Бұрғылау қашауларының топталуы, конструкциялық ерекшеліктері және қолданылуы


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Бұрғылау қашаулары

Тау жыныстарын бұзушы аспапатардың топталынуы

Тау жыныстарын бұзушы аспаптар негізгі атқаратын міндеттеріне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. Скважина түбін тұтастай бұрғылауға арналған қашаулар;
  2. Скважина түбін айналдыра бұрғылап, тау жыныстары үлгісін керн алу үшін қоданылатын бұрғы ұштары, коронкалар;
  3. Қосалқы аспапатар, найза тәрізді ұашаулар, фрезерлер, калибраторлар, кеңейткіштер.

Бірінші және екінші топ аспаптары жасақтарының ауа жыныстарына әсер ету өзгешеліктеріне қарай төрт шағын топқа бөледі: кесіп-уатушы (РС), қажап-кесуші (ИР), үгіп-уатушы және үгу арқылы әсер етуші.

Кесіп уатушы, қажап-кесуші аспапатар түрлерінің құрал-жабдықтары берік материалдардан кескіш немесе секторлар түрінде жасалады. Үгіп-уату арқылы әсер етуші аспаптардың құрал-жабдықтары шарошкалары индикатор түрінде орналастырылған.

Бірінші, екінші және үшінші топ аспаптары мұнай және газ скважиналарын бұрғылауда кеңінен қолданылады.

Бұл аталған аспаптар түрлерінің мүмкіндіктері тау жыныстарының механикалық қасиеттеріне, ең алдымен қаттылығына байланысты. Әр топ аспаптары тау жыныстарының қаттылық көрсеткіштеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді:

штампылық қаттылығы

бойынша категориясы

Тау жыныстарының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12

Аспап тобы 1, 2, 32, 32, 33 3

Аспап түрі М С Т К ОК

Кесу-жару және қажау-кесу арқылы әсер қашаулар конструкция ерекшіліктері мен қолданатылатын жерлері

Кесу-жару арқылы әсер етуші қашаулар (РС) екі түрде (М, МС) жасалады. Олар жұмсақ және бос байланысқан тау жыныстарын бұрғылауға арналған. Қажау-кесу арқылы әсер етуші қашаулар да (ИР) екі түрде (МСЗ, С) шығарылады. Бұл қашаулар түрпілі жұмсақ және қаттылығы орташа тау жыныстарын бұрғылауға арналған.

Бұл қашауларының құрал-жабдықтары тұтас қалақ түрінде (РС) және кесетін жиектері бар ирек тісті етіп жасалады. Мұны қалақшалы қашаулар деп атайды.

Рс қашаулары қос қалақтан (2Л) диаметрі 76-дан 161, 1 мм-ге дейін он төрт өлшемде және үш қалақты диаметрі 120, 6-дан 469-9 мм-ге дейін дайындау қарастырылған.

Бұл қашаулар (ІІ-4 сурет) корпустан 3, қалақтардын 1 (қос қалақты тұтас құйылған да, үш қалақты қашау пісіріліп қосылған) және ішкі қуыс 4 пен жуу тесіктері 2 кіретін скважина түбін жуу жүйесінен тұрады. Қашау корпусының жоғарғы шеті бұрғылау құбырларымен жалғастырылатын бұрандамен бітеді.

Төзімділігін арттыру үшін қалақтар қатты қорытпалармен ұстатылады. (армирленеді) . Қалақтардың алдыңғы қырларына ойық ойылған. М түрлі қашауларда бұл ойықтар түйіршікті релитпен толтырылады.

Ал МС қашауларында қатты қорытпа пластинка 5 пісіріліп ұсталады. Содан кейін қалақтардың алдыңғы қырлары қатты қорытпалармен (релитпен) ерітіліп дәнекерленеді. Скважина қабырғасын калибрлеуші әр қалақтың бүйір қырлары ВК8-В маркалы болаттан дайындалған қатты қорытпа штырлармен 6 престелініп отырғызылып, үстінен релитти балқытып құю арқылы ұсатылады (ІІ-4 сурет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарошкалы бұрғы қашауларының конструкциясы, жуу жүйелері және май толтырылған тіректердің қолданылуы
Бұрғылау жабдықтарының конструкциясы, негізгі элементтері және конструкциялық материалдарды таңдау
Бұрғылау сорабының механикалық элементтерін есептеу және конструкциялық жобалау
Шарошкалы қашаулардың конструкциялық талаптары, бұрғылау режимінің параметрлері және инженерлік есептеулері
Бұрғылау сорабының механикалық бөлігінің элементтерін есептеу және конструкциялық жобалау
Көпшөмішті экскаваторлар: классификациясы, конструкциялық ерекшеліктері және қолданылуы
Бұрғылау сораптарын есептеу және конструкциялау: құрылымы, беріктік есептеулері және конструкциялық материалдарды таңдау
Алмас қашаулар: түрлері, ұнтақ металлургиямен өндіру және конструкциялық ерекшеліктері
Элементар бөлшектердің топталуы және физикалық сипаттамалары
Қол және машиналық тігімдер: түрлері, конструкциялық параметрлері мен қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz