайын аналары 130 гривен жәрдемақы алады. Бұл сома бала санының көптігіне және отбасы табысының көлеміне байланысты көбірек болуы да мүмкін.
Қырғызстандағы орташа зейнетақы 1220 сом (11 доллар) құрайды. Барлық аналарға балалары 3 жасқа толғанша жәрдемақы төленеді.
Өзбекстандағы зейнеткерлікке жасы келіп шыққандардың орташа зейнетақысы айына 30 750 сум (24, 21 пайыз) . Балалы болғандарға бір реттік жәрдемақы көрсетіледі, бұл сома 120 000 сум (100 доллардан сәл көбірек) .
Армениядағы орташа зейнетақы 28 мың драмм (65 доллар) . 2008 жылға дейін бұл көрсеткіш екі еседей аз болған. Балалы болғандарға бір реттік көрсетілетін жәрдемақы 35 мың драмм (95 доллар), бұл сома жағдайы төмен отбасылары үшін 75 мың драмға дейін жетеді (200 доллар) . Үшінші және одан да көп балалы болғандарға 200 мың драмға (500 доллар) дейін көмек көрсетіледі.
Беларусь зейнеткерлерінің орташа зейнетақысы 292, 2 беларусь рублі (136 доллар) . 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап 3 жасқа толмаған баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы 148 мың 540 рубльді құрайды. Тұңғыш балалы болғандарға 929 350 және бұдан кейінгі туған әр баласы үшін 1 299 690 беларусь рублінде бір реттік көмек көрсетіледі.
Қазақстанда биылғы жылдың басынан бастап тұңғыш балалы болғандар¬ға 35 040 теңге көлемінде бір реттік көмек көрсетіледі. Жұмыс істемейтін әйелдерге балалары бір жасқа толғанша ай сайын көрсетілетін жәрдемақы көлемі - 5840 теңге құрайды, ал екінші балалы болғандарға - 6424, үшінші балалы болғандарға - 7008, төртінші және одан көп балалы болғандарға - 7592 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі.
Жыл басынан бастап базалық зейнетақы 3000 теңгеден 4210 теңгеге көтерілген. Ең жоғары зейнетақы 26110 теңге көлемінде белгіленіп отыр, мұндай зейнетақы алатын зейнеткерлеріміздің саны - 784 мың адам. Республикамыз бойынша орташа зейнетақы - 17870 теңге көлемінде, мұндай зейнетақыны 530 мың адам алатын болады. Ең төменгі зейнетақы - 12110 теңге көлемінде, мұндай зейнетақыны 320 мың адам алатын болады. Бұдан басқа Ұлы отан соғысының ардагерлері мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккер¬леріне және басқадай қосымша төленетін мемлекеттік және әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрі бар.
Ресейдегі орташа зейнетақы 8 мың рубльді құрайды (285 доллар шамасында) . 5300 рубль - зейнетақы төлемінің базалық бөлімі. Ел аумағығы бойынша әр аймақта әр түрлі федералдық үстеме төленуі де қарастылған.
Отбасындағы балалар санына қарай балалары 1, 5 жасқа толғанша ай сайын төленетін жәрдемақы көлемі 1500 - 3000 рубльге дейін жетеді. Ал балалары 3 жасқа толғанша төленетін жәрдемақы мөлшері 150-300 рубльді құрайды. Кәмелеттік жасқа толғанша төленетін жәрдемақы мөлшері осының жартысын құрайды.
Жоғарыда айтылғандармен қатар «аналық капитал» түсінігімен қалыптасқан екінші рет және одан кейін де балалы болғандар үшін бір реттік төленетін жәрдемақы қарастылған, оның мөлшері - 270 мың рубль ($9620 шамасында) . Аталған жәрдемақы арнайы есеп-шотқа аударылады және бала үш жасқа толғаннан кейін ғана оның білім алуына немесе отбасының тұрмыс жағдайын жақсартуына және анасының зейнетақы қорын толтыру үшін ғана мақсатты түрде қолданыла алады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы зейнеткерлер саны 1, 7 млн шамасында болса, еліміз экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде халқымыздың тұрмыс жағдайының жақсара түсуімен байланысты табиғи өсіміміз жылдан-жылға артып халқымыздың орташа жасы жылдан-жылға жасарып келеді. Мысалы 1999 жылы өмірге келген балалар саны - 220 000 болса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 330 000 жетіп отыр. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ал қазақтар саны еліміз бойынша 9 млн 350 мыңға жетіп, 77 жыл бұрынғы көрсеткішіне қол жеткізген. Алла бұйырса, үстіміздегі жылы туатын балалар саны 350 мың шамасында болады деп күтіліп отыр. Бұл еліміздің еңбек нарығының болашағына сенім тудырады. Халқымыздың табиғи өсімі осы қалпында болса, 2010 жылы Қазақстандағы қазақтардың саны 10 млн-ға жетіп, жалпы халық санының 64 пайызын құрайтын болады. Қазақ жастары үшін тұрмыс құру, отбасысы құндылықтары - мансап қуудан қашанда жоғары тұрған және көп балалы отбасы болу - ұлттық болмысымызға жат емес, сондықтан да Қазақстан үкіметіне тұрғын үй құрылысы бағдарламасын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz