Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері

Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана
емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық
мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-
қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа
біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады.
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және
құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.
Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы
оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде
оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа
бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа
бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.
Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа
орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық өмір
кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді. Қоғам байлығы, ғылыми-техникалық
прогресс, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке адам денсаулығына байланысты.
Басқаша айтқанда, өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік
категория.
Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл
атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын
адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын
мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс
белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол
жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене
жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады,
жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.
Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын
өзгерістерге төтеп бергіштік – жаттыққан организмнің ерекше қасиеті.
Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына
да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы
мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.
Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті
қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі
мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының
сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс
белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде
қарастырған жөн.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың
бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор.
Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі
қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал
режимді бұзуға қарсы тәртіп.
Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері
Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және
еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар
құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар , негізінен, сананың бақылауымен
орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз
басқарылады.
Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым
формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін - жалпы физиологиялық
табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да
толықтырылып, дамудың үстінде.
Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс
әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И.М.Сеченев ұсынған. Ми
рефлекстері атты еәбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл-
қозғалыс әрекеттерінің табиғи – материалистік көзқарасты негіздеді.
И.М.Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның
ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші
обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен.
И.М.Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері – еріктіліктің ең
жоғары формасы.
И.М.Сеченевтің идеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтың тәжірибелерінде
дәлелденген. И.П.Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі
функцияларына тигізетін әсерлерін мұқият есепке алып, осы заманға дейін
өзінің маңызын жоймаған, рефлекстік теорияның материалистік принциптерін
негіздеді.
Ерікті қимыл-қозғалыстардағы шартсыз тонус беруші – сергітуші рефлекстер.
Ерікті қимыл-қозғалыстар – туа біткен рефлекстік негізді процестер. Туа
біткен рефлекстер қатарына дене қалыптарының немесе кейіп рефлекстері, тепе-
теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етуші және тағы басқа рефлекстер жатады.
Қолданыстағы жіктеу бойынша туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстері дене
қалпын тыныштық күйде ұстап тұруды және дененің қозғалыстардан соң бұрынғы
қалпына қайта келуді қамтамасыз етуші рефлекстер болып екіге бөлінеді.
Кейіптену рефлекстері бастың еңкейген немесе оңға-солға бұрылған кездерінде
мойын бұлшық еттеріндегі жүйке талшықтары ұштарының және ішкі құлақ
шытырманының тітіркенулерінен пайда болады. Басты көтеру немесе еңкейту аяқ-
қол және тұлға бұлшық еттерінің тонусын өзгертеді де, қалыпты кейіпті
сақтауға септігін тигізеді. Бастың оңға-солға бұрылуы мойын бұлшық еттері
мен сіңірлер проприорецепторларының тітіркенулерін туғызады да, тұлғаны
басқа қатысты симметриялы қалыпқа тұрақтандырады.
Бастың кеңістіктегі қалпының өзгеруінде және сол өзгерістерді талдауда
вестибулдар аппаратының маңызы зор. Бас оңға-солға бұрылған кезде оның
рецепторлық құрылымдары қозуға келеді де, бұрылған жағындағы мойын бұлшық
еттерінің тонусын рефлекстік жолмен көтереді. Бұл тұлғаның басқа қатысты
бағытын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Айналумен байланысты көптеген
спорттық жаттығуларды тонустың осылай таралуы арқылы ұтымды орындауға
мүмкіндік туады.
Түзетуші рефлекстер дене кейпін қалыптан ауытқыған жағдайында сақталуын
қамтамасыз етеді. Түзетуші рефлекстер тізбегі басты көтеруден басталады
және өзгерген тұлға қалпын соңынан қалыпты кейіпке қайта келтірумен
аяқталады. Түзетуші рефлекстердің іске асуына вестибулар, көру аппараттары,
бұлшық ет проприорецепторлары, тері рецепторлары қатысады.
Дененің кеңістікке бір орыннан екінші бір орынға ауысуы статокинетикалық
рефлекстермен іске асады. Айналмалы қимылдарға жарты шеңберлі каналдардағы
(арна) эндолимфа толқуларының нәтижесінде вестибулалық рецепторлар қозады.
Орталыққа тепкіш тітіркеністер сопақша мидағы вестибулалық ядроларға келіп,
айналмалы қимылдарда бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Балалар мен жасөспірімдердің спорттық күресте дене-күш қабылетін арттыруда ойын әдістемесін қолдану
Мүсін бұзылуы (бастауыш сынып балалары)
Балалар мен жасөспірімдердің морфофункционалдық даму ерекшеліктері
Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Оқушылар физиологиясы, дене бітімі, құрылысы
Пәндер