Адамдардың тірек –қимыл жүйесінің сипатамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Адамдардың тірек –қимыл жүйесінің сипатамасы

Тірек – қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл –
қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық –
функциялық негізі. Жаңа қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар
қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз
жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық
іргетас қалауды жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде
қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген
мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын
жоймайды.
Күрделі қимыл – қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді
бөлшектеуге болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар
элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді.
Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі мүмкін.
Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінуін талап
ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы. Күрделі
жаттығуларға үйретудің бірінші кезеңінде, қимыл – қозғалыстар автоматизмі
пайда болғанша,қосымша амалдар мен жағдайларды пайдаланудың қажеті жоқ.
Жаңа қимыл – қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың қимыл
әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты. Назарды белсенді күйге
келтірудің түрлі әдістерін қолдану,сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ
әрекеттерге жан – сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің
оңтайлы қозғыштығын жасауға атсалысады. Күрделі қимыл – қозғалыстарға
шаршаған жағдайда үйрену өте тиімсіз.
Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі үйреніп жатқан қимылдарды қайталау
санына тәуелді. Орындалу дұрыстығын оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар
оларды қанша рет қайталауын қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің
негізгі шарттарының бірі болып келеді.Индифференттік тітіркендіргіштердің
күші,дәлірек айтқанда, үйренетін қимыл – қозғалыстардың өзі,оңтайлы
дәрежеде болу керек. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер,яғни өте күрделі
жаттығулар,оқушының қимыл – қозғалыс функцияларының жастық даму
ерекшеліктеріне сай келмейтіндері меңгерілмейді. Керісінше,күші жағынан
әлсіз, баланың ынтасын тудыра алмайтын қарапайым қимыл – қозғалыстар,оларды
қайталай орындау үшін қозғаушы бола алмайды.
Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттің индифферентті агентке қарағанда күші
максимал болуы керек. Оқушының әрекеттерін бағалау,түсінік беру,
қателіктерін түзету,үнемі назарда ұстау жаңа қимыл – қозғалыстарға
үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Табиғи қимыл–қозғалыстарға жақын (мысалы, жүгіріс).
Спорттық жаттығуларға үйрету, оларда қимылдың іштен туа біткен
механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда
оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу
негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты
физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі
нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.
Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды
талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының
реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде
құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да,
жігерлі бақылаулар,қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге
қарағанда,ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл –
қозғалыс автоматтандырылған сайын,оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен
туа біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік
бейнелеріне ие бола бастайды.
Балалар мен жасөспірімдерді қимыл – қозғалыстарға үйретудің ерекшеліктері.
Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи
бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы
бейберекет қимыл – қозғалыстардан,сансыз сынаулар мен байқаулар
арқылы,оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып,
бара – бара мақсатты қимыл – қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл
әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған
қажетті әрекеттер. Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын
қимылдарын,бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор
агенттермен қуаттаса,олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.
Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс (локомоторлық) функциясы
өте қарапайым формаларында іске асады.
Бір – екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл
белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл –
қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.
Қимыл – қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа
деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің
массасы тек артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының
ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік
қимыл – қозғалыстарға ие бола бастайды.
Тірек – ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары
Балалар церебральды салы
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Сөйлеу тілдің жүйелі кемістігі бар мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысы
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫС БҰЗЫЛЫСЫН ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі информатика курсы дүние жүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінде жүйелі кемістіктерді жоюдың әдіс – тәсілдерін талдау, логопедиялық сабақтарда тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін өңдеу
Мүк тәрiздiлер бөлiмi
Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау және бағалау
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Пәндер