Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

1 ДӘРІС

Өсiмдiктi интегралды жүйеде қорғау туралы ұғым

Өсiмдiктi зиянды организмдерден қорғаудың интегралды жүйелерi туралы қазiргi ұғым (ұсыныс) .

Өсiмдiктi зиянды организмдерден интегралды жүйеде қорғаудың негізгі элементтерi.

Жер жүзінде 800 мыңға жуық әр түрлi зиянкестер және 30 мыңнан аса ауылшарушылық дақылдарының ауру қоздырғыштарын санауға болады. Зиянкестер, аурулар және арамшөптердiң әсерiнен өнiмнiң жойылуы (14%, 12% және 9% сәйкесiнше) 30% құрай алады. Өсімдік қорғау - интенсификацияланған егіншілік жағдайында және ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясы кең көлемде енгiзілуiнде аса маңызды орын алады.

Өсiмдiктi қорғау үшiн агротехникалық, механикалық, биологиялық және химиялық шаралар кешені қолданылады. Егіншілігі қарқынды дамыған елдердiң көпшiлiгiнде қорғау шараларын жүргізуге кететін шығын, өсiмдiк шаруашылығы өнiмінiң өзiндiк құнының 5-10% құрайды. Өсiмдiктiң нақтылы жетiлу фазасысында түрлі әдiстердің бірін қолдану не бiр зиянкестің немесе аурудың залалдану (зақымдану) дәрежесіне байланысты болады.

Қазіргі кездегі белгiлi жай химиялық әдiстi зиянкестер және аурулармен күресуде кең қолданылады, бірақ оның маңызды кемшiлiктерi бар. Химиялық препараттар қолданғанда бiр уақытта зиянды және пайдалы бунақденелілір өсімдікті тозаңдандыратын (ара, ара гүл шыбындары), сондай-ақ құстар және басқа да жануарлар қырылады. Сондықтан өзекті мәселе - қоршаған ортаны қорғауға залал келтiрмей күрес шараларын жүргізу.

Осыған орай өсімдік қорғаудың әр түрлi тәсілдерінің қолданылуына байланысты, кешенді әдiстер қажеттілігі туындайды. Интегралды жүйенің негiзгi міндеті - экологиялық қауiпсiз және экономикалық тиімді заттарды және тәсілдерді қолдану. Жою шаралары зиянкестер мен арамшөптердiң нақтылы сан мөлшеріне және ауралардың дамуына сәйкес жүргiзiледi. Ол үшiн дәл қазiр химиялық және биологиялық препараттардың 500 аса түрлері қолданылады.

Заманауи өсiмдiк қорғау тек зиянды түрдің біреуіне ғана емес (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) немесе олардың кешені нақтылы дақылға әсер етуі қажет. Егістер мен отырғызылған екпелердің экологиялық жүйелерiмен басқарылмау керек. Ол үшiн зиянды организмдердің олар дамитын дақылдармен және табиғатта болатын, зиянды организмдердің басымдылығын тежейтін, экономикалық зиянсыз деңгейге дейiн олардың сан мөлшерін төмендететін пайдалы энтомофаунамен негізгі өзара байланыстарын іс жүзінде зерттеп және есепке алу қажет.

Осының негiзінде дақылдарды өсірудің аймақтық ерекшелiктерi бойынша ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер, аурулар және арамшөптерден кешендi (интегралды) қорғау жүйесi жасалады.

Өсiмдiктердi қорғаудың интегралды жүйесi - бұл зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресудің әр түрлi әдiстері мен тәсілдерінің ойлы тiркесi. Оның бұрынғыдан түпкiлiктi түрде айырмашылығы болады. Бұрын барлық қорғау шаралары ауданнан түскен хабарлау бойынша пестицидтердi көптеген жылдар бойы жаппай қолданып келген.

Интегралды қорғау - төзімді сорттардың түрлерін шығару, егiншіліктің аймақтық жүйелерiн меңгеру, өсімдік қорғаудың заманауи машиналары, соның ішінде тұқымды алдын-ала өңдеуге арналған машиналарды қолдану, егістерге күнделікті бақылау жүргізу, зиянды және пайдалы бунақденелілерге есеп жасау, зияндылықтың экономикалық шегін қолдану, яғни өнімнің азаюын сақтап қалуға бағытталған, ұзақ уақыттық ғылыми негізделген шаралардың күрделi кешенi. Интегралды жүйе iс жүзiнде қайда қолданылса, ол қоршаған ортаны қорғау мүдделерiн сақтай отырып еңбек және материалдық қорларды мәндi үнемдеуде жоғары нәтиже бередi

Мұндай жүйелер қазiргі кезде астық, жүгерi, картоп, күнбағыс, қант қызылшасы, майлы, дәнді бұршақ, күрiш, жемiс, бақша және тағы басқа дақылдар егістерінде іс жүзінде жасалып, енгізілуде. Бірақ бұл жұмыс дегенмен баяу жүргізілуде, ауруларға төзімді интенсивті сорт түрлері, сонымен қатар заманауи химиялық заттар және оларды қолданатын техникалардың жетіспеушілігі, шаруашылықтарда өсiмдiк қорғау бойынша жұмыстардың бәсең ұйымдастырылуы.

Аймақтық егіншілік жүйесінсіз ауылшаруашылық дақылдарын интегралды қорғау жүйесiн жүргізу мүмкiн емес.

Интегралды жүйелердi қолдануда ең алдымен өсiмдiктердiң зиянкестері мен ауруларының дамуының ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi болжамдары, егiстердiң ластануына (арамшөптенуіне) жасалған картаның нәтижелерiн есепке алады.

Өсiмдiктердi қорғаудың заманауй жүйесi

Қазіргі кезде ауылшаруашылығы өндiрiсінiң мамандануына байланысты ауыспалы егiстерді өзгерiске әкелiп соғатын арендалық және ұжымдық мердiгерлердің (подряд) енгізілуі, өсiмдiктердi қорғау әдiстерiнiң тiркестерiн дұрыс, тиiмдi пайдалануды талап етеді. Ауылшаруашылық өсiмдiктерінің зиянды организмдерінен қорғау, интегралды жүйенің кешенiн жүргізуде, карантинді ережелердi сақтау, шаруашылықты ұйымдастыру, агротехникалық, биологиялық және химиялық шараларды қоса алғанда өз міндеттерін ойдағыдай шешедi.

Қазiргі кезде өсiмдiктердi қорғаудың шаруашылықты ұйымдастыру, агротехникалық, химиялық, биологиялық, селекциялық (сұрыптау) және тағы басқа әдiстерi бар екені белгілі. іске асырылуда. Мысалы, тәжiрибеде қант қызылшасы мен мақтада көбінесе химиялық әдiс қолданылады, ал астық дақылдарында - агротехникалық, биологиялық және селекциялық (сұрыптау) әдістер орын алады. Арамшөптермен күресудің негiзгi әдiстері агротехникалық және шаруашылықты ұйымдастыру болуы керек.

Шегiртке сияқты iрi партиялармен ұшып кiретiн немесе сан мөлшері тез көбейетін насекомдармен ақ өлексе, зығыр бүргесi, шалғын көбелектерге жылдам және тиiмдi әсер ететін инсектицидтердi қолданады. Өйткенi биологиялық препараттар жайлап әсер етеді де, егiстер жойылып кетуі мүмкін. Жылы жайлар мен ашық егістегі көкөнiс дақылдарының зиянкестерімен күресу үшiн биопрепараттарды қолдану орынды.

Аурулармен күресу үшiн алдын-алу (профилактика) тиiмдi: егiске залалданбаған тұқымды пайдалану, төзімді сорттарды қолдану, ауыспалы егiсті сақтау. Жаппай дамып, жылдам таралатын (фитофтороз, ақ ұнтақ және жалған ұнтақ, тат) ауруларға фунгицидтерді қолданбауға болмайды

Сайып келгенде, өсiмдiктердi қорғаудың қазiргi әдiстерiнiң ешқайсы басқаларын толық алмастыра алмайды, тек қана бiрлескен күйiнде ғана жетістікке жетеді.

2 ДӘРІС

Шаруашылықты ұйымдастыру және агротехникалық тәсіл

Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру және агротехникалық әдістер аса маңызды болып саналады.

Шаруашылықты ұйымдастыру шаралары - зиянды организмдермен күресуге бағытталып өсімдік қорғау бойынша жоспар құрады. Жоспар құруда:

- зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің таралу аймағын, олардың пайда болуына қысқа мерзімді және ұзақ уақытқа болжаулар жасау;

- өсімдік қорғау тәсілдері, әдістері, өңдеу мерзімдері, қолдану мөлшері және өсімдік қорғау заттарының жалпы қажеттілігі;

- арнайы аппаратураның түрлерi бойынша жұмыс көлемi, көлiк құралдары және оларға қажеттілiгі;

- арнайы киiмнiң тиiстi саны және жеке қорғану құралдары;

- биологиялық қорғауға қажетті энтомофагтар саны белгіленеді.

Қорғау шараларын қолдануды жоспарлау үшiн зиянды организмдердің қыстайтын кезеңдерiнің алатын аудандар көлемін күзде белгілейді. Жұмыс жоспарларына түзетулер енгiзу және зиянкестердің қыстаған ересектер сан мөлшерін жою үшін iшiнара бақылау тексерулерi көктемде жүргізіледi.

Агротехникалық шаралар - зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердiң мекендеу жағдайына әсер етуге және олардың сан мөлшерін азайтуға немесе зиянды организмдерден өнiмнiң сапасының төмендеуіне және шығымының жойылуына жол бермеуге мүмкіндік туғызатын нақты ауылшаруашылық дақылдарын өсiру және күту бойынша қабылданған тәсіл.

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларына төзімді сорттарды өндіру - басты келешекті (перспективалы) күресу әдістерінің бірі.

Дақылдарды алмастыру және ұсынылатын ауыспалы егiсті игеру - топырақ құнарлылығын жоғарылатудың маңызды тәсілі ғана емес, егістерде зиянкестердің, арамшөптердiң сан мөлшерін және аурулардың даму сатысын реттейтін негізгі фактор.

Ауыспалы егісте дақылдарды алмастыру зиянкестердің әрбiр келесi жылдардағы қоректенуiн нашарлатады және аурулар мен арамшөптердiң дамуына қолайсыз жағдай туғызады. Мысалы, қызылшаны, картопты, күнбағысты бiр орында қатар бiрнеше жыл себуге болмайтыны белгiлi, бұл қызылша тамыр бітесі, картоп нематодасы, колорадо қоңызы және тағы басқа да ерекше зиянкестер мен аурулардың дамуына мүмкiндiк туғызады. Дақылдардың алмасуы сымқұрттармен күресуде өте қажет. Топырақта олардың жинақталуына себепшi болатын көпжылдық шөптерден кейiн, бұл зиянкестерден соншалықты зардап шекпейтін және олардың сан мөлшерін күрт төмендететін, жалпылама себілетін дақылдарды егу (арпа, бұршақ, тары және т. б. ) аса маңызды.

Зиянкестер мен арамшөптердiң сан мөлшерін, аурулар инфекциясы қорларын төмендетуде топырақты өңдеудің барлық түрлерi маңызды орын алады: терең сүдігер жырту, сонымен бiрге көктемгі егу алдындағы (культивация, тырмалау домалату-таптау) жұмыстарды өз уақтысында жүргізу бірталай тиімді болады.

Ауыспалы егістегі астық дақылдарының жиілігі көптеген зиянкестер мен аурулардың жинақталуына (швед және гессен шыбыны, астық барылдақ қоңызы, тамыр шiрiктерi, тат және тағы басқалар) әкеп соғады, сондықтан егер жылма-жыл басқа дәндi дақылды ексе (сұлы, арпа және т. б. ), өнімнің жойылуын әрдайым төмендетуге болады.

Өсiмдiктерден жоғары өнiм алуға мүмкiндiк беретiн агротехникалық шаралардың жүйесiне топырақты өңдеудiң және өсімдікті күтудiң барлық тәсілдері жатуы керек, сонымен қатар зиянкестерді, аурулардың қоздырғыштарын және арамшөптерді жою қажет.

Агротехникалық тәсілдермен зиянды түрлердiң сан мөлшерін реттеу ғана емес, өсiмдiктердiң зақымдануына төзімділікті жоғарылату, сондай ақ зиянкестердiң табиғи жауларын күшейту, құрамын молайту және пайдалы шыбын-шiркейлердiң сан мөлшерін көбейтуі де мүмкiн. Олардың көбiсі топырақты өңдеу әдiстерiне тәуелдi болады. Мысалы, топырақты сыдыра жыртып 8-15 бiр күннен кейiн кемiнде 20-22 см тереңдiкте жырту дән шыбындарының, сабақ күйелерінің, бітелердің, бидай трипстерінің және астық егегіштерінің жұмыртқалары мен дернәсілдерінің толық жойылуына мүмкiндiк туғызады. Ауру қоздырғыштардың да саны төмендейдi. Егер сыдыра жыртудан 1-5 бiр күннен кейiн жырту дегенмен арамшөптер мен қалдықтардың көктеулерiне әсер етеді, ол зиянкестер мен аурулардың ошақтарын көбейтуге әкеп соғады.

Зиянкестердің жұмыртқалары мен дернәсілдері жыртудан 10-20 күннен соң культивация кезінде де жойылады. Сонан соң, бос топырақ бетінде оларды құс және әр түрлi жыртқыш насекомдар жейдi: барылдақ қоңыз, ызылдақ шыбын, қан қызы, құмырсқалар және өрмекшiлер. Олардың тiршiлiк әрекетi үшiн қолайлы жағдай жасап, пестицидтермен улануынан қорғау керек.

Мәдени дақылдардың зиянкестермен зақымдануына және ауруларға шалдығуына көпшiлiгiнде егiнді себу мерзiмдерiне де байланысты болады. Ғылыми мекемелермен барлық ауылшаруашылық дақылдарының егiнiнiң ұтымды мерзiмдерi анықталған және оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау да көзделген. Әдетте кеш себілген егiн жоғары дәрежеде зардап шегеді.

Тұқымды себу мөлшеріне байланысты егiстiң жиілігі және экологиялық жағдай, сонымен бiрге зиянды және пайдалы бунақденелілердің сан мөлшері өзгередi. Мысалы, егер егiн сабағы жиі болса, онда бақашықтың дамуы баяулайды да оның зияндылығы төмендейді.

Минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсiмдiктердiң ұтымды өсуіне және дамуына және зиянкестердің зақымдауы мен ауруға шалдығуына төзімділігі жоғарылайды.

Тыңайтқыштарды қолдану көпшiлiк жағдайда зиянкестерге қолайсыз әсерi де болады, бірақ өсiмдiктердiң төзімділінің жоғарылауына мүмкiндiк туғызады. Мысалы, фосфорлы-калий тыңайтқыштары бунақденелілердің тiршiлiк жағдайын әлсірететін болса, сонымен қатар өсiмдiктердiң механикалық ұлпаларының жылдам жайылып өсулерiне мүмкiндiк туғызады. Зиянды бақашыққа, швед шыбынына, жасылкөздерге, астық бітелеріне өсiмдiктердiң төзімділігі жоғарылайтыны, ал гессен шыбынының дернәсілдерінің қоректенуi қиындайтыны дәлелдеген. Сол сияқты азотты тыңайтқыштардың мол енгiзілуi бітелер мен астық қандалаларының сан мөлшерінің өсуіне және кейбiр аурулардың (тат, ақ ұнтақ) дамуына жағдай туғызады. Сайып келгенде, тыңайтқыштарды енгiзу өсiмдiктердiң қоректенуiн жақсарту ғана емес, қандай болса да бунақденелілірдің сан мөлшерін реттеуі де мүмкiн.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жинау кезектiлiгі дұрыс жоспарланса жоғары сапалы өнiм алуға, сонымен қатар зиянкестердің санына ықпалын тигiзеді. Мысалы, астыққа арналған жүгерi ерте жиналса өнiмнiң азаюы ғана емес, сабақ көбелегінің қыстап қалатын жұлдызқұрттарының саны да кемиді. Сүр (силосқа) шөпті жинау кезінде кесу биiктiгi де маңызды - егер аласа кесiлсе сабақтарда сабақ көбелегінің жұлдызқұрттары болмайды.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнiмін жинау мерзiмдерi зиянды организдердің әсерінен өнімнің азаюына, сондай-ақ олардың дамуын аяқтауына ықпал етедi. Мысалы, өнімді қысқа мерзiмде жинау зиянды бақашықтың дернәсілдерінің жойылуына әсер етсе, ал ересек қандалалар жақсы қыстап шығу үшiн қажеттi массасын жинап үлгермейдi; дән көбелегінің зиян келтiретiн мерзiмi азаяды. Керiсiнше, өнімді кешiктіріп жинау, өнiмнiң азаюына, дән көбелегінің жақсы күйде қыстауға кетуіне әкеліп соғады. Демек, өнiмнің түсімін төмендетпеу және зиянды организмдердің сан мөлшері үшiн астықты зиянкестердің тығыздығы жоғары егістерден бастап жинау өте маңызды. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарын дер кезiнде және сапалы (шығынсыз) жинаса көптеген зиянды бунақденелілердің мекендеуіне қолайсыз жағдай туып, олардың қоректенуiне, табысты қыстап шығуына және өсіп, дамуына жол берілмейді.

Ең алдымен астық дақылдарының өнімін қандала-бақашықтың, гессен шыбынының, басқа да зиянкестердің қатты зақым келтірген учаскелерінен жинайды. Бұл дәннiң аз зақымдануы мен ауруларға шалдықпауына мүмкiндiк туғызады.

Егістердегi арамшөптермен ұдайы күрес өте қажеттi, өйткенi арамшөптер өнiмді айтарлықтай төмендетедi. Көптеген зиянкестер ауылшаруашылық дақылдарына ғана емес, жабайы (арамшөптер) өсiмдiктерде де дамуға қабiлеттi. Жабайы өсiмдiктерде дамып, осы маңайдағы егiндерді мекендеп, өсімдік өскіндері пайда болысымен (қызылша бiз тұмсықтары, бүрге және тағы басқалар) олар егіске көшеді. Кейбір зиянкестер, мәселен жоңышқа және қызылша қандалалары жұмыртқаларын арамшөптерге салып, содан соң дернәсілдері мәдени өсiмдiктерге көшедi. Сондықтан егiстердегі және осы маңайдағы арамшөптермен ұдайы күрес өнiмнiң жоғарылауы мен зиянды организмдердің санының төмендеуi үшін маңызды тәсіл болып табылады.

3 ДӘРІС

Интегралды қорғаудағы биологиялық әдiстiң рөлi

Биологиялық әдiс зиянды бунақденелелердің табиғи жауларын қолдануға - әр түрлi насекомқоректі құстар, сүтқоректiлер, жыртқыш және паразиттiк бунақденелілер (энтомофагтар), паразиттiк нематодалар және кеселдендіретін микроорганизмдер - зиянды түрлердiң жаппай көбеюін бәсеңдетуге немесе ескертуге негiзделген.

Биологиялық шаралар зиянкестер, аурулар және арамшөптерге қарсы биологиялық уәкiлдерді (пайдалы омыртқасыз), бактериялық және микоздық биопрепараттарды қолдануға негiзделген. Осылай, энтомофагтар (жыртқыштар және паразиттер) зиянды бунақденелілерге қарсы, акарифагтар - кенелерге қарсы, антагонис-саңырауқұлақтар және антибиотиктер - ауру қоздырғыштарға қарсы, фитофагтар (насекомдар) - арам өсiмдiктерге қарсы қолданылады. Биологиялық әдісті жақсартуда аттрактанттарға (елiктiргiштерге), гормондарға, антифиданттарға және тағы басқа да биологиялық белсендi заттарға және препараттарға (битоксибациллин, лепидоцид) аса көңіл бөлінеді.

Биологиялық әдісті химиялық әдiспен салыстырғанда оның артықшылығы - зиянды түрлерге әсер етуі және қоршаған орта үшiн зиянсыздық ерекшелiгi болып саналады. Егiстер мен бақтарды химиялық қарқынды өңдеулер тек қана зиянды емес, сонымен қатар пайдалы энтомофагтардың жойылуына алып келедi. Қолайлы жағдайларда зиянды энтомофаунаның дамуын елеулi баяулатады. Көп жылдық тәжiрибелерде, дәндi астық егiстерiнде зиянды бақашықтан, астық қоңызы-кузькадан, астық бітелерінен, трипстерден, сулiкше қоңыздан энтомофагтар, инсектицидтерге қарағанда өнiмдi жақсы қорғағанын көрсеткен.

Насекомқоректі сүтқоректiлер мен құстарды қолдану. Көптеген насекомқоректі сүтқоректiлер кiрпi, борсық, жеркесер, жарғанат тағы басқалардың пайдалы рөлі жалпыға мәлiм. Қараторғайлар, тоқылдақтар, ұзақ қарғалар және көптеген басқа құстар әр түрлi насекомдардың дернәсілдерін және имаголарын жояды.

Жыртқыш және паразиттiк насекомдар мен кенелерді қолдану. Кез келген насекомда жыртқыштар мен паразиттер болады, олар тез көбейіп, өзінің белсендiлігімен зиянкестердің сан мөлшерін азайтады. Табиғатта жыртқыш қоңыздардың ішінде барылдақ қоңыздардың әр түрлері белгілі, олар көбелектердің және тағы басқа зиянкестердің жұлдызқұрттарын; стафилинидтер-қоңыздар, қырыққабат шыбыны және басқа көкөніс зиянкестері - қос қанатты насекомдардың жұмыртқаларын, дернәсілдерін және қуыршақтарын жояды.

Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау үшiн Қазақстанда мынадай биологиялық уәкiлдер трихограмма, фитосейулюс, лизифлебус, энкарзия, жыртқыш галлица, шiркей фитомиза, бракон және тағы басқалар, ал препараттардан дипел, новодор, лепидоцид, битоксибациллин, триходермин тағы басқалар қолданылады. Көптеген биологиялық уәкiлдерді биологиялық зертханаларда жаппай көбейтеді. Олардың егіске шығарылымдары түнгі көбелектердің әрбiр ұрпағына (трихограмма) жұмыртқаларын жаппай салудың басталу және бәсеңдеу мерзіміне, мақта көбелегінің (бракон) III жастағы жұлдызқұрттарының шығуына тұралайды.

Биопрепараттарды көкөнiс дақылдарының (қырыққабат көбелегі, ақ көбелек тағы басқалар), техникалық дақылдардың (мақта және күздік көбелек, карадрина, кене) және жеміс ағаштарының (алма және жеміс күйе көбелегі, жеміс жемірі) жапырақ кеміргіш зиянкестеріне қарсы күресу үшін қолданылады. Қазіргі кезде әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың өзгерiстеріне байланысты Қазақстанда биологиялық әдiстi қолдану көлемі әлi жоғары емес, 150-200 мың га құрайды.

Зиянкестердің санының төмендеуiне егістерде мекендейтін олардың табиғи жаулары (насекомдар, кенелер, өрмекшiлер және тағы басқалар) маңызды рөл атқарады. Осылай, зиянкестерге табиғи жауларының (энтомофагтар) мақтада - күздік көбелек үшін 2:1, бітелер үшiн 10:1, кенеге 5:1 және мақта көбелегіне 20:1 қатынасы химиялық шаралар жүргізуді тоқтатады. Сондықтан егістерді үнемі тексеру кезінде зиянкестердің сан мөлшерін ғана емес, олардың табиғи жауларын да есептеп, өсiмдiкті зиянды организмдерден кешендi қорғаудың негiзi ретінде олардың сақталуына жағдай жасап және олардың пайдалы жағын зиянкестерге қарсы қолдану қажет.

Энтомофагтар мен акарифагтардың маусымдық (жиналуы) колонизациясы. Бұл әдiстің негізі энтомофагтарды жаппай жасанды өсiріп, оларды табиғатқа шығарып пайдалану.

Биологиялық күресу әдiсiнiң мысалы трихограмманы қолдану. Ол ауылшаруашылық өсiмдiктердiң қауiптi зиянкестерінің - көптеген көбелектердің жұмыртқаларында паразиттік тіршілік етеді. Бiр жағынан трихограмма кең таралғанымен, оның табиғатта саны көп емес. Сондықтан оны биологиялық зертханаларда көбейтіп, 10-40 мың және одан көп особтарын табиғатқа шығарады.

Микроорганизмдерді қолдану. Қазіргі кезде ауылшаруашылық және орман зиянкестерімен микробиологиялық күресу әдiстерiн кең қолданады. Ол бактериялық және саңырауқұлақ тегiнің энтомопатогенді микроорганизмдерін, сонымен қатар вирустар - насекомдардың әр түрлi ауруларының қоздырғыштарын қолдануға негізделген.

Энтобактерин, дендробацеллиндердi қолданылады, боверин, битоксибациллин және ашерсония қолданылады.

Жылы жайларда қиярдың, қызанақтың өрмекші кенелеріне қарсы күресуде өте кең фитосейулюсты және ақ қанаттыларға қарсы энкарзияны пайдаланады. Басқа энтомофагтардан галлица, амблисейулюс, алтын көзділер, афидиустер - бітелерге және трипстерге карсы күресу үшін енгізіледі.

Биологиялық зертханаларда - кемiргiштермен күресу үшiн бактороденцид, сонымен бiрге жылы жай аққанаттыларына қарсы ашерсония және вертициллин, аурулармен күресуде триходермин және ампеломицин биопрепараттары шығарылады

Пайдалы организмдердің интродукциясы мен жерсiндiрілуiне аса көңіл бөлінедi. Келешекте ашық және қорғалған жерлерде өсiмдiктердi қорғаудың биологиялық әдiсiн қолдану түбегейлi ұлғайту жоспарланады.

Өсiмдiктердiң зиянкестері және ауру қоздырғыштарымен биологиялық күресу әдiсi табиғи жауларын қарсы қолдануға негiзделген - жыртқыш және паразиттiк насекомдар, кенелер, насеком қоректі құстар, сонымен қатар вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар қолданылады. Паразиттер иесін өзінің дамуы тоқтағанға дейін біртіндеп жояды, ал жыртқыштар бiрден өлтіріп қоректенедi.

Өсiмдiктердi қорғаудың биологиялық әдiсi жыртқыш және паразиттiк насекомдарды, өрмекшiлердi, нематодаларды, құстарды, сонымен бiрге ауру қоздырғыштарды зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің зиянды түрлерiн жою үшiн қолдануға негiзделген. Олар үшiн мекендейтін жерлеріне қолайлы жағдай жасау маңызды. Табиғи энтомофагтар үшiн зиянкестерден қорғалатын учаскелердің айналасына 2-4 мерзiм нектаронос өсiмдiктерді егедi. Бұл егіс - таза шаруашылық тиімділік (азық, май және тағы басқалар) бередi, тек оларды бiр қалыпты орналастыру керек. Жақсы нектароностар - қарақұмық, қыша, тұқымдық сәбiз, зире, ақжелкен, күнбағыс, тағы басқалар.

Биологиялық әдiс бiздiң елде өсiмдiктердi қорғаудың интегралды жүйесiнiң ажырамас құрама бөлiгі болды. Ол кең қолданылады. Өсiмдiктердi қорғауда биопрепараттар, энтомо және фитофагтер қолданылады, сонымен бiрге зияндылық шегі есепке алынады. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларының 26% биологиялық әдiс құрайды.

4 ДӘРІС

Интегралды қорғаудағы химиялық әдiстiң рөлi

Химиялық күресу әдiсi зиянкестер, аурулар және арамшөптерге қарсы химиялық препараттарды қолдануға негiзделген: насекомдарға қарсы инсектицидтер, кенелерге қарсы акарицидтер, саңырауқұлақты ауруларға қарсы фунгицидтер, арам шөптерге қарсы гербицидтер. Химиялық препараттар бүрку жолымен қолданылады, тозаңдаумен сиректеу, топыраққа енгізу уланған еліктіргіштерді даярлау, кейде газдандыру (өсiмдiктерді, қоймаларды, жылыжайларды, құралдарды), тұқымды, отырғызуға арналған пиязшықтар мен түйнектерді өңдеу. Химиялық препараттарды өсiмдiктерге арнайы техника көмегiмен - бүрiккiштер және тозаңдатқыштармен шашады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесі бойынша сұрақ/жауаптар
Бұршақ тұқымдас дақылдар
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында қызанақты аурулардан қорғау шараларының жүйесі
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Ауыл шаруашылық өндіріс өнімінің есебі және оны жетілдіру
Жүзім - жүзім тұқымдасына жататын өсімдік
Бақша дақылдарының аурулары
Дәнді дақылдардың аурулары
Өсімдіктер аурулары және қолданылатын препараттар
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz