Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі(1873-1937)


Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі(1873-1937)
Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдинетінің тарихында үлкен, бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тәрбие туралы өзіне тән прогрессивтік ойпікірі бар ұлы - ғалым. Қазақ философиясының(тіл білімі және әдебиет тану) негізін салушы педагог - ағартушы, мәдинет және қоғам қайраткері. А. Байтұрсынов -алғашқы қазақ тілінің авторы(1912) . Сол кездің өзіне ол жүзеге асыраған қазақ жазу («Жаңа емле ережесі» айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар аударды. Ал, 1924 жылы, ол жаңа қазақ алфавиті ретінде қабылданып, оған ғалымының құрметіне - Байтұрсынов аты берілді. Ол өз заманыңда барлық түркі тілдес халықтардың ең жақсы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ, біздің шетелдік отандастар күні бүгінгі дейін Байтұрсынов графикасын пайдаланады. Байтұрсынов әдістемелік еңбектері қазіргі кездің өзіңде үлкен беделмен қолданылады. Оның қазақтың тілі және қазақ тілін оқыту методикасы өзінің сапалығымен және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық негізгі ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып, қолданылмалы қазақ тілінің қолтума оқулығына айналып отыр.
Ол өмірінің алғашқы жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнінде былай деп жырлайды. Адамдық диқаншысы - қырға шықтым,
Көл жоқ, көгалы жоқ-құрға шықтым
Тұқымын көтеруге бұл халықтың -деп бейқам жатқан
халқын сауаттандырып, өнер - білімге, мәдениетке жетектеді.
Бұл тұста 1890 жылдар үстінде Ахмет Байтұрсынов тәрізді оқыған, білім алған, мектеп бітірген, орысша сауат ашқан өзге де азаматтарының алғаш көріне бастаған кезі еді. 1896 жылы Байтұрсынов Омбыда жұмыс істеп отырып Ақмола, Семей оқу жүйесі басқарды. Сол жылдары Қазақ даласында бала оқыту жайы, оны қатты толғандырды. Осы кезенде қазақтарды оқыту Ахметтің ой-түюінше өзгелердің емес, өзі тектес оқығандарың халық алдындағы парызы деп түсінеді. Байтұрсыновтың осындай мақсаттарды көздеп, саяси-көзқарастарын шыңдай түсуі Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1907жылдар кезеңімен байланысты. Осы жылдары оның айналасына қазақ зиялылары топтала бастады. Байтұрсынов 1907-1917 жылдар арасында Орынборға жер аударып сонда тұрған жылдарында ғылым, білімге бұрынғыдан да терең үңіліп, қазақ балаларын оқытудың әдістерін, қазақ тілі мен әдебиеті, өнер, тарихы, мәдениеті туралы өрен ойлар айтып, бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жаза бастады. Халық мұраларын, ауыз әдебиетін -эпос, ертегі, жұмбақтар жинап бастыру ісімен айналысады, ғылыми -зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына сәуле құюға байланысты жасап жүрген еңбектері елге тарай бастады. 1913-18 жылдар арасында бейресми газет «Қазақ» газетінің редакторы болып жұмыс істеген жылдарында - газет бетінде халықты оқуға білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке шақырған ойларын газет бетіне ашық жариялағанды.
Қазақтарды надандық шырмауынан шығарудаң бірден-бір жолы
ғылым -білімге ұмтылу, оқу -ағарту жұмысымен айналысу деп түсінген Байтұрсынов бұл пікірін «Қазақ» газетін жариялауға ұдайы ұмтылыс жасаған. 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» атты жинағы, халықты өз тағдыры үшін күреске шақырып, жұртшылықты шырт ұйқысынан оятқан дабылды еңбек - топтама туынды болған. Ахмет қалғыған халқын ең болмаса маса болып шағып оятайын, ойландырайын-деген мақсат көздейді.
Сары маса болып ызыңдаған өзі екенін, Ахмет Байтұрсынов, 1909 жылы Петербургте басылған «Қырық мысал» атты еңбегінде «Малшы мен Мысал» туындысында жасырмай ашық айтады. Онда мындай шумақ - өлеңдер болған: Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле дедік аңдып жатқан,
Пәленің түрін көрген мен Сары маса.
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.
«Айқап журналы»иен «Қазақ» газеті бетіне көптеген көтеріп жүрген, елдің санасын көтеруден бұрын, сауат ашар «Әліп -би» тіл құралын жазу үшін графика және қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жасаумен Байтұрсынов 20 жылдар еркін айналысады. Ол әуел баста араб графикасына бейіл береді. Дәл осындай құралдың ересектер үшін де аса қажет екенін ескеріп “Әліпбиді” жазады, бұл оқулық 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейден басылып шыққан. Ал “Тіл құралы” 1914 жылдан бастап жариялана бастайды.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық қасиеттерін сараласаңыз - өзінен бұрыңғы үш ғұламаның Абайдың ақындығын, Ыбырайдың ағартушылығын, Шоқанның ғалымдығын, оны бір өзі таңдап алғандай. Байтұрсыновтың бойынан осы үш қасиет бірдей табылған. Өленің, ақындық шеберлігін Ахмет Абайша түрлеп, адам бойындағы надандықты шенейді, саналылыққа ел болып бірігуге шақырады.
Бұл неткен жұрт ұйқышыл,
Болсын кедей, болсын бай,
Жатыр бейқам жым-жырт жай -десе, енді бірде
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Адалдық, алтыбақан, дертпен кірдік,
Жан-жақты жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен ырылдасып, иттей үрдік - деп сол кездегі шыңдықты жырлайды.
Абайдың бірден-бір өлеңін өткен уақыттың жайын ғана жырлайтын, кезеңдік дүние деп қарай алмайтынымыз сияқты, Байтұрсынов туындыларының да шеңбері ауқымы уақытпен шектеліп қалған емес.
Байтұрсынов өмір шыңдығын, тәрбие тағылымын мынадай етіп келтіреді.
Тықылдап, құр пысықтап сөйлейтін көп,
Екіндеп ұшқыр атта қарқындаған,
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп,
Киіздей шала басып қарпылмаған - деп сол екі шумақ өлеңде - бүгінгі біздерге, жастарымызға арналып айтып тұрғандай емес пе? Ахмет Байтұрсынов еңбек тәрбиесін жырлаған, еңбек тағылымының туын көтерген дана -адам.
Ахмет Байтұрсынов еңбексіз, арзан істерді надандықты, мешеулікті, білімсіздікті өткір сынға алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz