Әлемдік өркениеттік үрдістер аясындағы қазақ мәдениеті


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Әлемдік өркениеттік үрдістер аясындағы қазақ мәдениеті

1. Батырлық уақыт және қазақ мәдениетінің архетиптері.
2. Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті.

Мифтік санада тұлға түсінік жоқ, ол табиғи және қауымдық күштердің тасасында қалған. Тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген тұлғасы - Батыр. Бұл шынында да батырлық еді. Табиғи немесе құдайылық қажеттікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттық мәдениеттіліктің негізін қалады. Батыс мәдениетінде варварлар бастаған батырлық ғасырлар Рим империясы құлағаннан кейін басталса, Еуразия ұлы даласында бұл процесс номадалық түрік империяларының шарықтауымен сәйкес еді. Ғалымдар қазақ эпостарының алғашқы нұсқалары түрік қағанаттары кезінде қалыптасқаны туралы көптеген дәлелдер келтіреді. Ең бастысы - батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің архетиптері қалыптасқан.
«Архетип» ұғымын ғылымға енгізген - К. Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі сананың, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез - құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық кеңістіктік өріс пайда болады.
Архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады. Өйткені оның тікелей хронотоптық сипаты бар және ол - уақыт пен кеңістіктегі мәдени әлемді адамның игеруінің негізгі шарттарының бірі. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен ұқсас. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасында да өтіп жатқан заңды және прогрессивті құбылыс.
Архетиптік уақытты жаңғырту дегеніміз - әлемдік мәдениетте кездесетін фундаментализм (түп тамырды әсірелеу) және партикуляризмнен (мәдени оқшаулық, ерекше жол) бөлек құбылыс. Бізде жиі айтылатын «еуразиялық идея» мәнісі жағынан алғанда партикуляризмнің бір түрі және ол негізінен Ресей жерінде қалыптасқан. Мәдениеттер диалогы кеңістігінде архетиптік уақытты жаңғырту мәдени әмбебаптылық идеясына қарсы келмейді.
Сонымен белгілі бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғүрлым бойына толығырақ жинаған салт - дәстүрлік және өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған және дербес жүйе ретінде өркениеттер сұхбатында орын алған мәдени түп нұсқа жатады.
Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады. Енді осы архетиптік уақыт ерекшеліктерін сипаттауға көшейік. Жоғарыда аталып көрсетілгендей, архетиптік уақыт мифологиялық дүниетаным қойнауынан шыққанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар.
Шығыс Ренессансының талай елдері қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл - Кинди, әл - Фараби, ибн - Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі де бар.
Арабтар Орта Азия жерін 712 - жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро - еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алған ислам діні осы елдердегі мәдениеттрді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) бұрынғы эллинстік өркениеттің рухы жоғалмап еді.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де Ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатук, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады.
Х ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Мәдениет морфологиясы туралы
Мемлекеттік идеология және ұлттық рух
Қазақтың маркстік философиясы
Қазақ өркениетінің тарихи типтері
Қазақстанның өркениеттік даму ерекшеліктері. Діни мәдениеттің қазақстандық қоғамдағы алатын орны
Жаһандану батыстандыру феномені, қазіргі заман модернизациясының тірегі ретінде ұлттық моделге әсері
Аударма және өркениет
Қорқыт атаның өмір философиясы
Ұлы Жібек жолы мәдени феномен ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz