К. Д. Ушинскийдің педагогикалық ілімі


. К. Д. Ушинскийдің педагогикалық ілімі
Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) тарихшы, юрист, философ. К. Д. Ушинский Тула қаласында шенеунік отбасында 1824 жылы дүниеге келді. Гимназиялық білім, кейін университеттік білім алды. (Новгород. Северск гимназиясын бітірді) . 1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне түседі.
Педагогикалық қызметін бірнеше кезеңге бөлуге болады:
I кезең: (1846-1849) 1846 жылы Ярославль-Демидово заң мектебінде камералды ғылымдар профессоры қызметін атқарды (саяси экономия, заң тану, мемлекеттік құқық қаржы, тарих, философия) .
Россияда ол кезде 4 лицей бар еді. Царско-Сельский, Нежинский (Украинада), Ришельевский (Одесса), Демидов (Ярославль) . Білім берудегі қайта құру ісін Ушинский лицейден бастайды: Оқу пәндерін курсқа бөліп оқыту; кітапхана қорын кеңейту. 1849 жылы К. Д. Ушинский лицейдегі жұмысын тастайды. Педагогикалық қызметке тағайындау рұқсатын ала алмаған соң, 5 жыл ішкі істер министрлігінде шенеунік қызметін атқарды.
II кезең: 1854 жылы Гатчинск жетімдер институтында орыс тілі пәнінің оқытушысы қызметіне, кейін инспекторы қызметіне тағайындалады. Тәрбие мен оқыту ісін жақсартады. Гатчинск институтында Гугельдің кітаптар сөресіндегі педагогикалық кітаптарды оқып, кәсіпќой-педагогтыњ негізгі үш қабылетін алып шығады: адамгершіліктің күші -өмірдің негізі; теориялық білімі.
III кезең : 1859 жылы Смольныйдағы текті қыздар институтына сынып инспекторы қызметіне тағайындалады. Оқу-тәрбие жұмыстарына радикалды өзгерістер енгізді:
- оқу мерзімін қысқартты (9жылдан 7жылға дейін)
- текті және тексіз бөлімдердегі білім көлемін теңестіруі;
- демалыстар енгізді (ата-анасы қасында)
- жаңа оқу жоспары мен бағдарламасын жасады, орыс тілі басты пән болып құрастырылды,
- тәрбиеленушілерді орыс әдебиетінің озық туындыларымен таныстырды,
- шет тілдері сағаттары орнына орыс тілінің сағаттарын көбейтті.
- табиғаттану мен физика пәндерін оқыту енгізілді.
- оқытуда көрнекілікті пайдалану, физика сабағында тәжірибе енгізу.
- 2 жылдық педагогикалық кластар енгізді. (жалпы білім беру бағдарламасы, тәрбие, пайдалы еңбекке баулу) .
Өздігінше ойлау қабілетінің дамуы, өмірмен танысу, белсенді ой қызметі-жаңа оқыту жүйесінің тәсілі болды.
К. Д. Ушинский: «Тәрбие-жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуының мақсатты, саналы процесі». Бұл жүйеде ол адамгершілікті және еңбек тәрбиесі басты орынға қояды. Адамгершілікті тәрбиенің негізі - дін деп санады. шындық пен жақсылыққа сену орыс халқының рухани бастамасының негізі деп есептеді. Адамгершілік тәрбиенің мақсаты - ізгілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Еңбек тәрбиесі -«Еңбектің психикалық және тәрбиелік мағынасы» мақаласында адамның дене, ақыл-ой, адамгершілікті жетілуінде еңбек басты орынды алады деген пікірді дамытады. Кесте 1.
Кесте 1. Еңбек тәрбиесі
Ақыл - ой тәрбиесі
Оқу
Ойын
Шығармашылық әрекет еңбексүйгіштік
Еңбекке баулу
Қиындықты жене білуге баулу
Қабілетіне сай еңбек дене еңбегі
К. Д. Ушинский оқытудың негізгі тәсілі тұлғаның ақыл-ойының, дене бітімінің, адамгершілікті қасиетінің дамуы деп түсінді. Оқыту тәрбиелеу және білім беру міндеттерін шешеді. Мазмұны жағынан оқыту - біліммен байыту үрдісі және психикалық жүйелер мен қабілеттердің дамуы. Осыған орай, К. Д. Ушинский оқыту үрдісін - оқытушының білім, білік, дағды беруі және оларды оқушының меңгеруі деп қарастырды. Кесте 2.
Кесте 2. Оқыту жүйесінің мәні
Оқыту үрдісі - оқытушының білім, білік, дағды
беруі және оларды оқушының меңгеруі
Материалды біртіндеп күрделендіру
өмірмен ана тілінде бала табиғатымен
байланысы оқыту үйлесімділігі
оқытудың шарттары
балалардың сұранысы мен қызығушылығын ескеру
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде сынып-сабақ жүйесі мен оқыту әдістері мәселелеріне де көп көңіл бөлінген. Сынып-сабақ жүйесінің сипатын төмендегідей көрсетеді:
1. Сыныптың бір құрамдылығы
2. Сынып сабақтарының берік кестесінің болуы
3. Сыныптағы барлық оқушылармен фронталды сабақ жүргізу
4. Сабақта фронталды және жеке жұмыс үйлесімділігі
5. Сабақта оқыту барысындағы мұғалімнің жетекші рөлі
6. Оқыту тәсілдері мен формаларының алуан түрлілігі
7. 45 минөттік сабақ өткізу мерзімі
Сабаќтаѓы оқыту жүйесін екі кезењге бөледі:
1 кезең - қабылдау, салыстыру, сәйкестендіру және түсініктің қалыптасуы
2 кезең - бекіту, қорытындылау (қорыту) .
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Джуринский А. Н. История педагогики: Учеб. пособие для ст. педвузов. -М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999ж.
2. Коркина В. И. Атлас по истории педагогики. -Караганда:Изд. -во КарГУ, 2003ж.
3. Иманбеков М. И. Педагогика тарихы. Қарағанды 1994ж.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (5 тақырып) [5, 9, 13, 17]
- К. Д. Ушинскийдің педагогикалық көз қарасы тақырыбында конспект жазыңыз?
- К. Д. Ушинский оқу-тәрбие жұмыстарына қандай өзгерістер енгізді?
3. К. Д. Ушинскийдің сыныптық-сабақ жүйесін ашып көрсетіңіз?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz