Жаңа Салық кодексі немесе жаңарудың қазақстандық жолы

Жақын келешекте қазақстандықтар жаңа Салық кодексі бойынша өмір сүре
бастайды. Жаңа кодексте кейбір салықтардың ставкаларын біршама төмендету,
салықтық әкімшілік жүйені жетілдіру, экономиканың шикізаттың емес секторына
салынған жалпы жүктемені төмендету, сондай-ақ өндіруші сектордан түсетін
кірісті көтеру мәселелері қарастырылып отыр. Жобасы қазіргі уақытта ел
Парламентінің қарауында жатқан Кодекс 2009 жылы қаңтардың 1-інен бастап
күшіне енеді. Ресейлік сарапшылар Қазақстандағы салық реформасын жоғары
бағалауда және оны талқылау барысын мұқият қадағалауда. Осыдан бірнеше күн
бұрын Российская газета басылымында Василий Бирюковтың біздің елімізде
болатын салықтық реформалар бойынша шолу мақаласы жарық көрді.
Оқырмандардың назарына осы материалды ұсынамыз.
- Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан үкіметі ел парламентінің
қарауына жаңа Салық кодексінің жобасын енгізді. Елде бұл оқиғаны көптен
күткен болатын. Салық саясатының реформаға мұқтаж екендігі туралы
республикада бірнеше жыл бойы айтылып келеді. Бірақ күрделі шешімдер
қабылдауда қазақстандық саясатқа салмақтылық тән екенін естен шығармау
керек.
Көктемде Парламентте кезекті дәстүрлі Жолдауын жариялау кезінде Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, қолданыстағы Салық кодексінің міндетін
орындағанын, нарықтық қатынастарды құруға негіз бола білгенін айта келіп,
жетілдірілген жаңа құжат әзірлейтін кез келгенін мәлім еткен болатын.
Жаңа Салық кодексі республика үшін дер кезінде қабылданғалы отыр. Қазақстан
қазір дамудың жаңа кезеңіне аяқ басуда. 20-шы жылдардағы посткеңестік
шаруашылықтарды жандандыруға негізделген жетістіктер бүгінде экономиканың
жаңа салаларына инвестициялар салу мен экономиканы саралауға негізделген
жетістіктермен алмасуда.
Қазақстанда экономика саласында қабылданып отырған шаралар барлық
посткеңестік елдер үшін нәтижелі шешімдердің үлгісіне айналғалы қашан.
Соңғы кездері әлемдік қаржы рыноктарында орын алып отырған дағдарыс
жағдайында Қазақстан үкіметі салықты төмендету туралы түбегейлі шешімді
саналы түрде қабылдап отыр.
Экономикалық тоқырау жылдары Қазақстанның бірінші болып ұзақмерзімдік
дамудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын жасағанын, бүгінде бағдарламаның
өз нәтижесін беріп отырғанын еске алудың өзі жеткілікті. Республика
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін мұнай өндіруші елдер арасында
брінші болып мұнайлы емес бюджетті жасақтауға ауысты, мұнай секторынан
түсетін кірістерді жинақтап, тұрақтандырушы және жинақтаушы қызмет
атқаратын өз Ұлттық қорын құрды. Аймақтағы үздік банк жүйелерінің бірі
Қазақстанда жұмыс істеуде.
Республикада экономиканы саралауға бағыт алынды, ұлттық корпоративтік
көшбасшыларды жасау жөніндегі арнайы бағдарлама жүзеге асырыла бастады,
бизнестің жүргізілу шарттарын жақсарту және Қазақстанның инвестициялық
тартымдылығын арттыру бағытында әкімшілік шаралар қабылдануда. Бұл тұрғыдан
алғанда, республика түрлі трансұлттық корпорациялардың өндірістерін
орналастыруға тартымды алаң болу мүмкіндігіне ие.
Үкімет жаңа Салық кодексін әзірлеуі керек. Ол құжат экономиканы
түрлендіруге және саралауға, бизнестің көлеңкеден шығуына сеп болуы тиіс.
Жаңа кодекстің салық қызметкерлерінің құжат нормаларына еркін түсінік
беруін шектейтін, әкімшілік пен салық төлеушілердің мүдделерін үйлестіретін
тікелей пәрменді заң болуы қажет, деді республика басшысы Жолдауында.
Оған қоса, жаңа Салық кодексі Қазақстан Президентінің ойластыруы бойынша,
Қазақстандағы жекелеген шаруашылық субъектілеріне тым көп жеңілдіктер жасап
отырған және биліктің мойындауынша, ел экономикасындағы бәсекеге
қабілеттілікке теріс әсер етуші салықтық преференцияларды жоюы керек.
Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Президенті күрделі, көпқұрамды міндет қойып
отыр. Жаңа Салық кодексінде салық жүйесінің ашықтығын, салық салудың
бейтараптылығын, салықтық әкімшіліктің тиімділігін қамтамасыз ете отырып,
экономиканың сапалы дамуына серпін беретін жүйені де қарастыру керек.
Жаңа кодекс жобасын қарау кезінде бірінші көзге түсетіні салықтар мен
алымдардың ставкалары. Соңғы кездері орын алып отырған әлемдік қаржылық
дағдарыс жағдайына қарамастан, Қазақстан үкіметі ұзақмерзімдік стратегиялық
жоспарын ескере отырып, салықты төмендету сияқты түбегейлі шешім
қабылдаудан тайсалмай отыр. Салық төлеушілер үшін ыңғайлы және әділ салық
жүйесін жасау бизнестің көлеңкеден шығуын, шағын кәсіпкерлікті және
экономиканың жаңа ғылыми қамтымды салаларының дамуын ынталандыратын
болады, деген сенімде ел Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов.
Нәтижесінде корпоративтік табыс салығы 2009 жылы 20 пайызға дейін, 2011
жылдан бастап 15 пайызға дейін төмендетілетін болады. Оқырмандарға
түсінікті болуы үшін, біз Ресейдегі қолданыстағы балама салық ставкасын
қатар мысалға келтіріп отырамыз. Қазақстандық корпоративтік табыс салығы
дегеніміз - компанияларға салынатын ресейлік табыс салығының баламасы. Бұл
салықтың ставкасы Ресейде 24 пайызға тең. Негізгі салық ставкасын біртіндеп
төмендету қазақстандық кәсіпкерлерге айналымдағы қомақты қаржыларын
босатуға мүмкіндік береді және кодексті әзірлеушілердің пікірінше, бұл
қаржы қазақстандық өндірісті қосымша инвестициялауға жұмсалатын болады.
Корпоративтік табыс салығы бойынша өзгерістер тек оның ставкасына ғана
қатысты жасалып отырмағанын айта кеткен жөн. Жаңа кодекс авторлары
корпоративтік табыс салығының есептелуін қаржылық есептердің халықаралық
стандарттарына бейімдеп отыр. Бұл бастама, олардың пікірінше, салық
базасының мөлшерін жеткілікті анық нақтылауға және корпоративтік табыс
салығы бойынша салықтық есеп-қисаптарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Оның үстіне, қазақстандық реформаторлар шағын және орта бизнес үшін
аванстық төлемдер жасауды алып тастауды, шығындарды ауыстырудың мерзімін 3
жылдан 10 жылға дейін арттыруды жоспарлауда. Бұл прогрессивті шаралар
кәсіпкерлік үшін бизнес жүргізудің шарттарын жақсартуға және өндіріске
инвестициялардың салынуын арттыруға үлесін қосуы керек.
Қосымша құн салығына қатысты жаңалықтар да ресейліктердің ықыласын аударуға
тиіс. Қазақстанда салықтың бұл түрінің ставкасы соңғы бірнеше жыл бойы
біртіндеп төмендеп келеді. 2006 жылы ҚҚС 16 пайыз болса, қазір 13 пайыз
шамасында, ал жаңа кодекс қабылданғаннан кейін, салықтың бұл түрінің
ставкасы 12 пайызды құрайтын болады. Ал Ресейде қосымша құн салығы 18
пайыз.
Қазақстанның жаңа Салық кодексінде қосымша құн салығының ставкасын
төмендетумен қатар, қосымша құн салықтарын автоматты негізде қайтару жүйесі
де қарастырылып отыр, бұл бастама алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге
сай келеді. Алғашқы кезде мұндай қайтарым ірі салық төлеушілерге ғана,
негізінен шикізат өндіруші компанияларға қатысты болады. Қалған салық
төлеушілерге келетін болсақ, аталмыш жүйеге ену үшін олар қосымша салықтық
тексеруден өтулері керек.
Кодекс жобасына сәйкес, Қазақстанда жер қойнауын игерушілермен жасалған
келісімшарттардағы салық тұрақтылығына қатысты шарттарды алып тастау
ұсынылуда. Жоба авторларының бұл ұстанымы, барлық салықтық қарым-қатынастар
тек заңмен ғана реттелуі керек дегенге саяды.
Қазақстандық жер қойнауын игерушілер үшін қарастырылған арнайы салық
жүйесін де өзгерту қарастырылып отыр. Роялтидің қолданыстағы төлемі пайдалы
қазбалар өндіруге салынатын салықпен (НДПИ) ауыстырылатын болады. НДПИ
салығы өндірілген пайдалы қазба көлемінің әлемдік баға бойынша есептелген
құнынан алынатын болады. Бұл мәселеде Қазақстан Ресейдің тәжірибесін
пайдаланып отыр. Оған қоса, қара алтын өндіруші мұнай компаниялары артық
табысқа салынатын салықты да төлейтін болады.
Авторлар Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік үшін салық жүктемесін төмендету
жөніндегі Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасын да орындап отыр. Шағын бизнес
үшін патент негізінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz