Абайдың қара сөздері (Ғақлия)


АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ
Абайдың . көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай: " . . . құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді", - деп қайыра түсінік беріп отыр . . .
Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т. б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз . . .
Бес нәрседен қашық бол . . . , -
Бес нәрсеге асық бол,
деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған.
Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзіңде": "Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады . . . Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", - деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
Абайды публицист ретінде қарастырған ғалым-зерттеушілер, олар көп емес - саусақпен санарлық қана, негізінен қарасөздеріне тоқталып, солар жөніндегі пікірлері мен пайымдауларын білдірумен шектеледі. Мәселен, тамаша ғалым М. И. Фетисов «Национальное и жанровое своеобразие публицистики Абая Кунанбаева» деген мақаласында әңгімені «Абаю Кунанбаеву и по стилью цикл назидательных рассуждении под общим названием «Гаклия», деп әңгімені бірден қарасөздерден бастайды. Ол Абайдың публицистік сипатын ең алғашқылардың бірі болып ашып көрсетті. Әйткенмен, бұл ғалым Абайдың қоғамдық ой-пікірлерін білдіретін шығармаларына тек қарасөздерін ғана жатқызумен жаңсақтыққа ұрынды деп есептейміз. Аталған зерттеушінің еңбегінде Абай қарасөз жазбаса публицист болмас та еді деген пайымдаулар бой көрсетеді.
Абайды публицист деп ең алғашңылардың бірі болып атап айтқан Х. Бекқожин де өз зерттеуіне қарасөздерді өзек етеді: «Стиль, идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қарасөздері - нағыз публицистикалық шығарма» дейді ол. Біздіңше, осы пікірлердің барлығы да «Абай -публицист» деген анықтаманың толық дәйектемесі бола алмайтын сияқты.
Абайдаң публицистігі туралы әңгіме қозғағанда ел естімеген жаңалық ашуды мақсат етіп отырған жоқпыз.
Өйткені, адамзат ардақтысының публцистік қыры - қазіргі таңда дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Әйкенмен қазақ аудиториясында публицистиканы кемсітетін, оны әдебиеттен көш төмен қоятын теріс көзқарас қалыптасқанын айтуға тиіспіз. Біз «Абай - публицист» деп сипаттама беріп, осы тұрғыдан өз ой-пікірімізді ортаға салар болсақ, кейбір әдебиеттанушы ғалымдарымыз ұлы тұлға өзінің ақындық, ойшылдық тұғырынан түсіп қалатындай көріп, бұл сөзді оның төңірегіне жолатқысы келмейтіні шындық.
«Абай - публицист» деп соқырға таяқ ұстатқандай ашып көрсетпесе де ұлы Мұхтар: «Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын - қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық маңала - очерк тәрізді» деген пікірімен, Абайдың публицист болғанын аңғартады. Егерде Әуезов «Абай - публицист» деп астын сызып жазбаса, оның да өзіндік себеп-салдары бар деп ойлаймыз. Оның ең бастысы - публицистика деген атаудың төңірегінде күні бүгінге дейін қызыл-кеңірдек пікір сайысы жүріп, дау-дамай өрбіп» дәл анықтамасы берілмеуінде деп білеміз. Бірақ бір анық нәрсе: қоғам дамуына үн қосып пікір білдіретін дәуір тынысын танытатын шығарма - публицистика. Ал ондай шығармалар Абай мұрасының негізгі бөлігін құрайды.
Мұхтар Абай публщистикасына баса ден қоймауына ақынның өз тұсындағы мерзімдік басылымдармен байланысы жөніндегі деректердің жеткілікті анықталмауы да себеп болуы мүмкін.
Соңғы отыз бес жылдай мерзімде Абайдың публицистік болмысына тоқталып, оның. шығармаларының публицистік сипатын көрсеткен ауыз тұщытатын еңбек дүниеге келген жоқ десек, шындықтан аулақ кетпейтініміз анық. Тіпті Абайдың - публицистігі жайлы әңгіме қозғаған кездің өзінде оның мұрасы тар ауқымда зерттеліп, ой-пікірлер тек қарасөздер жайлы айтылды. Ал біз публицистік сарынды Абайдың. . бүкіл шығармасынан қарастырып, мәселент кең көлемде зерделеген жөн деп есептейміз.
Абай - публицист. Оны публицист еткен өзінің ортасы, Абай дәуірінен көп бұрын басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан сананың мешеулігі, ұлтының талайсыздығы мен ұлтының талапсыздығы еді. Сондықтан да М. Әуезов оның қарасөздері жайлы әңгімелей келіп: «… Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. Өлеңдік шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-қол байланысты болып, онны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын, жаңағы қарасөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап араласқысы келеді» дейді. Бұл біздің Абай жаратылысынан публицист, оның ақындық құдіреті публицистік болмысынан бастау алады деген ойымызды нақтылай түседі.
Белгілі ғалым Т. Қожакеев: «Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Көңілім қайтты достан да» дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Менсінбеуші ем наданды», «Қайғы шығар ілімнен», «Қарашада өмір тұр», «Бойы бұлғаң» деген өлеңдерінде де ел ішінің бұзылуы, ондағы жікшілдік, баққұмарлық, алауыздық, өтірікшілік, өсекшілік, пайда іздеу ұрлық қылу, сұмдық-сұрқиялық істеу сияқты қасиетсіздіктерге қарғыс таңбасы басылған» дейді. Міне, бұлар қоғамға, оның мүшелеріне баға беретін, сын айтатын шығармалар. Олай болса, публицистика дегеніміз осы. Бұл пікірді сәл өзгертіп ұлы Мұхтар да айтқан: «Абай өскенде, ортасынан асқанда осы сияқты тарихтық, қоғамдық қайшылықтарды терең аңғарып танып барып өседі… барлық ақыл ойын мынау ортаны мінеп, шенеп, нәрсіздік, құнсыздығын ашуға жұмсайды». Осыдан кейін Абайдың публицист болмасқа амалы да жоқ еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz