ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
1.3. Аудиторлық бақылау (аудит)
1.4. Қаржылық бақылаудың әдістері және қаржылық бақылауды ұйымдастыру
1.5.Мемлекеттік қаржылық бақылау
2.ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
ГЛОССАРИЙ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕЛЕР
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарының құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмінде қаржылық бақылау зор рөл атқарады. Қаржылық бақылау нарықтық
қатнастардың құрамды бөлігі және мемлекттік саясатты жүзеге асырудың
құралы.
Бұл орайда қаржылық бақылаудың әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне
білудің, оның іс әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық
және ұтымды пайдалнудың әдістерімен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар
жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз
етуге тиіс неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылатынымен
түсіндіруге болады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан
ықпал жасауға мүмкіндік береді. Курстық жұмыстың мақсаты:
← Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
← Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.
← Аудиторлық бақылау (аудит).
← Қаржылық бақылаудың әдістері және қаржылық бақылауды ұйымдастыру.
← Мемлекеттік қаржылық бақылау
← Қаржылық бақылау жұмысын жаңа деңгейге көтеру
1.ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.
Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол
басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржы-ны оперативті басқару сияқты басқа
элементтерімен тығыз байла-нысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуы-
мен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын
құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың
құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау
қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық
қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі — оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының
сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта
бөлу үйлесімдерінің оңтайлығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы
(бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңы тұлғалардың еңбек,
материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді
пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да
біріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен:
әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура
келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз
байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу
қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының
көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға
сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру. Бақылауды жүзеге
асырудың негізгі қагидаттары мыналар болып табылады:
бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, омбебаптылыгы;
бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік, нақтылық, жариялылық — бұларға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
бақылаудың алаламаушылыгы (біреуге тартпаушылық);
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп — бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның
шаруашьшық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде
жүргізіледі.
Макро деңейдегі қаржылық бақылау — бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны
ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып
табылады:
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау — меншіктің барлық ныса-нындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырма-шылықтарга,
бақылау іс-қимылдарын жүгізудің уақытына, бақылауды жүгізудің тәсілдеріне
(әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша: түлері, нысандары, оны жүеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге
асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе
ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады (1 сызбаны қараңыз).
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы Кесте 1
Қаржылық бақылау
Мемлекеттік Қоғамдық
Жалпы-мемлекеВедомстволық Қоғамдық ұйымдардың:
ттік кәсіподақтардың, партиялардың,
жастардың, бұқаралық
қозғалыстардың,
ғылымитех-никалық,
мәдени-ағартушылық, спорт,
шығармашылык, ардагерлердің,
түрлі қорлардың бақылауы
Ішкі-шаруашылықтық
Парламенттік (депутаттық)
бақылау
Аудиторлық бақылау
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) -мемлекетгік қаржылық
бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу,
олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет
кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жүмыстар
мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны
пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкестігін тексеру.
Қоғамдық қаржылық бақылау — бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы.
Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге
байланысты болады.
Аудиторлық бақылау — ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны
біліктілік комиссиясы аттестаттаған "аудитор біліктілігінің берілуі" туралы
куәлік алған жеке тулга да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды,
өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық
қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық- құқықтық нысанда құрылган
коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады. Шетелдік аудиторлық ұйымдар
Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды —
Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра
алады.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала
бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай
нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылык, алдын ала бақылау ақша қорларын жасау, болу және пайдалану
жөнінідегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның
қаржылық тәртіпті бұзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда
бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып
табылатын құжаттар — бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың
жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.б. тексеріледі.
Ағымдагы қаржылык, бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде,
шаруашылық қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар материал
құндьшықтары мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын
қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген
ресурстардың пайдаланылуына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау
шаруашылық-қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады.
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын жасағаннан кейін
(бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық
органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.б.) жүргізілетін бақылау
және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған
бұзушылықтарды ашуға жетелейді.
1.3. Аудиторлық бақылау (аудит).
Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық
бақылаудың тәуелсіз нысаны — аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады,
бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше
қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен
байланысты болып отыр. Аудиторлык, бақылау — тәуелсіз аудиторлық фирма мен
шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты негізінде
қаржышаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру. Нарықтық реформалардың
терендей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің ажырағысыз бөлігі
аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың, фирмалардың,
ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың
ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста талдамалық
және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс
берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын
жасауға мүмкіндік береді.
Аудиторлык, палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі
басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қаржы аудиты деп оған уәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың қаржылық
есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы-шаруашылық қызметін
бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша
қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен
жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын ұлыбританиядан алады, мұнда XIX
ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862
жылы Англияда "Міндетті аудит туралы заң" шықты. Францияда мұндай заң 1867
жылы, АҚІП-та 1937 жылы жарияланды.
Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып,
нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20- қарашасынан бастап
"Аудиторлық қызмет туралы заң" жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге
асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңы және жеке тұлғалар, аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлык, қызмет ~ бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық
есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме
аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады.
Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
тәуелсіздік,объективтілік, кәсіби біліктілік,құпиялылық.
Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға
сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз
пікір білдіру мақсатында заңы тұлғалардың аудиттелетін субъектілердің
қаржылық есептемесін тексеру аудит болып табылады.
Аудиттің түрлері - міндетті аудит және бастамашылық аудит.
Міндетті жыл сайынгы аудитке мыналар жатады: банктер, кредиттік
серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет істейтін ұйымдар, сақтық
ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару
жөніндегі компаниялар, шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық
қоғамдар.
Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.
Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша
аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымының арасында
аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақтылы міндеттер, аудит мерзімі
мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы аудит -аудиттің тәуелсіз
нысаны, ішкі аудит — шаруашылық жүргізуші субъектісін бақылаудың
ведомстволық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші
субъектісінің тілегі бойынша және шартымен жасалады.
Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша жүгізіледі:
жоспарлау тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеуме;
аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері;
аудит рәсімін жүргізу;
аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.
Аудитор — бүл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржышаруашылық және
коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа
ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке
кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға
құқылы.
Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас:
тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының кодцаныстағы
заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызметтің қаржы-
шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік
бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар:
аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің
тиімділігін арттыруға, оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге,
клиентердің мүддесін қорғауға бағытталған. Тексеріс қызметі бірінші кезекте
мемлекеттің мүддесін қорғайды, бұзушылықтарға ықпал етудің сан алуан
түрлерін қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңдарды,
нормативтік актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объектісі арасындағы
байланыстар двцгейлес, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру
жүргізгенде сатылас, әкімшілік белгілеу ретінде болады;
аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімен аудиторлык,
қорытындыны алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді. Тексерістерді жоғары
орган немесе мемлекет төлейді;
аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен
аудиторлық тексеру нетижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды.
Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;
аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық қорытынды
мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі. Тексерістің нәтижелері бойынша акт
жасалынады, онда орындалуы бақыланатын ұйымдықтүйіндер, жазалау, міндетті
нұсқаулар және басқалары көрсетіледі;
аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпиялығын
қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы бар.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметгері сан алуан.
Оны Қазақстан Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым —
"Қазақстанаудит" компаниясының мысалынан көруге болады. Аудиторлық қызмет
көрсету, консалтингтік қызмет көрсету,бағалау және оны саралау, кедендік
кеңестер, қаржы-шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын
жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдердегі кәсіби қызмет және
басқалары — компания көрсететін қызметтердің толық еместізбесі осындай.
"Қазақстанаудит" компаниясының Астана қаласында және республиканың барлық
облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің
қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.
1.4. Қаржылық бақылаудың әдістері және қаржылық бақылауды ұйымдастыру.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен,
оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану
қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының
ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда
болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пай-даланылады:
тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру),
инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру),
қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру
(құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу,
қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы
есептерді қарау, баяндамаларды тындау, лауазымды адамдардың ақпараттары
және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді өтішуге жағдай
жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте
құжаттарды ыцгайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық
құндылықтарды тугендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау
мақсатында са-лыстыру және басқалары.
Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің
әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын жоспарлар бойынша
жүргізді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілділігін
ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің
немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың
саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудит органдары өзінің
жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.
Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын салық,
пайдалылық, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға
аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып
табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың
орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің,
кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық
қызметінің барлық жақтарын, сон-дай-ақ қаржы-кредиттің өзара
байланыстарының механизмін қамтиды.Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда
онсыз да (бас-па-бас айырбас мәмілелері, т.б) жасалынатын іс-жүзіндегі
барлык операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.
Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен
шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер,
анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша
немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға
жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия. Тексеру шоттық
немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру — бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-
қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру — бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық -
қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан
ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына
жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Экономикалық талдау — бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға
беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде
экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық оргавдардың өздері де, сонымен бірге
бақылаудың сыртқы органдары — банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шыгуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша
немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен учаскесімен танысу
жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер
негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі — тексеріс — кейінгі келесі
бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезендегі шаруа-шылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен
учаскелерін мүқият зерделеу, терең тексеру, оны неғүрлым толық қарап шығу.
Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары
бойынша да, сон-дай-ақ басқа құзырлы органдар — жоғарғы, тергеу
органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жап-пай, іріктемелі
ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы
және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-
ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шот-тар, төлем тізімдемелері,
ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны,
материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс деп белгілі бір кезендегі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір
бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы шығындар мен
шығыстарды тексеру) бағытталады.
Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде
немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржы-шаруашылық қызметінің
жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық
жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және
бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға,
жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы
нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы,
нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа
тексерулер.
Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені олардың
сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды,
жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің
материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтежиелерімен танысады;
ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің
ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағ-дарламасы,
оның негізінде тексеріс пен тексерудің жумыс жоспары жасалады.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезендерден
тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты
қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгелдеуді жүргізу; тексерілетін
объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық
қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру;
тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе
анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған
актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі анықтамасы - бұл қаржы-
шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушлықтың жай тізбесі емес, бұл
тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы
дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған
бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі
адамдарға шара қолданылады.
Қаржы бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен,
бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп
анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс
ұйымдастырумен анықталады.
Жалпымемлекеттік қаржылык бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың
мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының
Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардыц жиналыстары,
жергілікті окімшілік органдар. Бақылаудың бүл түрін Рвспубликалык,
бюджеттіц атқарылуына бак,ылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.
Ел басының жарлықтарының, қаулыларының және әкімдерінің атқарылуын
бақылауды ұйымдастыру, аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың
атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында Президент аппаратында
жұмыс істейтін ұйымдық- бақылау бөлімі бар. Жалпы Президент аппараты
министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің және
мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге
асырады. Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою
жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін
тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту
жөнінде ұсыныстар жасайды; Президент актілерінің атқарылмауына немесе
тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды,
себептерді және талаптарды жою женіндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке,
әкімшілік басшыларына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп
отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін
органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат-тарды алуға
тиісті өкілеттік берілген.
Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік
сатып алу комитеті және аумақтық қаржы органдары
әлеуметгік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар,
смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын,
толымдылығын және дер кезділігін, мемлекеттің қаражаттары жұмсалуының
заңдылығы мен мақсатқа сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және
есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің
маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт-импорттық
операцияларды валюталық бақылау болып табылады.
Қаржы министрлігінің Салық комитеті, оның аумақтық органдары есептелген
салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімдер мен
айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық
тексерулерді жүзеге асырады.
Экономика мен қаржы қызметі сферасында қаржы тәртібін сақтауға
Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмыстылықпен күрес
жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) де қатысады. Ол заңмен белгіленген
өкілеттіктері шегінде жеделіздестіру қызметін, алдын ала тергеу және
анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сферасында
адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық
және құқыққа қайшы езге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға,
жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік (қаржы полициясы) органдарының негізгі міндеттері мыналар
болып табылады:
1) өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін,
кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары
мен мүдделерін қамтамасыз ету;
2) салықтарды төлеуден жалтарынуға байланысты қылмыстардың, экономика
мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын
алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес
ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
4) Агенттік (қаржы полициясы) органдарының қарауына жатқызылған
мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Агенттіктің (қаржы полициясының) аумақтық және маман-дандырылған
органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның
функцияларын жүзеге асырады.
Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және
де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады.
Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру.
Салалық басқармалардың (бөлімдердің) мамандары тексеріске ревизиялық
бригадалар құрамында тартылады.
Ведомстволық қаржылық бақылауды республика министрліктері,
ведомстволары, жергілікті органдардың басқармалары мен бөлімдері
ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге жүргізеді.
Ведомстволық қаржьлық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау
нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының
жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау
объектісі ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары болады.
Ішкішаруашылыштық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің
экономикалық службалары - бухгалтериялар, қаржы бөлімдері және т.с.с.
жүргізеді. Бұл орайда бас (аға) бухгалтер маңызды рол атқарады. Мұнда
субъектінің өзінің, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және
қаржы қызметі бақылаудың объектісі болып табылады. Әр шаруашылық
органдарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкішаруашылықтық бақылауды
жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау - тексеріс бөлімдері,
топтары құрылады. Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық
нысандарда жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері тексерулер мен
тексерістер болып табылады. Коммерциялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz