Жарнаманың қызметтері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Жарнама туралы жалпы түсінік

2. Жарнаманың қызметтері

3. Ақпарат беру құралдары бойынша жарнаманы жіктеу

4. ҚР заңнамасына сәйкес сыртқы жарнаманы орнату талаптары

5. Салық төлеу тәртібі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды
тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы
әрекеттер. Жарнама латын тілінен аударғанда айқайлау (recIamare) ұғымын
сипаттайды.
АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы бойынша, жарнама дегеніміз
тауарларды, қызметтерді, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған
кез - келген әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып
, анағұрлым тиімді тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып әлуетті
тұтынушылардың назарларын жарнамалау обьектісіне аудару үшін орындалатын
ақылы қызметтер деп анықталған.
Жарнама ерекшеліктері:
➢ қоғамдық сипаттама алады;
➢ үгіттеуге қаражат қабілеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің
хабарландыруын, бінеше рет қайталай алады;
➢ мәнерлік – түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге
болады;
Қазіргі жарнама әкесі аталған Альберт Ласкер оған мынандай
түсініктеме береді. Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда. Осындай анықтама
радио мен телевидение пайда болмай тұрып берілді. Бұл кездерде жарнаманың
ауқымы мен сапасы бүгінгімен жер мен көктей айырмашылығы бар еді. Жарнама
жайлы әртүрлі анықтамалар бар. Ол қатынас өтім ұйымдастыру, эканомикалық
және әлеуметтік процесстер – қоғаммен байланыс жасаудың бірден-бір көзі
болып анықталуы мүмкін. Сонымен, жарнама – бұл ақпарат беру, әдетте
төленетін және сенім пікірін тудыратын құрал. Ол көбіне өнім мен жарнама
таратушының ойын іске асырумен айналысады.
Жарнама түрлі топтағы адамдарға көзделіп жасалған, яғни барлығын
хабармен қамтуды мақсат етеді. Түрлі топтағыларға: рок-музыканы ұнататын
жасөспірімдер мен классикалық, баяу әндерді таңдайтын қарт адамдар. Бұл
кезде жарнама осындай топтағыларға арнайы жасалған қимыл болып саналады.
Қызмет атқарудың басым бөлімі – жарнама, мазмұны мен мақсаты жағынан
сендіру, өзіне идея, тауар, қызмет көрсетуге жаңа пайдаланушыларды қаратуды
нысан етеді. Алайда, белгілі жарнама таратушылар, мысалға құқық және заң
жұмыстарын шешіп беру мақсатында жасалған хабарлама тек ақпарат беру
орнында жүреді және ол ешқандай сендіру мақсатын көздемейді.
Материалдық тауарды жарнамалаудан қатар банк қызметтері, сұлулық
салондары, машина сатумен айналысатын дүкендермен жарнамалық байланыс
жүргізу өте маңызды. Барлық өсу дәрежесінде жарнама ой насихат шеңберінде
қолданылады: эканомикалық, политикалық, экологиялық, діни және әлеуметтік.
Хабарландыру жарнама болу үшін, жарнама беруші өзін таныстыру шарт.
Әрине, жарнама беруші өзінің атын аталғанын қалайды. Ондай жағдай
болмағанда жарнаманың мән-мағынасы болмағанмен тең. Дәстүрлі БАҚ-тың
(телевидение, радио, газет, журнал, маңдайшалар) – дан басқа жарнаманы
тарату: пошта, метро, трамвай, адамдар көп жүретін жерлерде кездеседі. Және
де бұл жарнамалаудың тиімді түрінің бірі.
Жарнама барлық жерде қолданылады. Онымен ұйым бейнесін қалыптастыру
үшін қолданылады (абыройлы жарнама), маркалы тауарды ерекшелендіру
мақсатында (марка жарнамасы), сату жайлы ақпарат тарату, қызмет көрсету
(рубрикалық жарнама) төмен бағамен сату жайлы хабарландыру (төмен баға
жарнамалары).
Таралу масштабына қарай: глобальді (бүкіл әлемдік), мульти – ұлттық,
бүкіл ұлттық, аймақтық, қалалық, жергілікті.
Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе үй жайындағы реклама
берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама
рөліктерінің ойналуы).
Жарнама құралдарын 5 үлкен топқа бөлуге болады: баспасөз, телевидение,
радио, жарнама, кино.
Жарнама тағы да көркемділік безендіру жағынан: қара – ақ, біртүсті,
екі түсті, түрлі – түсті, мәтінді, суретті, фото, пайдаланылған және де
затты жарнамалар: брелок, оттық, қалам, кәдесый, т.б. Сонымен қатар тірі
жарнамалар да бар. Бұған модельдердің дүкендерде жүріп, атақты фирма киім
үлгілерін көрсету жатады.
Жарнаманың негізгі функциялары:
-экономикалық (утилитарлы) – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру.
-ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат
беру.
-маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп
болады.
-қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады.
-тәрбиелі (ұйымдастырулы) – жарнаманың бұқара санасына әсер етуі.
-мәдениетті – эстетикалық қанағаттанушылықты толықтырады.
Жарнама мақсаты:
-сауда нарығын кеңейту
-бұқараға тауар жайлы хабарлау
-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру
-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау
-қарсыластарға тойтарыс бере алу.
Сонымен, жарнама – бұл ой, және де оны пайдаланушыға жеткізе білу шарт.

Жарнама қызметтері:
➢ Клиенттерді тарту — оларды жаңа тауарлар, қызметтер, жаңа сатылымдар
жайлы ақпараттандыру. Жарнамалық хабарламаларда, асылында
жарнамалаушы компанияның клиенттері тартатын бәсекелестік
артықшылықтары, жетістіктері жазылады.
➢ Сатуды арттыру — жарнама маркетингтің құралы іспеттес, сатылым
көлемінің артуына әсер етеді. Алайда клиент жарнамадағы дүкеннің
(компания, банк, сервис және т.б.) үлесіне таңдау жасау үшін бір ғана
жарнама азшылық етеді. Егер клиент жарнамалаушы компанияға келсе
немесе қоңырау шалса , оған жарнамадағы жазулармен бірге, ондағы
уәделердің шынайылығы маңыздырақ болуы мүмкін. Клиетті қалай қарсаы
алады, ол сөрелерден қандай тауарлар көре алады, қандай бағаны
қалтасы көтереді – міне осы сияқты көптеген факторлар сатылымның
көтерілуі немесе түсуіне әсер етеді. Жарнама тек бағыттап, есте
сақтауға көмекші құрал сияқты.
➢ Тауар өтімін реттеу — егер жарнаманың бұл қызметін ұмытар болсақ,
кері имидж қалыптастыруымыз ғажап емес. Тауар санының жарнама
кампаниясы (сіздің және клиентіңіз) күткендей сәйкес болуын есте
сақтау керек. Егер (мысалы) күзгі киімдердің жиынтығы сатылып кеткен
болса, жарнаманы назардан алып, БАҚ-қа жариялауды тоқтату керек.

Жарнама түрлері
Жарнама түрі оның мақсатымен тығыз байланысты, ал мақсат өз кезегінде
тауар, жұмыс немесе қызмет тұтынушыларына бағытталады.жарнаманың түрін
таңдамас бұрын, мақсатты анықтап алу қажет:
✓ тұтынушыдан аталмыш тауар, қызмет туралы белгілі бір дәрежеде білім
деңгейін қалыптастыру;
✓ тұтынушы ойында нақты фирма образын қалыптастыру;
✓ тауар, қызмет түріне деген қажеттілікті қалыптастыру;
✓ фирмаға дұрыс көзқарас қалыптастыру;
✓ аталмыш фирмаға тұтынушының келуін қамтамасыз ету;
✓ дәл сол тауарды сол фирмадан алуға тұтынушыны бұру;
✓ тауар өтімін немесе қызметті қолданысқа енгізуді ынталандыру;
тауарайналымды жеделдету;
✓ аталмыш тұтынушыны сол тауардың тұрақты сатып алушысы
✓ фирманың тұрақты клиенті етуге тырысу;
✓ басқа фирмалармен сенімді серіктес ретінде байланыс орнату.

Ақпарат беру құралдары бойынша жарнаманы жіктеу

Сыртқы жарнама (визуалды) – ашық аспан астында орналасқан арнайы
уақытша немесе стационарлы құрылымдарда бекітілетін мәтін, графикалық
түріндегі жарнама, сонымен қатар ғимараттардың, үйлердің жоғары бөлігінде,
көше жабдықтары элементтерінде, көшесің жүретін бөлігі немесе жол
бойларында орналасқан түрлері.
❖ Билбордтар мен тақталардағы жарнама
Биллбордтардың мәлімділігінің өсуі, ең алдымен олардың орналасуына
жеңіп алған орындарына әсер етеді. Ең маңызды трассалар мен магитральдарда
орналасқан биллбордтар, ереже бойынша жүргізушілер мен жолаушылардың
назарындағы қолжетімді құралға айналады.
Бүгінгі күні Қазақстанда жарнамалардың 3 м. Х 6 м. өлшемді сериялық
тақталар көп тараған. Плакаттардың салдарлы өлшемдері - 9 ш. м.-ден 36 ш.
м. – ге дейін – суретке күш және айбат береді. Көлемі ұлғайтылған жарнама
бейнесі (сүт пакеті, шоколад бөліктері және т.б.) назар аударып қана
қоймай, таң қалдырары сөзсіз. Жарнаманың шығар бөлігі кеңістігін ұлғайту
тақтаның ауқымын ғана үлкейтіп қоймай, тың шығармашылық шешімдер қабылдауға
мүмкіндік береді.
Жарықтандыру жарнама плакатының әсерін еш жоғалтпайды. Қоғамдық
биллбордтардағы жарнама күні-түні, жұмыс күндері де, мереке күндері де
жұмыс істейді. Жарнама берушіге прайм-тайм немесе қарбалас кезең үшін
қосымша қаражат төлеудің қажеті жоқ: биллбордтарға арналған прайм-тайм
тәулігіне 24 сағат қызмет етеді. Қуаты күшті лампылармен жарықтандырылған
биллборд кешқұрым сағаттарда және қараңғы түнде жолдың көңілсіздігін
жасырып, көздердің шаршауына жол бермейді және жүргізушіге өзіндік
маяктармен қызмет етіп отырады.
Оқшау тұрған тақталар, ереже бойынша қозғалыс көп трассалар мен
магистральдарға, көлік ағындарының көп болатын қиылыстарына, жекелеген
жолақтар бойында орналастырылады. Тақталардың маңызды бөлігінің екі жағы
болады. Бөлінген жол жолақтарында орналасөан тақталарға жақтарды таңдау
маңызды роль атқармайды. Көлік ағынына көлденең орналастырылған тақталардың
беткі жағына байланысты құны артқы бетінінің құнынан 30 пайызға артық.
❖ Призмавижен құрылғысында орналасқан жарнама
Жедел және қайталанып ауысып отыратын тақтадағы үш бейне – бұл жаңа
идея емес. Адамның көзі кеңістіктегі аздаған өзгерістерді тез байқайды.
Американ ғалымдарының зерттеуінше, 2000 –нан астам адамның 91 пайызы
өзгеріп тұратын бейнелерді байқаса, жүргіншілердің 19 пайызы ғана аналогтық
статистикалық суреттерді байқайды екен.
Призмаларды қолдану техникалық және жарнамалық мақсаттар үшін өте
таптырмас әрі сәтті шешім болды. Prismavision құрылғысының үсті тығыз
орналасқан үшжақты призмадан тұрады, өз осінің айналасында осы призмалар
айналып тұратындықтан бейне өзгеріп отырады. Үш суреттің тез өзгеруі (бір
секунд ішінде) және болжамсыз фактор мен кезекті сюжеттің айқындылығы
адамның назарын аударып қана қоймай, оны эмоционалды жағдайда ұстайтынын
атап өту керек.
Prismavision үшін галогенді жарықтандырғыштармен немесе күндізгі
жарық лампалы сыртқы жарықтандырғыштар пайдаланылады.
Prismavision төбе құрылғысының көлемдірек болуы және тиімді
орналасуы жаяу жүргіншілерді ғана емес, көлік кептілісіндегі
жүргізушілердің де назарынан тыс қалмайтыны анық.
❖ Аялдамалардағы және лайтпостерлердегі жарнама
Көлікті күте отырып жолаушылар түрлі бояулы плакаттарға қарайды. Көбінесе
мұндай байланыс ұзақтығы аздаған секундтардан тұрмайды, көлік күтудің бар
кезеңінде 10 минутқа дейін болуы мүмкін.
Жарнама өрісінің стандартты өлшемі - 1,2 м. х 1,8 м. Жарнама ілінетін
тақтаның биіктігі - 2 м.-ден 2,3 м., құрылымның түріне байланысты; мұндай
биіктік суреттің жаяу жүргіншінің және жүргізушілер мен жолаушылардың көз
деңгейіне мөлшерлес болады.
Барлық павильондар мен лайтпостерлер екі жарнамалық жақ пен ішкі
жарықтанғыштан тұрады. Павильондардағы жарықтандырылған жарнама тақталары
кешке және түнгі мезгілдерде ерекше көзге түседі, жарнама плакаттары тәулік
бойы қызмет етеді және жоғары дәрежеде жарнамаға тиімдірек. Сонымен бірге,
олар жарнама бейнелерінің тартымдылығын күшейте түскен сайын қауіпсіздікті
сезінуге әсер етеді.
Павильондардың функционалдығы мен лайтпостерлердің аздаған өлшемдері
оларды қаланың орталық аудандарына – көлік көп шоғырланған магистарлдар,
қиылыстарда, сонымен қатар жіңішке тротуарлар мен жүргіншілер өткелдері
тұсына орналастыруға мүмкіндік береді.
❖ Ғимарат шатырына орнатылатын жарнама құрылғылары
Бағалы, бірақ сыртқы жарнаманың өте беделді және элитарлы түріне
жататын түрі жарық шатыр құрылғылары болып табылады. Шатыр құрылғыларындағы
имидждік жарнама фирманың өркендеуін, тұрақтылығын және қаржылық жетістігін
айқындайды. Бірнеше шақырымнан көрінетін, орталық және басты
магистарльдарда орналасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар мен қызметтер жайлы тұтынушыларды ақпараттандыру
Жарнама және өткізуді ынталандыру
Жарнаманың банк қызметінде алатын орыны
Маркетинг коммуникациясының негізгі түрі – жарнама
Маркетинг жүйесіндегі жарнама рөлі
Жарнаманың түрлері Жарнаманы дайындау технологиясы
Толық циклді жарнама агенттіктеріне сипаттама, мінездеме беру, олардың қызметтерін айқындау
Тауарлардың қызметтердің материалдық емес түрінің жарнамасы
Интернет арқылы жарнама
Жарнаманың тарихи кезеңдері
Пәндер