Метеорологияның даму тарихы. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым. Қазақстандағы метеорологияның дамуы.


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: « География және табиғатты пайдалану »

Кафедрасы: «Гидрология және метеорология»

СӨЖ

Тақырыбы: «Метеорологияның даму тарихы. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым. Қазақстандағы метеорологияның дамуы. »

Орындаған: Жиенбекова А. Т.

Тексерген: Жексенбаева А. К.

Алматы-2018 жыл

Мазмұны

I. Кіріспе . . . 3

II. Негізгі бөлім . . .
1. Метеорологияның шешетін мәселелері және зерттеу
әдістері . . .
2. Метеорологияның даму тарихы . . .
3. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым(ДМҰ) . . .
4. Қазақстандағы метеорологияның дамуы . . .

III. Қорытынды . . .

IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Ауа райы біздің күнделікті істейтін әрекеттерімізге, жұмысымызға, денсаулығымызға және жайлылығымызға әсер етеді. Біз ауа райының қолайсыз жағдайлары кезінде немесе таза ауада өткізетін шараларымыз болмаса, көпшілігіміз ауа райына шамалы ғана назар аударамыз. Дегенмен, барлығымыз ауа райы деп атайтын феноменнен басқа физикалық қоршаған ортаның біздің өмірімізге әсер ететін бірнеше аспектілері бар.
Метеорология атмосфераның ғылыми-зерттеулері мен біз күнделікті айтатын ауа райы феномені болып табылады. Геология, мұхиттану, астрономиямен қатар метеорология жер туралы ғылымдардың бірі-біздің ғаламшарымызды түсінуге жәрдемдесетін ғылым. Жер туралы ғылымдар арасында қатаң шекара жоқтығын ескерген жөн, бұл ғылымдар бір-бірімен байланысты. [1]
Метеорология-біздің ғаламшарымыздың ауа қабатымен физикалық процестерді, олардың үстіңгі бетінен және ғарыш кеңістігімен өзара байланысы туралы зерттейтін ғылым. Ғаламшарды бірнеше айналамалы эллипсоид ретінде қарастыруға болады. Жердің экваторлық радиусы поляр радиусынан үлкен. Тіпті үлкен эллипсоид - атмосфера болып табылады. Бүгінгі таңда полюстерде атмосфераның тік мөлшері шамамен 28000 км, ал экватордан 42 000 км-ге жуық. Бұл биіктіктерге дейін жердің ауырлық деңгейі бөлек ауа бөлшектерін ұстай алады. Атмосфераның өткір шекарасы жоқ. Атмосфера біртіндеп планетааралық ортаға айналады. [2]
Метеорология (гректің meteora-атмосфералық құбылыстар және logos-ілім деген сөзінен шыққан) - жердің ауа қабаты -атмосфера туралы ғылым. Оның құрылысын, құрамын, қасиеттерін, онда жүріп жататын физикалық және химиялық процестерді олардың жер бетімен әрекеттесуін және де ауа массасының қозғалыстарын зерттейді. Яғни, метеорологияның зерттеу объектісі-атмосфера. [3]

1 . Метеорологияның шешетін мәселелері және зерттеу әдістері

Атмосферада сәулелі энергияның басқа энергия түрлеріне айналуы, жылу айналымы, су айналымы және ауа айналымы үздіксіз жүріп тұрады, сонымен қатар әртүрлі оптикалық, электрлік және тағы басқа құбылыстар дамиды. Атмосфераның қасиеттері біртекті емес және кеңістік пен уақыт бойынша өзгермелі келеді.
Метеорологияның негізгі шешетін мәселелеріне атмосферада жүріп жатқан процестер мен құбылыстарды зерттеу, олардың пайда болу заңдылықтарын анықтап, болашақта дамуын болжау және оларды басқару мүмкіндіктерін анықтау жатады.
Атмосфера күйіне сандық және сапалық сипаттама беру үшін әртүрлі метеорологиялық өлшемдер қолданылады.

Метеорологиялық өлшемдер

тығыздығы

Ауа

Жел

бағыты

Метеорологиялық көріну қашықтығы

жылдамдығы

қысымы

Бұлттар мен тұманның сулылығы

температурасы

ылғалдылығы

Бұлт

Қар жамылғысы

биіктігі

мөлшері

биіктігі

қалыңдығы

су қоры

тығыздығы

Атмосфера күйін метеорологиялық өлшемдерден бөлек, белгілі бір физикалық процестермен анықталатын атмосфералық құбылыстар да сипаттайды.

Тұман

Мұнар

Шық

Қырау

Поляр шұғыласы

Боран, дауыл

Жауын, найзағай

Берілген уақыттағы атмосфераның төменгі бөлігінің метеорологиялық өлшемдермен және атмосфералық құбылыстармен сипатталатын физикалық күйін ауа-райы деп айтады. Ауа-райы ұғымы мен климат ұғымы тығыз байланысты. Климат деп берілген жердің өзіне тән ауа-райының көпжылдық орташа режимін айтады. Климат ауа-райына қарағанда тұрақты және маңызды физико-географиялық сипаттама болып табылады. [3]

Зерттеу әдістері. Метеорологияда негізінен физикалық зерттеу әдістері қолданылады. Олардың негізгілері:

Бақылау әдісі
Эксперименттік әдіс
Теориялық (математикалық) әдістер
Бақылау әдісі: Метеорологиялық бақылау дегеніміз, метеорологиялық өлшемдер мен құбылыстарды аспаптармен өлшеп және көз мөлшермен бағалап, оларға сандық және сапалық баға беру. Себебі бұл ғылымда атмосфералық құбылыстар табиғи жағдайда бақыланып зерттеледі. Метеорологиялық құбылыстарды дер кезінде анықтап, олардың әрі қарай дамуын білу үшін метеорологиялық бақылаулар кеңістік пен уақыт бойынша үздіксіз жүргізілуі тиіс.
Үлкен кеңістіктегі атмосфералық процестерді үздіксіз бақылау үшін барлық мемлекеттерде метеорологиялық станциялар торабы бар. Ол станцияларда бекітілген ортақ бағдарлама бойынша біртекті құрал-аспаптармен белгілі уақыттарда метеорологиялық өлшемдер мен құбылыстарға бақылаулар жүргізіледі. Қазіргі кезде метеорологтар әртүрлі құрал-аспаптармен бірге қашықтық автоматтандырылған гидрометеорологиялық станциялар, ұшқыш шар, радиозонттар, радиолокаторлар, лидарлар, ауа-райы кемелері, ұшақтар, метеорологиялық және геофизикалық ракеталар мен жердің жасанды метеорологиялық серіктерін қолданады.
Тікелей бақылаулармен бірге жанама бақылаулар да жүргізіледі. Мысалы, бұлттардың қозғалысын бақылап биіктіктегі жел туралы мәлімет жинайды, поляр шұғыласын бақылау арқылы атмосфераның биік қабаттарындағы ауа құрамын анықтайды, т. б. [3]
Эксперименттік әдіс: Қазіргі кезде лабораторияда және табиғи жағдайда тәжірибелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мысалы, бұлттардағы физикалық процестерді моделдеу, арнайы камерада жасанды бұлт жасап оның дамуын бақылау арқылы жүргізіледі. Мұндай камераларда әртүрлі қысым мен температура жағдайында тамшы немесе мұз кристалдарымен бірге ауаның жоғары немесе төмен бағытталған қозғалыстарын туғызуға болады. [3]
Теориялық (математикалық) әдістер: Көпжылдық метеорологиялық бақылау нәтижелерін талдап атмосфералық процестердің заңдылықтарын анықтауға болады. Ол үшін статистикалық талдау әдістері қолданылады. Статистикалық әдіспен, берілген метеорологиялық сандық қатардың статистикалық сипаттамалары (орташа мәні, шеткі мәндері, медианасы, орташа квадраттық ауытқуы, вариация коэффициенті, экцесс, асииметрия), сонымен қатар әртүрлі метеорологиялық өлшемдердің арасындағы өзара байланыс тығыздығы (корреляция коэффициенті) анықталады.
Атмосфераның құрылымын және дамуын математикалық моделдер жасау (моделдеу) арқылы да сипаттауға болады. Математикалық модель дегеніміз зерттелуші объектінің құрылу және даму заңдылықтарын сипаттайтын формулалар мен теңдеулер жүйесі. Оны қолданып объекті туралы сандық және графиктік мәліметтер алуға болады. Математикалық моделдер өте күрделі жүйе болғандықтан, оларды жасау үшін компьютерлік техника қолданылады. Қазіргі таңда гидрометеорологиялық болжау әдістерінің бәрі де әртүрлі дәрежедегі математикалық моделдер болып табылады. [3]

2. Метеорологияның даму тарихы

Көптеген жылдар бұрын адам баласы жағымсыз атмосфералық құбылыстарға кезіккен. Оларды түсінбестен, атмосфераға байланысты негізгі және маңызды құбылыстарды құдай деп санаған (Перун, Зевс, Дажбог) . [2] Атмосфералық құбылыстарды бақылап зерттеу туралы алғашқы мәліметтер ежелгі Қытай, Үндістан, Мысыр, Грекия және Рим мемлекеттерінің жазба қағаздарынан табылған. Ежелгі грек философы Аристотель кейбір атмосфералық құбылыстардың болу себебіне түсініктеме беруге тырысқан. Географиялық ұлы жаңалықтардың ашылу дәуірінде (XV-XVI ғасырлар) ашылған жерлер мен елдердің климатына сипаттама беріле бастады. Бірақ атмосфераны ғылыми түрде зерттеу XVII ғасырдан басталады. Бұл кезеңде алғашқы метеорологиялық аспаптар жасалды.

Метеорологиялық аспаптар
Термометр (Галилей, 1597 ж. )
Сынап барометрі (Торричелли, 1643 ж. )
Барометр-анероид (Лейбниц, 1700 ж. )
Флюгер, жауын өлшегіш т. б.

Құрал-аспаптардың жасалуы метеорологиялық бақылау мәліметтерін жинауға мүмкіндік беріп, метеорологияның жеке ғылым болып қалыптасуына негіз болады.
Алғашқы аспаптық бақылауларды Европада «Флорентий тәжірибе академиясында» Галилейдің шәкірттері жүргізді (1654 ж. ) [3] .
Осы кездерде алғашқы метеорологиялық теориялар пайда болды. Э. Галлей муссон туралы ең алғашқы түсінікті, ал Г. Хэдли (Гадлей) пассаттар туралы әйгілі трактатын жариялаған болатын. [5]
Ресейде ауа-райын аспаппен бақылау Петербургта Петр I кезінде ұйымдастырылды. Петр I Ғылым академиясы ашылғанда (1725 ж) академиктерге үздіксіз метеорологиялық бақылаулар жүргізу туралы нұсқау берді. Метеорологияның дамуына үлкен үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов (1711-1765 жж. ) . Ол анемометр және теңіз барометрі сияқты біраз аспаптарды ойлап тауып құрастырды. М. В. Ломоносов найзағайдың пайда болу схемасын жасады, температураның биіктік бойынша өзгеруі туралы, атмосферадағы горизонтальді және вертикальді қозғалыстар туралы, ауа-райын болжау мүмкіндігі туралы маңызды ойлар айтты.
XVIII ғасырдың екінші жартысында жеке адамның ынтасы бойынша Маннгеймнің метеорологиялық қоғамы құрылып, Европада біртекті аспаптармен жабдықталған 39 метеорологиялық станциялар (оның үшеуі Ресейде-Петербург, Москва, Пышмен заводы) торабы құрылды. Ол станциялар торабы 12 жыл жұмыс істеп тұрды.
Ең алғашқы ғылыми метеорлогиялық мекеме- Бас физикалық обсерватория 1849 жылы Ресейде ашылды. Оның негізгі мақсаты-бүкіл Ресей территориясында метеорологиялық бақылаулар жүргізіп, алынған мәліметтерді өңдеп, талдау жасау болды. Бұл кезеңде басқа да Европа елдерінде мемлекеттік метеорологиялық станциялар торабы құрылып, ғылыми-зерттеу институттары мен обсерваториялар ашыла бастады.
Шамамен 1820 жылдары Г. В. Брандесу (Германия) Маннгейм станциялары торабының бақылау мәліметтерін географиялық картаға түсірді. Осылайша жоғарғы және төменгі аймақтары бейнеленген алғашқы синоптикалық карталар пайда болды. Ондағы қысым аймақтарының батыстан шығысқа қарай жылжитыны анықталады.
XIX ғасырда біршама физикалық заңдардың (газдық, сәлешашу, термодинамикаға, гидростатика және гидродинамика) ашылуымен көптеген атмосфералық құбылыстар түсіндіріліп метеорология ғылымы жылдам дами бастады.
XIX ғасырдың ортасында синоптикалық метеорология метеорологияның жеке тармағы болып қалыптасты, Германияда А. Гумбольдт пен Г. Д. Довенің ғылыми еңбектері арқасында климатологияның негізі қаланды.
XIX ғасырдың екінші жартысында атмосфералық процестерді зерттеуде гидромеханика және гидродинамика заңдарын қолдану арқасында динамикалық метеорологияның негізі қаланды. Осы ғасырдың аяғында атмосферадағы радиациялық және электрлік процестерді зерттеу дами бастады. Орыстың ұлы климатологы және географы А. И. Воейковтың метеорологияның дамуына, әсіресе климаттық зерттеулерге қосқан үлесі өте зор. Сонымен қатар ол Ресейдегі ең алғашқы метеорологиялық басылым «Метеорологический вестник» журналын бастап шығарған.
Метеорологияның XX ғасырда дамуы өте қарқынды жүрді. 1920 жылдары норвегиялық ғалымдар ауа массалары мен атмосфералық шептер туралы білімінің негізін қалады. 1930 жылы П. А. Молчановтың радиозондты ойлап табуы арқасында аэрологиялық бақылаулар жүргізіле бастады.
Синоптикалық метеорологияны дамытуда:

  • В. Бьеркнес пен П. Сольберг (Норвегия),
  • В. А. Бугаев пен В. А. Джорджио (ССРО),
  • С. Петтерсон (АҚШ) сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері зор.

Ұзақ мерзімге ауа-райын болжау мәселелерімен:

  • Б. ПМультановский,
  • Г. Я. Вангенгейм,
  • Е. Н. Блинова,
  • А. А. Гирс,
  • А. Л. Кац және Н. А. Багров айналысты.

Динамикалық метеорология саласындағы жетістіктер:

  • В. Бьеркнес (Норвегия),
  • М. Маргулес (Австрия),
  • В. Нэпир-Шоу (Англия),
  • К. Г. Россби (Швеция),
  • А. А. Фридман, Н. Е. Кочина, И. А. Кибель (ССРО) сияқты ғалымдармен байланысты.

Метеорологияның теоретикалық сұрақтарымен, әсіресе сандық болжау мәселелерімен:

  • И. А. Кибель, Г. И. Марчук пен А. М. Обухов (ССРО),
  • К. Г. Россби (Швеция),
  • Ж. Черни мен Н. Филлипс (АҚШ) және т. б. ғалымдар айналысты.

Климатологиялық зерттеулерге А. А. Каминский, Л. С. Берг, Е. С. Рубинштейн, Б. П. Алисов, М. И. Будыко сияқты ғалымдар зор үлестерін қосты.
XX ғасырда жеке ғылыми пән ретінде құрылған актинометрия (атмосферадағы сәулелі радиациялар туралы) мен агрометеорология ғылымдары да қарқынды дамыды. Актинометрия саласында ерекше еңбегі сіңген ғалымдар - О. Д. Хвольсон, В. А. Михельсон, С. И. Савинов, Ю. Д. Янишевский (ССРО), А. Онгстрем (Швеция), С. Ланглей мен Г. Аббот (АҚШ) . Агрометеорлогия саласында А. И. Воейков, П. И. Броунов, Ф. Ф. Давитая, С. А. Сапожникова, Ю. И. Чирков, П. И. Колосков, И. Г. Грингоф, А. Н. Полевой сияқты ғалымдарды атап өтсе болады.
Қазақстан ауа-райын алғаш зерттеген ғалым Шоқан Уәлиханов болатын. Ол Іле, Жоңғар Алатауындағы атмосфера қысымын, ауа температурасы мен ылғалдылығын, жел күшін құрал-аспаптармен бақылап зерттеген. [3]

3. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым(ДМҰ)

Атмосфералық процестердің мемлекеттік шекарасы жоқ. Қазір, мысалы, Скандинавияда тараған ауа ертен Солтүстік Кавказда болуы мүмкін. Метеорологиялық бақылаулар және зерттеулер бардық елдерде жүреді. Ауа-райының жағымсыз жағдайы кез-келген мемлекеттің халық шаруашылығына зардабын тигізеді. Сондықтан бүкіл дүние жүзі мемлекеттерінің метеорологиялық қызмет атқару саласында ортақ келісімі керек. Метеорология саласында халықаралық түрде бірігіп қызмет ету XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды. 1873 жылы Вена қаласында бірінші халықаралық метеорологиялық конгресте Халықаралық метеорологиялық ұйым құрылды. Ол жерде бірлік өлшемдер, градуировкалар және метеорологиялық құрылғыларды тексеру, бақылау мерзімдері, телеграф арқылы ақпараттармен алмасу мәселелері бойынша шешімдер қабылданған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ХМҰ-ның орнына 1947 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) болып қайта құрылды. Оның ішінде қазіргі уақытта 185 мемлекет кіреді. Жоғары органы - 4 жылда 1 рет шақырылатын Дүниежүзілік метеорология конгресі. Атқару кеңесі ұлттық метеорологиялық қызметтердің 24 директорынан тұрады және жылына 1 рет шақырылады. Ірі географиялық аудандардағы арнаулы қызметтерін 6 аймақтық ассоциация (Африка, Азия, Оңтүстік Америка, Солтүстік және Орталық Америка, Оңтүстік-батыс Тынық мұхиты, Еуропа) үйлестіріп отырады. [6]

Бұл ұйымның негізгі міндеттері: халықаралық метеорологиялық қарым-қатынастардың дамуына әрекет жасау; метеорологиялық мәліметтермен жылдам алмасуды ұйымдастыру; метеорологиялық бақылауларды стандарттау; авиациада, теңіз транспортында, ауыл шаруашылығында және дамыту; метеорологтарды дайындау мен метеорологиялық жоғарғы органы - Конгресс. Конгресс төрт жылда бір рет тағайындалады. Атқарушы кеңес құрылады. ДМҰ-ға мүше де бар. ДМҰ-ның секретариаты Женева қаласында орналасқан. Халықаралық метеорология күні болып ДМҰ-ның шешімімен 23 наурыз тағайындалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метеорологияның даму тарихымен, Қазақстандағы метеорологияның дамуымен танысу. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым туралы түсінік алу
Метеорологияның даму тарихы
Метеорологияның даму тарихы туралы
Метеорология ғылымы
Метрологияның даму тарихы
Динамика ғылымына қысқаша сипаттама
Метролог ғалымдардың жасаған жұмыстарын талдау
Кеніш атмосферасы
Ауа райы жəне климат
Метеорология және климаталогия пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz