Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері

Орындаған: Ахметжанова Г. Д Пх-615
Тексерген: Мусабаева Б. С

Семей-2018
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері

Жоспар:
1.Жалпы тренинг түсінігі
2. Тренингтік топты ұйымдастыру принциптері
3. Тренер жұмысының кезеңдері
4. Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар
Қорытынды

Тренинг - білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе сөзге керісу, қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.
Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез - құлықты таңдау проблемалары бар.
Топтық тренингтердің негізгі міндеттері:
- өзіндік түсіну;
- өзіндік реттеу;
- қарым - қатынас ситуациясында басқаларды түсіну;
- адекватсыз және жаңа адекватты қарым - қатынас дағдыларын коррекциялау.
Тренингтік топты ұйымдастыру принциптері:
1 принцип: еріктілік принципі - барлық қатысушылар тренингке қатысу туралы шешімді өз бетінше жасауы тиіс. Қыстау, қатысуға мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге алып келмейді, жекелік өзгерістер адамның ішкі қызығушылықтары туындаған кезде ғана мүмкін;
2 принцип: өзара әрекеттесуде диалогтық принцип - қатысушылар арасындағы толыққанды тұлғааралық қарым - қатынас өзара сыйластыққа, өзара сенімділікке негізделуі тиіс;
3 принцип: өзіндік диагностика - ең алдымен, клиент өз проблемаларын өздері түсініп қалыптастыруы, басқалай айтқанда өзіндік ашылуы тиіс;
4 принцип: ақпараттану: әрбір клиент сабақ қандай жағдайда болатынын білуге құқылы.
Тренингтік топқа қатысуға болатын оптимальді жас - 16 - 40 жасқа дейін.
Тренинг өткізілетін орында қатысушылар шеңбер құрып отыратындай жағдайда болуы қажет. Психотренердің міндеті - жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және тренинг өткізу болып табылады.

Тренер жұмысының
1 - кезеңі - тренингке дайындық - әңгімелесу, тренингке қатысушылардан анкета алу, олардың құжаттарын, мінездемелерін қарау, меңгеру. Психолог тренингте қатысушылардың проблемалары мен ниеттерін анықтап алуы қажет. Тренер бағдарлама жасайды, тақырып анықтайды, уақыты мен орнын нақтылайды, аудио және видео таспалар таңдалады, таратылатын материал даярланады.
2 - кезең - тренингті өткізу. Тренинг өткізу әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, кез келген әлеуметтік - психологиялық тренинг рөлдік ойында және топтық дискуссияны енгізуі тиіс.
3 - кезең - қорытынды шығару. Қорытынды әр сабақ сайын жүргізіледі. Қатысушылар өз жетістіктері мен сезімдерін бағалайды, бұл бағалау тренингтегі әрбір қатысушының жекелік дамуының динамикасына бағдарлануы тиіс. Әрбір сабақ сайын тренер өз бақылауларын журналға жазып қояды. Топтағы көрінген процестер: топ мүшелерінің эмоциялық қалпы, сабақта қозғалған тақырыптар, проблеманы талқылаудағы әрбір қатысушылардың қосқан үлесін бағалап тіркейді.
Тренингті бастау алдында жетекші маңызды сұрақтарды қарастырып, тренинг шарттарымен таныстыруы тиіс. Жетекші тренингтің барлық нормаларымен және принциптерімен таныстыруы тиіс:
Ұстаным бойынша қатынас осында және қазір. Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.
Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни біздің ойымызша... немесе көптің айтуынша... деген формадағы сөздерді емес, менің пікірімше, бұл... деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.
Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық күйлерге түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр. Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.
Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі. Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.
Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне сен деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау
Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол сыртқа шықпауы шарт. Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.
Қатынас жасаудың алғашқы заңнамаларының бірі- қатысушылардың қарсы пікір білдіруі, негізінен бұл мазасызданудан туындайды немесе жоғарғы деңгейдегі психологиялық қорғаныстың болуының салдары. Осы шырмалған пікірлерді шешу үшін,тренинг топ бөлігін қолдануға болады (2-4 адам), осында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді талқылай алады.
Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:
- жеке тұлғаны дамыту;
- қатысушылардың әлеуметтік - психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;
- қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;
- өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;
- өзін-өзі және басқаларды толық тану;
- жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.
Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, тренинг ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.

Үйрену - зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.
Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.
Дамыту - жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.
Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі -- өзінің жек даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына жаттықтырушыға бірнеше талаптар қойылады:
- қоршаған жағдай туралы мағлұмат;
- қатысушылар саны қаншалықты үлкен;
- бөлме көлемі қандай;
- бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға түгелдей естіледі ме;
- жаттығудың негізгі құрылымы қандай;
- қандай оқу құралдары қолданылмайды;
- жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;
- плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;
- орындықтар қалай орналасқан;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Әлеуметтік-психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Топты тренинг заңдарымен таныстыру
Әлеуметтік психологиялық тренингтерді ұйымдастыру принциптері
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негіз
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері. Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің түрлі форматтарын өткізудің стилистикалық ерекшеліктері
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы
Әлеуметгік - психологиялық тренинг әдістері
Пәндер