Берілістер



Беріліс
Беріліс түрлері
Күштік беріліс
Тісті беріліс
Беріліс - қозғалысты (әдетте айналмалы қозғалысты) жетекші элементтен (мысалы, автомобиль қозғалтқышы) жетектелуші элементке (мысалы, автомобиль доңғалағы) жеткізуге арналған механизм. Беріліс арқылы: әр түрлі жетектерде жылдамдықтарды арттыруға (немесе азайтуға); жылдамдықтарды сатылы немесе сатысыз реттеуге; қозғалыс бағыттарын өзгертуге; бір қозғалтқышпен бірнеше механизмдерді қозғалысқа келтіруге; күш пен айналдыру моментін өзгертуге; қозғалыс түрлерін өзара түрлендіруге болады. Берілістің негізгі сипаттамалары: берілетін күштер мен бұраушы моменттер, бұрыштық жылдамдық, жетектелуші буын (қозғалыстағы) мен жетектегі буынның жылдамдықтарының қатынасы (беріліс саны), пайдалы әсер коэфициенті.

Беріліс механикалық, гидравликалық, пневматикалық және электрлік болып ажыратылады. Механикалық беріліс іліністі (тісті беріліс, шынжырлы беріліс, бұралаңды беріліс т.б.) және үйкелісті (белбеулі беріліс, фрикциялы беріліс, т.б.) пайдалануға негізделген. Олар беріліс қатынасы тұрақты немесе өзгермелі, қуаты шағын және орташа жетектерде, сондай-ақ, станоктардың, автомобильдердің, тракторлардың, беріліс қораптары мен вариаторларында қолданылады. Гидравликалық беріліс пен электрлік беріліс үлкен қуатты жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай берілістер техниканың әр түрлі саласында, әсіресе, ауыр көлік машиналарының жетектерінде қолданылады. Пневматикалық беріліс шығар жердегі буынның айналу жиілігі үлкен болған жағдайда (мысалы, ішкі бетті ажарлауыш станоктарда 30000 айн./мин-қа дейін жетеді) пайдаланылады. Техника мен өндірісте, көбінесе, электромеханикалық, гидропневматикалық сияқты аралас беріліс қолданылады.


Беріліс түрлері:
 Сатысыз беріліс - беріліс санының сатыланбай реттелуі.
 Бүйірлік беріліс - әдетте айналдырушы иінді күш бір бөлігін алу үшін бір реткі өтпеш білікті конустық берілісте түрып, жетекші доңғалақ жетегіне бүйір бойымен берілетін күштік беріліс бүйірінің ықшамсызбасында колданылатын автомобиль берілісі.
• Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006
• “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Беріліс - қозғалысты (әдетте айналмалы қозғалысты) жетекші элементтен
(мысалы, автомобиль қозғалтқышы) жетектелуші элементке (мысалы, автомобиль
доңғалағы) жеткізуге арналған механизм. Беріліс арқылы: әр түрлі
жетектерде жылдамдықтарды арттыруға (немесе азайтуға); жылдамдықтарды
сатылы немесе сатысыз реттеуге; қозғалыс бағыттарын өзгертуге; бір
қозғалтқышпен бірнеше механизмдерді қозғалысқа келтіруге; күш пен айналдыру
моментін өзгертуге; қозғалыс түрлерін өзара түрлендіруге болады. Берілістің
негізгі сипаттамалары: берілетін күштер мен бұраушы моменттер, бұрыштық
жылдамдық, жетектелуші буын (қозғалыстағы) мен жетектегі буынның
жылдамдықтарының қатынасы (беріліс саны), пайдалы әсер коэфициенті.

Беріліс механикалық, гидравликалық, пневматикалық және электрлік болып
ажыратылады. Механикалық беріліс іліністі (тісті беріліс, шынжырлы беріліс,
бұралаңды беріліс т.б.) және үйкелісті (белбеулі беріліс, фрикциялы
беріліс, т.б.) пайдалануға негізделген. Олар беріліс қатынасы тұрақты
немесе өзгермелі, қуаты шағын және орташа жетектерде, сондай-ақ,
станоктардың, автомобильдердің, тракторлардың, беріліс қораптары мен
вариаторларында қолданылады. Гидравликалық беріліс пен электрлік беріліс
үлкен қуатты жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай берілістер техниканың әр
түрлі саласында, әсіресе, ауыр көлік машиналарының жетектерінде
қолданылады. Пневматикалық беріліс шығар жердегі буынның айналу жиілігі
үлкен болған жағдайда (мысалы, ішкі бетті ажарлауыш станоктарда 30000
айн.мин-қа дейін жетеді) пайдаланылады. Техника мен өндірісте, көбінесе,
электромеханикалық, гидропневматикалық сияқты аралас беріліс қолданылады.

Беріліс түрлері:
▪ Сатысыз беріліс - беріліс санының сатыланбай реттелуі.
▪ Бүйірлік беріліс - әдетте айналдырушы иінді күш бір бөлігін алу үшін
бір реткі өтпеш білікті конустық берілісте түрып, жетекші доңғалақ
жетегіне бүйір бойымен берілетін күштік беріліс бүйірінің
ықшамсызбасында колданылатын автомобиль берілісі.
▪ Велосипед берілісі - велосипед жүргізушінің аяқ күшінен жетекші артқы
доңғалакка күш беретін беріліс.
▪ Гидродинамикалық беріліс - айналдырушы иінді күш сұйықтың қозғалыс
мөлшерінің өзгееруі арқылы берілетін қалакты деңгелектерден тұратын
сатысыз беріліс.
▪ Гидрокөлемді беріліс - көлемді сорап, көлемді гидроқозғағыш және
құбырлардан құрастырылған гидроберіліс.
▪ Гипоидты беріліс - осьтері бір-бірімен түйспейтін тісті конустық
беріліс.
▪ Басты беріліс - жетекші дөңғалаққа қажет мәнге дейін бұрыштық
жылдамдықты азайтуға және айналдырушы иінді күшті ұлғайтуға арналған
көліктік құралдың күштік берілісіндегі беріліс.
▪ Басты қос беріліс - қос тісті доңғалақтан тұратын басты беріліс.
▪ Екі ағымды беріліс - параллель түрде жалғанган сатылы және сатысыз
берілістен тұратын және күштік ағым нүктесінде орналасқааны дифференциал
қызметін атқаратын беріліс.
▪ Карданды жабық беріліс - құбырдың қорғаныс құндақтың ішінде орнатылған
карданды беріліс.
▪ Тісті беріліс - қозғалыс буыны болып, айналмалы немесе ілгерілмелі жұп
жасайтын тісті доңғалақ берілісі.
▪ Карданды беріліс - егер екі агрегаттың білік өстері озара орналасу
жагдайларын өзгерсе немесе бір сызық бойында жатпаса, қозғалысты бір
агрегаттан екіншіге беруге арналған беріліс; екі және одан да көп
карданды білікті карданды топсадан тұрады.
▪ Доңғалақты беріліс - басты берілістің бір бөлігі ретіндегі және
көліктің құралдың жетекші доңғалағының жанында орналасқан тісті беріліс.
▪ Соңғы беріліс - жетекші доңғалаққа кажет мәнге дейін айналдыру иінді
күшін көбейтіп. бұрыштық жылдамдықты азайту үшін қолданылатын трактордық
берілісі.
▪ Конустық беріліс - конустық тісті доңғалақты беріліс.
▪ Механикалық беріліс - іліністі (мыс, тісті, бағалы), үйкелісті (мыс.,
фрикциялы) немесе инерцияны (мыс., инерциялық) қолдануға негізделген
беріліс.
▪ Көп буынды карданды беріліс - екі және одан да көп карданды біліктен
және аралық тіректен тұратын карданды беріліс.
▪ Басты жалқы беріліс – бір жұп тісті доңғалақтан тұратын басты беріліс.
▪ Бір буынды кардандық беріліс - бір карданды біліктен тұратын кардандық
беріліс.
▪ Ашық карданды беріліс - қорғаныс құндағы жоқ кардандық беріліс.
▪ Планетарлық беріліс - планетарлы механизмдерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рычагы-тісті механизмін құрастыру
Белдікті берілістер
Конусты тісті беріліс туралы негізгі түсінік
Цилиндрлік тісті беріліс
Тісті берілістер
Машина құрастыру негіздері
Автомобильдің басқарылатын алдынғы жетегі
Автомобильдің беріліс қорабы
Машина бөлшектерінің беріктігі және оны арттырудың технологиялық әдістері
Шынжырлы беріліс туралы түсінік
Пәндер