Жер планетасының эволюциясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жер планетасының эволюциясы

Жерді Күн жүйесінің планетасы және аспан денесі ретінде қарастырсақ,
ол диск тәрізді айналып тұрған газды - шаңды бұлттан 4,7 млрд жыл бұрын
пайда болған. Қазіргі кезде осы бұлттың температурасына деген көзқарас
бойынша зерттеушілердің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олардың бір тобының
ойы бойынша (В. Гольдшмидт, Г. Джеффрис, В.Г.Фесенков және т.б.)
протопланеталық бұлт ыстық болған десе, ал зерттеушілердің екінші тобы
(В.И.Вернадский, О.Ю.Шмидт, Р.Руби, А.П.Виноградов және т.б.) бұл бұлт суық
болған деп есептейді.

Планеталардың газ – шаңды бұлттан пайда болуы

Жер Күнді 30 шақсек жылдамдықпен айналады. Протопланеталық газ-
шаңды бұлттарда да заттардың осы айналу жылдамдығы сақталған. Центрге
тартқыш күштердің әсерінен, бұлттағы қатты бөлшектер бір - бірімен
соқтығысып, бір – біріне жабысып, қар түйіршіктері секілді жинақталып ірі
ірі денелер түзген. Планетамыздың массасының “жинақталып” түзілу үрдісі
басында аса үлкен жылдамдықпен жүреді. Сағат сайын Жерге орта есеппен
алғанда 10-15 млрд тонна метеорит заттары түсіп отырды. Жер орбитасынан
шаңның көтерілуі жер массасының өсуін бәсеңдетті. Көрсетілген үрдіс әлі
күнге дейін өте баяу болса да орын алуда.

Қазіргі кезде Жер массасының космостық шаң мен метеориттердің
есебінен “өсуі” жылына 100 млн тоннаға жуық болып отыр.Жердің суық
заттарының аз уақытта жинақталып, сығылуы және химиялық элементтердің
радиактивті ыдырап кетуі бастапқы геосфераның еруіне әкеліп соқты.
“Аймақтық еру” деген атқа ие болған бұл үрдістің нәтижесінде геосфераның
орталығына ауыр элементтер шоғырланып, олар диаметрі 7000 км болатын ауыр
ядроны түзді. Ядродағы температура мен қысымның жоғарылығы соншалық, ондағы
кез келген зат металлдық күйге айналады. Атомдардың электрон қабаттары
бұзылған кезде, экваторға параллель электрондардың алып сақиналары пайда
болады. Электрондардың бұл шар тәрізді сақиналары ось бойымен айналуға
перпендикулярлы болатын тұрақты магниттік өріс тудырады. Сол себепті Жер
дегеніміз аса

Жердің ішкі құрылысы ірі магнитті диполь, яғни – екі полюсті магнит.
Бұл магниттік өріс Жердегі органикалық тіршілікті жойып жібере алатын
космостық сәулелерді зарядталған бөлшектерінің ағынынан қорғайды. Бірақ Күн
белсенділігінің күшеюі кезінде зарядталған бөлшектер ағыны осы магнит өрісі
арқылы кейде өтіп те кетеді, бұл кезде Жерде магнитті дауылдар көтеріліп,
радиобайланыс бұзылып, полярлық жарқылдар пайда болады.

Жер затының тығыздығы бойынша бөлінуі бұл аса күрделі үрдіс және ол
қазіргі кезде де орын алып отыр. Бұл үрдіс ядро мен жер мантиясының
шекарасында, яғни 3 мың шақырым тереңдікте жүріп жатуы мүмкін деген жорамал
бар. Бұл жерде радиактивті ыдырау реакцияларының нәтижесінде бөлініп шыққан
энергия әсерінен төменгі мантияның қатты заттары ядроға қарай батып
қосылады, ал жеңіл заттары мантияның жоғарғы қабаттарына көтеріледі.
Мантияның өзінің заты өте тығыз, жабысқақ, басым көпшілігінде метал емес,
тастан құралған, себебі көбінесе силикатты материалдардан түзілген.

Осының негізінде Жер темір-никельді ядро мен мантиядан тұрады деуге
әбден болады. Жылуды нашар өткізетін силикаттардың қалың қабаты Жердің
қызып тұрған ішкі бөлігінен бөлінетін жылудың, қазіргі кездегідей, сыртқа
шығуына кедергі келтіреді. Мантияның жоғары бөлігінде қысым аз
болғандықтан, сол бөлікте тау жыныстары көбірек балқиды. Бұл жерде балқу
температурасы төмен жыныстар ғана балқиды, яғни балқу үрдісі жаппай емес
аралық. Балқу нәтижесінде астеносфера деп аталатын мантияның ең жоғарғы
қабаты түзіледі.

Заттар астеносферада (латынша - әлсіз сфера) балқыған күйде
болғандықтан ағуға деген икемділігі өте жоғары болады. Жер қабығында сызат
пайда болған сәттен астеносфераның заттары магма түрінде сыртқа шыға
бастайды. Мантияның осы бөлігінде вулкандардың тамырлары орналасқан. Сондай
- ақ осы жерде заттардың өзгеруі жүреді. Бұл қабатта энергияның бөлінуі мен
жинақталуы арқасында вулкандар мен жер сілкінісін, жер қыртысының
бөліктерінің тұрақтылығы мен қозғалмалылығын туғызатын үрдістер орын алады.

Магма жыныстардың кейбір ғана минералдарынан түзілетіндіктен, ол
құрамы жөнінен де бастапқы жыныстардан бөлек болады. Оның құрамы базальт
қабатына ұқсас, ал салмағы мантияның тереңірек жатқан қабаттарынан елеулі
түрде аз болады.

Жеңіл базальтты магманың бөліктері Жердің бетіне шығып, суып
нәтижесінде қатып қалған. Ауыр силикаттардың мантияның терең қабаттарына
төмендеп және Жердің бетіне базальтты магмалар неғұрлым көбірек шыққан
сайын, Жерді тұтас жауып тұрған базальтті қыртыс пайда болған.

Сонымен, базальтты қыртыс, мантия және ядроның таңдамалы (аумақтық)
балқуы үрдісінің нәтижесі екендігі бізге белгілі болды. Бұл таңдамалы балқу
үрдісі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Күн жүйесіндегі планеталарды оқыту әдістемесі
Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Алып планеталар салыстырмалы таңдау
Меркурий
Күн жүйесінің қалған денелері - салқын денелер
Ноосфераның пайда болуы
Топырақ жасы
Биосфера,ноосфера және техносфера туралы эволюциялық ілім
Тау жыныстары заттарының айналымы
Пәндер