Гольджи аппаратын Гольджи кешені, немесе клетка ішілік торлы аппарат деп те атайды



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Гольджи аппаратын Гольджи кешені, немесе клетка ішілік торлы аппарат деп те
атайды. Гольджи аппараты көптеген цистерналар, көпіршіктер, табақшалар,
түтікшелер, дорбашалардан тұратын жиынтық. Микроскоппен қарағанда Гольджи
аппараты тор тәрізденіп көрінеді, дегенмен ол цистерналар, каналдар және
вакуольдер жүйесі.
Көбінесе Гольджи аппараты 3 мембраналық элементтерден құралады: 1)
жазық қапшықтар (цистерналар); 2) көпіршіктер және 3) вакуольдер.
Гольджи кешенінің негізгі элементі – диктиосомалар. Олардың саны әр
клеткада бірден бірнеше жүзге дейін. Диктиосомалар өзара каналдармен
байланысқан. Жеке диктиосоманың пішіні пиала тәрізді. Диктиосоманың
диаметрі шамамен 1 мкм, ол паралель жатқан бірнеше (4-8) саңылаулары бар
жалпақ цистерналардан түзілген. Цистерналардың ұштары кеңейген. Олардан
құрамдарында әр түрлі заттары бар, мембранамен қапталған гольджи
көпіршіктері мен вакуольдері бөлініп тұрады.
Көптеген мембраналық көпіршіктердің диаметрі 50-65 нм. Неғұрлым ірі
секреторлы гранулалардың диаметрі 66-100 нм. Вакуольдердің жартысында
гидролитикалық фермент болады.
Цистерналардың неғұрлым кең жағы эндоплазмалық тор жаққа қарай
орналасады. Алғашқы синтез өнімдері – заттарды алып жүретін тасымалдаушы
көпіршіктер осы цистерналарға қосылады. Цистерналарда полисахаридтердің
синтезі жалғасады, ақуыздар, көмірсу, липидтер кешендері құралады, яғни осы
Гольджи аппаратына жеткізілген макромолекулалар модификацияланады. Мұнда
полисахаридтер синтезделеді, олигосахаридтер модификацияланады, ақуызды-
көмірсулы кешендер құралады, сондай-ақ тасымалданушы макромолекулалар
ковалентті модификацияланады.
Модификациялану кезінде заттар бір цистернадан екіншісіне өтіп
отырады. Цистерналардың қабырғаларында өсінділер пайда болып, сол жерлерге
заттар ауысады. Осындай өсінділер көпіршіктер ретінде бөлініп, Гольджи
аппаратынан гиалоплазмада әр бағытта тарайды.
Гольджи аппаратының эндоплазмалық тордан заттар келіп түсетін жағын
цис-полюс (жетілуші бет), ал қарама-қарсы жағын транс-полюс (жетілген бет)
деп атайды (16-сурет). Яғни Гольджи аппараты құрылымы мен биохимиясы
жағынан полярланған. Цис бетінен транс бетіне қарай бағытта мембраналардың
қалыңдығы ұлғаяды, сондай-ақ, құрамдарында холестерин көбейеді, ал мембрана
гликопротеидтерінде көмірсу компоненттері көбейеді. Жетілуші беттен
жетілген бетке қарай бағытта қышқыл фосфатаза мен тиаминфосфатазаның
белсенділіктері бәсеңдейді.
Гольджи аппаратынан бөлшектенген көпіршіктердің кейбіреуі жасуша
бетіне қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гольджи аппараты
Цитология және гистология пәні бойынша құрылған электронды оқулық
Цитология және гистология
Плазмалық мембрана
Жасуша органеллалары қозғалысы
Жасушаның зерттеу әдістері
Паренхималық клетка
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы
Дәрістер жинағы
Өсімдік клеткасының құрылысы
Пәндер