АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз кұдіретін танытқан тамаша ақың қазақ, баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28(15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші аулында, Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы, күні кешеге дейін «Южный» деп аталған ал бұл күнде Ахмет Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген. Әкесі - қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақ баласы арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсың Ақтас, Ерғазы, Данияр. Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді. Сол үшін уезд басындағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12-сінде Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады. Сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты «тауып бермедіңдер», деп елге ойран салады, әйел, бала-шағаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді. Ояз бен оның әскерінің бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атынан аударып алып, қамшының астына алады, нөкерлерін ауылдан қуып шығады. Әрине, қарапайым «жабайы киргиздің» бұл қылығы жауапсыз қалмайды. Көп ұзамай ауылға жазалаушы отряд шығып, ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып, еркектерді ұрып-соғып, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды, Ерғазыны ұстап алып кетеді. Оларды Қазаннан келген Әскери сот соттайды. Байтұрсын мен Ақтас бірқатар туыстарымен 15 жылға Сібірге каторгіге айдалады.
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы қамқорлығына алады: Ақтастың баласы Аспандияр мен Байтұрсынның баласы Ахметті Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Бұған дейін Ахмет ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды. Училищені ол 1891 жылы бітіреді.
Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген (олар елге 17 жыл-дан кейін оралады), қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезеңде Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін тартады. Соған қарамастан әрі қарай оқуды армандайды. Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап, оқу іздеп, Орынбор барады. Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына - «Учительская школа» дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді. Бітірісімен ағарту-шылық ісіне кіріседі. Өзге қызметті қаламайды.
А. Байтұрсыновтың еңбек жолын ағартушылықтан бастауының үлкен мәні бар. Өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қазақ интеллигенциясы қалыптаса бастаға-ны мәлім. Петербург, Омбы, Қазаң Уфа, Орынбор, Троицк т. б. қалаларда оқып, мұсылманша немесе орысша білім алған қазақ жастары шыға бастады. Олар дәулетті де, шағын да, кедей де ортадан шыққандар болғанмен едәуір білім алғандарының көбі әкімшілік-сот орындарында қызмет етіп, бас пайдасың өз мүддесін көздейтін болды. Ахмет Байтұрсыновтың өз тілімен айтқанда, «байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз боп» тұрғанда, оқу-білімнен кенде қа-раңғы қазақ қауымының сауатын ашып, білім беру жолын қалап алғандардың бірі, бірі ғана емес, бірегейі Ахмет Байтұрсынов еді. Ағартушылық ісі сол кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті әрекет болатын.
1895-1909 жылдарда А. Байтұрсынов Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде оқытады, екі кластық училищелерде сабақ береді. Бұл жылдардың ішінде А. Байтұрсынов Қостанайдан Омбыға барып, қазақ халқының тарихың этнографиясың фольклорын тілін зерттеуші А. Е. Алекторовпен танысады. Мүхтар Әуезовтің жазғанына қарағанда, оның бұл танысуы қазақ халқын оқу-білімге тарту жөніндегі миссионерлердің ниет-пиғылдарын жақын білуіне кемектеседі, соның нәтижесінде өзінің бұл мәселедегі көзқарасы мен мақсатын айқындай түседі (М. Әуезов. Ахаңның елу жылдық тойы (юбилейі) . - «Ақжол» газеті, 4 ақпан 1923 жыл, № 270) . Қарқаралыда қызмет еткен жылдарында А. Байтұрсынов саясатпен де айналысады. Атап айтқанда, мұнда ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы революциялық қозғалысқа қатысады, «қазақтың елдігін сөйлей бастайды» (М. Әуезов), яғни 1905 жылы бір топ қазақ зиялылары болып, патша үкіметінің жоғарғы басқару орнына петиция жолдайды. Онда қазақ халқына әлеуметтік тендік берілуің жер мәселесінде қазақтардың мүддесі көзделуің қазақ даласында оқу-ағарту ісін жолға қою керектігін талап етеді. Отаршылдыққа қарсы күресі үшін А. Байтұрсынов 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады. Ал 1909 жылы 1 шілдеде оны Семей губернаторы Тройницкийдің жарлығымен жандермерия тұтқынға алып, әуелі Қарқаралы түрмесіне, кейін Семей түрмесіне қамайды. Оны түрмеде ешбір тергеусіз сегіз ай бойы ұстап, ақырында 1910 жылдың 21 ақпанында екі жылға туған жері топырағынан кетуге ұйғарылады, яғни административен түрде жер аударылады.
1910 жылдың 9 мартында Орынборға келіп, А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңына дейін сонда қызмет етеді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «қазақтың ерте оянған тобының» инициативасымен елден қаржы жиналып, 1913 жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына А. Байтұрсыновты қамдайды. Сөйтіп ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін осы органның редакторы болып қыруар еңбек етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz