Асан Қайғы туралы аңыздардағы тұрақты мотивтер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Асан Қайғы туралы аңыздардағы тұрақты мотивтер
Асан Қайғы туралы аңыздар сюжетінде кездесетін фольклорлық тұрақты
мотивтердің орны мен қызметі айқындалады. Тұрақты мотивтердің басты
атқаратын қызметі - сюжет құраудағы жинақтаушылық қызмет. Асан Қайғы туралы
аңыздарда фольклорлық тұрақты мотивтер Асан Қайғының халық қалаған бейнесін
сомдауды құраған сюжетке қызмет етеді.
Түс көру мотиві. Фольклорлық қаһарманның ерекше түс көруі - көнеден
келе жатқан тұрақты мотив. Бұл мотив - қаһарманның қарапайым жандардан тегі
бөлек, айрықша жаратылған жан екенін білдіретін көркемдік тәсілдердің бірі.
Асан Қайғы қазақтың жерін орыс аларын түс көру арқылы біледі:
Бұл арадан көшпесең,
Айтқаныма түспесең,
Орыс алар қалаңды
Шулатар қатын балаңды
Осыны көрдім түсімде... [1,200]
Қаһарманның болашақта болар оқиғаны ғажайып түс арқылы көруі түркілік
фольклорда жиі кездесетін көрініс. Белгілі фольклорлық қаһармандардың
арасында бұл қасиетке ие емес кейіпкерлер кемде-кем. Мысалы, Оғыз қаған
жырындағы Ұлық Түрік, Қорқыт, Бұқар жыраулар елдің болашағы, алдағы болар
оқиғаларды түс арқылы көріп, оны билеушісіне жеткізіп отырады. Қаһарманның
бойына ерекше қасиет түс көруді  енгізу - кейіпкерді фольклорлық
шарттылықпен идеализациялау тәсілдерінің бірі.
Болашақты болжау (сәуегейлік) мотиві. Асан Қайғы туралы аңыздар мен
жырлар сюжетіндегі молынан кездесетін мотив - болашақты болжау мотиві. Бұл
мотивтен құрылған сюжет Асан туралы аңыздардың ең негізгі мазмұны десе де
болады. Асан Әз-Жәнібек ханның істеген ісінің ақырына болжау жасайды. Ол
істердің орынсыз болғанына қайғырады.
Асан Қайғыда кездесетін сәуегейлік Оғыз жырларындағы Ұлық Түрік, Қорқыт
Атада, Шыңғыс ханның тұсындағы Көкчү  бақсыда,  Бұқар жырауда, қазақтың
атақты би-шешендерінің бойында да бар.
Болашақты болжап, сәуегейлік айту мотивінің түп негізі – шаман дінінің
басты өкілі бақсының функциясынан бастау алатыны сөзсіз [20,160]. Бақсы –
көк Тәңірінің жердегі өкілі, Тәңірімен тілдесіп, оның әмірін жер бетіне
жеткізер ерекше қасиетке ие кісі. Демек, Асан Қайғы халықтың болашағы мен
бақыты үшін жаратылған  ерекше қасиетке ие жан.
Халық осы мотивті көріктеу құралы ретінде аңыздардағы Асанның бойына
қондыра отырып, оны ел қамын ойлаған қызметін дәріптейді. Асанның ел
қайғысын жеген істерін  билеуші топтардың өкілдеріне үлгі етеді.  Биліктің
ел мүддесімен санаспайтын кереғар белгілеріне  өз наразылығын білдіреді.
Адам баласының өзге тіршілік иелеріне үйлену мотиві. Бұл  мотив – дүние
жүзі халықтарының фольклорында жиі кездеседі. Асан Еділге, Жайыққа,
Сырдарияға қарамақ салады, бірақ оған су перісі Ертістен ілігеді. 
Асан Қайғының су патшасының (Суса хан) қызына үйлену мотиві негізіне
ертедегі адамдардың көне түсінігі арқау болған. Өзен түріндегі су - өлілер
әлемі ретінде қабылданған көне түсінік. Айталық, Ер Төстік ертегісінде
Төстік жылан Бапының еліне бару үшін су астына түседі. Өлімнен қашқан
Қорқыт Сырдарияға келіп, сол жерде су ортасында ұзақ уақыт өмір сүрген
болатын.
Қоқыт туралы әпсананы арнайы зерттеген ғалымдар кейіпкердің су
сағасынан пана табуын космос моделін үлкен өзен түрінде бейнелеген шамандық
түсінікке саяды [17,103] деп есептейді.
Асанға бал ашқан балгердің пері қызын Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс
өзендерінен қармақ сал деп кеңес беруінде де суды басқа әлем ретінде
қабылдаған көне түсініктің ізі жатыр. Ал Асанның пері қызын Ертіс өзенінен
табуында да су аяғы өлілер әлемі деген түсініктің логикасы бар. Еділ мен
Жайық – солтүстіктен оңтүстікке ағатын өзендер, ал Ертіс оңтүстіктен,
солтүстікке ағады. Ал солтүстік - көне мифтік түсінік бойынша өлілер
(бөлек) дүниесі.
Мифтер поэтикасын зерттеген Е.Мелетинский солтүстік халықтардың
мифтерінде космостық моделі өзен түрінде бейнеленетін жазады. Ғалым былай
дейді: Солтүстіктегі халықтардың шамандық мифологиясында (функциясы
жағынан әлемдік ағашқа, шамандық ағаштарға жақын) шамандық өзен болады деп
түсініледі, ол өзен жоғары мен төменді, аспан мен жерді байланыстырып
тұрады деп есептеледі; осыған сәйкес өзеннің басы жоғары, ал аяғы – төменгі
әлемге сәйкес келеді де, оның тылсымын қабылдайды деп саналады. Сөйтіп,
өзеннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан Қайғы туралы аңыздар
Ұлы жасақ — Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі
Абылайдың Қытаймен соғысы
Тарихи-шежірелік жазбалардағы Асан ғұмырнамасы және тарихи шындық
Аңыз-әпсаналардың жанрлық ерекшеліктері
Жыраушы тұлғалар
Қазақ халқы тарихындағы аңыздар мен мифтер
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс беруі
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс
Пәндер