Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшалық қызмет.
1) оны жүзеге асыратын органға байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік
қаржылық бақылау;
2) бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті
мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін болып бөлінеді.
 2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
3. Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейдегі сыртқы
мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
4. Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі
орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
5. Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан
Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау
қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге
асырады.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау
жөніндегі орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына
бекітілген жоспар бойынша жүргізеді.
Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың
тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың
мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) кешенді бақылау – бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін
барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау – бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін
жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың
негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін
үшінші тұлғалардың бақылауы;
4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа
мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.
1. Ішкі бақылау қызметі:
1) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру
мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық
бағыныстағы ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды
жүргізеді, мемлекеттік органның бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде
ұсынымдар береді;
3) мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де
заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады;
4) мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының
іске асырылуын бақылауды, нәтижелерді бағалауды  жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы
мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және
(немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды
анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;
7) бақылау объектілеріне жіберілетін  ұсынымдардың және бақылау
нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын
бақылауды жүзеге асырады;
8) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды,
анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен
сұратады және белгіленген мерзімде алады;
9) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің
бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;
10) мемлекеттік органның басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының
өзара іс-қимылы:
1. Бақылау жүргізу мақсатында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
келісілген мерзімдерде жоспарлары және жүргізілген бақылау іс-шаралары
туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісім бойынша бірлескен
қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен
бақылауды жүргізеді.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау актілері мемлекеттік
қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келген кезде бақылау нәтижелерін
өзара таниды.
4. Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік
қаржылық бақылау нәтижелері туралы мәслихаттардың тексеру комиссияларынан
өкілді органның шешімі негізінде ұсынылуы мүмкін ақпаратты сұратуға құқылы.

5. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде
қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған
жағдайда, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау материалдарын
құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді
қарауға уәкілетті органдарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Қаржылық бақылау туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті
Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қаржылық бақылауы: түрлері, нысандары, әдістері
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы туралы
Қаржылық бақылауды ерекшеліктері
Пәндер