Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я. А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А. Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қатысты болды. К. Д. Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік əрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық.

Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сəйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық принциптер төмендегідей: 1) саналылық жəне белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелілік жəне бірізділік; 4) беріктік; 5) түсіністік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен практиканың байланысы.

Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай əрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық əрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Принциптерді білу жəне оларды оқу-тəрбие процесінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды жəне ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.

Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске асырылады. Ереже - бұл педагогикалық іс-əрекеттің нақты жағдайларда белгілі мақсаттарға жеткізу тəсілінің суреттемесі (описание) . Көбіне оқу ережесі деп қандай да принципті қолданудың жеке тараптарын ашып беретін жетекші тұжырымдарды түсінеміз.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002. -250 бет

Зимняя И. А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы-2005. - 359 бет

Намазбаева Ж. И. Психология, оқулық Алматы-2005. - 430 бет

Алдамұратов А. Жалпы психология, Алматы, 1996. - 300 бет

Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. - 300 бет

Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977. - 488 бет.

Ж. . Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2002. - 369 бет.

Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.

Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002. -254 бет.

Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т. Д. Марцинковской. М. : Гардарики, 2003. - 350 бет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Қазіргі мектептегі оқыту принциптері
Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік
Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу
Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері
Оқыту процесіне ұйымдастыру педагогика ғылымының күрделі проблемасы
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелер
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Қысым жасамай оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz