Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер


Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
1. Ежелгі Шығыс мәдениеті.
2. Көне Египет мәдениеті.
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдыретті мемлекеттердің бірі. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық - билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап - ақ оның толық билеушілері - перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол - құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. - «алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.
Перғауынның жеке дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдырет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретн ұлы күш - өлім. Міне, сондықтан да болар - көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі - ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастырда айрықша рөл атқарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төнірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені - одан кейін де жыл сайын Ніл қайтдан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім ппайда болды. Бұл ілім және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен рөл атқарады. Тереңірек ойлап қөарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып отырады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. ОЛАР ҚАБІРДІ АДАМНЫҢ УАҚЫТША БАСПАНАСЫ ДЕП САНАДЫ. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікті оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, онв мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсіншіні «санх», яғни «өмірді жасаушы» деп атады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесі. н жасауды тіршілікті қайта жандандыру деп санап, бұл кәсіптерін ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде сиқырлшы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына «Егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны да оған қайтып оралады» деген түсінікті сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ие келгі Египет өнерінің барлық салаларына өз таңбасын салды.
Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну - перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай - патшалардың (перғауындардың) көмегіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі - құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән - салтанат пен салынатын мындай пираммидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, қазақи еңбекті қажет етті. Осы бір азпты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт - жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік - кшш «Ка - ға » (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттардың шетіне көме салды. Демек, паримидалардың слынуы - көне Египет қоғамындағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz