НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
1. НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
6
1.1. Несиенің құрылымы
1.2. Несиенің функциялары
12
2. НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ 15
2.1. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері
2.2. Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы
24
2.3. Несиенің қызметі және несиелендіру прнципі
26
ҚОРЫТЫНДЫ
29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
31
КІРІСПЕ
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады.
Кредит деген сөз, қарыз, несие деген kredo - снемін деген мағына
береді. Ол экономикалық дәреже ретінде әртүрлі экономикалық қоғамдарда
қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым
формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша
қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде
қоғамның дәулетті топтарынан шыққан.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды
ұқсастығы олардың бір атаумен – несие - бекітіледі, бірақ әр түрлі
дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге,
мазмұнға,табиғатқа ие. Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай
отырып, өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық
шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты
несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі
ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы
болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн
қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына
өткен уақыттан бері дамып келеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылардың халық
шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық
өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар
палданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына
тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп
алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталынатын
әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының
алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар
болды. Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске
асыру үшін ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек.
Сондай-ақ несиелік қатынастар құрылымының эелементі, яғни кредитордан
қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері
қозғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы – оның авансылану сипаты. Несие,
қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып қарыз алушының иелігіне
түсуі керек.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ
ашылады. Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын
оныңнегізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік
байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория
ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін.
Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға
қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып,
өндірістік қатынастар тобына жатады. Несиелік мекемелер ақшалай
қаражаттарды банкаралық нарқтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген
мақсатқа облигациялық қарызарды да белсенді пайдаланады. Несиенің атқаратын
қызметінің бірі – нақты ақшаны несие операциялармен алмастыру. Тауарлы
шаруашылықта нақты ақшаның орны операцияларын жүргізу үшін қажетті
жағдайлар жасалған. Сатылып алынған таарлармен көрсетілген қызметтер үшін
қолма-қол ақшасыз бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін
қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын
кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады.
1. НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1. Несиенің құрылымы
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі
туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты өзгеріссіз қалады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде
бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден турады.
Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы
болады. Кредиторлар немесе қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен
тауар айналысы негізінде жүреді.
Сатып-алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының оларды ақшалай
эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы
тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма-
қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаны өкілі немесе болашақтағы ақшаның
өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы – қарыз беруші, ал
сатып алушы – борыш қор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте
эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленеді жүзеге асатын
жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болады.
Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық
қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқа
өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор – саудагер, көпес
тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен
тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен
тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.
Кредитор – несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар
есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен
де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған
қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар
ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын
ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады.
Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті тағы болып кееді. Борышқор және қарыз алушы – бір-біріне
жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш – міндетті жалпы сипаттайтын
анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз
алушы туралы айту керек.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары
мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде
кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың
бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор
және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында турады. Кредитор анағұрлым
жоғары қарыз пайызына мүдделі болса қарыз алушы – анағұрлым арзан несиеге
мүдделі.

ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады: несиені
орналастыру (НО), қарыз алушылардың несиені алуы (НА), несиені пайдалану
(НП), ресурстардың босауы (РБ), уақытша алынған құнның қайтарылуы (ҚҚ),
несие формасында орналастырылған қаражатарды кредитордың алуы (ҚА).
(НО) – оның қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор өзінің ресурстары
анағұрлым тиімді (рационалды) формада орналастырылғанына сенімді болуы
керек. Банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына сәйкес несие
береді – қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы. (НА) қарызға
берілген құнның белгілі бір уақытқа ұсынылғанын білдіреді. НП процесінде
берілу объектісі ретінде оның тұтыну құны өткізіледі. (РБ) қарыз алушының
шаруашылық процесінде құнның шеңбер айналымы актінің аяқталуымен
сипатталады.
Несиенің экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз
мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды;
оны осы мәміле негізінде пайда болатын байланыстар немесе жүзеге асу
формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады:
біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден,
әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе
одан өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер
тұрғысынан несиені оның техникалық-заңдылық белгілері жағынан тауарлар
айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде
қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе
құқықтық категория ретінде танылады. Несиені экономикалық құбылыстардың
мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда
несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.
Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар журеді. Біріншіден, тауар тек
натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады.
Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады.
Екіншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болады;
үшіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы
үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті, өз меншігінде тауарды
иелігінен шығара отырып, басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік
иелері ретінде бір-біріне қараша-қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарыққа айырбас арқылы
жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда
болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері,
экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға
ретінде бір-біріне қараша-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеуі қажет.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қол өнер,
крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі.
Барлық кезде бір анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық,
бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы
мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық
жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның
негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік

өндірістік қатынастар тобына жатады.
Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп
аталатындарды құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір
сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бр қоғамды құрайды.
Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін ұдайы қамтамасыз ету
қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық
субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай, өндірістік және тауарлы
формада бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрлі.
Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік
құралдарында айналуы жүреді: ақшалай қаражаттарға өндірістік құралдары
сатып алынады. Өндіріс процесінің екінші сатысында ақшалай қаражаттардың
тауарға айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс
құралдары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда
тауар өткізіледі, сөйтіп қайтадан ақшаға айналады.
Ендігі кезекте осы тақырып мазмұнын келесі тақырыпшада ашпақшымын.
Өндірістік капиталдың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға
ауысуымен туйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің процесі,
капиталдардың шеңбер айналымы болып табылады.
Капиталдардың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы – бұл капиталдардың
айналымы. Өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай
формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді.
Негізгі капиталдың қозғалысы процесінде мезгіл-мезгіл ақшалай
ресурстар формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс процесінде
ұзақуақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауарқұнына бөлшектеліп
ауысады. Негізгі капиталдар құнының ақшалай формада бірте-бірте қалпына
келтірілуі босаған ақшалай қаражаттардың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына
әкеліп соғады. Бұл кәсіпорн оларды тозған еңбек құралдарының орнына
жаңаларын алу үшін; соның ішінде кезекті жаңа машиналар мен механизмдерді
алу үшін жеткілікті белгілі бір саланы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана
алады.
Негізгі капиталдар құнының қозғалысының бірі – қалыпсыздығы,
капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының және олардың шеңбер айналымы
сатылары бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір
кәсіпорындарда еркін ақшалай қаражаттар пайда болса, басқаларында олардың
жеткіліксіздігі пайда болады. Айналым капиталы құнының қозғалысымен
байланысты осындай көрініс туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының
ұзақтығы тым әр түрлі. Уақыт бойынша ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын
өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар айналысының уақыт бойынша
сай келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі
импорттық қойлымдармен тауарлы – материалды құндылықтарды бір реттік
әкелумен және басқа факторлармен байланысты болуы мүмкін. Қаражаттар
қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды жөнелтумен байланысты пайда
болады. Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды өткізуден түсім алу мерзімімен
әрқашан сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірісті
орнының оларды тұтыну орнынан көп жағдайда алыс орналасуынан, сонымен бірге
тауарды өткізу нарығынан бұл алмақтық едәуір болуы және уақытша бос ақшалай
қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін.
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдың шеңбер айналымы
және айналымы несиенің объективті қажеттілігін толық түрде түсіндіре
алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымы мен
айналымның кеңістікте бірқалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буында
босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу фактін
сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдардың шеңбер айналымы және
айналымында несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.
1.2. Несиенің функциялары
Экономикалық теорияда функциялық деп құндық категориялар мәнінің
көрінісі түсіндіріледі. Демек, несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше
көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің функциясы – оның мәні емес, тек
осы мәнінің көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез келген көрініс оның
функциясы ретінде ерекше.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды.
Біріншіден, бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті
сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе
отырып орындайтын белгілі бір жұмыстың көрінісін сипаттайды. Екіншіден,
несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие
өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес,
олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір
кезеңде несие өзінің қозғалысының белгілі бір сипатында болады, сондықтан
өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды.
Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы
функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты.
Үшіншіден, функция – бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің
мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция
несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.
Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпы
несиелік қатынасқа жататындығынан түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер
ол тең дәрежеде несиелік мәміленің екі қатынасушысына да қатысты болса
ғана, оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.
Несиенің теориында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады: қайта
бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.
Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынас айырбас процесінде
уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілуі жолымен қайта бөлу сатысында
пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесінде қайта оралады.
Осыған байланысты несиенің қайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші
жағдайда кредитор қарыз мәмілесі арқылы қарыз алушыға тауарлы – материалдық
құндылықтарды бере алса, басқа жағдайда ақшалай қаражаттарды береді, бірақ
екі жағдайда да беру объектісінің формалары әр түрлі болғанымен оның
мазмұны біреу- құн қайта бөлінеді. Осылайша, қайта бөлу функциясының
көмегімен құн қайта бөлінеді.
Қайта бөлу қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай
түрлерге бөлінеді: аумақ аралық, салааралық, салаішілік және
шаруашылықаралық. Қайта бөлудің барлық түрлернде берілген құнға меншік иесі
өзгермейтінін ескере кету керек. Берілген құнға меншік иесі кредиторда
сақталады.
Егер несиелік қатынасқа кредитор мен қарыз алушы ретінде олардың
орналасқан жерлеріне тәуелсіз әр түрлі заңды тұлғалар түсетін болса, құнның
қайта бөлінуін аумақаралық деп айтуға болады. Салаішілік айта бөлу салалық
банктерден несие алған кезде орын алады. Егер құн бір саланың өкілі болып
табылатын кредитордан, басқа саланың кәсіпорны болып табылатын қарыз
алушыға берілген жағдайда несиенің көмегімен салааралық қайта бөлу орын
алады.
Егер кредитор бір шаруашылық субъектісінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын тартып, оны басқа субъектілерге қарызға беру көзі ретінде
пайдаланылса, онда құнның шаруашылықаралық қайта бөлінуі орын алады.
Несиенің қайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері
бар:
• Біріншіден, несиенің көмегімен тек материалдық игіліктердің,
өндіріс құрал жабдықтарының және тұтыну затының, яғни бір жыл
ішінде өндірілген жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп қоймайды.
Сонымен қатар елдің экономикасының дамуының алдыңды кезеңдерінде
жасалған құн да қайта бөлінеді;
• Екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта
бөлінуін қозғалмайды, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін сөз
етеді;
• Үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша босаған құнды
уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады;
• Төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған құнның берілуі
нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік
мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады;
Несиенің тағы бір функциясы ретінде несие ақшалардың орнын несиелік
операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың
орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Қарызға берілген құнды тауарлы – материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара
талаптарды есептеуді аяқтау, аккредитивтерді ашу, тұрғындардың тұтыну
тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолма-қол ақшалай
төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем
айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады.
Қазіргі тауар шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына
енуі ақшаның жалпылама орнын бас функциясын орындамайды, ал экономикалық
айналымда олардың уақытша орнын басу функциясын орындайды. Қарыз алушының
алған және шаруашылық, айналымына енген қарызға берілген құн ақшаға тән
жұмысты орындай бастайды.
Нақты ақшалардың орнын несиелік операциялар басуының келесідей
алғышарттары бар:
• Біріншіден, банктік жүйенің дамуы және төлем айналымын
ұйымдастыруда оның ролінің жоғарылауы;
• Екіншіден, экономикада төлем міндеттемесі немесе талабы бар төлем
құжаттарының дербес айналысы;
• Үшіншіден, Орталық банктердің несиелік ақшаларды эмиссиялауды.
2. НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында
толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені – коммерциялық ал ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды.
Қалған несиелер осы екі форманың тәжірибеде қолданылуынан туады.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауарлы
көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының
объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің
ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның
мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және
көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді тауар етеді. Қандай да бір
тауар өндіруші өз таарларын нарыққа ұстанған кезде осы тауарды қажет етіп
тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін.
Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық
несиенің құрылымы вексельді жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол
оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельге
көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің
шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің
резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы
коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес
капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммециялық несие өзінің
бағыты бойынша шектелген оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал
жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы,
машина құрылыс кәсіпорынның иесі тоқыма станктарын несиеге тоқыма
фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы кәсіпорынға коммерциялық несие
бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал жабдығы бола
алмайды.
Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын – төлемді
кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданады. Бұл ұзақ және орта
фирмалардың төлем қабілеттілігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен,
банктік қарыз алудың қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық
кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен
міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30%-ға жетеді, француз фирмаларыныкі -
20%-25%. Олардан кейінгі орында ағылшындық – американдық және германиялық
компаниялар кіреді. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі
шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатар кредитор және
қарыз алушылар ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие
алатын ірі компаниялар да пайдаланады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынадай: қарыз келесімі – аясы тар
мақсаты емес, ал алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Келісімі
тауарлардың өткізілуін жеңіл жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі
жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке
анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдыруды ең жоғарғы мерзімі 90 күнге
бөлінеді.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде
мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша
мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ, әдетте
анғұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта
несиенің басқа формаларына жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі
формасының банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалдарында көрінеді.
Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы мәселе вексель арқылы банкте басқа
сападағы несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының
қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық
несиенің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем
мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есепте алатынын біле отырып өз
клиенттеріне ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді
есептеу механизмі кәсіпорындарды сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды
ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Соңғы 10 жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс
нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстарғандағы
артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық (роль) несие көбінесе бағынышты роль
атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің
өзгерістері көрінеді. Коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі – ол тауар түрінде берілетін несие.
Коммерциялық несиенің артықшылығы мен қатар кемшіліктері де бар. Уақыт
шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа
төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады:
тауарларды төлеу мерзімі жие бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың
қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың
шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел тұғызады. Тәуелді кейінге
қалдыру банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді. Бұл кемшіліктер
коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің
қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz