Мемлекеттің түсінігі және мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің түсінігі және мәні

Мемлекет- басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.Мемлекет өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.
Мемлекет дегеніміз- адамзат қоғамы дамуынаң нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Мемлекет- қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет- қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекеттің мәні- мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстардың басты өзегі, яғни басты жемісі. Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды.Басқаша айтқанда, мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бәрі. Қай мемлекетте болсын қарама-қарсы екі мән болады- таптық және жалпы әлеуметтік проблемаларды туындататын да осы екеуінің арасындағы қайшылықтар. Оларды шешу мемлекеттің бірден-бір міндеті болып табылады.

Бекіту сұрақтары
1. Мемлекеттің жалпы сипаттамасы мен анықтамасын көрсетіңдер.
2. Мемлекеттің құқық жүйесі нені білдіреді?
3. Мемлекет мәні деген нені білдіреді?
4. Мемлекеттің билеуші органдарын қалай түсінген жөн?
5. Мемлекеттің белгі нышандарын келтіріңіз.



Мемлекеттің функциялары

Мемлекет функциясы- бұл мемлекеттің мәнін және мақсат-міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары.Мемлекет функциялары оның мақсат-міндетімен байланыстырылғын, оның мәніне тәуелді және өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Мемлекет функциялары- өзгеріп отыратын категория.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары- бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады. Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы. Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық регламенттеуші, яғни реттеуші, ұйымдық идеологиялылық.
Мемлекеттің ғылымда, білім беруді, мәдениетті басқарып, дамытып отыратын функциясы болады.Мемлекет басқа мемлекеттермен түрлі, сан алуан қатынастарға түседі. Алдымен мемлекет өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының тұтастығын басқа елдердің қол сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды.Осы міндеттерді атқару мемлекеттің өзін-өзі қорғау функциясы деп аталады.
Мемлекеттер бір-бірімен экономикалық сауда, мәдени, ғылыми, саяси,құқықтық, т.б. түрлі қатынастарда болуға талпынады. Мұндай қатынастар тең негізде қалыптасатын болса, әр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады. Осы салада мемлекеттің басқа елдермен қатынас жасау функциясы жүзеге асырылады.
Бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүру үшін мемлекеттер өзара келісімшарттарға отырады, әскери одақтар құрады, т.с.с. әрекеттер жасап отырады.Мемлекетке бейбітшілік функциясын атқару да тән көрініс болуы керек. Осы айтылғандар мемлекеттің сыртқы функциясына жатады.

Бекіту сұрақтары
1. Мемлекеттің қызметі дегеніміз не?
2. Мемлекеттің өзін-өзі қорғаудағы атқаратын функцияларын түсіндіріңіз.
3. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарды жасау функцияларын түсіндіріңіз.
4. Мемлекеттің бейбітшілік функциясын түсіндіріңіз.
5. Мемлекеттің функцияларының жүзеге асырудың тәсілдерін атаңыз.

Мемлекет механизмі

Мем лекеттің сан қилы қызметін атқаратын механизмі(аппараты) болады. Мемлекеттің механизмі-белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның атрихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдеі тән органдар болады. Негізінен, олар құқықтық тәртіпті сақтайтын, м емлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекетте болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық- оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы- бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы.Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметкерлерден, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Демоктариялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынадай органдардан тұрады: 1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді. Бірінші- Жоғарғы өкілдік орган- Парламент. Парламент- бірден-бір заң шығаратын орган. Екінші- Жергілікті өкілдік орган- облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
3. Атқарушы орган. Қазақстанда жоғарғы атқарушы орган-Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар- әкімшіліктер.
4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
5. Сот органдары. Қазақстанда оларға Жоғарғы Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы ұарулы күштері жатады.
8. Барлау, қарсы барлау органдары.
9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын органдар. Мемлекет механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі- мемлекеттік орган.

Мемлекет нысаны

Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады. Әдіснамалық жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ.
Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады. Мемлекеттің нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әр түрлі аспектілер түрінде көрінеді.
Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік жоғарғы биліктің ұйымдастырылуын түсінеміз. Әсіресе оның ең жоғарғы және орта органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзіреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, халықпен қатынасу түрлері, халықтың оларды қалыптастыру дәрежесі болады.
Монархия- мемлекеттің егеменді жоғағы билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балағ мұра( мирас) ретінде беріледі. Монарх (патша, король, перғауын, фараон) қаған, хан және тағы басқалары)ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты. Ең алғашқы құрылған мемлекеттердің бәрі де монархиялар болған және орта ғасырдағы мемлекеттердің көпшілігі де монархия болатын. Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархиялар болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарады. Бірақ ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.Сонымен монархия деп жоғарғы билігі бір адамға ғана тиесілі болып кететін мемлекеттегі билікті айтады. Мұндағы бір ғана адамға тиесілі билікті ол адам өз билігімен, қалауынша пайдаланады. Билікті өз билігімен қалауынша пайдалану құқығын ол адам басқа биліктен алған емес. Заң ғылымында монархияның екі түрі көрсетіледі.
1. Абсолютті монархия- бұл монарх- мемлекеттің бірден-бір жалғыз, ең жоғарғы органы.Монарх барлық биліктің үстінен тұрады,оның қолында заң шығару,заңды атқару және сот билігі болады.
2.Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет)монарх пен басқа органдарға (мысалы,парламентке)бөлінген болып келеді.Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Ұлыбритания,Белъгия,Норвегия,Швеция мемлекеттерінде бар.

1.Мемлекет формасы түсінігін айтыңыз.
2.Республика мен монархия айырмашылығы неде?
3. Республика ұғымы және оның түрлері.
4.Мемлекеттің құрылымдық нысаны ұғымын ашыңыз.
5.Унитарлық пен федерация анықтамасын беріңіз.

Мемлекет типтері

Мемлекет типологиясы дегеніміз мемлекеттерді өздеріне тән айырмашылық негізінде біріктіріп топтастыруға мүмкіндік жасайтын, сөйтіп оның тарихи дамуындағы қисынын айқындайтын ғылыми жіктеу болып табылады.
Мемлекеттерді типке бөлудің екі тәсілі бар:
1. Формациялық әдіс. 2. Өркениеттік әдіс. Мемлекеттерді формацияға бөлу қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай тәсілді қолдану нәтижесінде қоғам таптарға бөлінеді де, олардың әрқайсысының экономикалық жүйеде өзінің ерекше орны болады.
Қазіргі кезде мемлекеттің шығыстық типі деген қарастырылуда, ол құл иеленуші мемлекеттен бұрын болған.
Мемлекет типтерін егжей-тегжейлі қарастырар болсақ, онда төмендегідей мемлекет сипаттарына тоқталамыз.
1. Шығыстық мемлекет- Египет, Вавилон. Бұл мемлекеттердің географиялық орналасуы мен табиғи жағдайлары ірі-ірі суландыру жүйелерін салу жұмыстарын ұйымдастыруды қажет еткен.
2. Құл иеленуші мемлекет. Бұл мемлекеттердің экономикасының негізі тек өндіріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет пен құқық теория негізі
Мемлекеттің құрылым нысаны
Құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Халықаралық құқықтың түсінігі
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Пәндер