Ибн Синаның еңбек және еңбек тәрбиесіне қатысты көзқарастары (980-1037)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы:Ибн Сина еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы ( 980-1037)

Ибн Сина - ұлы гуманист. Ол еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: ''Егер қоғамдағы жұмыс-қа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға, болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді'' - деген. Мұны өзінің рубай-ларында атап көрсетіп кеткен. Ол өзі өмір сүрген кезең үшін - қоғамдық пайдалы еңбек пен еңбек адамдары-ның өзара қайырымдылығы мен мейірімділігін ұдайы ұштастырып отыратын еңбектің тәсілі мен бөлінісі болуын уағыздады. Ол туралы еңбек заңын жасауды қажет деп санады. Осының барлығы дұрыс ұйымдас-тырылған және әділетті құрылған қоғамда /мемлекетте/ пайдалы еңбекпен шұғылданбаған немесе өзінің орнын таппаған бірде-бір адам болмауға тиіс. Ол қоғамның барлық мүшесінің белгілі бір кәсіппен шұғылдануын талап еткен. Осы ретте ол қоғамдық және ортақ пайдалы еңбек, қоғам үшін де жеке адам үшін де пайдалы деген ой түйеді.

Ибн-Синаның мемлекетке, ''жалпы'' адамзатқа ''арналған'', жеке адамдар санасын, білімін, оқып үйрену, тәрбие алу үшін арнаулы қаржы /қор/ бөлуге тиіс деген тұжырым жасаған. Бұл қаржы халық арасынан жина-латын алым-салықтан, мемлекеттік меншіктерден, мекемелерден түсетін өніммен жиналуы керек, - деп сол орта ғасырлық дәуірге дейін үлкен ұстаз екенін көрсете білді. ''Ортада'' жиналған қаржылар жұмысқа жарамай-тын мүгедектерге, қарттарға, ауруларға жәрдем ретінде берілсе, ел қорғаушы, тәртіп сақтаушы, жауынгерлерге жастарды ''тәрбиелеуші'' ұстаздарға, үйретуші адамдарға жалақы ретінде төленуі тиіс - деген Ибн Синаның бұл ойы, оның үлкен экономист екенін дәлелдейді. Адам-дардың денсаулығы - айнала ортаға, экологияға бай-ланысты да оның айтқандарының зор тарихи маңызы бар. Оның ''жеке адам'' туралы тағылымдары адамның бойына адамгершілік, еңбек, тәрбиелік қасиеттері оны ұлағатты ғалым, ұстаз тәрбиеші қатарына қосады. Дәлірек, айтсақ, мемлекеттік қор ''Жалпы халық игілігіне айналсын, соларға жұмсалсын - деген пікір мемлекеттік, жалпы халыққа бірдей білім берілсін, бірдей тең оқысын деген пікірлермен ұштасады. Бұл да оның ағартушылық көз-қарасын дәлелдейді.

Адалдық, ақылдылық, адамшылық, Қайырымдық, мейірімді, жанашырлық. Тәрбие, оқу, сана-білімдарлық, Үшеуі ұлғатқа жол ашарлық.

Міне, Ибн-Сина бір адамның бойынан осыншама қасиеттің табылуын еңбек, оқу, тәрбиеден іздейді. Нақыл, ұстаздық, ұлғаттық өсиеттері осы жоғарыдағы даналықтан туындатады.

Ибн-Сина Әл-Фарабиді ұстаз тұтқан. Фарабиді еске алу шағын және ұстаздық пен тәлімгерлік туралы, ол былай деген: ''Тәлімгер табиғатына өзімшілдік, қара басының қамын ойлау жат. Нағыз тәлімгер өзіне даңқ, атақ іздемейді, керісінше, өз шәкірттерінің болашақта ұлы еңбекқор, ойшыл, ғалым болғанын жан-жақ тәнімен қалап, сол үшін бар өмірін сарп етуге даяр тұрады. Тәлімге жұтаңдық адамзат баласына жат, білім тіршілік - өмір бұлағы'' - деген екен. Еңбек туралы айта келіп, ол еңбек - адамзат тіршілігінің, әрбір жеке адамының, жеке тұлғаның рахаты, көретін қызығы, тыныс тіршілік қоры - деген. Міне, көріп отырғанымыздай сан ғасыр өтсе де Ибн-Сина айтқан тәлімгерлік, ғұламалық өзіндік ілімі мен үлгілі ойы бүгінгі, бұдан кейінгі болашақ ұрпаққа берілген ақ бата, таптырмас тәлімгерлік тағылым. Ол айтқан тәлімгерлер - бүгінгі оқытушы, мұғалім, тәрбиеші-лер. Ендеше, осылардың тәрбиелік, еңбектік, ұстаздық жолының жемісін, кең даңғылының арнасын ашып көрсеткен Орта Азияның дана ғалымы Ибн-Сина.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ибн Сина (Әбу Әли Хусейн ибн Абдолла, 980-1037): медицина, философия және мәдени мұра
Әбу Әли Ибн Сина: өмірбаяны, медицинадағы еңбектері және еңбек тәрбиесіне көзқарасы
Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980-1037): өмірі, философиясы және медицинадағы мұрасы
Ибн Синаның медицина мен философияға қосқан үлесі
Ибн Сина, Фирдоуси және Қадырғали Жалайри шығармаларындағы тәрбие мен еңбек педагогикасы
Ибн Синаның Аллаһ тұжырымдамасы: Әл-Фараби ықпалы және болмыс теориясы
Ислам мәдениеті мен Ұлы Дала ойшылдары: Ибн Синаның философиялық және ғылыми мұрасы
Әбу Әли Ибн Синаның батыс, христиан және яхуди философиясына ықпалы мен медициналық ілімдері
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу: теориялық және әдістемелік негіздері
Ибн-Сина мен Ибн-Рушдтың философиялық ілімдерінің салыстырмалы талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz