Витаминдерге жалпы сипаттама



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Витаминдерге жалпы сипаттама
Витаминдер химиялық табиғаты әр түрлі, организмдерде аз мөлшерде
кездесетін, өмір сүруге өте қажетті, жеке, немесе құрылымы күрделі
заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын
төменгі молекулалы органикалық қосылыстар.
Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. Ол тышқандарға тәжірибе
жүргізу арқылы тағамның құрамында белоктар, майлар, көмірсулар және тұздар
мен судан басқа, тағы бір қосылыстардың бар екендігін анықтады.
1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен сондай заттардың бірін
кристалды түрде бөліп алып, оның құрамында азот бар екендігін анықтаған
соң, оны витамин (лат. vіta – тіршілік, amіn – амин) деп атауды ұсынады.
Кейінгі ашылған витаминдердің көпшілігінің құрамында азот болмаса да, бұл
термин қазіргі кезге дейін биология мен медицинада қолданылады.
Витаминдерді зерттейтін ілім витаминология XІІІ ғасырдың 80 жылдарында
қалыптасты. Витаминология – витаминдердің ашылу тарихын, құрылымын, құрамы
мен қасиеттерін, олардың алу жолдарын және организмге керекті мөлшерін
анықтайтын ғылым.
Витаминдер өсімдіктерде, бактерияларда, балдырларда синтезделеді, ал
адамдар мен жануарларда өте аз мөлшерде, ал кейбіреуі мүлдем
синтезделмейді. Адам мен жануарлар организміне витаминдер тағам арқылы
түседі, кейбір витаминдер ішек микроорганизмдері әрекеті арқылы түзіледі.
Астың құрамында витаминдер жеткілікті болған кезде ғана тағам құрамы
құнарлы, толық деп есептеледі. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әр
түрлі тағамдағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі. Олар
тек белгілі бір мөлшерде ғана зат алмасу процесін реттейді: аурудан
қорғайды, терінің, органдардың қалыпты жағдайда қызмет істеуіне әсер етеді.
Сондықтан, витаминдердің ас физиологиясында атқаратын маңызы өте жоғары.
Егер организмге витаминнің қалыпты түсуі бұзылса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама»
Шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру
Антидәрумендерге сипаттама келтіріңіз
В, В1 тобының витаминдері
Жұмыртқа
Витаминдер жөнінде жалпы түсінік
Витаминдер жайлы
Денсаулық туралы ғылым
Аймақтың топырақ климаттық жағдайларына сипаттама
Май еріткіш дәрумендер
Пәндер