Компьютер құрылғылары Процессор


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Компьютер құрылғылары

Процессор

болады. Сіздің компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді. Машиналардың маркалары мысалға (BMW 525i, Mercedec600) сяқты процессорлардың да номерлері бар. Celeron D 330 немесе Pentium 4 640. Процессор (микропроцессор) -компьютердіңең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы-арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина (сыртқы әлеммен байланысу схемасы)

Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар

Компьютер - бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы (1. 2-сурет) . IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады. Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:- ақпаратты енгізуқұрылғылары(мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет) ; - ақпаратты шығаруқұрылғылары(басып шығарғыш (принтер), плоттер) ; - енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш) . Жүйелік тораптарын қамтиды1:- жүйелік (аналық) тақша*; - процессор*; - оперативті жады*; - тұрғылықты диск*; - алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі; - CD және DVD диск жетектері; - бейнесызбалық бейімдеуіш; - дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш) ; - желілік тақша; - енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар) *; - қоректендіру блогы*. Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді (1. 4-сурет) . Аналық тақша - бұлкомпьютердіңбарлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микро схемалар слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады. Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердіңбұл құрамдас бөліктері - ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады. Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады (1. 5-сурет) . Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердіңжұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді (1. 6-сурет) . Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.

Бұл тұрғылықты дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, соғұрлым үлкен оперативті жады талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді өшіргенде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді. Оперативті жадының көлемі мегабайтпен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін 64 Мб оперативті жады көлемі қажет және іске қосылған бағдарламаның әрбірі жады талап етеді. Пәрмендерді пайдаланатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар (мысалы, компьютерлік ойындар) одан да көбірек жады көлемін қажет етеді. Қазір компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті жады орнатылады. Егер компьютерде орнатылған жадыдан үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жады орнатылса, соғұрлым жақсы. Оперативті жады ішкі жады болып саналады да, сыртқы жадыға мысал бола алатын тұрғылықты диск немесе ықшам дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер өшірілгеннен кейін де ақпарат сыртқы жадыда сақталады. Диск жетектері - бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады. Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына екі кабель жалғанады: мәліметтер кабелі (жалпақ сұр түсті кабель немесе “желек” (шлейф) және қоректену кабелі (жіңішкерек болады) . Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық тақшаға, қоректену кабелі - қоректену қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер кабелі компьютер порттарының біріне, қоректену кабелі - қорек көзіне қосылады. Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) - бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы (1. 7-сурет) .

Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады.

Компьютерді сатып ала отырып, сіздер тұрғылықты дискінің сыйымдылығы сипаттаманың алғашқы жолдарында (оперативті жады көлемі және процессордың жылдамдығымен қатар) келтірілгенін көресіздер. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дискілердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен болады.

Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 3, 5-дюймдік дискеттерді оқиды (1. 8-сурет) . Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы - 1, 44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді. CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге») және оқуға мүмкіндік береді (1. 9-сурет) . CD және DVD дискілер - ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4, 7 Гб ақпарат сыяды. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W) болады. Кез келген диск жетектері мәліметтерді оқи алады, көбісі - жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар - сыртқы құрылғылар, оларғакомпьютердіңUSB-портына тікелей қосылатын USB-диск немесе флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 4 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды. Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін, сондай-ақ оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік беретін бірнеше құрылғылар түрі бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады, қосымша болған жағдайда олар кеңею слоттарына орнатылады.

Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді (1. 10-сурет) . Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар (1. 11-сурет) . «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді (1. 12-сурет) . Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар; ең танымалдары - Ethernet және сымсыз желілер.

Порттар - корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады (1. 13-сурет) . Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эем архитектурасы
Микропроцессор. Дербес компьютер
Компьютердің аппараттық құралдары
Дербес компьютердің архитектурасы жайлы
Дербес компьютердің құрылысы
Компьютердің құрылысы туралы
Дербес компьютердің құрылысы, бағдарламалық жасақтамалар
Дербес компьютер компьютердің құрылысы
Негізгі жады - ақпараттарды сақтау құрылғысы
Компьютер жүйелерін пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz