Атыс қаруын, арнайы құралдарды және күш қолдану жағдайларының нормативтік-құқықтық реттелімі
Жоспары
Кіріспе
1. Атыс қаруы, арнайы құралдар туралы жалпы мәлімет
2. Атыс қаруын, арнайы құралдарды және күш қолдану жағдайларының нормативтік-құқықтық реттелімі
3. Атыс қаруын, арнайы құралдарды және күш қолданудың жағдайлары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі. Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін қоғамғ қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он төрт жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық кұқылық шараларды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арнаған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары",- деп жарияланған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішіңде Қылмыстық кодексте адамды корғауды өзінің міндетті деп санайды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 2-бабында адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдары жеке бостандықтарын қорғауға әруақытта артықшылық береді.
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
Полиция органдарының қызметі. Полиция - Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы - көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы - жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары - күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.
Заң бойынша - полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.
Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді.
Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасын дағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІМ, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
1.Атыс қаруы, арнайы құралдар туралы жалпы мәлімет
Қару - соғыс кезінде жаудың әскери күшін жою үшін қолданылатын жарақтар мен қондырғылар. Алғаш аңшылықта қолданылатын қорғану және шабуыл құралы ретінде пайда болып, кейін қарулы соғыс жүргізу құралына айналды. Қаруды жүйелеудің әр халықта қалыптасқан дәстүрі бар, ал тұрақты қалыптасқан ғылыми жүйелеу бойынша әскери шабуыл құралдары жауынгердің жеке қаруына және соғыс жағдайында бірнеше адамның қызметін қажет ететін үлкен әскери қаруларға (түрлі қондырғылар, әскери машиналар, т.б.) бөлінеді. Жұмсалу тәсіліне қарай адамның дене күшін пайдалану арқылы қолданылатын суық қаруға және оқ-дәрінің күшін пайдаланатын атыс қаруына бөлінеді. Құралымына, жасалатын материалына, жарақат салу тәсілдеріне, қызметіне, жасалу әдісіне қарай ерекшеленетін жауынгерлік қарудың көптеген түрлері бар. Қазақтардың дәстүрлі қару-жарақ жүйесінде жауынгердің жеке қаруы "ер қаруы" деп аталады. Қазақтар жарақат салу тәсіліне сәйкес ер қаруының негізгі бес түрін (ату, кесу, шабу, түйреу, соғу) айырады. Атыс қаруы пайда болып, оның жетілуі барысында 19 ғасырдан бастап соғыс әдістері күрт өзгеріп, дәстүрлі суық қару қолданыстан шығып қалды. 20 ғасырда ғылым мен техниканың дамуына қарай қарудың, әскери техниканың жаңа түрлері, бактериологиялық, химиялық, атомдық, ғарыштық, т.б. жаппай қырып-жою түрлері пайда болды.
Қару-тipi немесе басқа нысаналарды жою үшін құрастырылып жасалған, сондай-ақ, дабылдар беруге арналған құрылғылар мен заттар. Бұлар: атыс қаруы, суық қару, газ қаруы, электр қаруы, пневматиқалы қару,дабыл қаруы, лақтыру қаруы болып саналады.
Сатып алуға, жанында ұстауға және қаруды сақтауға лицензия алған қаруы бар заңды және жеке тұлға қару иесі бола алады. Зани көзкарас тұрғысынан - заңсыз алып жүру, сақтау, сатып алу, дайындау және сату қылмыстық жауапкершілікке апарып соғатын зат. Шаншитын (стилеттер, кездіктер, шаншитын найза түріндегі және т.б.), шаншып-кесетін (фин пышағы, қанжар, аншы пышағы, найза пышақты және т.б.), шабатын (қылыш, семсер және т.б.), уататын (кистендер, қастеттер және т.б.) суық қаруды дайындау немесе сату, заңсыз алып жүру оқиғалары барынша жиі кездеседі.
Атыс қаруы (Стрелковое оружие) -- атысты оқпен жүргізетін оқатар қару. Ол жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке атыс қаруы сарбаздың, сержанттың немесе офицердің жеке қаруына кіреді (карабин, автомат, тапанша). Топтық атыс қаруы сарбаздар тобы қолданады (пулеметтер). Қазіргі атыс қаруы, негізінен, автоматгық (қайта оқтау оқ-дәрі газы энергиясының есебінен іске асады). Автоматтық емес қарулар да бар (қайта оқтау атушының күшімен іске асады). Атыс қаруы жоғары атыс жылдамдығымен, жақсы дәлдігімен, атыстың жақсы шоғырлануымен, оқтың жеткілікті жойғыш күшімен ерекшеленеді. Атыс қаруы салмағы мен өлшемінің ыңғайлылығы оны орларда, байланыс жолдарында, елді мекендерде, ормандар мен тауларда және т.б. пайдалануға мүмкіндік береді.
Қару қолдану - тиісті жарлықтармен, ережелермен, нұсқаулармен санкцияланған, сондай-ақ командирлердің (бастықтардың) әмірімен (командаларымен) әскери кызметкерлердің, әскери бөлімшелер мен бәлімдердің қару мен ұрыстық техниканы ұрыста қолдануы. Барлық мемлекеттердің қарулы күштеріндегі соғыс қимылдары кезінде Қару қолданудың уақыты мен тәртібі тікелей немесе аға командирлердін (бастыктардың) өмірлерімен (командаларымен), белгілерімен анықталады. Әскери қызметшілер (қатардағыларды қоса) өз бетінше жауынгерлік тапсырмаларды атқару барысында Қару қолданудың тәсілдерін жағдайға байланысты ездері шешеді. Бейбіт кезде Қару қолданудың қатаң регламенті болады. Қазақстан Республикасы ҚІС карауылдық қызмет, гарнизондагы патрульдік барысында Қару қолдану қарастырылып, жауынгерлік кезекшілікте, мемлекеттік шекараны қорғауда және басқа да кейбір жағдайларда анықталады. Ұрыстық кезекшіліктегі қару қолдану аға командирлердің әмірлері, ал кейінге қалдыруға болмаған жағдайларда кезекші бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлерінің шешімдері бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын қорғаудағы жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында Қару қолдану тәртібі тиісті нұсқауларға сай жүргізіледі.
2.Атыс қаруын, арнайы құралдарды және күш қолдану жағдайларының нормативтік-құқықтық реттелімі
Қазақстан Республикасында атыс қаруын, арнайы құралдарды және дене күшін қолдану бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі.
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" (жаңа редакция) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1747 Қаулысында Атыс қаруын, арнайы құралдарды және күш қолдану туралы былай делінген:
3 Тарау Iшкi iстер органдарының атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы
12-бап. Атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдану мақсаты
Атыс қаруы, арнайы құралдар және күш қоғамдық қауiптi әрекеттерге тыйым салу, құқық бұзушылық пен нақты ахуал ескерiле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және iшкi iстер органдарына жеткiзу мақсатында қолданылады.
13-бап. Арнайы құралдар мен күш қолдану
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi күш пен арнайы құралдарды, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, қол кiсендерiн, резина таяқты, көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналар мен тiзбесiн Үкiмет белгiлейтiн басқа да арнайы және көлiк құралдарын:
1) азаматтарға, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктер мен және қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю үшiн;
3) азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттiк органдарға тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты басып алудан босату үшiн;
4) егер құқық бұзушылар iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген басқа да адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды ұстау, iшкi iстер органдарына жеткiзу үшiн, ұсталған, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға не өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға толық негiздер болса, айдап апару және күзету үшiн, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерiн орындауына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты қолдануға құқығы бар.
2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жас балаларға қарсы, олар айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен реттердi қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.
14-бап. Атыс қаруын қолдану
1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң атыс қаруын:
1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлдердi босату үшiн;
2) iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
3) азаматтардың тұрғын жайларына, iшкi iстер органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттiк ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылды тойтару, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару үшiн;
4) Қарсылық көрсеткен немесе қылмыс үстiнде көзге түскен, қамауға қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамауға алынғандардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшiн;
5) егер жүргiзушi iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе көлiк құралдарына ақау келтiру жолымен тоқтату үшiн;
6) хайуанаттар шабуылынан қорғану үшiн;
7) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қолдануға құқығы бар.
2. Әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам алған, көлiк құралдарын, соның iшiнде әуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған реттердi қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.
3. Қару қолданылған барлық жағдайларда iшкi iстер органдарының қызметкерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны жөнiнде тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.
4. Кiсi қазасына немесе өзге ауыр зардаптарға әкелiп соққан қару және арнайы құралдар қолданудың әрбiр оқиғасы жөнiнде прокурорға дереу хабарланады.
Құқық қорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күш құралдарды қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиелісін жағдайына жиі алып келеді. Аталған шиеленістер себептердің қарама қайшылық бағыттылығы жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектіге борыш талаптарынан көрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен өзінің жағдайға байланысты пайда болған көзқарастарын, алыс және жақын мақсаттың біреуін, үлкен және одан азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді.
Мысалға, құқық қорғау органдарының қызметкері сезіктіні немесе айыпталушының пәтеріне тінту жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту.
Бірқатар жағдайларда ішкі шиеленісті шешу сыртқы шиеленістің пайда болуына негіз болуы мүмкін. Мысалы, тұлғаның құқық қорғау органдарымен құпия негізде одақтасуы, оның ішкі шиеленісін жеңудің негізінде жүзеге асқанымен, осы құпия көмекші мен оның қызмет ету саласының (егер бұл сала моральға қайшы қызметпен айналысса) арасында сыртқы шиеленіс туындауы мүмкін.
Құқық қорғау органдары қызметкерінің тағы бір ерекшелігі - кей кездері өзінің мемлекеттік құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық ортада жұмыс істеуге тура келеді.
Белгілі бір жағдайда адамның дұрыс жүріс тұрысты таңдауының негізі болып табылатын бірыңғай ереженің қағиданың болуы мүмкін емес, алайда өмір талаптарына сәйкес, ол "мейлінше аз зұлымдық" негізін ұстануы тиіс. Объективтік жағдайлардың негізінде норма идеалдың кең көлемде орындалу мүмкіндігінің болмауы, жүріс тұрыс түрін таңдауда нормалардың бір біріне қарама қайшы келуі әртүрлі нормаларды орындау салдарын бағалау қажеттігін тудырады. Іс жүзінде бұл барлық салдарды жанжақты талдап, гуманизм мен әділеттілікке мейлінше сәйкес келетін шешім қабылдауды білдіреді.
Осыған сәйкес ескеріп өтетін бір жайт, құқық қорғау органдарының қандай да бір құралды пайдалануының негізділігі туралы шешім, осы құралды таңдаушы адам болжай алатын барлық салдар ескерілген жағдайда ғана, дұрыс деп танылуы мүмкін. Кезкелген әрекеттерде ең алдымен олардың салдары ескеріледі. Алайда, бұл салдардың адамның өзі үшін де, басқа адамдар, қоғам үшін де маңызы болуы мүмкін.
Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңында да құқық қорғау қызметкерлерінің атыс қаруын, арнаулы құралдар мен дене күшін қолдануын реттейтін баптар бар.
8-тарау.Қызметкерлердің атыс қаруын, арнаулы құралдар мен дене күшін қолдануы
59-бап. Атыс қаруын, арнаулы құралдар мен дене күшін қолдану мақсаты
Атыс қаруы, арнаулы құралдар мен дене күші қоғамға қауiптi әрекеттерді тоқтату, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты ахуал ескерiле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу мақсатында қолданылады.
60-бап. Арнаулы құралдар мен дене күшін қолдану
1. Қызметкерлердің дене күшін, оның ішінде жауынгерлік күрес тәсілдерін, сондай-ақ арнаулы құралдарды, оның iшiнде қол кiсендерiн, резина таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, алаңдатып әсер ететін жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызметтік жануарларды, броньды машиналар мен тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын басқа да арнаулы көлiк құралдарын:
1) жеке тұлғаларға, қызметкерлерге және қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген өзге де адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктердің және қоғамдық тәртiптi топтасып бұзудың (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұстаудың белгіленген режимін топтасып бұзушылықтарды), сондай-ақ сотталғандар, күдіктілер және айыпталушылар түзеу мекемелерінен және тергеу изоляторларынан қашқан кездегі немесе қашқандарды ұстау кезіндегі құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу;
3) жеке тұлғаларға, ұйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер телімдерiне жасалған шабуылды тойтару, сол сияқты оларды басып алудан босату;
4) егер құқық бұзушылар (сотталғандар, күдіктілер, айыпталушылар және әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар) қызметкерлерге, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген өзге де адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды құқық қорғау органдарына жеткізу үшін ұстау үшін, ұсталған, күзет қойылған адамдарды, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алынған, сотталған, күдікті және айыпталушы адамдарды, не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға жеткілікті негiздемелер болса, сондай-ақ қызметкерлердiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерді жүзеге асыруына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты күзетпен апару және күзету;
5) қызметкердің өзін-өзі қорғау немесе өзінің отбасының мүшелерін қорғау мақсатында оған және (немесе) олардың денсаулығына немесе өміріне ауыр зиян келтірудің нақты қаупі төнген кезде шабуылды тойтару;
6) қажетті қорғаныс, аса қажеттік;
7) егер бұл құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ егер хаттама жасау мақсатында міндетті болса, оны сол орында жасау мүмкін болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау міндетті болса, құқық бұзушыларды жеткізу үшін қолдануға құқығы бар.
2. Айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық білінiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты арнаулы құралдар мен жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдануға тыйым салынады.
61-бап. Атыс қаруын қолдану
1. Қызметкерлер атыс қаруын:
1) жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлге алынғандарды босату;
2) қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
3) жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына, құқық қорғау органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылды тойтару, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару;
4) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау кезінде қолға түскен, қамаудан қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамаудағылардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшін;
5) егер көлік жүргiзушi қызметкердiң заңды талаптарына бағынбаса және жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiрсе, көлiк құралдарын ақау келтiріп тоқтату;
6) хайуанаттар шабуылынан қорғану;
7) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру;
8) қажетті қорғаныстың және аса қажеттіктің барлық өзге де жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға, кәмелетке толмағандардың жасы белгілі немесе анық болған кезде оларға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.
62-бап. Атыс қаруын, арнаулы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары
1. Атыс қаруын, арнаулы құралдарды, дене күшін қолданудың барлық жағдайларында қызметкер жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шараларды қолдануға, атыс қаруын, арнаулы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшыға баяндауға міндетті.
2. Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан атыс қаруы, арнаулы құралдар және дене күші қолданылған әрбір оқиға туралы прокурор дереу хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасының Yкiметінің Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы 1993 жылғы 21 қазандағы және Жекелеген қару түрлерiнің айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысындағы кейбір тармақтар төмендегі мазмұнда берілген:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi арнайы уәкiлетті органдардың арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану құқығы берiлген лауазымды тұлғалардың тiзбесi;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi арнайы уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану ережесі бекітілсін.
Сонымен қатар осы қаулымен Арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану құқығы берiлген жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiнде арнайы уәкілеттi органдардың лауазымды тұлғаларының Тізбесі мен Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz