Шойын


Жоспар:
- Алынуы
- Қолданылуы
- Өндірісі
- Таңбалануы
- Түрлері
- Домна өндірісі
- Шойын жинағыш
- Шойынды ағарту
- Шойынпеш есігі
Металлургиялық зауыттарда темір кендерін өңдеу арқылы таза темір емес, оның құймалары - шойын мен болат алынады. Олар қазіргі өнеркәсіп пен техникада кеңінен қолданылады.
Шойын қара металлургияның бастапқы өнімі, ол темір оксидтерін көміртек (ІІ) оксидімен СО немесе кокспен тотықсыздырғанда түзіледі:
Ғе 2 О 3 + 3СО = 2Ғе + 3СО 2
Ғе 2 О 3 + 3С = 2Ғе + 3СО
Шойын морт келеді, соғуға және жаншуға көнбейді. Шойыннан болат дайындау дегеніміз - ондағы көміртек және басқа зиянды қоспалар, күкірт пен фосфордың көп бөлігін аластап шығару.
Шойын (Чугун) - жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы, көміртек темір карбиді Ғе 3 С түрінде байланыcқан күйде болуы мүмкін (сұр шойын) . Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі. Қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған шойын, құйма шойын, арнаулы шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.
Көптеген адамдар, үй тұрғызып болғаннан кейін, оны жылытуға амал жасайды. Аязға төзімділігін арттыру үшін сыртынан жылу доғарғыш материал қаптайды немесе вермикулитпен сылайды. Ал, ішіне келгенде батареялар қондыруға тура келеді. Үй ішіне шойын батареяларын қондырған абзал. Шойын темірмен дәнекерленіп жалғанады. Ал темір жүрген жердің бәрінде жылу қоса жүреді.
Шойын біздің заманымызға дейінгі IV-VI ғасырда белгілі болған. Аристотельдің темір өндіру әдістері туралы еңбектеріне қарағанда, шойын біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда Жерорта теңізінің жағасындағы елдерде кеңінен танымал болған. Олар кен орындарынан шағын шахталық пештегі ағаш көмірінің қызуымен темір, болат алуды үйренген.
Шойынның дүниежүзілік өндірісі 2009 жылы (898, 261 млн тонн) 2008 жылғыға (927, 123 млн тонн) қарағанда 3, 2 пайыз аз өндірілді. Шойын өндіруші елдердің топ - ондығы:
2010 жылдың алғашқы төрт айының шойынның дүниежүзілік шығарылымы 346, 15 млн тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш 2009 жылғы көрсеткішке қарағанда 28. 51 пайызға көп.
Шойынның түрлері әртүрліше таңбаланады:
- Қайта жөндейтін шойын (передельный чугун) - П1, П2;
- Құймаларға арналған қайта жөндейтін шойын (передельный чугун для отливок) - ПЛ1, ПЛ2;
- Фосфорлы шойын - ПФ1, ПФ2, ПФ3;
- Жоғары сапалы шойын - ПВК1, ПВК2, ПВК3;
- Графиті бар шойын - СЧ
- Үйкеліске қарсы сұр шойын - АЧС
- Үйкеліске қарсы беріктігі жоғары шойын - АЧВ
- Үйкеліске қарсы қақталатын шойын - АЧК
- Құймаларға арналған графитті шойын - ВЧ
- Қоспасыз шойын - Ч
Шойынның түрлері:
Ақ шойын. Құрамында көміртек темірмен химиялық қосылыс (цементит) түрінде болады. Ақ шойынның кристалдану процесі Fe-C диаграммасы бойынша жүреді. Қаттылық, беріктік, үйкеліске беріктік, морттық қасиеттері жоғары. Ақ шойын өндеуге келмейтіндіктен одан қорытпалар ғана алынады. Ақ шойынды соқаның тістерін, илем біліктерін, диірменнің шарларын құюға және соғылмалы шойын алу үшін пайдаланады.
Соғылмалы шойын - құрамына жапалақ түрлес графит кіретін және ақ шойынды босаңдату нәтижесінде алынатын шойын.
Сұйық шойын - домна пешінде немесе шойын пеште қорытылған шойын. Сұйық шойын қатайған соң тасымалданып тұтынушыға жеткізіледі. Құрылымында сфера түрлес графиттік кірме бар болатын, беріктігі жоғарғы шойын.
Шындалған шойын - механикалық қасиеттері жағынан сұр шойын мен болат аралығына сәйкестік көп. Шындалған шойынды кейде соғылмалы шойын деп те атайды. Шойынның технологиялық қасиеттері бойынша және оның тіпті соғылмайтындығын ескере отырып, шындалған шойын атауының дұрыс екенін ескерген жөн. Тұтқырлығы жоғары, құйма ретінде ақ шойындар қатарына жатады, ақ шойын құймаларын жоғары температурада ұзақ уақыт қыздырып, жасыту арқылы алады.
Сұр шойын - тілімшелі графит түріндегі көміртек едеуір дәрежеде немесе толық бос күйде болатын шойын. Құрамында Мn, Р, S қосындысы бар Fe-C-Si қорытпасы. Сұр шойын құрамында 2, 4- 3, 8% көміртек пен 1, 2-3, 5% кремний болады.
Шар тәрізді графитті беріктігі жоғары шойын - беріктік көрсеткіштері жоғары шойын. Негізінен, шойын құрылымын магний, кальций, және т. б. элементтер қосып түрлендіру арқылы алынады. Әдеттегі сұр шойындай емес, мұнда графит тақташа түрінде болмай, шар тәріздес болғандықтан мұндай шойын беріктігіне қоса илемді болып шығады.
Аса берік шойын - беріктік көрсеткіші өте жоғары шойын. Оны шойынға магний, кальций, церий және басқа элементтерді қосу арқылы алады. Иінді біліктер, шестернялар, шатундар, муфталар және т. б. өте беріктікті қажет ететін бөлшектер жасағанда болаттыңорнына пайдаланылады.
Ақ өзекті соғымды шойын (Белосердечный ковкий чугун) - сынған жері ақшыл түсті болатын перлитгі соғымды шойын.
Домна өндірісі - металлургия зауыттарында темір рудаларын тотықсыздандыра балқыту арқылы шойын өндіру. Домна пештерінде қорыту процесі кокстің көмегімен жүргізіледі. Пешке үрленген ауа кокстің жануын, қорыту процесіне қажетті жылу мен жоғары температураны қамтамасыз етеді.
Домна шойыны - темір және марганецті кендерден домна пештерінде балқытып алынатын сұйық шойын. Домна шойынының 80-85%-інен болат өндіріледі. Қазіргі заманғы домна пеші - металлургия өндірісіндегі ең ірі әрі ең жоғары дәрежеде механикаландырылған агрегат. Ол шихтаны тиеу, ауаны қыздыру, оны пешке үрлеу, қорыту процесінің өнімдерін жинау және тасымалдау үшін қажетті өте күрделі механизмдермен, автоматты құралдармен жабдықталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz