Сəндік өсімдіктер жəне оларды көкжелектендіру құрылысында пайдалану



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Сəндік өсімдіктер жəне оларды көкжелектендіру
құрылысында пайдалану
1. Сəндік өсімдіктердің топтасуы
Бізді қоршап тұрған табиғат өсімдіктердің түрлеріне өте бай. Олар өзара пайда болуына, ботаникалық құрамына, жасампаздығына, морфологиясына, көбею түрлеріне, сəнділігіне, өсіру тəсілдеріне т.б. қасиеттеріне байланысты ажыратылады.
Осы аталған қасиеттеріне байланысты сəнді өсімдіктер шаруашылығында келесі топтастырулар қабылданған.
1. Морфологиялық белгілеріне (қасиеттеріне) байланысты:
а) ағаштар-бұталар;
б) шөптектестер.
Ал ағаштар мен бұталар тобы келесі кезекте:
1) қылқанды жапырақты ағаштар;
2) жалпақ жапырақты ағаштар (лиственные);
3) бұталар;
4) шырмауықтылар (лиандар) топшаларына бөлінеді.
Ал шөптектестілер төмендегіше бөлінеді:
І Гүлдер
1 - біржылдықтар
а) Əдемі гүлдейтіндер
б) Сəнді жапырақтылар
в) Құрғақ гүлділер
г) Шырмауықтар
2 - екі жылдықтар
3 - көпжылдықтар
а) тамыр сабақтылар
б) пияз тектілер
в) түйнекті пияз тектілер
г) түйнектілер (тамыр түйнектілер)
ІІ Көгалдық шөптер
а) кілемдік
б) жиектемелік (бордюрные)
Өсіру жолдарына байланысты барлық аталған өсімдіктер 2 топқа
бөлінеді:
І - ашық жер өсімдіктері
ІІ- қорғалған жер өсімдіктері
Ашық жерде (егісте) көптеген ағаштар, бұталар жəне гүл өсімдіктері өсіріледі. Арнайы құрылыстарды қажет етпейді. Күтімі басқалармен салыстырғанда қарпайым.
Қорғалған жердегі гүл шаруашылығы егістігінде арнайы құрылыстар қажет болады. Бұдан басқа жылдамдатып көгерту үшін кейбір гүл өсімдіктеріне арнайы күтім де қажет болады. Дегенмен, бұл бөлінулер біршама шартты. Өйткені кейбір өсімдіктерді əрі ашық, əрі қорғалған жерлерде өсіреді. Көшеттерді алғашында қорғалған соңынан ашық жерде өсіреді.
2. Бақ-парк шаруашылығының қызметі
Көгалдандыру жұмысымен іс жүзінде бақ-парк шаруашылығы айналысады. Оның құрамына сəндік ағаштар мен бұталардың көшеттігі, бақ-парктердегі ағаш-бұталардың егістері, ашық жəне қорғалған жерлердегі гүл шаруашылығы, жылыжайлық шаруашылықтар кіреді.
Сəндік ағаштар мен бұталардың көшеттігінде көп тараған ағаш-бұталардың себінділерін жəне сирек əрі құнды формалар мен сорттарды вегетативті көбейтіп өсіреді.
Бақ-парктердегі ағаш-бұталардың егістерін бақтарда, парктерде, скверлерде, тұрғын, тұрмыстық жəне өндірістік құрылыстардың жанында, жекелеген, топталған егістерде, аллеяларда, көк жиектемелерде жəне алқаптарда орналастырады. Тіктемелік көгалдандыруға шырмауықты (лиан) өсімдіктер пайдаланады.
Ашық жердегі гүл шаруашылығы. Гүл жүйектерін (атыздарын) құрумен жəне олардың күтімімен айналысады. Гүл егістерінен сондай-ақ қима материалдар алынады, олар сəндік оранжирлеуге - гүл шоқтарын, гүл композицияларын құруға, қоныстарды безендіруге қолданылады.
Қорғалған жердегі гүл шаруашылығында гүл өсімдіктерін арнайы жайларда - жылыжайларда өсіреді. Мұнда құмыралар немесе күбілерде өсетін кейбір тропикалық жəне субтропикалық өсімдіктер (агавалар, кактустар, пальмалар, лимондар, т.б.) қыстатылады. Олар көктемде ашық ауаға - гүлзарларға шығарылады. Жылыжайлар мен жылыханаларда, ашық жер жағдайларында бола бермейтін жылу сүйгіш түрлері: каллаларды, амариллистерді, үнді хризантемаларын, камелияларды, орхидеяларды қималық материалдар үшін көбейтеді. Қорғалған жер жағдайында көгерту (выгонка) жолымен, яғни гүлдерді стимуляциялайтын (қоздыратын) арнайы тəсілдерді қолданып, күзде, қыста жəне ерте көктемде жауһазынның, гиацинттердің, қалампыр, лала гүлдерінің, сонымен қатар əсем гүлдейтін бұталар - сирень, раушан гүлдерінің гүлдеген экземплярларын (түптерін) алады.
Жылыжайлық (парник) шаруашылық гүл өсімдіктерінің көшеттерін өсіруге арналған. Ерте жəне орта мерзімдік көшеттерді наурыз-көкек (оңтүстікте ақпан-наурыз) айларында жылыжайларда өсіреді. Жылыжайлар биологиялық (жылқы қиы) немесе техникалық (электрлік қыздырғыш, су жəне бу жылытқыштары) отындармен жылытылады. Кеш көшет алу үшін тұқымдарды жылытылған жүйектерге немесе көшеттік жайларға (рассадники) себіледі.
Бөлмелік гүл шаруашылығы - гүл жəне шағын ағаш-бұта өсімдіктерін бөлмелер мен басқа жабық қоныстарда өсіруге дайындайды.

Төгілмелі жапырақты ағаштардың биологиялық-
шаруашылықтық сипаттамасы
1. Құрғақшылыққа төзімді төгілмелі жапырақты ағаштардың биологиялық-шаруашылықтық сипаттамасы
Ақ қараған (белая акация) Robinia pseudoacacia L. (сем. Fabacae). Робиния, лжеакация. Ұшар басы шашыраңқы, қалың, күңгірт, тым қаралау терең тілімді келген қабықты, биіктігі 30 м дейін жететін ағаш. Жапырақ серіктері - тікенек тəрізді, ұзындығы 1,5 см дейін, жапырақтары жұпсыз қауырсынды, ұзындығы 25 см дейін, 7-9 сопақша жапырақшаларымен, гүлдері ақ түсті хош иісті келеді, салбыраңқы шоқ гүлдерде тұрады, бұршағы жалаңаш, ұзыншасызықты, ұзындығы 10 см дейін, тұқымы қызыл-қоңыр, ұзындығы 0,5 см дейін. 1000 тұқымның салмағы 16-25 г. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді. Өте жарық сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді, топырақты талғамайды. Тұқыммен, өскіндермен жəне тамыр атпа бұтақтарымен көбейеді. Азот түзгіш тұқым. Шымды жəне ылғалды топырақты көтермейді. 12 жасқа дейін жылдам өседі. 70-80 (100) жыл жасайды. Бал бергіш, қаланың шаңды, газды жағдайын жақсы көтереді. Таралу аймағы: Солтүстік Америка-Айпалагес таулары. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі.
Шегіршін - Вяз, ильм (Ulmus Z. сем. Ulmaceae Mirb). Жас кезінде тегіс, есейгенде айғызды жəне тілімделген қоңыр қабықты, биіктігі 30 м жететін, диамтрі 1-1,5 м ағаш. Ұшар басы қалың, дөңгеленген ұшты, шар тəрізді жуан негізгі бұтақты жəне өркендері жіңішке ағаш. Жапырақтары кезекпен тізілген, екі қатар-өрнекпен орналасқан, қысқа сабақты, екі жақты жəне үш жақты тісті, үшкірленген. Түп жағында бүйірлері тең емес. Гүлдері екі жынысты, шоқтарда, көбінесе жапырақтары ашылғанға дейін шығады.
Жемісі қанатты жаңғақ, жарғақты қанаты ұрығын шеңберлеп қамтиды. 1000 дəнінің салмағы 4,8-14 г; өнгіштігін тез жоғалтады. Сүрегі күңгірт-қызыл-қоңыр өзекті жəне біршама ашық шел қабықты тұтқыр, жабысқақ, нашар жарылады. Көлеңкеге біршама төзімді. Құнарлы топырақта жақсы өседі, кейбір түрлері тұзды жəне біршама құрғақ жерлерді көтереді.
Дəнмен жəне түбір өскінімен көбейеді (поросль). Қорғаныш орман өсіруде жəне көгалдандыруда бағалы. Қазақстанда шегіршіннің 2 түрі жабайы өсіп өнеді жəне 7 түрі жерсіндірілген.
Тегіс, кəдімгі шегіршін - Ulmus laevis Pall - Вяз гладкий. Биіктігі 35м жететін ағаш, ұшар басы қалың жарты шар тəрізді. Қабығы қоңырлау-сұр түсті, өркендері түксіз немесе жалаңаш, қызылдау немесе күңгірт қара- қоңыр, бүршіктері конус сияқты, өткір, төменгі қабыршақтары кірпікті. Жапырақтары жұқа қою-жасыл түсті, жұмыртқаға ұқсас немесе эллипс тəрізді, үшкір ұшты жəне түп жағы тым теңбүйірлі емес, жиектері екітісті, үстіңгі жағы түксіз, астыңғы жағы түкті жəне бұрыштарында сақал тəрізді түктері болады. 1000 жемісінің салмағы 6-9 г. Наурыз-сəуір айларында гүл- дейді де, мамыр айында жеміс береді. Дəнімен жəне түбір өскінімен көбейеді.
Тамыр атпа бұтақтарын өте сирек береді. Басқа түрлеріне қарағанда суыққа төзімділеу болады. Мол көлеңке береді. Мəдени өсімдік ретінде жаппай қалалар мен елді мекендерде өсіріледі. Қорғаныш ормандар өсіруге жарамды. Сүрегі доғалар жəне ағаш бұйымдар жасауға пайдаланады. Таралу аймағы: Еуропа, Қазақстанда - Орал өзені алқаптарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік шекарасынан Чапаев қаласына дейін таралған.
Қарағаш - Вяз мелколистный. Ыстыққа, қуаңшылыққа, тұзға төзімділігімен бағаланады. Кейде аяздардан жарақаттанады бірақ бөрікбасын жеңіл қалпына келтіреді. Дəнімен көбейеді. Оларды маусымда себеді, ал күзге қарай көктейді, оларды жақсы тарамдалған тамыр жүйесін қалыптастыру үшін сүңгілейді (пикировка).
Үйеңкі - Клен - Acer L. (сем. Aceraceae Lindl). Қалақты немесе жеке қауырсынды жапырақты ағаштар, сирегірек жағдайда бұта. Гүлдері ұсақ, көріксіз гүл шашақтарында немесе гүл табақшаларында орналасады. Жемісі - қос қанатты, кейде айырыңқы қанатшалармен болады. Көлеңкеге төзімді. Топыраққа жалпы талғампаз. Тұқыммен көбейеді, түбір өскіндерін құрайды, қалемшелерімен нашар көбейеді. Топырақтың құнарлығын жақсартатын қасиеті бар. Бал бергіш. Көркем, сəнді. Сүрегі жиһаз жəне машина жасау өнеркəсібінде кең пайдаланылады. Қазақстанда 1 түрі жабайы өседі жəне 9 түрі жерсіндірілген.
Семенов үйеңкісі - (Клен Семенова - Acer Semenovii.). Көбіне бұта тəрізді болып (келеді) өсетін, тығыз, көкшіл-көк-жасыл үш тарамды жапырақтары бар, биіктігі 5-6 м дейінгі ағаш, гүлдері-сарғыштау түсті, гүл табақша секілді от шоғырларда тұрады, кейде қатарласып келіп түйіседі немесе бірінің артына бірі кіріп тұрады. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Құрғақшылыққа төзімді. Жасыл қоршауларға (изгород), шіліктерге, дала қорғаныш ормандарын өсіруге жарамды. Таралу аймағы: Орта Азия, Ауғанстан, Қазақстанда - Солтүстік жəне Батыс Тянь-Шаньнның орман белдеуінде.
Кəдімгі емен - (Дуб обыкновенный - Quercus robur L. сем. - Fagaceae ABR). Биіктігі 40 м жететін, қою тарамданған ұшар басты жəне жуан қатты тілімделген, қоңырлау-сұр қабықты ағаш. Жас өркендері түксіз, қызылдау-қоңыр. Жапырақтары өте қысқа сағақты, терілі, үстіңгі жағы жылтыр, астынан ашық-жасыл, ұзыншақ-кері жұмыртқаға ұқсас, ұзындығы 7-20 см, түп жағында құлақшалары бар, ұш жағы доғал, тұтас жиектелген, бүйір жағында 4-7 қалақтары болады.
Жапырақтары басқа көптеген сүректі тұқымдардан кеш ашылады. Гүлдері көріксіз. Жаңғақ жемісінің ұзындығы 1,5-3,5 см, 1000 жаңғағының салмағы 3 кг. Жапырағы мен гүлдері бір мезгілде - сəуір-мамырда ашылып, қыркүйек-қазанда жеміс береді. Сүрегі қатты, мықты, ауыр, өзекті жəне шел қабықты. Көлеңкеге төзімділігі орташа бірақ жоғарыдан түсетін қараңғылыққа өте сезімтал. Топырақтың құнарына жəне ылғалына талғампаз, бəрінен де терең сұр, орманның саздақ, құнарсызданған қара топырағында, өзен жайылмаларының шөгінділерінде жақсы өседі, сондай-ақ құрғақ далаға жақын өңірлердің сарғылт топырағында да жақсы өседі. Құрғақшылыққа төзімді жəне біршама топырақтың тұздануын да көтереді. 400-500 жыл жəне оданда ұзақ жасайды. Тұқыммен жəне түбір өскіндерімен көбейеді. Маңызды орман құрушы тұқым. Көкжелектендіруде кеңінен пайдаланады. Қабығында 2 % дейін тері илегіш заттар болады. Жаңғағын кофеден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы сəндік бақ шаруашылығы
Қылқан жапырақты ағаштардың биологиялық- шаруашылықтық сипаттамасы
Бағалы жалпақ жапырақты өсімдіктерді өсіру
Қылқан жапырақты трансплантациялау ерекшеліктері. Құрылыс салуға бөлінген қала аумағынан ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу
Жамбыл облысы, Тараз қаласының 2000 орындық институтты көкжелектендіру жобасын құру
Түркістан облысы, Сарыағаш елді - мекені 1200 орындық лицей аумағын көкжелектендіру жобасын құру
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 700 орындық емхана аумағын көкжелектендіру
Тараз қаласындағы 2000 орындық оқушылар сарайын көкжелектендіру
Ескі қаласы колледж
Аспалы төбе технологиясы
Пәндер