ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА
ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ
(1918 - 1945 жж.)
КIРIСПЕ
Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы оқу құралы автордың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ-ситетiнiң тарих факультетiнде көп жылдық дәрiс оқуының нәтижесiнде жазылды.
Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңi 1918-1945 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең ХХ ғасырдың бас кезiндегi капиталистiк қоғамның негiзгi өзектi мәселелерiн қарастырады. Қазiргi заман кезеңiндегi iргелi өзге-рiстердiң мазмұнына, оның iшiнде экономикалық-әлеуметтiк және саяси дамуға тоқталады. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi халықаралық қатынастардың, Германиядағы қараша революциясы мен Ресейдегi 1917 жылғы қазан төңкерiсiнiң дүниежүзiлiк әлемге тигiзген әсерi және жаңа қоғамдық-саяси дамулары қарастырылады. 1918 жылғы капитализмнiң тұрақ-тануы, экономикалық дағдарыс жылдарындағы iрi капиталистiк елдердегi экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер анықталады. Қазiргi заман кезеңiндегi басты оқиғалар - капитализмнiң мем-лекеттiк реттеу механизмi, АҚШ-тағы жаңа бағыт саясаты, Италиядағы корпоративтiк-мемлекеттiк жүйе дәрiс барысында кең қамтылады. Франция мен Испания тарихындағы халық майдан кезеңi, Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропа елде-рiндегi жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң құрылуы, буржуазиялық саяси партиялардың саясаты көрсетiледi.
Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңiне арналған бұл оқу құралында соңғы жылдарда жарық көрген зерттеулерге сүйене отырып, жалпы тарихтың өзектi мәселелерiне көңiл аударылды. Автор ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында болған тарихи процестердегi экономика-лық-әлеуметтiк және саяси өзгерiстерге тоқталады. Оқу құра-лында 1918-1945 жылдар аралығындағы революциялық өрлеу кезеңi, 1918 жылғы Германиядағы қараша революциясы, оның сипаты, екi соғыс аралығындағы халықаралық қатынас, КСРО-ның сыртқы саясатының принциптерi, халықаралық қатынас-тардың жаңа стратегиясы мен тактикасындағы өзгерiстер, ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы капиталистiк қоғамдағы дағдарыс, оның шығу себептерi, буржуазиялық реформа, мемлекеттiк реттеу, жаңа даму моделi, мемлекеттiк-монополиялық капита-лизмнiң жаңа даму үлгiсi фашистiк Италия мен Германиядағы корпоративтiк-монополияның дамуы, АҚШ-тағы Ф.Рузвельттiң жаңа бағыт саясаты қарастырылды. Франциядағы халық майдан кезеңi, фашизмге қарсы күрестегi жаңа бағыт, бiртұтас антифашистiк майдан құру мәселелерi соңғы жылдардағы тарихнамадағы жаңа көзқарастар негiзiнде жазылды.
Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңiндегi iрi оқиғалардың бiрi - 1917 жылғы Ресейдегi Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк Ресейдiң тарихы тұңғыш рет енгiзiлiп отыр.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары КСРО халықтарының тари-хында елеулi оқиғаларға толы болды. Осыған орай, автор Қазан төңкерiсiнен кейiнгi социализм құру жолындағы күрес, В.И.Ле-ниннiң социализм құрудағы жоспары, жаңа экономикалық саясат, өкiметтiк билiк үшiн болған тап күресiнiң тарихи про-цесс ретіндегі мазмұны мен мәнiне тоқталады. КСРО-дағы аза-мат соғысы, социализмнiң негiзiн қалау жолындағы БКП(б) күресi мен басшылығы атап көрсетіледі. КСРО-ның құрылуы, бiрiншi және екiншi бесжылдықтардың қорытындылары жаңа тарихи көзқараста айтылады.
КСРО тарихындағы 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргiн саясаты, И.В.Сталиннiң жеке саяси көзқарасы мен оның сая-сатына деген жаңа көзқарастарға соңғы жылдардағы жасырын болып келген мұрағат құжаттарына және зерттеулерге сүйене отырып баға берiлдi.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы халықаралық қаты-настағы болған өзгерiстер, жаңа соғыс қаупi, фашизмнiң кең түрде таралуы, КСРО үкiметiнiң сыртқы саясатындағы ұжым-дық қауiпсiздiк принципi реакция мен фашистiк топтардың уақытша болса да бәсеңдеуіне әкелдi. 1939 жылдардағы саяси дағдарыс, Мюнхен келiсiмi, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың баст-алуы, соғыстың мәнi мен қорытындысы жаңа тарихи көзқараста жазылды.
Сонымен қатар, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашистiк Германия мен Жапонияны талқан-даудағы рөлi, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуы, соғыстан кейiн дүниежүзiлiк қайта құрулар айтылды.
Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.) тұңғыш рет қазақ тiлiнде жазылып отыр. Сондықтан ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазiргi заман тарихындағы болған тарихи процестерге жазылған ой мен көзқарастар автордың жеке ойы деп түсiну керек. Автор өз ойын түпкiлiктi деп ойламайды, басқа зерттеушiлер мен мамандар осы оқу құралындағы көзқарастарға өз ойлары мен пiкiрлерiн қосып жатса, қазiргi заман тарихының өзектi мәселелерiн шешуге зор үлес қосылған болар едi.
I-тарау. БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН
КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС
(1918-1924 жж.)
§ 1. Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі
Соғыстың қортындысы. 1918 жылы 11 қарашада Фран-циядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерiнiң талабы-мен Германия жеңiлгендiгiн мойындап, бiтiмге қол қоюға келiстi. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.
1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығары-лып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары ара-сында келiсiмге келу үшiн Париж қаласында халықаралық кон-ференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден деле-гаттар қатысты. Францияның премьер-министрi Жорж Клеман-со, ағылшын премьер-министрi Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президентi Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейiнгi ха-лықаралық қатынастағы, әлемдегi өзгерiстердi ескере отырып, дүниенi қайта құру мәселесі тұрды:
- халықаралық қатынастағы өзгерiстердi ескере отырып, жаңа принциптердi қалыптастыру;
- iрi капиталистiк елдер арасындағы дүниежүзiлiк ықпалды реттеу;
- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
Ірi державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференция-сында өз мүдделерiне ыңғайлы шешу үшiн күрес жүргiздi. АҚШ-тың конференциядағы негiзгi мақсаты - дүниежүзiлiк әлемде өзiнiң үстемдiгiн қалыптастыру болды. Бiрақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргiзуiне оның бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi экономикалық дамуы негiз болды. Соғыстан кейiн Франция мен Англияның экономикасы күйзелiске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтердi. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кiрiстi. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өлiп, 230 мың адам жара-ланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсiбi 335 млрд. доллар таза пайда келтiрдi. 1919 жылы АҚШ дүние жүзiнде көмiрдiң 50% өндiрдi; шойын мен болаттың 53; мұнайдың 32; автомобильдiң 85% шығарды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн АҚШ дүниежүзiнде қаржы саласында толық үстемдiк алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерiнде 7 млрд. Доллар, Еуропа елдерiнде 18 млрд. долларға жеттi. АҚШ президентi В. Вильсон: Дүниежүзiне кiм көп ақша берсе, сол ел әлемде билiк жүргiзуi қажет - деген болатын. Сөйтiп, АҚШ дүниежүзiлiк үстемдiк жасау үшiн күрес жүргiздi. Бұл саясатты iс жүзiне асыру үшiн АҚШ президентi Париж конференциясына 14 пункттен тұратын бағдарламасын әкелдi. Бағдарламаның мазмұны төмендегiдей болды:
- Антанта елдерiнiң арасындағы жасырын келiсiмдерден бас тарту;
- дүниежүзiлiк мұхиттар мен теңiздерде еркiн жүзу;
- барлық кедендiк кедергiлердi жойып, халықаралық ашық есiк және ашық қол принципiн сақтау;
- отар елдердiң мәселесiн әдiлеттi шешу;
- қару-жарақты қысқарту;
- Германиямен және оның одақтастарымен әдiлеттi келiсiмдер жүргiзу;
- дүниежүзiлiк дау-жанжал мәселелердi бейбiт жолмен шешу үшiн халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.
Париж конференциясында АҚШ Президентi В.Вильсонның бейбiтшілік сүйгiш саясатты бiлдiрген 14 пункттен құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.
14 пункттен тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспанциялық саясаты анық көрiндi. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәнi дүниежүзiлiк әлемде үстемдiк жүргiзу екенін түсiнiп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабыл-дамады. Бiрақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Кле-мансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелердi шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келiстi.
Версаль келiсiмi. Соғыстың қорытындысын баянды ету үшiн жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келiссөздер жүргiзуге кiрiстi. Париж қала-сындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келiссөздер басталды.
Бұл келiссөздер барысында Германияның жер мәселесi қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Герма-нияға берiлген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берiлдi. Польшаның батыс жерi Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерiктi қала ретiнде Ұлттар Лигасына басқаруға берiлдi. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бiтiмi бойынша Германия жерінің 81 бөлiгiнен айырылды.
Екiншiден, Рейн өзенiнiң сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерiнiң бақылауына өттi. Германия Рейн өзенi бойынан өз әскерлерiн әкетуге келiстi. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берiлдi. Германия өзiнiң соғыс-теңiз флотынан айырылды.
Үшiншiден, Версаль келiсiмінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесi қаралды. Бұл мәселенi шешу үшiн репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешiмiмен Германия 226 млрд марка төлеу керек болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд. марка төлейтiн болып келiстi. Репарациялық төлемнiң 52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия - 10%, Бельгия - 8%-ын алатын болды.
Төртiншiден, Германияның отарлары туралы мәселе қарал-ды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бiр бөлiгi Англияға берiлдi. Намибия - Британияның доминионы Оңтүстiк-Африка Одағына өттi. Тогоның шығыс бөлiгi, Камерунның көп бөлiгi және Руанди, Берунди Францияға берiлдi. Германияның Тынық мұхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өттi. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берiлдi. Қытайдағы Шаньдун түбегi Жапонияға қайырылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинейдiң шығыс бөлiгi, архипелаг Самоа берiлдi.
1919-1920 жылдардағы Германия және оның одақтастары-мен болған келiссөздер Еуропа мен Азия картасына көптеген өзгерiстер әкелдi.
Бiрiншiден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. Париж конференциясында Антанта елдерi тәуелсiздiк алған Чехословакия, Польша, СХС (Серб, Хорват және Словен) корольдiгiн мойындады. Жер өзгерiстерiн бекiттi. Истрия түбегінде Триест қаласы, Оңтүстiк Тироль Италияға берiлдi. Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиiстi болды.
Екiншiден, 1919 жылы қарашаның 27 күнi Болгария мен жеңген елдер арасында Нейя келiсiмi болды. Батыс Франция Грецияға берiлiп, Эгей теңiзiне Болгария шыға алмайтын болды. 2566 кв. км жер Югославия (СХС) корольдiгiне қайтарылды. Болгария 2 млрд. 250 млн. марка репарация төлейтiн болды. 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келiсiмге қол қойылды. 84 мың км2 жерi 6,7 млн халқымен Австрия Республикасы құрылды. Келiсiм бойынша Австрияның Герма-нияға және басқа елге бiрiгуіне тыйым салынды. 1919 жылы наурыз айында Венгрия мен Трианон келiсiмi жасалды. Бұл келiсiм бойынша Венгрия Австрияны мойындады. Румынияға Трансильвания мен Баната берiлдi. Хорватия - Югославияға, Словакия және Закарпат Украинасы - Чехословакияға берiлдi. 1920 жылы 10 тамызда Севр қаласында Түрiк мемлекетiмен келiсiмге қол қойылды. Түрiк Республикасының жерi Кiшi Азия бөлiгi мен Стамбул қаласы және Фосфор бұғазымен шектелдi. Измир қаласы Грецияға өттi. Шығыс Араб елдерiндегi Па-лестина, Трансиордания және Ирак Англияға, Сирия мен Ливан Францияға берiлдi. Батыс Армения жерi түрiктердiң мандаттық билiгiнде қалды. Күрдістан - түрiктерге берiлдi. Фосфор мен Дарданелл ұлы державалардың халықаралық комиссиясының бақылауында қалды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi Версаль және басқа бiтiмдер жүйесi халықаралық қатынастағы жаңа саясат - империалистiк елдер арасындағы қатынастардың жаңа бағытта дамуына әкелдi. Жаңа халықаралық жүйенiң ерекшелiктерi:
1. Империалистiк елдер арасындағы қайшылықтарды келiс-сөздер арқылы шешуге келiстi;
2. Қару-жарақты қысқарту;
3. Халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасы құрылды;
4. Версаль бiтiмi империалистiк елдердiң агрессиялық саяса-тын тежедi;
5. Кеңестiк Ресейге қарсы Санитарлық кардон саясатын ұстады.
6. Батыс Еуропа елдерi ХХ ғасырдың 20-жылдарында Кеңес Одағын елшiлiк негiзде мойындауға мәжбүр болды;
7. Халықаралық қатынаста жаңа Кеңес Одағының сыртқы саясаты қалыптасып, жаңа халықаралық қатынасқа өзгерiстер әкелдi.
Версаль келiсiмiнiң барысында АҚШ үкiметiнiң саясаты жеңiлiс тапты, бiрақ АҚШ өзiнiң дүниежүзiн билеу саясатынан бас тартпай, Вашингтон конференциясын шақырды.
§ 2. Вашингтон конференциясы
ХХ ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бiтiмiнiң қайта қаралуын талап ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конферен-циясында сыртқы саясаттың жеңiлiс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерiн өзiнiң билеу саясатын жүзеге асыруға көндiру болды.
АҚШ үкiметiнiң тiкелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қара-шада бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуының үш жылды-ғына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конференция жұмысына тоғыз ел - АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Ита-лия, Бельгия, Голландия (Нидерланды), Португалия және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президентi Гардинг салтанатты түрде: Бiз дүниежүзiнде бейбiтшiлiк пен тұрақтылықты орнату үшiн бас қосып отырмыз - дедi. Аме-рика Құрама Штаттарының конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды?
Бiрiншiден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету; екiншiден, Англияның әлемдiк мұхиттар мен теңiздердегi үс-темдiгiн әлсiрету; үшiншiден, Тынық мұхит аралдарында ман-даттық статускво құқықтарының сақталуын бақылау. Вашинг-тон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзiнiң дүние жүзiндегі қаржылық үстемдiгiн пайдаланып, өзiнiң негiзгi қарсыластарын көндiрді де, дүниежүзiлiк билеу саясатын жүргiзуге жол ашты.
Бiрiншiден, 1922 жылдың 6 ақпанында тоғыз держава келi-сiмiне қол қойылды. Мұнда Қытай елiнiң егемендiгi мен жер тұтастығы екі жүзділікпен жарияланып, ашық есiк және тепе-тең қатынас принципi ұсынылды.
АҚШ-тың ашық есiк саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негiзгi мақсаты - Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету едi. Сөйтiп, тоғыздық келiсiм барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньжуриядағы салып жатқан темiр жол құрылысынан бас тартты. Қытайдағы кеңесшiлерiн кейiн шақы-рып алды. Сонымен қатар, Шаньдун түбегiн де Қытайға қай-тарды. Сөйтiп, Жапония Қытайдағы беделiнен айырылды.
Екiншiден, конференцияда бес ел келiсiмiне қол қойылды. Соғыс-теңiз қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы линкор соғыс кемелерiн жасауды тоқтата тұру; ескi соғыс кемелерiн жою; ұлы держава елдері арасындағы соғыс-теңiз кемелерiнiң арақатынасын реттеу. АҚШ-тың негiзгi ойы жаңадан соғыс-теңiз кемелерiн жасап, Англияның әлемдiк сулардағы үстемдiгiн әлсiрету болатын. Конференциядағы бес ел келiсiмiне сәйкес елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келiсiмге - АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ - 5, Англия - 5, Жапония - 3, Франция - 1,75, Италия - 1,75 болып пропорциялық түрде белгiлендi. 575 мың т. линкор жасау - АҚШ және Англия үлесіне, 315 мың т. линкор жасау Жапонияға және 175 мың тоннадан Франция мен Италияның үлесіне тиді. әрбiр линкор салмағы 35 мың тоннадан артпау керек. Сонда АҚШ пен Англия 15 линкор жасай алады.
Үшiншiден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония және Франция төрт елдiк келiсiмге қол қойды. Бұл келiсiмде Тынық мұхит аралдарын пайдалану құқықтарын реттеу сөз болды. АҚШ-тың мақсаты - Тынық мұхит арал-дарындағы Жапонияның беделiн әлсiрету және 1902 жылғы ағылшын-жапон келiсiмiнiң күшiн жою болды. Жапония делегациясы бұл келiсiмнiң жойылуына қарсы тұрды. Ағылшын уәкiлi: Сiздер қорықпаңыздар, бір келiсiмнiң орнына төрт келiсiм қабылданды - деп жапондықтарды тыныштандыруға тырысты. Жапон делегациясының уәкiлi: Сiздер бәрiбiр бiздiң келiсiмдi жерге көмдiңіздер - деген жауап қайтарды.
Сонымен 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференция-сы Америка Құрама Штаттарының ең iрi жеңiсi болды. Олар Париж конференциясындағы жеңiлiстiң есесiн қайтарды. АҚШ-тың дүниежүзiн билеу және ұлы державалық саясаты асықпай iс жүзiне аса бастады. Бiрақ, Версаль-Вашингтон келiсiмдер жүйесi империалистiк елдер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады. КСРО үкiметiнiң сыртқы саясатының қалыптасып, нығая түсуіне байланысты АҚШ көп жылдар бойына өзiнiң билеу саясатын еркiн жүргiзе алған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесi, ұлы держава елдерінiң арасындағы қайшылықтар, фашизм және агрессиялық елдер саясаты екiншi дүниежүзiлiк соғысқа әкелдi.
II-тарау. БАТЫС ЕУРОПА, АҚШ ЖӘНЕ КСРО
ЕЛДЕРІ (1918-1939 жж.)
§ 1. Германия
1918 жылғы қараша революциясы қарсаңындағы саяси ахуал. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Германияның қоғамдық-саяси құрылымын дағдарысқа әкелдi. Германияның соғыс жылдарындағы экономикасы, соғыстың ауыртпалығы еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді. Жұмыс-шылар, соғыстағы солдаттар мен матростар Германия монар-хиясынан соғысты тоқтатуды талап еттi. Буржуазиялық топтар Германиядағы монархиялық билiкке қарсы күреске шыға отырып, халық күресiн қолдап, монархияны құлатуды талап ете бастады. Германияда революциялық ахуал пiсiп-жетiлдi. Монар-хияның елдегi саяси билiгi әлсiреп, халықтың алдында беделi түстi. Соғысты бастаған iрi буржуазия мен монархия әскерлерi соғыс майданында бiрiнен соң бiрi жеңiлiске ұшырады. 1915-1917 жылдағы соғыс майданындағы жағдайдың қиындауы солдаттар мен матростар арасындағы революциялық жағдайды шиеленістіре түсті. Қарапайым халық соғыстан қалжырап шаршады. Елде монархияға қарсы ереуiлдiк қозғалыс кең етек алды. 1916 жылы 240 ереуiл болса, 1917 жылы - 562, 1918 жылы - 773 ереуiлдiк қозғалыс болды. Мұндай қозғалыстар Герма-нияның iрi қалаларын түгел қамтыды.
1917 жылы 25 қазан айында Ресейдің Петроград қаласында большевиктер партиясының қарулы көтерілісі жеңіске жетті. Ресейде социалистiк қоғам құру үшiн большевиктер партия-сының көсемі В.И.Лениннiң айтуымен, социалистiк револю-ция жүзеге асып, пролетариат диктатурасы, оның формасы жұмысшы және солдаттар депутаттарының кеңесi жеңiске жеттi. Ресейде үкiмет билiгi большевиктер партиясының қолына көштi де, жаңадан Кеңес үкiметi құрылды. Оның алғашқы шаралары: 1917 жылғы 26 қазан айында Бүкiлресейлiк кеңес съезiнде екi құжат - Бiтiм туралы және Жер туралы декрет-тер жарияланды. Бұл құжат бойынша Ресей соғыстан шығып, шаруаларға жер бере бастады. Жұмысшылар өз өнеркәсiптерiн қолдарына алып, оның қожайынына айналды. Соғыстан шар-шап, қалжыраған солдаттар елге қайта бастады. Кеңес өкiме-тiнiң бұл жүргiзген шаралары тез арада бүкiл әлемге тарап, Еуропа елдерiнде Кеңестiк Ресейдегiдей билiк орнату мақса-тында революциялық күштер жаңа күреске шақырып, елдерiнiң басқарушы топтарына қарсы шықты. Бұл оқиға Германия еңбекшiлерiне қатты әсер еттi.
Революция қарсаңындағы саяси күштердiң қалып-тасуы. Қараша революциясының қарсаңында Герман социал-демокра-тиялық партиясы (СДПГ) және Тәуелсiз социал-демократиялық партиясы (НСДПГ), оның сол қанатында Спартак одағы қалыптасты.
Герман социал-демократиялық партиясы - жұмысшы пар-тиясы еңбекшi халықтың қолдауында болды. 1918 жылы мамыр айында СДПГ Қимыл бағдарламасын қабылдайды. Партия бағдарламасы Германияда буржуазиялық-демократия жолына түсу және парламенттiк жүйенi орнату, яғни монархияға қарсы күресiп, республика құру талабын алға қойды. Социал-демо-кратияның негiзгi мақсаты - реформа арқылы қоғамдық-саяси өзгерiстер жүргiзу болды.
Германияның тәуелсiз социал-демократиялық партиясы бур-жуазиялық реформаны қолдай отырып, революциялық жолдан да бас тартпайды. Негiзгi көзқарасы оңшыл центристiк бағыт болды. Партия мүшелерi К.Каутский, Г.Гаазе, Р.Гильфердинг оңшыл центристiк көзқараста бола отырып, большевиктер партиясының пролетариат диктатурасын орнату идеясынан бас тартты да, Германияда демократиялық республика орнатуды көздедi. Каутский: Германияда пролетариат диктатурасын орнату бiздiң түпкi мақсатымыз емес, - деп мәлiмдеген болатын. Ол - В.И.Лениннiң таптық көзқарасын сынаған адам-дардың бірі еді.
Ресейдегi қазан төңкерiсiнен кейiн Германияның саяси да-муында революциялық идея, пролетариат диктатурасын орнату үшiн күрес жүргiзетiн саяси топ - Спартак одағы құрылды. Оның басшылары К.Либкнехг және Р.Люксембург болды. Революциялық қозғалыс жылдарында олар жұмысшы табын кеңес өкiметiн орнатуға шақырды. Олардың негiзгi саяси көз-қарастары қоғамдық-саяси өзгерiстердi революциялық жолмен iске асыру болатын. Сонымен қатар, В.И.Лениннiң идеясын қолдай отырып, Германияда коммунистiк партия құру үшiн күрес жүргiздi. 1918 жылы қазан айында революциялық топтың конференциясы шақырылып, еңбекшi халықты қарулы көте-рiлiске шығуға, сөйтiп буржуазиялық революцияны социалистiк революцияға жалғастыруға үндеу тасталды. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, соғысты тоқтату, кейбiр банктердi национа-лизациялау, жалақыны өсiру т.б. талаптар қою арқылы халықты революцияға шақырды. Бiрақ Спартак тобының үгiт-насихат жұмысын еңбекшi халық қолдаған жоқ. Халық революциялық жолды түсiне алмады, ал буржуазиялық-реформалық жол әлде-қайда түсiнiктi еді. Қоғамды реформалық-парламенттiк жолмен өзгертiп, Германияда буржуазиялық республика құру халық түсiнiгіне жақын болатын. Қараша революциясының қарсаңын-дағы саяси күштер iрi буржуазия мен монархияға қарсы тұратын оппозициялық күшке айналды.
Қараша революциясының басталуы. Революцияның баста-луына негiзгi себеп болған оқиға Герман монархындағы соғыс-теңiз министрiнiң Киль қаласында тұрған соғыс-теңiз база-сының кемелерiне ашық теңiзге шығып соғыс қимылдарын жүргiзу арқылы жеңiске жету туралы бұйрығы болды. Бiрақ та соғыс-теңiз флотының кеме басшылары теңiзге шығудан бас тартып, кемелерде матростар арнаулы революциялық комитет-тер құрып, көтерiлiске шығады. Кемелерде қызыл жалаулар көтерiлiп, соғысты тоқтатуды талап ете бастайды. Революцияға шыққан кемелердегi матростарды тұтқындау басталады. Қараша айының 3 күнi Киль қаласының халқы матростарды қолдап ереуiлдi бастайды. Қала халқы тез арада жұмысшы және солдат кеңестерiн құрып, өздерiнiң талаптарының орындалуын сұрай-ды. Соғысты тоқтату, саяси тұтқындарды босату талаптарын жергiлiктi үкiмет орындауға мәжбүр болады. Германияда рево-люция басталады.
Макс Баденский үкiметi Киль қаласына оңшыл социал-демократ Носкенi жiберiп, революцияны басуға тырысады. Нос-ке келгеннен кейiн Киль қаласында құрылған жұмысшы және матрос кеңестері кеңес өкiметiнiң қызметiне араласып, рево-люцияның Германия жерiне тарап кетпеуiне күш салады, бiрақ бiрнеше күннен кейiн революция Германия мемлекетiнiң бар-лық қалаларында кең тарап, бүкiлхалықтық революцияға ұласа-ды.
Қараша айының 7-8 күндерi барлық қалалардағы револю-цияға қатысқан халық үкiметтiң жұмысшы және солдат кеңес-терінің қолына берiлуiн, сонымен қатар монархияның билiктен кетуiн, рейхстаг пен ландтагтың таратылуын, армияны демо-кратияландыруды, жаңа үкiмет құруды талап етедi. Елдегi бас-талған революцияға герман социал-демократтары да қатысып, жаңа үкiметтiң құрамына буржуазияның қатысуын талап ете бастайды. ГСДП (Германия социал-демократ партиясы) елде құрылған кеңес өкiметiнiң атқару комитеттерiне кiре бастайды. Революцияның барысында жұмысшы және солдат кеңестері кеңес өкiметiнiң орнына буржуазияның жеңiске жетiп шығуын қалайды. Қараша айының 8-9 күндерi Берлин қаласында рево-люция жеңiп, жұмысшы және солдат кеңесiндегi ГСДП уәкiл-дерi монархияның тақтан бас тартуын және бiрiккен үкiмет құруды талап етедi. Берлин қаласында билiк жұмысшы және солдат кеңесiнiң қолына көшедi. Кеңестiң атқару комитетiне ГСДП және ТСДП (тәуелсiз социал-демократ партиясы) Спар-так одағы кiредi. Революциялық Спартак одағының басшылары Германияда пролетариат диктатурасының орнауын қалап, революция барысында жұмысшы және солдат кеңесi арқылы социалистiк революцияның жеңiп шығуы үшiн күрес жүргiзедi. Кеңес атқару комитетiнде екi ағым қалыптасады. Бiрiншi ағым - революцияны қарулы күрес арқылы жалғастырып, кеңес өкiметiн құру; екiншiсі - социал-демократ партиясының қол-дауымен буржуазиялық республика құру.
Қараша айының 9-ы күнi Берлин қаласының көшелерiнде халық демонстрациясы Кайзердiң тақтан кетуiн талап етеді, қалада жұмысшы және солдат кеңес атқару комитетi құрылып, үкiметтiк билiктi қолдарына ала бастайды. Түс қайта Кайзер Вильгельм II өзiнiң тақтан түскенiн жариялап, елдi басқарушы етіп ГСДП-ның басшысы Ф.Эберттi тағайындайды. Қала көте-рiлiсшiлердiң қолына толық көшедi. Түрмелерден саяси тұтқын-дар босатылады. Кайзер Вильгельм II шет елге қашып кетедi. Қараша революциясының бiрiншi талабы орындалып, Герма-нияда монархия құлайды. Үкiметтi өз қолына алған буржуазия-лық топтар, революцияның алға қарай кең етек алмауы үшiн Кеңес атқару комитетiндегi революциялық топтарды келiсiмге келуге шақыра бастайды. Ф.Эберт Рейхстагта Германия тәуел-сiз республикасы құрылғандығын жариялайды. Бiрiккен рево-люциялық үкiмет құрып, оның құрамына ГСДП және ТСДП, Спартак одағының басшысы К.Либкнехт кiредi.
Жаңа үкiмет халық уәкiлдерiнiң кеңесi (СНУ - совет народных уполномоенных) деп аталады. Үкiметтiң төрағалары болып ГСДП басшысы Ф.Эберт және ТСДП басшысы Г.Гаазе сайланады. Сөйтiп, Германияда Эберт-Гаазе үкiметi құрылады. үкiметтiк билiк халық уәкiлдерiнiң кеңесiне берiледi. Бұл өкiмет пролетариат диктатурасы болып құрылмайды. Үкiметтiк билiктi буржуазия бейбiт жолмен өз қолына ала бастайды. Бiрақ революция барысында екi өкiметтiк билiктің - бiреуi - революция барысында құрылған жұмысшы және солдат кеңесi, екiншiсi - халық уәкiлдерi кеңесiндегi буржуазиялық топтар - арасында билiк үшiн күрес жалғаса бердi. Халық уәкiлдерiнiң кеңес үкiметiнiң құрылуымен қараша революциясының бiрiншi кезеңi аяқталды.
Кеңес және ұлттық жиналыс үшiн күрес. Революцияның алғашқы кезеңiнен бастап құрылған жұмысшы және солдаткеңесiнiң құрамындағы революциялық топ - Спартак одағы өкiметтiң кеңеске берiлуiн талап еттi. Германиядағы револю-цияны Спартак одағы, олардың басшысы К. Либкнехт бур-жуазиялық-демократиялық революция деп бағалады. Сондықтан революция социализм құруды бiрден мақсат еткен жоқ. Социалистiк революцияның жеңiп шығуының Германияда толық алғышарттары болған жоқ. Елде социалистiк революция ұйымдастыратын маркстiк партия болмады, еңбекшi халық социализм идеясынан алыс болды. Сондықтан Спартак одағы буржуазиямен бiрлiкке келiп, бейбiт жолмен кеңес өкiметiн құру үшiн күрестi. Жұмысшы және солдат кеңесiнiң құрамындағы солшыл радикалдар мен ТСДП мүшелерi кеңес өкiметi үшiн күрес жүргiзгенiмен қатар, халық уәкiлдерiнiң кеңесi үшiн де күрес жүргiзiп, ГСДП-ымен ынтымақтасып отырды.
Спартак одағының болашақ коммунистері Кеңес үшiн үгiт-насихат жүргiзiп жатқанда, немiс буржуазиясы революцияны бәсеңдетiп, бейбiт жолмен өкiметтi халық уәкiлдiлiк кеңесiне алу үшiн күрес жүргiздi. Буржуазияның мүмкiндiгi революция-лық топқа қарағанда зор болды. Герман үкiметiнiң мүшелерi буржуазиялық топтардан тұрды. Армия Эберт үкiметiн қолдады. Елде буржуазиялық партиялар құрыла бастады: Германия демократиялық партиясы - басшысы И.Вирт, немiс халық партиясы (ННП) - басшысы Г.Штрезман және Немiс ұлттық-халық партиясы (НННП) - басшысы Востарп. Бұл партиялар үкiметтi қолдап, революцияға қарсы күштерiн бiрiктiре бастады. Эберт-Гаазе үкiметi сыртқы саясатта антисоветтiк үгіт жүргiзiп, АҚШ үкiметiмен ынтымақтасуды жақтады. Контрреволюция-лық күштердiң орталығы - Германия армиясының бас штабы негiзгi күшке айналып, Кеңес атқару комитетiне қарсы қарулы күреске шығуға дайындалып жатты.
Кеңес және Ұлттық жиналыс үшiн күресте контрреволю-циялық күштер басым түсе бастады. Буржуазия Ұлттық жина-лыс шақыру үшiн күресiп жатты. Ал бұл кезде Кеңес съезiн ша-қыру келiсiлiп қойылған болатын.
16-21 желтоқсанда Берлин қаласында Кеңестiң I съезi шақырылды. Съезд жұмысының барысында үкiмет және заң шығару билiгiн Халық уәкiлдiлiк кеңесiне беруге шақырды. Кеңес съезiне қатысқан депутаттардың талас туғызған мәселесi кеңес және Ұлттық жиналыс туралы болды. Үкiметтiк билiк кiмге берiлуi керек? Бұл мәселеде буржуазия жеңiске жетiп, Ұлттық құрылтай жиналысының сайлауын өткiзу туралы шешiм қабылданды. Сөйтiп, Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия же-ңiске жетiп, революциялық Спартак одағы кеңес үшiн күресте жеңiлiс таба бастады. Қараша революциясының екiншi кезеңi аяқталды.
1919 жылғы революциялық өрлеу. Спартак одағы Кеңес-тiң I съезiнде жеңiлiс тапқаннан кейiн, революцияның сабақ-тарын ескере отырып, маркстiк партия құру керек екенiн түсiне бастады. 1918 жылдың соңында желтоқсан айының 30-ы күнi партия конференциясында Германия коммунистiк партиясының құрылғандығы жарияланды. Конференция жұмысында Р.Люк-сембург партияның бағдарламасы туралы сөз сөйлеп, ГКП-ның негiзгi мақсаты - социалистiк революция арқылы пролетариат диктатурасын орнату екендігін айтты. Конференцияда сөз сөйлеген К.Либкнехт партияның Ұлттық жиналысқа көзқарасы туралы айтып, Ұлттық жиналыс сайлауына бойкот (бас тарту) жариялады.
Коммунистiк партия конференциясында қабылданған шешiм-дер сол кездегі тактикалық қателiктерге апарды. Бұқара халық үшiн күресте өздерiнен өздерi оқшауланды. Кейiннен В.И.Ленин бұл қателiктердi солшылдардың балалық ауруы деп бағалады. Германия коммунистiк партиясы Еуропа елдерiндегi тұңғыш маркстiк партия болды. Ол таптық мүддеге бағытталып құры-лып, марксизм-ленинизм iлiмiн жақтап немiс пролетариаты арасында кең түрде үгiт-насихат жұмысын жүргiздi.
1919 жылдың басында Германияда революциялық толқулар күшейе бастады. ГКП халықты қарулы көтерiлiске шақырып, үгiт-насихат жұмысын белсендi түрде жүргiздi. Буржуазия революциялық қозғалыстан сескенiп, жұмысшы табына қарсы күреске шығуға дайындалды. Кеңес съезiнде жеңiлiс тапқан революциялық топтар билiктi қарудың күшiмен алуға шықты. Халық көтерiлiсiнiң басталуына Берлин қаласының полиция бастығы Э. Эйхгорнның жұмыстан босатылуы себеп болды. Берлин жұмысшы табы және солшыл саяси күштер ТСДП және ГКП үкiметке қарсы саяси талаптар қойып, ереуiлге шақырды. Эйхгорнның қайта жұмысқа алынуын талап еттi, контррево-19
люцияға қарсы қайтадан қарулы көтерiлiске шақырды. Қаңтар айының 5-і күнi Берлин қаласында 100 мың адам демон-страцияға шықты. Олар Эберттiң үкiметтен кетуi, Халық уәкiлдер кеңесiн тарату туралы саяси талаптар қойды. Революцияны басқару үшiн ТСДП басшылығымен қимыл комитетi құрылды. Тәуелсiз социал-демократ партия басшысы үкiметпен келiсiмге келiп, халық қозғалысын басуға шақырып отырды. ГКП-ның мүшелерi де бұл көзқарасты қолдады. Сөйтiп, қаңтар айындағы ереуiл бiртiндеп жеңiлiс таба бастады. Революциялық өрлеуді Германияның Брауншвейг, Гамбург, Галле, Бремен қалаларындағы жұмысшы тобы да қолдады. Берлин қаласындағы ереуiлдi басу үшiн қаңтардың 12-і күнi Германия әскер басшысы Носкенiң басқаруымен ерiктiлер әскерлерi келiп, ереуiлге қатысушылар мен үкiмет әскерлерiнiң арасындағы соғыс қимылдары бiрнеше күнге созылды. 1919 жылы қаңтардың 15-і күнi контрреволюцияшылдардың қолынан Роза Люксембург пен Карл Либкнехт қаза тапты. Революция жеңiлiс тауып, қараша революциясы барысында құрылған кеңес атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын тауып, сәуiр айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды. Бiрақ та қолдарында күштерi бар контрреволюция, оны қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңiске жетiп, Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкiметi құлады. Қараша революциясының үшiншi кезеңi 1919 жылғы 19 қаңтардағы ұлттық жиналыс сайлауының өтуiмен, революциялық күштердiң жеңiлiс табуымен аяқталды.
Германиядағы қараша революциясының мәнi туралы Кеңес тарихнамасында социалистiк революция болды деген көзқарас болып келдi. Оның себебi - 1918 жылы қаңтардың 9-ы күнi К.Либкнехт Берлин жұмысшы табының алдында сөз сөйлеп, Социалистiк революция жасасын деп ұран тастаған болатын. Екiншi себебі - революция барысында құрылған кеңес өкiметi болды. Бiрақ социалистiк революцияның негiзгi мақсатының шешілуiне елде жағдай жоқ болатын. Революцияға жұмысшы тобының одақтасы - шаруалар қатысқан жоқ, жер мәселесi буржуазия мүддесiне сәйкес шешiлдi. Германияда монархия құлатылып, буржуазиялық республика құрылды. 1918-1919 жылдардағы қараша революциясы мәнi жағынан буржуазиялық-демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрт кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезеңi - қараша айының 10 күнi Халықтық кеңес үкiметiнiң құрылуы; екiншi кезеңi - қара-шаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестiң 1 съезiнiң шақырылған күнiне дейiн; үшiншi кезеңi - жел-тоқсанның 16-нан 1919 жылдың қаңтар айының 19-ы аралығын-дағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейiн; төртiншi кезеңi 1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялық Республи-касының құрылуымен аяқталды. Германия тарихында бур-жуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды. Германияның қоғамдық-саяси дамуы демократиялық даму жолына түстi.
Веймар Республикасының құрылуы және оның Консти-туциясы. 1919 жылы қаңтар айының 19-ы күнi Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өттi. Сайлауда 54,5% дауыспен бур-жуазиялық партиялар жеңiске жетiп, Ұлттық жиналысқа (пар-ламент) буржуазиялық депутаттар сайланды. Сайлаудан кейiн ақпан айының 6-ы күнi Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдiң Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегi саяси тұрақсыздықпен сәйкес келдi. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған рево-люцияға жалғасты, буржуазия үкiметтi өз қолына алғанымен, Германия бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста жеңiлгендiгiн мойын-дады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкiметiн құруға, алдағы үкi-меттiң мiндеттерiн анықтауға кiрiстi. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф.Шейдеман бастаған үкiмет құрылды. Үкiметтiң құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партия-ларынан өкілдер кiрдi. Веймар Республикасының президентi болып Ф.Эберт сайланды.
Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесi өте тартысты жүрдi. Үкiметтiң әлеуметтiк бағдар-ламасы да қызу тартыста өттi. Елдегi саяси күштердiң ара салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шiлде айының 31-ы күнi Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекiттi. 1919 жылы тамыз айының 4-і күнi Конституция өз күшiне ендi.
Веймар Конституциясы Германияны республика деп жариялады. Халық - өкiметтiк билiктiң негiзгi тiрегi болды. Сонымен қатар еңбек етуге, адам құқықтарын қорғауға, бiлiм алуға Конституция кепiлдiк бердi. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға бiрдей сайлау құқығы берілді және референдум (жалпыхалықтық сұрау) өткiзуге рұқсат етiлдi. Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламентi - Рейхстаг. Жергiлiктi немiс жерiнде заң шығарушы парламент - ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парла-ментiнiң жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат сайланды. Германия парламентi Конституция бойынша екi палатадан тұрды. Рейхстаг - жалпыға бiрдей сайлау арқылы; жоғарғы палата Рейхсрат - жергiлiктi немiс жерiнiң парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан заңдарды бекiтуге құқылы. Рейхсрат - бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды.
Конституция бойынша атқарушы билiк президенттiң қолын-да болды. Президент өкiмет басшысын (канцлер) және министр-лердi тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбас-шысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес, елде төтенше жағдай жариялауға, парламенттi (рейхстаг) таратуға және Конституцияның баптарына өзгерiстер енгiзуге құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7 жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы президентке жеке билiк жүргiзуге мүмкiндiк жасады. Веймар Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып, дамуына жол ашты.
1919 жылы наурыз айында Ұлттық жиналыс экономикалық-әлеуметтiк бағдарламаны бекiттi. Бұл бағдарлама бойынша жеке меншiктiң барлық түрiне кеңшiлiк жасалды. Өндiрiстi басқару және реттеу мемлекеттiң құзырында болды. Көмiр өндiрiсiн де жеке меншiктi сақтай отырып мемлекеттiк реттеуге бердi. Көмiр өндiрiсiн басқару үшiн Империялық көмiр кеңесi деп аталған мемлекеттiк мекеме құрылды. 1919 жылы сәуiр айында ұлттық жиналыс өндiрiстi басқаруда фабрика-завод комитеттерiн құр-ды. Бұған жұмысшылар кең қамтылды. Өндiрiстiк кеңес ең жоғарғы басқару құқына ие болды. Әлеуметтiк бағдарлама мемлекеттiк реттеудiң жаңа үлгiсi - мемлекеттiк-монополиялық капитализмнiң негiзгi механизмi болса, фабрика-завод комитетi өндiрiстегi еңбек ынтымақтастығын қалыптастырудағы басқару жүйесi болды. Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия реформаны кең түрде жүргiзе алды. Әлеуметтiк реформа қараша револю-циясынан кейiнгi еңбекшi халықтың жеңiсi бола алды.
1920-1923 жылдардағы саяси дағдарыс және Рур оқиғасы. 1919 жылғы қаңтарда өз жұмысын бастаған Париж конферен-циясы Германияда саяси дағдарыстың күшеюiне әкелдi. Версаль бiтiмi жеңген елдердiң Германиямен арадағы келiсiмi немiс халқы үшiн ең ауыр сын болды. Германия келiсiм барысында өзiнiң отарларынан айрылды, олардың қатарында Эльзас және Лотариния көмiр бассейндері де бар. Германия жеңген елдерге 132 млрд алтын марка репарациялық төлем төлеу керек болды. Версаль бiтiмi Германияда немiс халқының ұлттық намысына қатты соққы болып, Германияның саяси дамуы барысында пайда болған ұлтшылдық бағыттағы саяси ұйымдар халықты кек алуға шақыра бастады. Оңшыл саяси топтар мен консер-ватормилитаристiк күштер бiрiгiп үкiметке қарсы күреске, Версаль бiтiмiне қол қойған адамдарды жазалауға шақырды. Арандатушы-милитаристiк күштер фашистiк топтар құруға кiрiстi. Алғашқыда халық арасында оларды қолдаушылар аз болды. Фашизмнiң әлеуметтiк негiзi - люмпендер, соғыстан қайтқан солдаттар, жұмыссыздар, жастар және орта топқа жататындар, қоғамнан әлi де болса өз орындарын таппаған адамдар. Үкiметке қарсы реванш - ұлттық әскери ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдардың негiзгi қызметi террор, кек алу еді. Олардың алғашқы құрбаны 1918 жылғы қараша айында Компьен орманындағы келісімге қол қойған Центр партия-сының басшысы М. Эрнбергер, 1922 жылы Рапалло келiсiмiне қол қойған Сыртқы iстер министрi В Ратенау болды. 1919 жылы Мюнхен қаласында сыра бүлiгiн бастаған А.Гитлер алғашқы фашистiк ұйымдарды құруға қатысып, фашизм бiртiндеп нацистiк (ұлтшылдық) идеологияға айнала бастады. Елдегi саяси дағдарыстың күшейiп тұрған кезiнде, 1920 жылы тұңғыш парламент сайлауы өттi. Жаңа үкiмет кабинетi құрылды. Канцлер болып Ференбах тағайындалды. Бiрақ елдегi саяси дағдарыс үкiметтiң жиi алмасуына әкелдi. 1921 жылы мамырда канцлер Ференбах репарация төлеуден бас тартып, отставкағакетуге мәжбүр болды. 1922 жылы Центр партиясының басшысы И.Вирт үкiмет құрды, бiрақ үкiметтiк дағдарыс И.Виртты отставкаға кетуге мәжбүр еттi. 1922-1923 жылдары жаңа үкiмет-тi Куно құрды. Жаңа үкiметтiң репарациялық төлемнен бас тартуы 1923 жылы Франция-Бельгия армиясының Рур көмiр бассейнiн басып алуға алып келдi.
1923 жылы қаңтардың 11-і күнi Франция мен Бельгия әскерлерi Рейн-Рур облысын басып алды. Ол Батыс Гер-маниядағы ең iрi өндiрiс орталығы болатын. Көмiрдiң 70%, болат және шойынның 50%-ы Франция мен Бельгияның қолына көштi. Олардың Рур облысын басып алуы немiстердiң ашу-ызасын келтiрiп, елде саяси дағдарыстың тереңдеуiне әкелдi. ГКП-сы халықты революцияға шақырып, бiртұтас жұмысшы майданын құру арқылы буржуазиялық үкiметке қарсы күреске шақырды. Немiс буржуазиясы халықты отан қорғауға, Отанға қауiп төндi деген ұрандармен ұлттық бiрiгуге бастады. Куно бастаған үкiмет халықты жаулап алған жердi қайтарып алуға шақырды. ГСДП және кәсiподақ ұйымы үкiметтiң саясатын қолдап, жұмысшы тобы бiрлiгiне шақырып, ұлттың санасын оятып, елдi жаудан қорғауға үгiт-насихат жұмысын белсендi түрде жүргiздi. Рур оқиғасы Германияның экономиялық дамуы-на керi әсер еттi, өндiрiс өндiру көлемi азайды, инфляция да-мып, жалақы төмендедi. Елдiң қаржы-ақша құрылысы алтын қорының азаюына әкелдi. Үкiмет екiншi жағынан бұл саясатқа сылбыр келiсiп, өзiндiк саясат жүргiздi.
Елдегі экономикалық дағдарыс еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуiне әкелдi. 1923 жылы жаз айында Рур облысында көмiр, тау-кен жұмысшылары ереуiлге шықты. Ереуiлге шыққан жұмысшылардың саны 400 мың адамға жеттi. Шiлде айында Берлин қаласында, Силезияда 250 мың адам қатысқан ереуiлдер болды.
Куно үкiметтi, елдi басқара алмай, елде жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz