Батырбек Ахметұлы Бірімжанов
Батырбек Ахметұлы Бірімжанов
ҚазҰУ-дың тарихы және Қазақстанның химия саласындағы ғылыми жетістіктері
Батырбек Ахметұлы Бірімжановпен тығыз байланысты. Ол 1934 жылдан бастап
1985 жылға дейін ҚазҰУ-дың химия факультетінде қызмет істеген ғалым. Жарты
ғасыр бойы өзінің бар күшін химияға, шәкірттері мен жоғары білімге сарп
еткен жан.
Қазақстандық көрнекті ғалым-химик, республика жоғары білімі мен ғылымының
ірі ұйымдастырушысы, шығармашылықтың шыңы іспеттес болған Батырбек Ахметұлы
Бірімжанов бұрынғы Самара губерниясының Бузулук қаласында 1891 жылғы 10
желтоқсанда дүниеге келген. Бастауыш білімді әйгілі Алтынсарин мектебінде
алып, орта мектепті Қызылордада бітірген. Ол 1928 жылы Халық білімі
тәжірибелік институтының (ПИНО) студенттері санатына еніп, 1932 жылы Қазақ
педагогикалық институтының химия бөлімін бітіріп шықты.
Әкесі Ахмет Қорғанбекұлы белгілі заңгер, Мемлекеттік Думаның депутаты,
Алаш партиясының қайраткері, кеңес дәуірінде халықтық әділет комитетінің
алқа мүшесі, Қазақстан Жоғарғы сотының мүшесі қызметтерін атқарған. Анасы
Гүлжауһар Әлмұхамедқызы Әбілқайыр ханның шөбересі.
Еңбек жолын студент кезінде-ақ бастаған Б. Бірімжанов 1930 жылы Қазақ КСР
Халық Комиссарлары Кеңесінің Ақмола өңіріндегі Нұра ауданы бойынша
сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше өкілі болған, ал 1931 жылы Халық ағарту
комиссариатының өкілі ретінде Шалқар ауданында міндетті бастауыш білім беру
мен ұйымдастыру ісімен айналысты.
1934 жылғы қаңтардан бастап Б. Бірімжанов Қазақ мемлекеттік университетінде
қызмет етті. Ал 1936 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің аспиранты
болып қабылданды. Алғашқы ғылыми ізденістерін профессор С.А.Щукаревтің
жетекшілігімен бастады.
ҚазМУ-ға оралған соң Батырбек Ахметұлы осы оқу орнының қабырғасында
ассистент, аға оқытушы (1940), доцент (1948), кафедра меңгерушісі (1954),
профессор (1965) қызметтерін абыроймен атқарды.
Оның 85 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген Баташ аға атты кітапта
жас ғалымның қырқыншы жылдары нағыз профессорды көру мақсатында Мәскеуге
барып келуге сұранатыны жайында дерек бар. Ол кезде бұл жай түсінікті еді –
Қазақстанда жоғары дәрежелі маман химиктер жетіспейтін. Ал бүгінде ҚазҰУ-
дың химия факультетінде аса зор ғылыми әлеует топтастырылған, ондаған
профессорлар саны барлық кез келген өзге факультеттегілерден асып түседі.
Бұл істе Б. Бірімжанов еңбегінің ерекше екенін айтуымыз керек.
Батырбек Ахметұлының бүкіл ғұмыры химия факультетімен байланысты. Осындағы
профессорлық-оқытушылық құрамда және ғылыми іс саласында қызмет
ететіндердің көпшілігі – оның әкелік қамқорлығы мен мейірімділігін сезінген
адамдар. Бүгінгі көрнекті ғалымдардың жетістіктерінде ол кісінің еңбегі
мол. Оның үстіне ҚазМУ-да химияның қазақ тілінде оқытыла бастауы да
профессор Б. Бірімжанов еңбегінің нәтижесі. Ол 1940 жылдан бастап ұстаздық
қызметпен қатар Қазақстанның химия өнеркәсібі үшін зор маңызы бар ғылыми
проблемалармен айналысты. Ә.Б.Бектұровпен бірлесе ізденіп, енді ғана
ашылған Қаратау фосфориттерін қышқылсыз қайта өңдеу мүмкіндіктерін
зерттеді.
1946 жылы Қазақстандық шикізаттан термофосфаттарды алудың оңтайлы
жағдайлары деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1952 жылы
Балқаштың мыс балқыту комбинатында күкірт натрийін шығарудың үздіксіз
өндірісі әдісін ендірді. 1954 жылдан бастап ҚазМУ-дың бейорганикалық химия
кафедрасының меңгерушісі, сонымен бірге 1980 жылға дейін 26 жыл бойы химия
факультетінің деканы болды.
Б. Бірімжанов жаңа оқу ғимаратын салуға және факультеттегі сирек
элементтер, табиғи қосылымдар, жоғары молекулярлық қосылымдар, коллоидтық
химия, жалпы химия, химиялық кинетика және жану сияқты жаңа кафедраларды
ашуға барлық күш-жігерін салды. Химия факультеті оның басшылығымен
университеттің алдыңғы қатардағы оқыту және ғылыми орталығына айналды.
Аталмыш факультеттің сан алуан жетістіктері оның деканының есімімен
байланысты.
ҚазМУ-дың физикалық-химиялық әдістер зертханаларында Б. Бірімжановтың
жетекшілігімен басталған ғылыми-зерттеулер кезінде Ресейдің техникалық
ғылымдар академиясының академигі Г.И.Ксандопуло құрған және көп жыл
басшылық еткен Жану проблемалары институтында қазір де табысты жалғасуда.
Дәл осы институтта 1996 жылы 12 желтоқсанда Б. Бірімжановтың 85 жылдығына
орай Экологиялық таза технологиялар мен материалдар жөніндегі қазіргі
проблемалар атты симпозиум ашылып, ғалымның барельефі бар ескерткіш тақта
орнатылды.
1965 жылы Б. Бірімжановқа профессорлық ғылыми атақ берілді, ал 1967 жылы ол
Балқаш өңірінде тұздар түзілісінің физикалық-химиялық үрдістері және
оларды пайдалану деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1970 жылы ол Үкімет қаулысымен Қазақ Совет Энциклопедиясының бас
редакциясының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz