Неміс классикалық философиясы туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Реферат
Орындаған: Мурзекенова М. А.
Тексерген: Камиева К. Р.
Тобы: ВС-603
Семей, 2018 жыл
Неміс классикалық философиясы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры.
2. Неміс философтарының өкілдері Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель, Фейербах көзқарастары.
Қорытынды
Пайдалынлған әдебиеттер
XVIII - ғасыр аяғымен XIX - ғасыр басында неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф. Энгельс класикалық неміс философиясы деп атады. Германия Англия мен Францияға қарағанда мешеу ел болды. Осындай жағдайдағы Германияға француз буржуазиялық революциясы найзағайдың жалтындай әсер етті. Бірақ немістер Европаның басқа халықтарының іс - жүзінде жүзеге асырып жатқанын, тек ой жүзінде ғана іске асыруды армандады . Бұл дәуірдегі неміс философиясы осы тұрғыдан алғанда неміс тарихының ой жүзіндегі жалғасы болып есептелінеді. Сөйтіп, осы кезеңде өмір сүрген неміс халқының ұрпақтарының үлесіне тиген іс философиялық төңкерәс жасау еді. Сондықтанда ол кейін класикалық деген атқа ие болғанды.
Иммануил Кант (1724-1804 жж. ) бүкіл өмірін Кенисберг қаласында өткізген. Негізгі еңбектері: «Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы», «Практикалық ақыл-ойды сынау», «Таза ақыл-ой шеңберіндегі дін», т. б. Әдетте, Кантты «сыни кезеңге дейінгі» және «сыни кезеңдегі» деп екіге бөліп қарайды.
Сыни кезеңге дейінгі Канттың күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлес емес, жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды. Біріншіден, қозғалыс - материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс сияқты қарама-қарсы күштердің арқасында, ешқандай да сыртқы күштің әсерінсіз пайда болған құбылыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы түрде түсінуге болады. Екіншіден, осы күштердің әсерінен әр түрлі әлемдер жүйесі қалыптасып, күйреп, одан шашыраған болшектерден қайтадан жаңа денелер пайда болып жатады. Сөйтіп, әлем ылғида даму үстінде болады. Үшіншіден, әлем құрылымына енетін үлкенді-кішілі жүйеленген денелер өзара сатыланған бағыныштылықта болады. Өзіне кішігірім жүйелерді бағындырған үлкен жүйе, өзінен де ауқымды басқа жүйеге кіреді, сөйтіп шексіз кете береді. Демек, әлемдегі денелер жүйесі өзара әмбебаптық байланыста болады.
Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын, адамның танып-білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз қерек.
Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады. Бірақ олар бізге «Өзіндік заттар» туралы емес, олардың көріністері (феномендері) туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып тұр. Осы секілді деректерде ылғи да кездейсоқтық элементі басым болады да, бізге толық білім берілмейді (қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін тоқтауы мүмкін) . Мұндай білімдер жекелеген тәжірибеге сүйенгендіктен, апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы әмбебаптық және қажетті білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тәжірибеге қатысы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында априорлы (тәжірибеге дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне байланысты болуы керек. Сезімдік түйсінудің априорлы сыртқы түрі - кеңістік пен ішкі түрі - уақыт түйсіктің көп түрлі «материяларын» реттеп отырса, ақыл-ойдың априорлы түрлі категориялары реттелген материяларды заңдылықтар жүйесіне келтіреді. Олай болса, танып-білетін субъект заттарды зерттегенде дайын «туа біткен идеяны» пайдаланбайды, керісінше, ол тек танымдық «құралдарды» ғана пайдаланады.
Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.
Сезімдік туйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді де, осы-деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі.
Танымның келесі - сараптаушы парасат сатысына - априорлы категориялар себептілік, сапа, сан, қажеттілік, т. б. арқасында жаңа ғана реттелген туйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.
Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған трансцендентальдық білім деп атайды. Трансцендентальдық таным дегеніміз таным проңесінің заттың өзіне емес, априорлы танып-білу мумкіндігінің осы затты қандай деңгейге дейін біле алатындығы.
Танымның үшінші сатысы трансценденттік танымда - таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, басқаша айтқанда «өзіндік заттардың» табиғатын, мәнін түсінуге ұмтылады да, шешілмес қайшылықтарға (антиномияларға) тап болады. Айталық, рух өле ме, өлмей ме, әлем калай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па, т. б. Осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы. Осы мәселелерді көтеріп, оған жауап беріп жүрген схоластикалық, онталогиялық, рационалистік, діни, т. б. ілімдер жалған ғылымға жатпайды. Себебі, бұл аталған-идеялардың не дұрыс, не теріс екендігін теория жолымен дәлелдеу мүмкін емес, олай болса «өзіндік заттарға» тән оның ішкі заңдылығын, мәнін біз танып-біле алмаймыз, сондықтан оған талпыну - бос әурешілік.
Канттың бірбеткей міндеттілік этикасының кейбір пікірлері XIX және XX ғасырлар философиясының дамуына зор әсер етті. Ал XIX ғасырдың ортасынан бастап Франңияда, Германияда Кант ілімін жаңартып, дамытқан ілімдер пайда болды.
Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814 жж. ) - философиялык ілімдер ғылымдар теориясы (ғылымдар туралы ғылым) ретінде қандай да болмасын білімнің негізін көрсетулері керек деген пікірді өз ілімінің басты қағидасы етіп алған ойшыл. Негізгі еңбектері: «Ғылым туралы ілім» (1794 ж. ), «Адамның міндеті» (1800 ж. ) және т. б.
Фихте «өзіндік затты» танып-білуге болмайды деген пікірді мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтитын, анықтаушы нақтылық - абсолюттік «мен». «Мен» өзінің дамып отыратын іс-әрекетінің арқасында өзінің алғашкы бастама кезеңіңдегі (сана - субъект) ақыл-ойдың нақтылығына карама-қарсы жағдай «басқа менге» (табиғат - объект), одан кейін өз дамуының үшінші сатысы - екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Бұл жердегі «мен» - рух, жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, «басқа мен» - табиғат және материя ұғымдары болса, олардың өзара қатынастары синтез - бұрмалаушылыққа қарсы күресін жатқан адамның жігерін көрсететін ұғым. «Басқа мен» (табиғат, объект) нақты өмір сүріп қана қоймай, «менге» әсер етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін де айқындайды: «Басқа меннің» (табиғаттың, объектінің) әсерімен болған іс-әрекетті біз танып-біле алмаймыз, бірақ бұл «әсерді» тікелей сезінеміз. Сөйтіп, теориялық іс-әрекеттің негізінде бисаналық іс-әрекеттің жатқаңдығын көреміз. Ал «меннің» іс-әрекеті деп Фихте субъектінің «әдептілік мінез-құлқын» айтады, Демек, адамның іс-әрекетінің мақсаты - әдептілік заңдары мен парызыңды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда қоршаған ортамен тығыз байланысты адамның тән табиғатынан туындайтын оның табиғи қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-әрекетке итермелейтін «басқа мен» дегеніміз, айналып келгенде осы.
Фихтенің «басқа мені», табиғаты, объектісі Канттың «өзіндік заты» сияқты санадан тыс өмір сүрмейді, ол - сананың ерекше қызметінің қажетті туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі: санада осы қызмет жүріп жатқанда, адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды, Сондықтан да, қарапайым күнделікті сана ол туралы ештеңе білмейді.
Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854 жж. ) Канттың, Спинозаның, Фихтенің ілімдерінің кейбір идеяларын дамыта отырып, өзінің табиғи күштер иерархиясының спекулятивтік натурфилософиясы деп аталатын ілімін қалыптастырды. Негізгі еңбектері: «Трансцендентальдық идеализмнің жүйесі», «Адам бостандығының мәні туралы», т. б.
Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз рухани зат. Бірақ санасы жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасы жоқ табиғаттан саналы адамға айналу процесі көптеген бірінен-бірі жоғары даму сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның өзіндегі, шындығында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады. Шеллинг табиғат дамуын, кейбір жағдайда диалектикалық тұрғыдан қарастырғанымен, оларды шын мәнінде механикалық қозғалыс, немесе механикалық даму деп есептеген. Өзінің осы натурфилософиялық ілімін Шеллинг трансцендентальдық философия деп аталатын ілімімен толықтырады. Бұл ілім бойынша, субъективтілік алғашқы бастама, қайнар көз, абсолют ретінде барлық мәнділіктің, нақтылықтың жалғыз ғана негізі. Бірақ әңгіме сезінудің, немесе ақыл-ойдың субъективтілігі туралы емес, керісінше, - танымның ерекше құралы - ақыл-ойдың заттардың тікелей бақылауы туралы болып отыр. Шеллинг өзінің осы таным тәсілін «интеллектуалды интуиция» деп атаған.
Философия әлемінде өзіндік ерекшелігі мен өшпес із қалдырған ғұлама-ойшыл, неміс классикалық философиясының ең биік шыңы Георг Вильгельм Фридрих Гегель 1770 ж. Штутгарт каласында туып, 1831 ж. Берлинде қайтыс болды. Негізгі еңбектері: «Рух феноменологиясы», «Логика - ғылым», «Құқық философиясы», «Дін философиясы», «Философия ғылымының энциклопедиясы», т. б.
Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют - құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. Абсолюттік идея - нағыз шындық, болмыс және барлық материалдың денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол - таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасыңда ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза акыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр турлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму ироцесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу) . Айталық, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі - антитезис, ал куйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі - абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz