Windows объектілі-бағытталған платформасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Windows объектілі-бағытталған платформасы

Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз
болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс
жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі
графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады.
Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
• Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
• Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен
жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы
өзара әрекеттеседі.
• Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа
объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
• Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып
саналады;
• Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық
объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
• Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:
• объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның
сол жақ батырмасын шерту;
• объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.
Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар
тізбегін айтады.
Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады.
Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл
аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі
символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін
параметрлер:
• Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
• Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
• Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
• Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
• Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;
Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:
• Файлды ашу;
• Файлды сақтау;
• Файлды қиып алу;
• Файлды көшіру;
• Дискіден файлды өшіру;
• Файлдың атын өзгерту;
• Файл үшін жарлық құру;
Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін
атқарады және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума – объектілерді
сақтау қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша
жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға
болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows7 операциялық жүйесі жайлы
Операциялық жүйе. ОЖ-ның жіктелуі
Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің атқаратын функциялары
Клетканың бөлінуі. Митоз және меиоз
Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы
Java және Android бағдарламасында мобильді құрылғы құру
Бағдарламау бағыттарын топтастыру және олардың ерекшеліктері
Операциялық жүйелер,оның дамуы және түрлері
Локальді желілерге арналған чат жүйесі
Операциялық жүйелер,оның дамуы және түрлері ( MS-DOS,NC,OS/2,UNIX,Windows, оның түрлері)
Пәндер