АСАН ҚАЙҒЫ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АСАН ҚАЙҒЫ

Батыс елдері мәдениетінің зерттеушілері сүйене беретін жазба архив
мүлкіндей қазақ халқының көне мәдениетін танытарлық тапжылмас деректерге,
біздің ел тіпті де бай емес. Қазақ халқы өзінің өткен-кеткені туралы
мәліметтерді көбінесе есінде сақтап, ауыз екі атадан-балаға жеткізіп
келген. Олардың біразы ертегі-аңызға да айналып кеткен. Оның ішінде әр
түрлі қосындылар мен өңдеулерге ұшыраған шындық сырлары да аз кездеспейді.
Шоқан Уәлиханов қазақ жағдайындағы осындай шындықтарды айта келіп, қазақтың
аңыз-әңгімелеріндегі тарихи деректерге назар аударған-ды. Ол қазақ эпостары
қамтымайтын қазақтың өз басынан кешкен бірде-бір оқиғасы жоқ. Эпоста
халқымыздың өмір тарихы шындыққа сай баяндалған деп атап көрсетеді ғой.
Асылы, еліміздің өткендегі кейбір ұлы адамдары туралы және басты тарихи
оқиғалары жайында бізге жеткен дерек осы аңыз-әңгімелер мен эпос-жырлар
екенін мойындап, халық естеліктеріне сеніммен қарау, оған ерекше назар сала
зерттеу керек. Әсіресе, бұдан бірнеше ғасыр бұрын жасаған шешен-жыраулар
туралы айтылатын аңыздарды ескермеуге болмайды. Мысалы, Сыпыра жырау, Асан
қайғы туралы аңыздар, біздіңше, шындықтан онша алшақ емес. Біз бұл тұста
сол халық айтып жүрген аңыздар мек тарихи деректерді салыстыра зерттеп,
Асан қайғы творчествосын сөз етуді мақсат етіп отырмыз.

Асан - аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам
қайраткері әрі шешен биі, әрі ойлы-сырлы жырауы. Халық аңыздарында Асанның
үрім-бұтағы, өмір деректері айтылып, берілген.

Қазақстан Ғылым академиясының қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды
салыстырғанда Асанның әкесі - Саятшы Сәбит, шешесі - Салиха, ал оның
әйелінің аты – Күлжазира сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді. Асанның
енді бір баласы Жетім Жаңалы атаныпты. Ол Әз Жәнібекпен бірге қалмақ
ханында бірнеше жыл кепілдікте жүрген. Оның жетім атануы, асылы, ол Асанға
өкіл бала боп кеткен аға, інілерінің баласы болса керек. 1946 жылы жазып
алынған тағы бір ел аңызында, Сәбит алыс сапарға шығып, бірнеше жыл бойына
аң аулап кетеді екен. Әкесі соңғы сапарына аттанғанда анасының қүрсағында
қалған Асан аш-құрсак, жетім, шерменде боп өсіпті. Көзін ашқаннан жетімдік
қайғысын тартқан жастың келешегі де қасіретсіз болмапты. Жасында жетімдік
тауқыметін тартса, өскеннен кейін де ол – жұртының мұң-мұқтажын армандап,
болашағын ойлап, болжап толғанумен боп, шерменде бола беріпті. Осыдан
халық оны Асан қайғы атапты-мыс. Осы қолжазбадағы енді бір аңызда Асанның
аты Хасан екен дейді.

Халық Асанды тек аңыздап қоймай, оның өміріне арнап өлең-жырлар да шығарып
таратқан. Бұрынғы жырауларды (Бұқар, Құдабай, т. б.) былай қойғанда біздің
дәуір ақындарының ішінде де Асан өмірін, ол туралы аңыздарды зерттеп, поэма
жазғандар кездеседі. Оның ішінде Ысқақов Ілияс дегеннің 1948 жылы
шығарған „Асан қайғы" поэмасы - екі бөлімді ұзақ жыр. Ол сөзді былай
бастапты:

Айтпақшы ойдағысын бір кәрия,

Бола ма айтпаған сон, сөз жария.

Болыпты бір саятшы Сәбит деген,

Бойында сағасы зор Сырдария.

Кісі екен ақ пейілді, жүзі ашық,

Жасынан аңшылықты қылған машық.

Мергендігі, ит жүгірту, құс салуға,

Еш адам оза алмаған онан асып..

Екінші қысқа бір жырды Жұртыбаев Жүсіпжан дегеннің айтуынан Ахметов Көкен
1940 жылы жазып алыпты. Бұнда да Асан қайғының әкесі - Саятшы Сәбит деген
аңшы.

Сабыржан Шәкіржанов жазып алған бір аңызда: Асан ата ноғай екен, Шыңғыс
хан тұсында жасаған Майқы бидің Асан алтыншы ұрпағы... Майқы Алтын Орданың
қырағы данышпан адамы болған. Бірнеше хандарды қолынан өткізген. Еділ бойы
Айдарханда, одан кейін Сарай қаласында, одан кейін Ақордаға (Жетісуға)
келген. Ең соңында Жиделі байсынға келіп өлген.

Енді бір қолжазба деректе Асан қайғы Орманбет хан өлгеннен кейін сары
ноғай, қара ноғай боп бөліне көшкенде тірі, 120 жаста екен. Ал Орманбет хан
1420 жылы өлген. Ноғайлардың бөлінуі бұдан біраз кейін, 1450 жылдар шамасы.
Олай болса, Асан 1330 жылдары дүниеге келген. Орманбеттен кейін Сары
ноғайлар Еділде қалады да, қара ноғайларды Қазтуған батыр мен Асанның
тұңғыш ұлы Абат батыр бастап, жылы жақты бетке алып, Қаратауға көшіп
келеді. Жолда көп қиындық көреді. Шерқұтты бастаған бір топ ел айшылық
жолдан кері қайтып кетеді. Осы кезде Асан әбден қартайып, көш басшылық
ісінен қалған адам. Осы тұста айтқан бір толғауында ол Қазтуған мен Абатқа
алған беттен кері қайтпа деп ақыл береді. Өзінің қалжырап біткенін
хабарлап, бақұлдасқандай болады.

Қазтуған мен Абатым,

Дұшпанды жер болғанда,

Сегіз қырлы болатым,

Мен бір жасы жеткен қарт едім,

Көлеңкелі жерде бағатын.

Күні-түні жатырмын,

Бес намазды тәрк қылмай,

Құдайдың өтеп тағатын...

„Әумин" де Абатжан,

Батамды саған берейін,

Балам да болсаң ер едің.

Тұла бойым тұңғышым,

Менен туып тұр едің,

Жылы жерге алып бар,

Қатын, бала тоңбасын,

Енді кейін қайтуға

Қақ тағала жазбасын.

Түсімді алған кәрі едім

Иманым болғай жолдасым,

Қайда барсаң аман бол,

Маңдайынды алла оңдасын! Осы бақылдасудан кейін ол көп ұзамай (шамасы 1450
жылдары) дүние салғанҒа ұқсайды.

Асан сөзі деп айтылатын осы өлеңде Асан Қазтуғанды да өз ағамның баласы еді
дейді, оны Абатқа үлгі етеді.

Баласы еді ағамның,

Құламай тұрған басында,

Жұрт билеген Қазтуған.

Асан туралы кейін жасаған ақындардың пікір айтпағаны кемде-кем. Олар бір
ауыздан ұстаз жырау, ел-жұртының мұңшысы, жыр атасы деп танытады. Нүрпейіс,
Иса, Жамбыл сияқты алып ақындар оған сыйына сыр шертеді. Мұрат Мөңкеұлы
сияқты XIX ғасыр ақыны Асан жырларын жақсы біліп, ол туралы өте жылы сөздер
айтып кеткен. Асанды өз кезіндегі азамат-ерлерге ақылшы ата жырау деп
таныған.

Қарақұнан Қалдыбай, Жалғыз ағаш Жақсыбай,

Асан қайғы бабаның Қызылтастан үй салып,

Әңгіме құрып көшкен жер...

Естектегі Еламан, Қазандағы Қалқаман,

Ноғайдағы Мүлкаман, Асан қайғы бабаңа

Ақыл сұрап келген жер... ,-дейді Мұрат ақын.

Бар тарихи деректерді қарастырсақ, онан да Асан туралы мағлұматтарды көптеп
табуға болады. Мысалы, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде Асан туралы
мәліметтер кездесіңкірейді. Ол өзінің „Записки о киргизах" деп аталатын
көлемді еңбегінде: „Халық есіндегі атақты, тамаша философ болып сақталған
Асан қайғы Жырғалаңда көшіп-қонып жүрген қазақ" деп ескертеді. „Асанның аты
тек қазаққа ғана емес, көрші қырғыз еліне де мәлім, ол "Манас" жырында да
аталады... Асанды қарақалпақ халқы да жақсы біледі. Олар өздерінің ескі
жырауларының бірінен санайды"-дейді Шоқан.

Г. Потанин еңбектерінде де Асан Жәнібек ханның (XV ғасыр) тұстасы делінген.
Революцияға дейін шыққан кейбір кітаптарда Асанның өмірінен мәліметтер,
толғауларынан үзінділер беріліп отырылған. Осындай кітаптың бірі -
Құрманғали Халидовтың „Тауарих хамсасы". Халидов осы кітабында Асан туралы
мынадай мәлімет береді: „Асанның асыл түбі ноғай, әйгілі Майқы бидің
тұқымы. Шын аты Хасан екен, халық оны құрмет тұтып Асан ата атап кеткен.
Асанның мақал-мысал сөздері қазаққа аңыз боп кең тараған және ол күн-түндеп
айтса да таусылмайтын ұзақ жырдай мол болыпты. Бағзы қазақтар Асан
сөздерін ауызша да, жазуша да айтады. Олар Асанды халыққа қамқорлық ойлаған
ізгі адамнан санайды".

Енді бір жерде Халидов: „Асан сөздерін Құдабай деген ақын жақсы біліпті. Ол
Асан толғауларын ойын-тойларда айтып таратып, түсіндіріп жүріпті",- деп
жазады.

С.Сейфуллиннің ойынша да, Асан өмірде болған адам. „Асан қайғы,- дейді ол,
- Әз Жәнібек ханның замандасы, Майқы бидің ұрпағы... Кейбір деректердің
мәліметінше, ол Орманбет ханның да жақын туысы..." Сәкен өзінің 1932 жылы
шыққан „Қазақ әдебиеті" кітабында Асан толғауларынан да үлгілер жариялаған.
Асан мен Жәнібек арасындағы қайшылықтарды танытатын бір сөздің жұрнағын
С.Сейфуллин өзінің 1931 жылғы Қазақтың ескі әдебиет нүсқалары жинағында
келтіреді. Өзінің көңілінен шықпаған Жәнібектің кейбір қылықтарын Асан ата
батыл сынап отырған. Ел басшысы - ханға лайық істермен шүғылданудың орнына
Жәнібектің той-думан, аңшылық, саяттарын қызықтап, бейқам жүргенін бетіне
басқан. Ешкімге зиянсыз аққудай құс төресін жыртқыш құладынға ілдірмек
болған әрекетін жөнсіздік нышаны ретінде сынайды. Ол аққудай ару құсты
орынсыз зәбірлеу панасыз ару жанды аяусыз қызықтаумен тең әділетсіздік деп
танытады:

Көлге шекер төктірдің?

Шекерге аққу бөктірдің.

Аққу көлдің көркі еді,

Көлдегі сұлу ерке еді.

Аққу құс - ару, төре еді,

Ару мен қорды айырмай,

Құладынға қуды жем қылдың.

Мал үшін өзінің туған қарындасын да аямай, Қаныбеттей сұлуды өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан қайғының айтқандары
Асан Қайғы туралы аңыздар
Көшпелілер философы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ДҮНИЕ ТАНЫМЫ
Асан Қайғының танымындағы дүниге көзқарасы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ ТУРАЛЫ
Асан қайғы философиясы
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
Пәндер