Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің нотариаттық іс-әрекеттері: құқықтық негізі мен аттестациялау тәртібі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Жергілікті атқару органдарының лауазымды тұлғалары жасайтын нотариаттық әрекеттер

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында нотариалдық іс-әрекеттерді жасау құқығы нотариустардан басқа келесі тұлғаларда да бар

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жыл 23 қаңтардағы Қазақстан Республикаксының заңында былай деп қарастырылған яғни көрсетілген жергілікті жерлердегі әділет органдары болмаған жағдайда нотариалдық әрекеттерді ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық қалалардың әкімдері жүргізуді ұйымдастырады (35-бап, 10-т) .

Нотариалдық әрекеттерді жүргізуге уәкілетті ауыл, ауылдық округтің және аудандық қалалардың әкімдері аппаратының тұлғаларына - бұған жергілікті атқарушы билік органдарының жетекшілері жатады. Сондықтан нотариалдық әрекеттерді жүргізу құқығы барлық жергілікті әкімдер аппараты қызметкерлеріне тиесілі емес. Мысалы бас және жүргізуші мамандар, мамандар және т. б.

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, елді-мекенде нотариус болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды адамы мынадай нотариаттық іс-әрекеттерді жасайды

Қазақстан Республикасының заң актілерінде жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін. «Нотариат туралы» Қазақ ССР-ң бұрынғы заңында жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары тұрғын мәмілелерін куәландыру әрекеті қарастырылған.

«Нотариалдық әрекеттерді жасайтын, жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларын аттестациялау туралы жағдайдың бекітілгені туралы» 1998 жыл 9 наурыздағы №150 Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің бұйрығы және Заңының 23-бабына сәйкес заңмен қарастырылған нотариалдық әрекеттерді жүргізу құқығын алу үшін жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары нотариалдық әрекеттерді жүргізуге уәкілетті және аттестация өтуге міндетті. Лауазымды тұлғалардың аттестациясы аумақтық аттестация комиссиясымен жүргізіледі. Оның персонал құрамын Аумақтық Әділет органдары бекітеді. Әкімдер аппаратының лауазымды тұлғаларын аттестациялау үшін қолданылатын сауалдардың көлемі орыс және мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен бекітіледі және құрастырылады. Аттестация басталғанға дейін 30 күн қалғанда кешіктірілмей Аумақтық Әділет органдарына жіберіледі. Ал, ол аттестацияға қатысатын барлық лауазымды адамдар қол қою үшін аттестация басталғанға дейін 20 күн қалғанда беріледі. Аттестация өткізу мерзімі Аумақтық Әділет органымен анықталады. Аттестациялауға қатысатын лауазымды тұлға аттестацияның басталуы және орны туралы басталардан 3 күн бұрын танысуға міндетті.

Лауазымды тұлғаларды аттестациялау - аттестациядан өтуші адамның таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілінде әңгімелесу түрінде өтеді. Хаттамада аттестациялық комиссия ұсынған және қабылдаған шешімдер, аттестациядан өтушінің лауазымы, аты-жөні, тегі, әкесінің аты, комиссияның құрамы, мәжіліс орны және уақыты жазылады. Аттестациялық комиссияның шешімі көп дауыс беру негізінде қолданылады, хаттамадан жеке толтырылады және нотариалдық әрекеттерді жүргізу құқығына аттестациядан өткен немесе өтпегені қорытынды түрінде жазылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нотариаттық қызмет пен кепілдіктері: құқықтық негіздері және іс жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар жүйесі: құқықтық мәртебесі, функциялары және құрылымы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар: жүйесі, құрылу тәртібі, құрамы және құзіреті
Нотариатта өндірістік тәжірибе: ұйымдастырушылық және құқықтық негіздер мен нотариаттық іс-әрекеттер тәртібі
Нотариаттық іс-әрекеттер: негізгі қағидалар мен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу тәртібі
Қазақстандағы жергілікті атқарушы билік органдары: тарихи даму, құқықтық негізі және функциялары
Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар: құрылымы, құзіреті және заңнамалық өзгерістер
Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар: құрылымы, қызметі және өзін-өзі басқару принциптері
Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқарудың құрылымы, өкілеттіктері және проблемалары
Қазақстандағы жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару: құрылымы, құзыреті және қызметін жетілдіру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz