Сүйінбай Аронұлы (1815-1895)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Сүйінбай Аронұлы
(1815-1895)
Сүйінбай - қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ақын.Оның өлеңдері мен айтыстарында ХІХ ғасырдағы қазақ елінің өмір шындығы, арман - мұраты көрініс тапқан. Ақын қолында билігі мен байлығы барлардың зорлығына, әлеуметтік әділетсіздікке қарсы болды. Сонымен бірге ел жолдағы халық батырларының күресін талмай жырлады.
Өмірбаяны. Сүйінбай Аронұлы Алматыға жақын Қарақыстақ ауылында 1815 жылы туған. Ақын жастай жетім қалып, байдың қолың қойын бағып, тамағын асыраған.
Сүйінбай 13-14 жасында шығарған "Түс" деген өленіңде бір қызық құбылыс жайында әңгемелейді. Қой бағып жүргенде, бір күні далада ұйықтап қалып, түсінен өлең айтып ояныпты. Ол бұл туралы қожайынына былай дейді:
Атыңнын айналайын Қызыр бабам,
Түсімде таңға жуық келді маған.
Білмеймін олең деді, коген деді,
Сайрауық құытар келіп төнді маған.
Сүйінбай 13-15 жасынан ақындық жолын қуады. Баяғының жыр дартандарын, аңыз-хиссаларын жиынтойларда жатқа айтып, өз жанынан да өлең шығарған.Ақынның 60 жылдан астам уақыт шығарған өлең мұрасы ұшан-теңіз болған. Өкініштісі, соның бәрі бірдей біздің дәуірімізде жетпеген. Ал бізге жеткен туындылары Сүйенбадың өте тапқыр да шебер, әділ де турашыл ақын болғанын көрсетеді. Сүйінбай ды көршілес қырғыз елінің ақындары да жоғары бағалаған. Жетісу жерінің Жамбыл бастаған атақты ақындары Сүйінбай ды ұлы ұстамыз деп білген.
Өлеңдері.Ақын шығармаларының көбі елдік пен ерлік тақырыбына арнылған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің әнұранындай "Бөрілі менің байрағым" өлеңі ерекше орын алады.Онда бүкіл қазақтың сондай - ақ көк бөріге сиынған, бөрінің басын ту етуп көтеріп, елін қорғаған сонау хұн-түркі заманының ерлік рухы еседі.
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, -
Деп басталатын өлей шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі естілгендей. Елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бірлігі, өжеттігі сезілгендей. Ақын бөрілі байрақ арқылы халықтаң намысы мен жігерін қайрап ерлікке шақырады.
Қатағанмен айтысы. Қырғыздың ханы Орман көршілес қазақ елінің игі жақсыларына бір жыл бұрын хабар айтып, әкесіне ас береді (1852). Осы ұлы жиында екі жақ өздерінің ең атақты ақындары - Сүйінбай мен Қатағанды айтыстырады. Сүйінбай жеңеді. Алайда алдымен сөз бастаған Қатаған жыр нөсерін төпелеп, Сүйінбайды абыржытып тастағандай әсер қалдырады. Қатаған Сүйінбайға: "Құдай оңдай, қолыма өзің келіп түстің, менің қасымда сені ақын деп кім айтады ?!" - деп менсінбей сөйлейді:
Менің атым - Қатаған,
Қоңырбайдың асында
Бес жүз жылқы матаған.
Сүйінбай ақын тәуір деп,
Мұның несін атаған ?!
Аяғынды тарта бас,
Қарсықты жерің таяған.
Қатағанға Сүйінбай,
Ұрындың келіп қатадан.
Қырғыздан шыққан жүйрікпін,
Құс мойынды, қоян жөн,
Тұлпардан туған жатаған.
Өз мініңді айтқызып,
Бай-мырзаңды құса ғып,
Өлтіресің қападан, -
Деп, өзінің күшті де шабытты ақын екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ САРЫН
Ұлттық сөз өнерінің дамуы
Сүйінбайдың айтыскерлігі
Сүйінбай Аронұлы өмір тарихы
Сүйінбай Аронұлы айтыстары
Сүйінбай Аронұлы (1815-1898)
Сүйінбай Аронұлы туралы
ХІХ ғ. 1-жартысындағы музыкалық өнеріне жалпылама талдау жасау
Құрмалас сөйлемнің қкалыптасу мен даму жолдары
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Пәндер