ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
1. 2. Шетелдік инвесторларды тартудың маңыздылығы
1. 3 Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаты себебі
және формалары
2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН
ТАРТУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ
- Қазақстанға тартылған шетел инвестицияларының жалпы көлемі
- Қазіргі уақытта инвестиция тарту жөнінен Қазақстанның алатын орны
- Шетел инвестицияларының еліміздің экономикасын дамытудағы рөлі
3. ЕЛІМІЗДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3. 1. Инвестицияны мемлекеттік қолдау шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
Инвестиция- Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық ұайта жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Инвестиция латын тілінен аударғанда- жұмылдыру деген мағынаны білдіреді. Бұл термин ғылыми әне публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экоеомикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция- бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және таьыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қою мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторларымен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады: инвестициялардың түрлері, ақша құралдарын салу объектілері, инвестицияландыруға қатысу сипаты, инвестицияландыру кезеңі, меншік түрлері, инвестордың қатысу түрлері, тәуекел дәрежесі, ұдайы өндіріс түрлері. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды: ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер.
Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі: қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды, ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп. Тәуекел дәрежесіне қарай келесі түрге бөлінеді:Тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж. ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.
Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.
Инвестиция деп табыс алу мақсатындағы шаруашылық қызметіне салынатын барлық қаржыларды атайды. Экономикалық мазмұны бойынша инвестициялар- бұл негізгі капиталды техникалық қайта жарақтау мен кеңейту, құру, сондай-ақ, осымен байланысты айналымды капиталдың өзгерістері.
Жалпы және таза инвестицияларды бөледі. Жалпы инвестициялар кәсіпорынның әдетте жыл бойындағы, белгілі бір уақыт ішіндегі капиталдық тауарларды сатып алуындағы шығындарының жалпы көлемін көрсетеді.
Таза инвестициялар- бұл негізгі капиталдың жыл сайын көбеюі. Олар жалпы инвестиция мен өтелімдер арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады. Шаруашылық тәжірибесінде келесі түсініктер пайдаланылады. Айырбасталатын инвестициялар - ескірген өндірістік қорды айырбастау үшін құрал-жабдықты сатып алуға салынған қаржы. Таза инвестициялар- негізгі қордың салмағын көбейту үшін құрал-жабдықтарды сатып алу. Айырбасталатын және таза инвестициялар толық инвестицияларды құрайды
1. 2. Шетелдік инвесторларды тартудың маңыздылығы
Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2005 тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.
Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.
Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық міндеттерінің ішінде шетел капиталы үшін ел экономикасының ашықтығына, халықаралық қауымдастыққа интеграциялануға, экономикалық өсудің көзі ретінде ішкі инвестицияға бағдарлануға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты дипломдық жұмысты зерттеудің маңыздылығы және өзектілігі білінеді. Экономиканың нақты секторына сырттан инвестициялық капиталдың келуін қамтамасыз ету экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады. Экономиканың нақты секторына шетелдік инвестицияны тарту бойынша мемлекеттік бағдарламаның арқасында, көп үлесі Орталық Қазақстан аймағына келетін, республикадағы бірқатар ірі кәсіпорындар кризистік жағдайдан шығарылды. Олардың қатарында “Испат-Кармет” АҚ, “Балқаш-мыс” АҚ, Жезқазған тау-металлургия комбинаты т. б.
Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың басты тенденцияларын есепке ала отырып, сыртқы экономикалық алмасуларға белсенді қатысуға, шет елдермен өзара пайдалы экономикалық бірлестік орнатуға бет бұруда.
Осындай қарым-қатынастың негізгі бағыттардың бірі шетелдік инвестицияны өте қайшы бағалауға қарамастан, ел экономикасына тарту болып табылады. Кейбір экономистер инвестиция экономикалық тәуелсіздіктің жойылуына әкеледі деп есептейді, кейбіреулері ұлттық экономиканы құтқарудың, оны көтерудің бірден-бір көзі - инвестиция дейді.
Шетелдік инвестициялар экономиканы қайта құрудың жүруіне елеулі әсер етеді және өндірістік дамудың сыртқы факторларды тартудың теріс және жағымды салдарын объективті бағалауды, қазақстанның оның халқының мүддесіне жауап беретін, дағдарыстағы құрылыстарды жеңуді және перспективалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін инвестициялық саясат жасауды ұсынады.
Экономикалық өсу мен тұрақтылық мүмкіндігін анықтайтын шешуші фактор жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар халық шаруашылығының негізгі буыны - кәсіпорынның құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның азаматтық және шаруашылық айналым жүйесіндегі мәртебесін елеулі түрде өзгертті. Бұрын экономиканың барлық саласында артықшылыққа ие болған мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның (ұйымның) орнына жеке, аралас, акционерлік меншік негізіндегі миллиондаған кәсіпорындар (ұйымдар) пайда болып, қызмет етуде. Осының бәрі экономикалық өсу негізі болатын инвестициялық қызметті ұйымдастыру және басқару механизмін өзгертуге, ұйымның және барлық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер етті. Барлық меншік формаларындағы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тәжірибесінде нарықтық қатынастардың дамуымен бірге қаржылық инвестициялар да кеңінен тарала бастады. Акционерлік қоғамдар көбейе түсті; мемлекет, банктер, кәсіпорындар бос ақша капиталын тарту тәсілі ретінде қарызды құнды қағаздарды жиі пайдаланады. Туынды құнды қағаздар - фьючерстік келісім-шарттар, құқықтық құжат нарығы дамуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады. Бұл диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады, яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз.
Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі.
Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады, яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі.
1. 3. Шетел инвестицияларын тартудың себебі мақсаты және формалары
Шетел инвестицияларының ағымы және олардың тиімділігі қолайлы инвестициялық климатқа байланысты. Инвестициялық климатты модельдеу шетел инвесторларын тарту мен қолданудың мемлекеттік саясатын дайындаудың маңызды буыны болып табылады, өйткені ол, біріншіден, шетел инвесторына әсер етуші факторлардың жүйесін береді; екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, шетелдік серіктестердің іс-әрекетінің мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді
Еліміздің шаруашылық кешенінің қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін, өндірістік, иннвоациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін инвестициясыз мәнсіз болар еді. Бұлардың барлығы инвестиция нарығын қалыптастыруға және талдауға барлық деңгейде жаңа тиімді тәсілдерді құруды талап етеді.
Халықаралық экономикалық бірлестіктің дамуы үшін шетелден қосымша қаражат тартып, пайдаланудың тиімді формаларын таңдауымыз қажет. Қазақстан Республикасының территориясында шетелдік инвестицияның қызмет етуін заңмен қамтамасыз етуіміз керек.
Шетел капиталын тарту аймақтағы өндіріс кәсіпорындарын дамытуға ынталандырады, ал ірі өндірістік кәсіпорындар бюджетке аударымдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициясын пайдаланудың тұрақты даму жоспарымен қатар ішкі отандық инвесторларды да ұмытуға болмайды. Еліміздегі ең ірі потенциалды инвесторлар ретінде республика тұрғындары бола алады. Қазақстан тұрғындарының инвестициялық потенциалы жеткілікті дәрежеде жоғары.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды. Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек.
Шетелдік инвестицияларды тарту саясатының негізгі мақсаты - шетелдік капиталды қолдану негізінде еліміздің тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсартуды қамтамасыз ету, экономикалық артта қалушылықты жеңу және ұлттық экономиканың құрылымдық қайта құрылуымен жаңалануы.
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.
Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі - сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.
2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ
2. 1. Қазақстанға тартылған шетел инвестицияларының жалпы көлемі
Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі - таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.
Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.
Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі (90 пайызы) нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды, білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т. с. с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.
Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау.
Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында, қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.
Шетелдік несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл - кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету. /30, 56-90 б/.
Дефольттардың алдын - алу үшін жалпы макроэкономикалық жағдаймен (инфляция деңгейі, ТМД елдерімен өзара есеп айырысу мәселесін шешу, өндірісті тұрақтандыру) қамтамасыз ету қажет, құқықтық базаның тұрақтылығы, қарыз алушы кәсіпорындардың жабылу немесе қайтақұрылу жағдайында, Қазақстан Республикасы кепілдемесі аясында тартылған шетелдік несиелер бойынша міндеттемелерді беру механизмін құру керек. Мемлекеттік тізімге енген басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрақты түрде несиелерді игеру мен қарызды мерзімді өтеу мониторингін жүргізуді талап етеді.
Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды ынталандырудың маңызды факторы - саяси, әлеуметтік - экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Біздің еліміздің осы саладағы инвестициялық тартымдылығы инвесторлар құқықтарының деңгейін көтеретін бірқатар маңызды жаңа заңнамалық ережелерге ие.
2008 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 1, 7 триллион долларды құраған болатын. Қаржы дағдарысы басталғалы бері дамыған елдерге салынған капиталдар 29 пайызға азайып, 936 миллиард долларға дейін төмендеп отыр. Бірақ та, Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен ТМД-ның дамушы елдерге бағытталған инвестициялар былтыр 17 пайызға өсті. Достастық елдеріне салынған инвестициялардың 84 пайызға жуығы Ресейдің, Қазақстан мен Украинаның үлесіне тиіп отыр.
Сарапшылар 2010 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың ағымы біртіндеп көтеріледі, 2011 жылы - 1, 8 триллион долларға жетеді деп күтуде. Ірі инвестор елдердің қатарына АҚШ, Франция және Жапония жатқызылып отыр. Ал, инвестициялар үшін ең тартымды елдердің қатарында - АҚШ, Франция, Қытай, Ұлыбритания және Ресей аталуда.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz