Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта тіршілік ететін нематодтар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта тіршілік ететін нематодтар.
Кейбір түрлері өсімдіктердің, жануарлардың паразиттері.
         Тері сезу мүшелері – қылтаншалар, папиллалар түрінде. Папиллалар
нашар дамыған. Қылтаншалар құрттың бүкіл дене бойында орналасқан.
Амфидалары жақсы жетілген, ірі, жұмыр, спираль, қалта тәрізді. Паразитті
түрлерінде олар дамымаған. Фазмидалары жоқ. Теңізде тіршілік ететін кейбір
түрлерінде жарық сезгіш пигментті дақтары (көзшелері) болады.
      Қосымша ретінде гиподермальды бүйір және терминальды құйрық бездері
болады, соңғысынан бөлінген зат, суда қатып, құрттың субстратқа бекінуіне
мүмкіндік жасайды. Көпшілігі бүкіл денесімен тыныс алады, кутикуласы
жұмсақ, қорғаныш қабілеті нашар.
      Аденофореа класс тармағы екі отрядқа бөлінеді: хромадорида –
Сhromadorida және эноплида – Enoplida.
      Хромадоридалар өте ұсақ, еркін тіршілік ететін құрттар, теңіз
түбіндегі органикалық тұнбасы мен топырақта шіріген заттардың арасында жиі
кездеседі.  
      Эноплидалар – жыртқыштар, теңізде, тұщы суда, топырақта кең тараған.
Аздаған түрлері (Mermitidae,Dioctophymidae, Trichocephalidae тұқымдасынан)
насекомдардың, сүтқоректілердің, адамның паразиттері. Маңызды өкілдері:
Dioctophyme renale – алып свайнигі, Trichocephalus trichiurus – түкбасты
құрт, Trichinella spiralis – спиральды трихинелла.
      Dioctophyme renale – алып свайнигі – иттің, қасқырдың, түлкінің
бүйрегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің
бүйрегінен несеп заттары арқылы сыртқа шығарылады. Ары қарай даму үшін
жұмыртқалар жауын құрттың (Lumbriculus variegatus) ішегіне түсуі қажет.
Құрттың ішегінде жұмыртқадан шыққан личинкалар дене қуысына өтіп қан
жүйесіне түседі де, бірнеше рет түлейді. Егер де, ит ішінде личинкасы бар
жауын құртты жұтса, онда личинкалар иттің ішегін тесіп, дене қуысына одан
бүйрегіне өтіп, ересек формасына айналады. Осылайша паразит иесін алмастыру
жолымен дамиды.
      Trichocephalus trichiurus – түкбасты құрт (қылбас құрт) адамның соқыр
ішегінде және тоқ ішегінде (өте сирек) паразитттік тіршілік  етеді.
Ақшылдау түсті, аталығының ұзындығы 30-40 мм, аналығының- 25-50 мм.
Денесінің алдыңғы жағы қылдай жіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыр құрттар типі
НАҒЫЗ Ж¥МЫР Қ¥РТТАР немесе НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA
Нағыз жұмыр құрттар класы (Nematoda)
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Зоология пәні мен оның міндеттері
Қызыл балдырлар. Жұмыр құрттар
“Зоология” курсының кіріспесі
Бір клеткалы жәндіктердің тіршілік ортасы
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Пәндер